Үйсін мемлекетінің калыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:51, реферат

Описание

Үйсін, Усун — қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Ежелгі қытай жазбаларында Үйсін атауы б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Ғұндардың күшеюінен қорыққан Қытай үкіметі өзіне одақтас іздеп, батыс елдеріне елшілік жіберді. Қытай елшісі келген кезде Үйсіндер Қытаймен және ғұндармен терезесі тең қуатты мемлекет болды (қ. Үйсін мемлекеті). Үйсіннің шығу тегі, таралуы, халықтардың тарихындағы рөлі жайында тарихи-генеалогиялық зерттеулерде талас пікірлер азды-кемді ұшырасады. Оған себеп жазба дерек көздері. Оларда адамдардың есімі, лауазымы, қытай транскрипциясы бойынша жазылған.

Содержание

Үйсін мемлекеті
Үйсін бірлестігі. Үйсін ордасы
Ескерткіштері мен Антропологиялық типі

Работа состоит из  1 файл

Үйсін мемлекеті.docx

— 33.49 Кб (Скачать документ)

   Үйсін қорымдары, әсіресе, Іле,  Талас, Кеген, Шарын, Есік алқаптарында  кеңінен тараған. Қырғызстан жерінде  де түрлі деңгейде зерттелген  қорымдар көптеп саналады. Ақышев  басқарған Жетісу экспедиция  жұмыстары барысында 1960 жылы Кеген  өзені алқабында зерттелген Ақтас-2 қонысының аумағында тұрғын үй  қызметін атқарған барлығы 5 құрылыс  пен бірнеше шаруашылық орындардың  болғандығы анықталды. Мұндағы  ішінде тас ошағы бар “шаршы  құрылыс” дәл ортада орналасса,  оған жапсарлас салынған, ұзын  жіңішке дәліз арқылы кіретін  “үлкен құрылыстың” ауданы 126 м2. Жылуды сақтау мақсатында біріне-бірі  жалғастыра, тіркей салынатын үй-жайлар  тастан қаланып, тұрғын бөлмелердің  едені балшықпен мұқият сыланып  отырған.

   Қоныстан қыш ыдыс бөлшектерімен  қатар, көптеген тас кетпендер  мен дәнүккіштер, қола орақтың  сынығы табылып, бұл деректер  көне үйсін шаруашылығында егіншіліктің  маңызды орын алғанын айғақтады.  Сондай-ақ Ақтасты-2 маңынан егіншіліктің  суармалы тәсілі қолданылғанын  көрсететін көптеген арықтар  мен ауданы 60 — 150 м2 болатын  шағын өңделген танаптардың орындары  кездескен. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл бау-бақша өсірген орындар.  Дәнді дақылдарды өсіруге бағытталған  мұндай суармалы егіншілік жүйелерінің  іздері Шолақ, Шу-Іле таулары  маңында, Талас алқабында да  сақталған. 
   Шу өлкесінде табылған қоныстарда үй-жай тұрғызуға балшық кірпішті пайдаланған. Кейінгі жылдары көптеп зерттеле бастаған жаңа қоныстар көне үйсіндердің тұрмыс-тіршілігіне, оның ішінде отырықшы-егіншілік дәстүрлеріне байланысты тың деректер беруде. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде анықталған бірнеше қоныстардың бір бөлігі сақ дәуірінде пайда болып, үстіңгі қабаты үйсін дәуіріне жатқызылса, қалғандары үйсін дәуіріне жатады.

   Түзусай-3, Серектас-1, Шарын, Өсербай-1, Цыганка-8 сияқты қоныстардан табылған  заттар арасында қыш өндірісіне, егіншілікке байланысты қызықты  деректер, мысалы, дәнді дақылдардың  сақталып қалған қабық-үгінділеріне  дейін бар. Есік пен Талғар  қаласының арасында Рахат ауылы  маңында орналасқан бір топ  қоныстар жақсы сақталған жалдары  мен орлары болуына байланысты  күшейтілген бекіністер түріне  жатқызылды. Археологиялық ескерткіштер  деректері көне үйсін тайпалары  шаруашылығында малшылық, егіншілік  бағыттарының бірге дамығанын,  сондай-ақ қыш өндірісінің, металлургияның, тоқымашылықтың, тас, сүйек өңдеудің  жоғары дейгейде болғанын көрсетеді.

   Ескерткіштер нақты кезеңдерге ажыратылғанымен, мұндағы мәдени даму үрдістері ғасырлар бойы үзілмей жалғасып келген. Үйсін дәуірінің обаларындағы жерлеу үрдісіне байланысты анықтауды қажет ететін мәселелер бар. Ең алдымен бұл “Жетісу сатысының” (б.з. 1 — 3 ғ-лар) обаларындағы мұның алдында кең тарамаған лақытты жерлеу дәстүрінің пайда болуына байланысты. Осыған назар аударған ғалымдар (Ю.А. Заднепровский, т.б.) ерте кезеңге тән лақытсыз, яғни қарапайым шұңқыр қабірлер мен лақытты қабірлер әр түрлі тайпалардікі болуы мүмкін деп жорамалдайды. Өз кезегінде, қабір құрылысының мұндай әркелкілігі Қытай жазбаларындағы Үйсін ұлысына кейіннен қосылған бұрынғы жергілікті “сэ” (сақ) халқының ұрпақтары да тұрады деген деректермен, сондай-ақ юечжи тайпаларының осы батыс өлкелерге жылжығандығы туралы мәліметтермен байланыстырылады.  Б.з. 1-мыңжылдықтың 1-жартысына жататын ескерткіштерде ғұн мәдениетінің әсерлері біршама анық байқалады. Бұл әсіресе, полихромды нақышпен жасалған өнер бұйымдары көптеп табылған Теңлік, Ақтасты қо-рымдарынан нақтырақ көрінеді. Үйсін дәуірінің ескерткіштері жайлы ойларын қорытындылай келе, көрнекті ғалым К.Ақышев

    [1996] ж. арнайы зерттеулер неғұрлым кеңірек жүргізіліп және стратиграф. қабаттарды ажыратуға ерекше көңіл бөлінсе, Жетісудың Сүмбе, Лепсі, Суяб, Құлан, Батыс Ақтөбе сияқты көптеген ортағасырлық қалаларының астынан үйсін дәуірінің қабаттары ашылуы әбден мүмкін деген аса маңызды пікір айтты. 

   Үйсін Антропологиялық Типі — б.з.б. 3 — б.з. 4 ғасырларда Оңтүстік-Шығыс Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың негізгі тұрпаты. Үйсін антропологиялық типі Балқаш көлінен бастап Тянь-Шань таулы аймақтарын мекендеген тайпалар арасында жиі кездеседі. Бұған тән ерекшеліктер: бас сүйектері домалақ, маңдайы сәл тікшелеу, көз ұялары биіктеу, қыр мұрынды, жақ сүйектері ірі әрі шығыңқы. Үйсін антропологиялық типінің морфологиялық құрылыстары нәсілдік жағынан сақ дәуірінде өмір сүрген тайпаларға өте жақын. Сақ антропологиялық типінде, сондай-ақ Үйсін антропологиялық типінде көшпелі шығыс тайпаларының антропологиялық әсері де айқын сезіледі. Өйткені кейбір бас сүйектерінен, бет-пішін құрылыстарынан моңғол тектес тайпалардың нәсілдік белгілерінің әсерлері анық байқалады. Осы күнгі қазақ халқының антропологиялық құрамының негізін қалауға Үйсін антропологиялық типінің үлкен әсері болған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Үйсін мемлекетінің калыптасуы