Тұмаудан сақтанайық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2013 в 09:55, реферат

Описание

Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің желісіне 907 нысан кіреді. 249 амбулаторлық-емхана ұйымдары, 38 емхана, 21 көп бейінді мамандандырылған орталық, 70-тен астам фельдшерлік-амбулаторлық пункт және 462 медициналық пункт халыққа медициналық көмек көрсетеді. Өңірде 109 аурухана, соның 48 ауылдық аурухана жұмыс істейді. Облыстың денсаулық сақтау жүйесінде 7107 дәрігер мен 19 мыңнан астам медбике қызмет етеді.

Работа состоит из  1 файл

реферат.doc

— 55.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

      Мәлімет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жазған: Сапарғали Айнель

 

Тақырыбы: Дені саудың- жаны сау!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№67 гимназия «5б» сынып

 

 

             Дені саудың- жаны сау

 

 

    Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің желісіне 907 нысан кіреді. 249 амбулаторлық-емхана ұйымдары, 38 емхана, 21 көп бейінді мамандандырылған орталық, 70-тен астам фельдшерлік-амбулаторлық пункт және 462 медициналық пункт халыққа медициналық көмек көрсетеді. Өңірде 109 аурухана, соның 48 ауылдық аурухана жұмыс істейді. Облыстың денсаулық сақтау жүйесінде 7107 дәрігер мен 19 мыңнан астам медбике қызмет етеді.

Соңғы үш жылда  Оңтүстік Қазақстан медицинасы облыстың денсаулық сақтау саласын үдемелі  дамыту жобасына айналды. Ол алға қарышты  қадам жасағаны соншалықты, көптеген инновациялық әдістер дағдыға айналды. Ал емделушілер ота жасаудың лапороскопиялық әдістеріне, бауырдың бейнееэндоскопиялық резекциясы (тілу), офтальмологияда алыстан көрмеушілік пен диабеттік ретинопатияны лазерлік хирургия жолымен емдеуге таңғалмайды – мұның бәрі шеберлігі шыңдалған Оңтүстік Қазақстандық оташыларға тән ерекшелік. Дәрігерлердің алдына қойылған басты мұрат – адамдардың өмірін құтқару. ОҚО-дағы материалдық-техникалық қамсыздандыру деңгейі, заман талабына сай жаңа жабдықтар қатаң әлемдік стандарттарға сай болуының арқасында жүзеге асты. Мұны Ресейден, Балтика елдерінен, алыс шетелдің ауруханаларынан келген белді медицина қайраткерлерінің барлығы атап өтуде. Дәрігерлердің тәжірибе алмасуы мен олар өткізетін шеберлік дәрістері медицина саласының қызметкерлері өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Шетелдік мамандардың өздері Оңтүстік Қазақстан облысына тек қана тағылым беріп ғана қоймай, тәжірибе алмасу үшін де келетінін атап көрсетеді. Оңтүстік Қазақстандық дәрігерлердің кәсіби деңгейі өте жоғары.

Оңтүстік Қазақстандық медициналық мекемелер басқа  өңірлерді басып озып, жаңа инновациялық технологияларды игеріп қана қоймай, көптеген бастамалардың ұйтқысына  айналды.

Бүгінде Оңтүстікқазақстандықтарға  заманауи ауруханалар, медициналық  орталықтар мен облыстың маңызы бар диспансерлер желісінде медициналық қызмет көрсетіледі. Облыста:

• клиникалық, балалар, офтальмологиялық және туберкулез ауруханалары;

• туберкулезге қарсы, онкологиялық, дерматовенерологиялық, психоневрологиялық және эндокринологиялық диспансерлер.

• кардиологиялық, перинатальдық, наркологиялық және медициналық ақпараттық-талдама  орталықтары, ЖИТС, салауатты өмір салты, ана мен бала, гипербаралы. оксигенация, «Мейірім» сауықтыру, апаттар медицинасы, зарарсыздандыру мен жабдықтау  және медициналық мақсаттағы бұйымдар, сабақаттық-диагностикалық орталықтар жұмыс істейді.

Облыстың жедел медициналық  жәрдем қызметінде 115 бригада жұмыс  істейді. Шұғыл көмектің дер кезінде  көрсетілуін қамтамасыз ету үшін жыл сайын арнайы жабдықталған автокөлік сатып алынады, автоматтандырылған навигация жүйесі енгізілді.

