ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, зерттелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2013 в 18:34, реферат

Описание

"Қазақ әдебиеті тарихының" төртінші томында ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдеби процестерге талдау жасалға, ал бесінші томы осы ғасырдығы ІІ жартысына арналады. Сол кезеңдегі әдебиеттің даму ерекшеліктері сарапталып, белгілі сөз зергерлерінің мұралары қазақ әдебиеттану ғылымында зерттеліп келеді. Халық әдебиеті мен жыраулар поэзиясы оның алдындағы құнарлы қабат ретінде алынып, ХІХ ғасыр кезеңіндегі қазақ әдебиетінің жай-күйі және жаңа әдебиеттің өркендеу жолына ұласу заңдылықтары ескеріледі.

Работа состоит из  1 файл

1. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.doc

— 62.00 Кб (Скачать документ)

 

Абай мектебі, Абай дәстүрі мен  дүниетанымы ХІХ ғасырдың соңынан  бастап жаңа қазақ әдебиетінің алтын  арқауына айналды. Осы кезеңде қазақ  әдебиеті жанрлық, түрлік тұрғыдан, мазмұн мен халықтық мұрат жағынан жедел өсіп өркендеді. Әдебиеттің поэтикасы байыды, тәжірибесі молықты. Баспасөз бен әдебиет байланысы артты. Қоғам мен әдебиет аралығындағы байланыс барынша айқындық сипат алды. Әдеби байланыс өрістеді. Тұтастай алғанда, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен соңына қарай әдебиет жаңа сипаттармен толысып, ұлттық сананың сара көрінісіне жол ашты. Қазақ әдебиеті тарихының бесінші томы осындай әдеби даму арналарының басты-басты сипаттарына ден қоюмен ерекшеленеді. Бұның өзі аталдған кезеңнің әдебиет тарихындағы орасан зор маңызын көрсетеді.

 

Бесінші томды әзірлеуге әдебиеттанудың көрнекті мамандары ат салысты. Жас  әдебиетшілер еңбектерімен қоса, осы  дәуір заңдылықтары туралы терең  із қалдырған ірі зерттеушілердің  көзқарастары мен еңбектері де ұжымдық зерттеу ісінде өзіндік орнын тапты. Көптеген ақындардың шығармалары мен өмірбаян деректері туралы қысқа тұжырымды шолу дәйектері ұсынылды. Он алты көрнекті ақынға арнайы монографиялық сымбаттамалар әзірленді. Бесінші томның алғы сөзін, ғылыми шолу мақаласын («ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті») филология ғылымдарының докторы, профессор, зерттеу жобасының жетекшісі А.Қ. Егеубаев жазған.

 

Монографиялық тарауларға ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор  З. Ахметов пен ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор С.Қасқабасовтың («Абай Құнанбаев»), академик З. Ахметовтың («Шоқан Уәлиханов», «Шәңгерей Бөкеев»), ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, филология ғылымдарының докторы, профессор Е.Ысмайыловтың («Біржан Қожағұлұлы», «Әнші-ақындар, сал-серілер»), филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Бердібайдың («Мұсабек Байзақұлы», «Құлыншақ Кемелұлы», «Ергөбек Құттыбайұлы»), профессор Ж. Ысмағұловтың («Ыбырай Алтынсарин», «Нұржан Наушабаев»), филология ғылымдарының докторы, профессор Н. Келімбетовтің («Шәді Жәңгіров»), филология ғылымдарының докторы А. Нұрқатовтың («Ақан сері Қорамсаұлы»), филология ғылымдарының докторы, профессор М.Жармұхамедұлының («Базар жырау Оңдасұлы», «Қожабай Тоқсанбайұлы», «Серәлі Еруәліұлы»), профессор М. Жармұхамедұлы мен Т. Әлбековтің («Айтыс»), филология ғылымдарының кандидаты Қ. Сыдиықовтың («Ақтан Керейұлы»), филология ғылымдарының докторы, профессор Б. Әбілқасымов пен филология ғылымдарының кандидаты С.Қожағұлұлының («Әсет Найманбаев»), филология ғылымдарының докторы, профессор У.Қалижанның («Ақмолла Мұхамедиярұлы»), филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Омаровтың («Мұрат Мөңкеұлы»), филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ә. Оспановтың («Майлықожа Сұлтанқожаұлы»), филология ғылымдарының кандидаты Б.Ердембековтің («Әріп Тәңірбергенов») атты зерттеулері қосылған.

 

Сондай-ақ томды баспаға әзірлеп, библиографиялық көрсеткіштерді түзуге Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің кіші ғылыми қызметкерлері Ж. Керімбек, А. Сейітова, аспирант Ж. Күжіманова мен аға лаборант З. Тоқсанбаева қатысқан.

 


Информация о работе ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, зерттелуі