Хаммурапи заңдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 21:30, реферат

Описание

Хаммурапи заңдары — Вавилон заңдарының жинағы. Бұл заңдар Хаммурапи патшалық еткен кезде, шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1760 жылы қабылданған. Хаммурапи заңдары Ежелгі Шығыстағы құл иеленушілік құқықтың аса маңызды ескерткіші болып есептеледі. Диорит  бағанға сына жазуларымен жазылған бұл заңдардың мәтіндері 1901  — 1902 жылдары ежелгі .

Работа состоит из  1 файл

Хаммурапи заңдары.docx

— 160.18 Кб (Скачать документ)
 

Хаммурапи заңдары — Вавилон заңдарының жинағы. Бұл заңдар Хаммурапи патшалық еткен кезде, шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1760 жылы қабылданған. Хаммурапи заңдары Ежелгі Шығыстағы құл иеленушілік құқықтың аса маңызды ескерткіші болып есептеледі. Диорит  бағанға сына жазуларымен жазылған бұл заңдардың мәтіндері 1901  — 1902 жылдары ежелгі Эламның астанасы — Сузы қаласының орнына жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Оны ол жерге эламдықтар әскери олжа ретінде әкелген болса керек. Хаммурапи заңдары қазіргі кезде Луврда сақтаулы тұр. Заңның неғұрлым кейінгі көшірмелерінің жұрнақтары Сузы, Ниневия, тағы басқа. Месопотамия қалаларында жүргізілген қазба жұмыстарында табылды. Хаммурапи заңдарының мәтіні кіріспеден, 282 баптан және қорытынды бөлімнен тұрады. Онда әлеуметтік теңсіздіктің салыстырмалы түрдегі жоғарғы дәрежесі бейнеленген. Сына жазуымен баяндалған заңдар азаматтық және қылмыстық құқыққа бөлінбесе де баптар белгілі бір топтарға біріктірілген; сот процесі, меншік, патша қызметі, неке мен отбасы, міндеттер, тағы баскқа. Оның үстіне әрбір тақырып қылмыстық-құқықтық, сондай-ақ азаматтық-құқықтық тұрғыдан түсіндіріледі. Құқық субъектілері болып ерікті қауым мүшесі (авилум — “адам”) және толық құқығы жоқ патша қызметіндегі ерікті адам (мушкенум — “төмен құлайтын”) танылды. Кейбір құқықтарды (ажырасу және қалың малын қайтарып алу құқығы) ерікті әйелдер де пайдаланған. Құлдар мен балалар тек құқық нысандары ретінде ғана қарастырылды. Хаммурапи заңдарында құл иеленушілердің құлдарға үстемдігін, жалпы жеке меншікті нығайтуға және патша қызметіндегі адамдардың мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөлінді. Бұл заңдар бойынша Ваилон патшалығындағы тауар-ақша қатынастарының елеулі дамығаны жөнінде қорытынды жасауға болады. Ғылыми әдебиетте Хаммурапи заңдары әрекет еткен құқық жинағы ретінде (бұл неғұрлым шындыққа жанасады), “әлеуметтік әділеттілікті” бейнелеген заңдық трактат немесе Хаммурапи патшаның өз қызметі жөніндегі құдайларға берген есебі ретінде қарастырылады. Хаммурапи заңдары ежелгі Кіші Азиның өзінен кейінгі заңдарына елеулі ықпал етті.

Хаммурапи заңдары  282 баптан тұрды. Төменде баптар біріктірілген және жазалау жолдары  көрсетілген 

1-4: Азаматтардың  ар-намыс құқығы. Жаза өте қатаң  – «айыпталушы өлім жазасына  кесілген»

5: Өзгертілмейтін , міндетті сот шешімдері , сот  төресіне қатаң жаза – үлкен  айыппұл.

Пара алған үшін , болшақта сот төрешісіне жұмыс жасауға тиым.

6-13: Анықталған  ұрлау амалдары , жаза – өлім  жазасы.

14:  Бала ұрлау.  Жаза – өлім жазасы.

15-20: Құл иеленушілікті  қорғайтын баптар. Құлдарға қашуға  көмек берген үшін жаза –  өлім жазасы.

21: Дербес меншік  құқығы. Жаза – өлім жазасы.

22-24: Жеке тұлғаға  ұрлықшыдан денсаулыққа зиян  келтіруі. Жаза - шығын толық төлеу.

25: Өрт кезіндегі  ұрлық. Жаза – айыпталушы өртке  тасталуы тиіс.

26: Әскери қызметтен  , міндеттен қашу. Жаза – өлім жазасы.

27-39: Патша  редумға немесе баирумға сыйлыққа берген меншік (жер, бақша, үй) ушін , әскери қызмет. Меншік немесе әскери дәрежені мұрагерлік арқылы қалдыру. Патша сыйға тартқан меншікті сату немесе әйеліне , қызына қалдыру құқықсыздығы.

40-41: Азаматтық  дәрежені мүлік арқылы сатып алу сұрақтары бойынша реттеу.

42-46: Жерді жалға алу сұрақтары және жалға алушының жауапкершілігі. Айыппұл нұсқауларымен жаза салақтық үшін жаза

47: Жалға алушының меншікті қайтып алудағы артықшылық құқығы.

48: Жалға алушыны  төтенше жағдайлардан қорғау 

49-52: Алқаптағы  жұмыс нәтижесі жалданушы жұмысларға  тиесілі болмаған.

53-56: Егер адам  өзінің жерінде тұрған бөгетті бөгеу жұмысында салақтық көрсетте , оны құлдыққа сатып жібергенге дейін , ол өзі келтірген шығынды өтеуі тиіс.

57-58: Алқапта  мал жаю. Жаза түрлері –  Егер көктемде болса, әрбір «бур» аудан үшін 20 «гур» бидай. Егер жазда немесе күзде болса , 60 «гур» билай. Бүлінген алқапты айыпталушы өзі жинауы тиіс. (1 гур = 252,6 литр)  (1 бур = 6,35 га.)

59: Азаматтар  бақшаларының бүлінуе жол бермеу. Әрбір ағаш үшін ½ «мина»  күміс.

 (1 мина = 505 г.)

60-66: Бақшаны жалға беруді реттеу , бағбанды жалдау. Егер іске жарамды бақшаны жалға алған да , 2/3 бөлігі иесіне тиесілі.

67-72: Сақталмаған.

73: Тұрғын  үйді жалға алу. Егер иесінің  шешімі бойынша жалға алу келісімі  күшін жоятын болса , онда жалға алушының  алдын-ала төленген ақысы толық қайтарылады.

74-87: Сақталмаған.

88:  Өсімқор  үшін шектелген салымның өлшем  пайызы: 33,5% бидай немесе 20% күміс. Егер өсімқор тауар айнылымды бұзса, ол өзінің қызметінен айырылады.

89-90: Анықталған  қарыздың тауар айналымы. Күміс  бидай ретінде қайтарылса , 100 «ка»  күміс – 1 «гур» бидай. (1 ка = 0,84 литр)

91-92: Сақталмаған.

93-96: Өсімқор  келісімдерінде мемлекет өкілдері  куә болуы тиіс.

97-98: Сақталмаған.

99: Пайда  мен шығынды тең бөлу – құдай  алдында тең бөлу.

100-282: Толық  анықталмаған. Көп бөлігі жанұя  құқығы. 
 
 
 
 
 
 
 

                  Лувр мұражайында Хаммурапи стелласынан фрагменттер

Информация о работе Хаммурапи заңдары