Мен тауелсіз елдін ұрпағымын
Реферат, 16 Января 2012, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Декан алдында, стол үстіндегі шыны астында жатқан сабақ кестесіне қарап отырды да:
- Сіздің курс қазір осы дәліздегі 33-аудиторияға жиналады. Бес минуттан кейін сабақ басталады. Өзіңізді студентпін деп есептеп, курсыңызға барып отыра беруіңізге болады, - деді.
Мен деканға рақмет айтып, бас идім де, есікке қарай бұрылдым.
Работа состоит из 1 файл
1 Мен оларды жақсы көрдім.doc
— 172.50 Кб (Скачать документ)1
Декан алдында, стол үстіндегі шыны астында жатқан сабақ кестесіне қарап отырды да:
-
Сіздің курс қазір осы
Мен деканға рақмет айтып, бас идім де, есікке қарай бұрылдым.
Дәлізді қуалай
жүріп келемін. Ұмытып
Келесі есіктегі
«32» деген жазуға көзім түсе
беріп еді, сол-ақ екен ол
шалқасынан ашылып кеп кетті.
Кітап қолтықтаған бірнеше
Сонымен,
не керек, отыз үшінші
Солдаттын
ауыр салмақты керзі етігімен
еденді тарс-тұрс басып,
Қарасам, алдымда қаптап отырған қыз екен. Соғысқа дейін бір қыз бетіме тіке қараса, бәшірем кететін мен байғұс аудиториядағы отыз қыздың алпыс көзі өзіме қадалғанда қалай шыдап тұрғанымды білмеймін... Түнде, майдан шебіне жау самолеті келіп қалғанда прожекторлардың қараңғы аспанды қатарласа тілгілеп, жерден жарқ етіп көтерілгендей найзағай сәулелерінің бірі алыста жүйткіп бара жатқан ақ ноқатты шалатын. Самолетнокат прожектор сәулесінен тез сытылып кету үшін жанталаса сасқалақтап, олай бір, бұлай бір бұлтаратын. Бірақ қанша қашқанымен, қараңғы аспанның қабатына кіріп, жасырынып қалуға мұршасын келтірмей, барлық прожекторлардың сәулесі лезде тұс-тұстан шаншылып, қадалып қалатын. Сол кезде жерден атылған зенитка оқтары шөкім-шөкім ақ бұлт болып, бұрқ-бұрқ етіп, жау самолетінің жанынан жарыла бастайтын... Мен де сол сансыз прожектордың сәулесіне шаншылған самолеттей күйге түстім. Сасқанымнан командирдің алдына келген солдаттай болып, екі қолымды жамбасыма жапсыра ұстап, тік тұра қалдым да :
- Сәлеметсіздер ме, жолдастар! - дедім.
Гүл бақшасында
болып па едіңіз? Гүл ашылған
ғажайып сәтті көріп пе едіңіз?
Бақшаның жер нәрі, күн нұрына
қанып, толысқан ақ, қызыл, қызғылт,
сарыкөк гүлдері біртіндеп,
- Рұқсат па кіруге? - деппін тағы да сасқалақтап.
- Есік жақ қатарда екінші партада отырған шашы көмірдей қара, жазық маңдай, қызыл шырайлы қыз күлкі қысып, теріс айналып кетті де, танадай көзін жалт еткізіп, қайтадан маған қарады.
- - Рұқсатты кірмей тұрып сұрамаушы ма еді? - деді ол жалпақтау біткен күрек тісі жарқ-жұрқ ете көзге шалынып. Содан соң ол анқаусып, арт жағында отырған қыздарға бұрыла қарап қойды. Әлдекім мырс ете түсті. Мен қызарып кеттім.
- - Қанипа, сен қойсаңшы, - деді оның алдында отырған аққу мойын, сары қыз. - Бәлкім, бұл кісі біреуді іздеп келген шығар.
- - Ағай, сізге кім керек еді? - деді алдыңғы партада отырған кішіректеу екі қыздың аққұбасы орнынан көтеріліп. - Біреуді іздеп жүрсіз бе?
- - Отыз үшінші аудитория керек еді, - дедім мен. - Осы курсқа қосылатын жаңа студент едім.
- - Е, онда төрлетіңіз, - деді тағы да жазық маңдай, қасқа тіс қыз. - Қосылыңыз...
Менің «жаңа
студентпін» деген сөзімнің
- гіс еденде жаңа жыртылған тақтаның үстінен келе жатқандай сүріне аяңдап, бос орын іздеп, аудиторияның ең түкпіріндегі бос партаға қарай беттедім.
2
Ең артқы партаға келіп, еңкейіп, оның кітап қоятын қуысына әскери сумкамды, қоқайма фуражкамды сүңгітіп, енді отыра бергенімде дәл қасымнан дүр етіп бір топ көгершін кө-терілген іспеттеніп кетті. Олардың лапыл қаққан женіл қанаттарының жақыннан шыққан лебін де естіген сияқтандым.
