Халықаралық гуманитарлық құқықтың ХХ ғасырдан бастап даму кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 18:41, доклад

Описание

Халықаралық гуманитарлық құқық –Женева мен Гаага құқығынан құралған, халықаралық жария құқығының саласы болып табылады.Бұл құқық саласы соғыс жүргізу тәсілдері мен құралдарын шектеу,сонымен қатар қарсыласушы екі жақ және бейтарап мемлекеттер арасында қарым-қатынасты шешу мақсатында қолданылатын халықаралық келісім-шарттардың жиынтығы.Гуманитарлық құқық пайда болғанға дейін қарулы шиеленістер әдет-ғұрып нормалары арқылы өз шешімін тауып келді. Кейіннен

Работа состоит из  1 файл

Адамзат тарихын кей кезде соғыс тарихы деп те атайды.docx

— 16.82 Кб (Скачать документ)

        Халықаралық гуманитарлық құқықтың ХХ ғасырдан бастап даму кезеңдері.

 

     Адамзат тарихын кей кезде соғыс тарихы деп те атайды.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекеттер арасында 200 –ге жуық қарулы шиеленістер 20 млн адам өмірін қиды.Осы соғыс ережелерін реттеу нәтижесінде халықаралық гуманитарлық құқық пайда болды.

    Халықаралық гуманитарлық құқық –Женева мен Гаага құқығынан құралған, халықаралық жария құқығының саласы болып табылады.Бұл құқық саласы соғыс жүргізу тәсілдері мен құралдарын шектеу,сонымен қатар қарсыласушы екі жақ және бейтарап мемлекеттер арасында қарым-қатынасты шешу мақсатында қолданылатын халықаралық келісім-шарттардың жиынтығы.Гуманитарлық құқық пайда болғанға дейін қарулы шиеленістер әдет-ғұрып нормалары арқылы өз шешімін тауып келді. Кейіннен екіжақты келісімшарттар пайда бола бастады.Негізінен халықаралық гуманитарлық құқық 1864 жылы 16 мемлекеттің қатысуымен өткен ең алғаш Женева конференциясында қабылданған “Соғысушы армиялар құрамындағы жаралылар мен аурулардың жағдайын жақсарту туралы” Женева конвенциясынан бастау алған.

   1906 жылы Женева конвенциясы нақтырақ қайта қаралды.Жаңа конвенцияның талабы бойынша,мемлекет жарақат алған өз әскерін қарсыласына қалдырған жағдайда оған қажетті персонал мен материалдық қажеттіліктермен қамтамасыз етуге міндеттенеді.

     1907 жылғы III Гаага конвенциясына сәйкес, бірінші жақ соғыс бастамас бұрын соғыс ашатындығы туралы хабарлауы керек немесе соғыс ашу жөніндегі шартпен ультиматум қоятындығын жариялауы тиіс.Соғыс жағдайы жөнінде бейтарап мемлекеттер хабардар болулары керек.

     1925 жылы Женева хаттамасы бойынша Химиялық қаруды қолдануға тыйым салынып,оған бірнеше мемлекеттер қосылды. Бірақ кейбір мемлекеттер бұл хаттаманы бұзып, мысалға,Италия Эфиопияға қарсы соғыста (1935-36),Химиялық қаруды қолданды. Тыйым салынғанына қарамастан 1- және 2-ші дүниежүзілік соғыс аралығында Химиялық қару көптеп шығарылды. 1943 жылға қарай фашістік Германия уландырғыш заттар әзірлейтін химиялық өнеркәсібінің қуатын жылына 180 мың тонна өнім шығаратындай дәрежеге жеткізді. Дегенмен, көп ұзамай Германия қарсыластарының да Химиялық қаруды қолданатынын ескеріп, бұдан бас тартты. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Германияның трофейлік Химиялық қаруы (300 мың тоннаға жуық) теңізге батырылу арқылы жойылды. Соғыстан кейін көптеген елдер Химиялық қарудың жаңа неғұрлым апатты түрлерін шығарды. Химиялық қару, әсіресе, артиллерия, авиация саласында одан әрі өрістеді. Артиллерия Химиялық қаруға жаудың жердегі күштерін атқылауға арналған химиялық снарядтар, миналар; авиациялық Химиялық қаруға әр түрлі улы заттармен толтырылған бомбалар, т.б. құрал-жабдықтар жатады.Белгілі бір аймақты улау үшін арнаулы химиялық машиналар қолданылады. Химиялық қарудан қорғану үшін әскерлер мен тұрғын халық

 

 

 

арнаулы дайындықтан өтуі тиіс. Париж конвенциясына (1993) сәйкес, Химиялық қару табиғат пен адамзатқа  тигізетін аса ауыр зардабына  байланысты жойылуға жатқызылған. Химиялық қаруды жою арнайы нысандарда жүзеге асырылады. 1993 жылы Ресейдің Химиялық қару қоры 40 мың тоннаны, ал АҚШ 29 мың тоннаны құрады.

