Тарих дегніміз не

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 19:46, сочинение

Описание

Тарих дегеніміз халықтың зердесі. Тарих сөзі көне грек тіліндегі «сұрастыру», «зерттеу» ұғымынан пайда болған. Ал араб тілінен аударғанда «оқиғалар туралы әңгіме» деген мағына білдіреді . Көне рим тарихнамасында бұл сөз тану мақсатында емес , әңгімелеу мақсатында қолданылған . Кейіннен тарих деп барлық оқиға , факт, ойдан құрастырылған әңгімелерді айта бастады . Адамдардың басынан өткен жағдайларын баяндайтын ғылым – тарих ғылымы .
Тарих атасы – Геродот . Ежелгі дәуірдегі грек тарихшысы. Ол шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 484 – 425 жылдары өмір сүрген. Геродот Кіші Азиядағы Каликарнас қаласында дүниеге келіп, жас кезінде әміршілерге қарсы топта болғаны үшін елінен қуылған.

Работа состоит из  1 файл

Тарих дегеніміз не.docx

— 18.58 Кб (Скачать документ)

Тарих дегеніміз не ?

Тарих дегеніміз  халықтың зердесі. Тарих сөзі көне грек тіліндегі «сұрастыру», «зерттеу»  ұғымынан пайда болған. Ал араб тілінен  аударғанда «оқиғалар туралы әңгіме» деген мағына білдіреді . Көне рим тарихнамасында бұл сөз тану мақсатында емес , әңгімелеу мақсатында қолданылған . Кейіннен тарих деп барлық оқиға , факт, ойдан құрастырылған әңгімелерді айта бастады . Адамдардың  басынан өткен жағдайларын баяндайтын ғылым – тарих ғылымы .

Тарих атасы – Геродот . Ежелгі дәуірдегі грек тарихшысы. Ол шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 484 – 425 жылдары өмір сүрген. Геродот Кіші Азиядағы Каликарнас қаласында дүниеге келіп, жас кезінде әміршілерге қарсы топта болғаны үшін елінен қуылған. Біраз уақыт Самос аралында тұрып, көп жерлерді аралаған, Қара теңізге  дейін жеткен деген  мәлімет бар. Геродот көрген, естіген, оқыған материалдарын жинақтап, артына «Тарих» атты үлкен еңбек қалдырды. Кейіннен александриялық ғалымдар оның еңбегін тоғыз музаға сәйкестендіріп, тоғыз кітапқа бөлген. Геродот алғашқы төрт кітабында Лидия , Мидия мемлекеттері , Ахемен әулеті жөнінде жазып , олардың Мысырға , Вавилонға , сақтарға қарсы жорықтарына тоқталады. Қалған бес кітабы грек-парсы соғысына арналған. Онда халықтардың тарихымен қатар этнографисы , діні , әдебиеті , мемлекеттердің ішкі-сыртқы саясаты , экономикасы берілген. Шығарманың төртінші кітабында парсы патшасы Дарий Гистасптың сақтарға қарсы жорығы баяндалған. Онда сақтар елі жөнінде аса құнды мәліметтер ұшырасады. Қолжазбаларының ішінде бізге жеткен Флоренция нұсқасы ағылшын , орыс , т.б. тілдерге аударылған.

Тарих адамзат  баласының өткенін зерттейтін ғылым  . Оның негізгі кейіпкері ол  - адам.Соған байланысты тарихшылардың мақсаты адамдарға тек өткенін ғана емес, рухани дүниесін қалыптастыру екенін айта кету керек . Тарих адамдардың қалай өмір сүргенін , пайда болғанын , түрлі ұлттардың тұрмыс – тіршілігін , сонымен қоса сол кездерде қандай оқиғалар болғанын , не үшін ? және неліктен ? адам өмірі өзгеріп , осындай болып қалғанын зерттейді .Бұрынғыны біле отыра , біз уақыттар бойы адамдардың қиыңшылықтарын , неден айырылғандарын көреміз , бірақ өмір жалғаса берді , мұңаю мен сәтсіздіктер міндетті түрде жақсы кезеңдерге ауысып отырды . Оны адамдардың биографиясы деп те айтуға болады .Ол көптеген күрестерге , шешімдер мен өмірлерге толы құбылыстар жинағы .Казіргі кезде тарих сөзінін үш мағынасы бар . біріншісі ол саған жақын адамның әңгімесі не сенің өмірінен өткен оқиғаны әңгімелеу.Екіншісі тарих бұл өтіп кеткен . Өткен қалалар , ауылдар , мемлекеттермен континентер , халықтар мен адамзат .Бұл бұрын өтіп кеткен жай нәрсе емес , ал бұрын сонды болмаған ерекше оқиға , қызықтыра алатын ,ойлауға және дауласуға мәжбүрлейтін оқиға .Соншалықты қызықты , тіпті өзімізді сол кездін бір бөлшегі деп сезіне алатындай . Яғни тарих деп осы жерде даму , просец , уақыт аралығы – біз өзімізбіз . Ал үшінші мағынасы : бұл – ғылым . Өткенді зерттейтін тарихи мәліметтерді дәлелдейтін ғылым .

Тарих үлкен екі салаға бөлінеді : Жекелеген елдер мен мемлекттер тарихы; Дүниені баяндайтын ғылым – тарих ғылымы .

Тарихи салалар:

Археология - тарих ғылымының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы

Археография– тарихи актілер мен құжаттарды, қолжазба деректерді жинаудың, сипаттаудың және жариялаудың теориясы мен тәжірибесі жөніндегі ғылым саласы.

Геральдика – гербтерді зерттейтін тарих ғылымының бір саласы

Бонистика - қағаз ақша белгілері мен боналарды тарихи құжаттар ретінде зерделейтін тарихи пән.

Палеография  – жазу тарихын, оның кескіндік формаларының даму заңдылықтарын зерттеумен, сондай-ақ ежелгі жазба ескерткіштерді оқу, олардың авторларын, уақытын, жерін анықтаумен айналысатын тарихи – филологиялық арнайы пән. Т.б

Қорытындылайтын болсақ , ол болып өткен , оны түзете алмайсың және бір оқиғаны екіншісімен  ауыстырып , жаңадан жаза алмайсың .Менің  ойымша тарих адамдарды әділдікке , қоршаған ортаға басқа көзбен қарауға  мүмкіндік  береді .Тарихты білуге тек тарихшыларға ғана емес , ол барлық адамдарға маңызды .Себебі мемлекеттердің бір-бірімен қарым-қатынастарын , географиялық және басқа да ерекшеліктерін , тарихи тұлғалардың әрекеттерін бар адам білу керек деп ойлаймын. Өткенді зерттей адамзат болашағында құрастарады .Адамның тарихты зерттеу себептерінін бірі – білу , түсіну, өзінін және ата –бабаларының қателіктерін істемеу.Міне, осы айтқандардың барлығы тарих туралы түсінік.


Информация о работе Тарих дегніміз не