Медициналық қызметтердің сапасын  басқару қызметтері құрылды. Облыстың акрредиттеуге жататын 162 медициналық  ұйымы одан өте сәтті өтті. Небары бес жылдан аз уақыт ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында он шақты заманауи мамандандырылған орталықтар, емханалар мен ауруханалар салынды. Қазіргі заманғы жаңа денсаулық сақтау мекемелерінің арасында Арыс, Отырар және Сайрам аудандарындағы туберкулезге қарсы диспансерлер мен Шымкент қаласындағы облыстың қан орталығы, Ордабасы ауданындағы 500 емделуші қабылдайтын емханасы бар, 240 төсек-орынға есептелген орталық аудандық аурухана, ауысымына 500 келушіге есептелген 2 қалалық емхана, облыстың балалар ауруханасы, Сарыағаш ауданының Абай ауылындағы ауысымына 200 емделушіні қабылдайтын емханасы бар аудандық аурухана бар. 91 денсаулық сақтау нысандарына күрделі жөндеу жүргізілді.

2012 жылы тағы 22 денсаулық  сақтау нысанын күрделі ж.ндеу  көзделген. Облыстың кардиорталықтық  кардиохирургиялық корпусының пайдалануға  берілуі өңір үшін үлкен оқиға болды. Бұл аймақ тұрғындарына облыс пен ел шектерінен шықпай-ақ аса күрделі коронографиялық зерттеулер жүргізуге, тәждік артерияларды стенттеу оталарын, электр жүрек ширатқыштарын орнатуға және ашық жүрекке ота жасауға мүмкіндік берді. Кардиорталықта біліктіліктерін Израильдің, Польшаның, Литваның, Ресейдің жетекші емханаларында ұдайы жетілдіріп тұратын, кәсіби біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар жұмыс істейді. Заманауи диагностикалық жабдықты сатып алудың арқасында онкологиялық аурулардың алдын алу саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Қазіргі уақытта облыста 19 маммограф бар, Сайрам, Сарыағаш, Мақтаарал ауданында және Түркістан қаласында 4 жаңа ауданаралық цитологиялық зертхана құрылды. Туберкулездің алдын алу және ерте анықтау мақсатында 5 қосымша бактериоскопиялық зертхана ашылды. Облыста перинатальдық көмек аймақтандырылып, 3 перинатальдық орталық құрылды. Медикогенетикалық орталық ашылды, 36 саламатты сәби кабинеттерінің жұмысы ұйымдастырылды. Балалық пен босануға көмектесуді ұйымдастыру үшін шала туған нәрестелердің күтіміне арналған шамамен 100 бірлік қымбат жабдық (кювез инкубаторлар, инфузоматтар, электрондық таразылар, фотоемдеу аппараттары) сатып алынды. Осындай игі шаралардың арқасында облыс халқы өмірінің ұзақтығы 69,8 жылға дейін ұзарды, ал республикалық көрсеткіш – 68,8 жыл.