     “Соғыс тұтқындарын ұстау тәртібі туралы” (1929 ж. бекітіліп, 1949 ж. қайта қаралған); “Соғыс кезінде бейбіт халықты қорғау туралы” конвенциялар жатады. Женева конвенциялары соғысушы елдерді соғыс майданында қарсы жақтың ауру немесе жаралы болған әскери адамдарына олардың жынысына, нәсіліне, ұлтына, саяси немесе діни сеніміне қарамастан қажетті көмек көрсетуге және соғыс тұтқындары туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттерге хабарлауды міндеттейді. Соғыс майданындағы дәрігерлерге, санитарлық ұйымдар мен олардың қызметкерлеріне, жаралылар мен ауруларды таситын көлікке шабуыл жасауға тыйым салады, жаралылармен бірге қолға түскен санитарлық қызметкерлер соғыс тұтқыны болып есептелмейді. “Бейбіт халықты қорғау туралы” конвенция бойынша басып алған жерлерде халыққа зорлық-зомбылық жасауға тыйым салынады, керісінше, сол жердің халқын азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүктеледі.

     1954 жылғы Гаага конвенциясы қарулы қаққтығыстар кезіндегі мәдени құндылықтарға түрлі қол сұғушылықтарды қылмыстық деп жариялады. Соған қарамастан мұндай қол сұғушылықтарға шынымен бірібір жол беріліп отыр. Мысалға, Интерполдың деректері бойынша, әлемде жыл сайын 450-500 –ге дейін кескіндеме, антиквариат, діни табыну, археологиялық құндылық шығармалары мен басқа да шығырмалар және түрлі кезеңдер мен халықтар мәдениетінің ескерткіштері ұрланады екен.

       1949 жылғы  Женева конвенциясына қосымша қабылданған (IХаттама)соғыс құрбандарын қорғау мәселесі және (ІІ Хаттама) халықаралық емес қарулы шиеленістер туралы 1977 жылғы екі Хаттама.

       1980 жылғы  "Шектен тыс зиян келтіреді  немесе таңдамай әрекет етеді  деп саналуы мүмкін кәдімгі  қарудың нақты түрлерін қолдануға  тыйым салу немесе шектеу туралы  конвенцияны және Конвенцияға  хаттамаларды: Анықталмайтын жарықшақтар  туралы I хаттаманы, Өртегіш қару  туралы III хаттама және Көзді соқыр  ететін лазерлік қару туралы IV хаттама туралы" конвенция.

        1993 жылғы «Химиялық қаруды өндіруге, қолдануға тыйым салу туралы» конвенция. Қатысушы мемлекеттердің ең басты міндеті, химиялық қаруды өндірмеу және қолданбау.

        Халықаралық гуманитарлық құқық ұзақ даму жолын өткерді,бірақ ең жоғары нәтижесіне әлі қол жеткізген жоқ. Әлемде шиеленістер болғанға дейін, әскери іс-әрекеттердің гуманизациясын қамтамасыз ету, нормаларды жетілдіру қажеттілігі болады.

       Бүгінгі  таңда халықаралық қауіпсіздік  концепциясы күрт өзгерді десек  те болады. 1945 жылы БҰҰ келешек  халықты төніп тұрған мемлекетаралық соғыстардан қорғау мақсатында құрылса, ал қазіргі таңда ең басты мәселесінің бірі болып,ішкі қарулы шиеленістерден қысым көріп жатқан  халықтың құқығы мен бостандығын қорғау болып табылады.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер :

 

  1. Колосов Ю.М Международное право
  2. Ю.В Чемякин Международное гуманитарное право

 

 

 


Информация о работе Халықаралық гуманитарлық құқықтың ХХ ғасырдан бастап даму кезеңдері