«Мұнда көгершін қайдан келді?» деп ойлап, басымды көтеріп алдым. Сөйтсем, көгершін дегенім орындарынан өре түрегелген қыздар екен. Қыздардын жауырындары қақпақтай, етжеңді, бойшаңдары да, иықтары қушиған, бірақ бойлары тартқан сымдай тіптік, нәзік денелі, талшыбықтай майысқан талдырмаштары да бар екен. Оларды шолып келіп, менің көзім өз алдымдағы көрші партадан көтерілген екі қыздың жып-жылтыр шаштарына, олардың қос-қос бұрымдарына түсті. Орындарынан тез тұрғандықтан болар, қыздардың тастай ғып өріп тастаған әсем бұрымдары тақтайдай жауырындарын сипағандай боп, жеңіл ғана қозғала тербеліп қалыпты. Қыз бұрымдарының осы әлсіз тербелісі аудиторияға оқытушы кіргенін, ендеше бұл қауымға қазір қосылған жана студент менің де оған құрмет көрсетіп, орнымнан тұруым керектігін есіме салды.
Орнымнан
ұшып тұрған бойда мойнымды
созыңқырап, алға қарадым. Келген
оқытушы қандай адам екен деп
ойладым. Алда, қыздардың бастарынан
биігіректе біреудің қозы
Ұялшақтық - ұлтымызға тән қасиет қой. Әсіресе ауыл балалары ұяң келетін әдеті емес пе? Жасымда мен де сондай болдым. Үлкендердің алдында суырылып сөйлемейтінмін, әйелдердің бетіне қарамайтынмын. Жақсы көрген қызымның жанына жолай алмайтынмын. Соғыстан қайтып оралғанша әйел алдындағы өзімнің осы ұялшақтығымның қандай күйде екенін білмейтін едім.Оны енді сезе бастадым. Жаңа, қыздар толы аудиторияға кіріп келгенде бірінші рет ұқтым. Сол бұрынғы, бала күнгі қалпымда екенімді білдім. Бірақ бала күнімде менің қыздардың сыртынан сұқтана қарауға да батылым бармайтын еді. Төрт жыл соғыста болып, жаман, жақсыны көп көргендіктен бе, кім білсін, енді қыздардың желкесіне қызыға қарауға жарап қалған сияқтымын. Ішімнен бұл күйіме де шүкіршілік еткендеймін. «Тіпті қыздардың бетіне де, сыртына да қарамай-ақ қояйын, - деп ойладым көзімді төмен салып тұрып. - Жұртпен бірге жауды жеңіп, аман-есен елге келіп, осы қыздардың қасында тұрғанымның өзі қаншама бақыт!
Оқытушының: «Отырыңдар!» дегенге ұқсас үні естілді. Шырқап биікке көтерілген көп көгершін құйыла төмендеп келіп, жаңағы ұшқан жеріне дүр етіп қайтадан қонды. Көгершін тобына тақау келіп, қалбаң етіп қонған жалғыз қарға тәрізденіп, қыздардан кейін орныма жалп етіп мен де жайғастым. Содан соң жайлап, алдағы қыздардың бастарының ара-арасымен оқытушыға көз жібердім. Бірінші көрген оқытушым болған соң ба, әлде жүзінде есте қалар ерекше белгілері бар ма, білмеймін, көмірдей қара, қозыдай бұйра шашы мен бірден бүркіттің тұмсығын көзге елестететін үлкен имек мұрыны бар, қоңырқай өңді келген отыз үш-отыз төрттер шамасындағы сабырлы кісі өмір бойы ойымда сақталып қалды. Оқытушының қоңырқайлығынан басқа бетінде қазаққа ұқсайтын еш белгі жоқ сияқты еді. Сондықтан мен оны соғыстың соңғы жылында бастығым болған аз ұлттан шыққан командиріме ұқсаттым да, бұл кісі қай сабақтан лекция оқиды екен деп ойладым. Ол лекцияның орыс тілінде оқыларына да күмәнім болған жоқ.
- Ал, балалар, дайынсыңдар ма?
Мен елең
етіп, мойынымды ілгері создым. Қазақша
сөйлеген осы оқытушы ма, әлде
басқа біреу ме деп, өз
- Дайынбыз, ағай, - деген оң жақ қанаттан шыққан қыз дауысы естілді. Алғашқы сөзді оқытушы айтқанына әлі де иланатын емеспін. Өзгелер сатырлатып дәптерлерін аша бастағанда мен бақырайып, қаранғыда жау пулеметінің қай жерден от шашарын андыған түнгі барлаушыға ұқсап, бүркіт мұрынның астындағы ауызды бағумен болдым.
- Дайын болсаңдар, жол ортасына былай деп жазындар: Сын есім. - Бүркіт мұрнының астынан ақ тістер жарқ-жарқ ете қалды. Оқытушы өзін байсалды ұстап, әр сөзін баппен, байыппен айтады екен. Соғыста командирлердің шапшаң айтылатын бұйрық сөздеріне үйреніп қалған маған бұл ырғақ тосындау танылып, оқытушы әдейі маңғазданып отырғандай көрінді. Менің осылай деп ойлауыма мүмкіндік бергендей, құс мұрын оқытушы сәл бегеліп барып, сөзін ары қарай жалғады. - Біздің бүгінгі өтетініміз: сын есімнің түрлері - сапалық сын есімдер мен қатыстык сын есімдер, сын есімнің мор-фологиялық құрамы, яғни сын есімнің қосымша арқылы жасалуы, сын есімнің синтаксистік тәсіл арқылы жасалуы және форма тудыратын қосымшалар.
- Түу, ағай, тіпті көп қой, - деді төмен тұқырып алып, дәптерлеріне сусылдатып жаза бастаған қыздардың бірі.
«Бәләй, көп
деп бекер айтты-ау» деп