     Қазіргі  күнге дейін денсаулық деген  түсініктің біркелкі алынған  дәлелді анықтамасы болмағандықтан, адамдардың денсаулығына дұрыс  баға беру біршама қиындық  туғызады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысы бойынша, денсаулық деп «аурушандық пен дене бітімінде кемшіліктердің бар не жоғы ғана емес, сонымен қатар адамдардың толық физикалық, әулеметтік және рухани қолайлы жағдайларын» түсінеміз. Академик В.П.Казначеевтің жеке бас денсаулығы туралы анықтамасы бұдан да толығырақ:» денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас етекщеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы». 
Денсаулық – физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік болып бөлінеді. 
Физикалық саулық дегеніміз адам организмінде функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелі жағдайда болуы. 
Психикалық саулық - ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу «адам өмірінң мақсаты» болуын болжайды. 
Әлеуметтік саулық - адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі. 
Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір- біріне ұқсас. Қалып- дені сау адам баласының бәріне бірдей тұрақты мақсат ететін үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын бағалау үшін жасқа байланысты жеке адамдардың қалып көрсеткіштері пайдалынылады. Жасқа байланысты қалып көрсеткішін анықтау үшін белгілі көрсеткіштің әрбір жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады. Әрбір топта табылған орташа көрсеткішті қалып стандарт етіп алады. Бірнақ та бір топқа кірген адамдардың көрсеткіштерінің бір- бірінен айырмашылығы әжептеуір болуы мүмкін. Өйткені, олардың жыныстық, кәсіптік, тұрған жерінің, өмір салтының т. б. Айырмашылықтары болады. Орташа көрсеткіштерді анықтағанда, айтылған айырмашылықтарды да еске алған жөн. Осыған орай «қалып» деген ұғым «денсаулық» деген ұғым тәрізді әр адамның жеке басына ғана тән көрсеткіштері болмақ. 
Денсаулықтың белгілеріне демографиялық көрсеткіштерді, аурушандықты, дене бітімінің дамуын жатқызады. Халықтың денсаулығына берілген осы белгілердің ішінде, әсіресе, демографиялық көрсеткіштер ( туып-көбею, өлім, ғұмыр жастың орташа ұзақтығы) ерекше күдік туғызады. Кейбір елдерде туып- көбеюді жасанды түрде азйту денсаулықтың көрсеткіштерінің жоғары болуына сәйкес келеді. 
Сондықтан денсаулыққа баға беру үшін туып- көбеюді жеке алып қарамай, басқа көрсеткіштермен бірге, кешенді түрде қараған дұрыс. Халықтың денсаулығын сиппаттау үшін көбінесе аурушаңдықтың көрсеткіші алынады. Бұл туралы мәліметтерді ресми статистикалардан және арнаулы зертеулер жүргізу арқылы анықтауға болады. Көбінесе, осы мақсатқа жалпы жинақтаған әр түрлі пайыздық көрсеткіштерді таңдап, іріктеп алу тәсілі жиі қолданылады.        Денсаулық баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді , не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады.Денсаулықсыз өмір қызық- сыз әлем деп санаймын. 
М.Монтень. 
       Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. «Денсаулық – зор байлық».Адамзат баласының тіршілік өміріндегі ең бір бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек.Денсаулыққа немқұрайлы қарау дұрыс емес. Оған пассивті түрде емес, активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Сондықтан да қазіргі кезде «Валеология» пәнінің маңызы зор. Валеология сөзі грек және латын сөздерінен алынған. «Валео» – денсаулық , «логос» – ғылым. Оның негізін алғаш рет қалаған Ицкович Брехман. Ол медицина ғылымдарының докторы, профессор. 1987 жылы ол валеология терминін ғылымға енгізді. 
Денсаулықты қалай сақтау керек? Үнемі көңілді жүру әркімнің қолынан келетін іс. Міне, жоғарыда айтылған қағидаларды жан- жақты дамытып , іске асыру валеологияның міндеті. Сондықтан да валеология пән ретінде студенттерге ұсынылып отыр. 
       ВАЛЕОЛОГИЯ – денсаулық және салауатты өмір сүру салты туралы ғылым ! 
       Жер саулығынан – адам саулығына. 
       Жер – біздің асыраушы анамыз. Жер саулығы – адам саулығы. Ия, бұл сөздер әрине дұрыс айтылған. Ол үшін жер саулығының маңызы зор. Жер саулығы – адам саулығы деп айтсақ та болады. Өйткені жердің саулығына кері әсерін тигізетін факторлардың саны шектеусіз. Ал ол факторлардың барлығы да адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Біз «Жер саулығынан – адам саулығына» ұранын әрқашанда есте сақтауымыз керек. Дәл қазіргі уақытта жер саулығына кері әсерін тигізетін факторлар өте көп.  
Оларды атап айтатын болсақ: 
Ауаның ластануы, 
Судың ластануы; 
Планетаның радиоактивті элементтерімен ластануы, 
Ядролық жарылыстың зәрлі сәулелері, 
Радиоэкология; 
Мұнай өндірісі; 
Семей атом полигоны; 
Байқоңыр аумағы 
Балқаш аумағы т.б. 
Ауаның ластануының жер саулығына тигізетін әсері. 
       Адам әрекеті ауаны ластаумен қатар жерді де ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жануарлардың денесіне сіңеді және жер бетіне шөгеді. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнынан мыңдаған километр жерге айдап апарады. Міне, сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардан ауаны қорғау адам саулығы үшін де, тіршілік үшін де, жер саулығы үшін де үлкен мән алады. 
       Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу, адамзат баласының алдында тұрған үлкен мәселе. Ауаның әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте-бірте түпкілікті мутагенді өзгерістер тудыратыны анықталып отыр. Мысалы қалалардың үстін 2000-2500 м биіктікте газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл (не тұман екені, не бұлт екені белгісіз) түтін басып тұрады. Осындай көрініс Алматы қаласына тән құбылыс. Осындай құбылыстардан қала ішіне күн сәулесінің ультра күлгін сәулесі жетпейді. Сондықтан қала ішінде неше түрлі жұқпалы ауру тарайтын микроптар көбейіп кетеді. Олар неше түрлі көз, тері өкпе дерттерін адамдарға дарытады. Адамдар көп мөлшерде ауруға шалдығады. Әсіресе адамдарды тұмау әбден әлсіретіп жібереді. Арнаулы түрде жүргізілген деректер бойынша, жаз айларында күн сәулесінің 20-дан 50 процентіне дейін қала үстіндегі қарақошқыл көрініс тұтып қалатыны анықталды.


Информация о работе Тұмаудан сақтанайық