Фашизмді жеңудің дүниежүзілік тарихи маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 16:50, реферат

Описание

Ұлы отан соғысы, кеңес-герман соғысы, екінші дүниежүзілік соғыстағы шығыс майдан (1941 — 45) — Германия мен оның одақтастарының басқыншылығына қарсы Кеңес Одағының соғысы. 1941 ж. 22 маусымда Германия мен оның одақтастары (Италия, Венгрия, Финляндия, Румыния) кеңес-герман келісімшартын бұзып, Кеңес Одағына соғыс ашты. Германияның негізгі мақсаты Барбаросса жоспары бойынша КСРО-ны жою еді. Жоспарда қосымша соққы ретінде Финляндия, Румыния, Италия мен Венгрияның тарапынан да соғыс қимылдарын жүргізу қарастырылған.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 53.66 Кб (Скачать документ)

жәрдемдесті.

Автомобиль көлігі шапшаң қарқынмен дамыды. 1954- 1955 жыддары Алматы - Бішкек, Ақмола - Астраханка, Тал- дықорған - Сарыөзен және басқа тас жолдар салынып, пай- далануға берілді, барлығы 1100 шақырым жаңа жол пайда болды.

50-жылдардың басында әуе  көлігі өте-мөте жедел өрістеді. Алматы Мәскеумен, Одақтың басқа да қалаларымен, барлық облыс орталықтары және шалғайдағы кейбір аудандармен сенімді түрде әуе байланысын орнатты. Алматы мен Қарағандыда әуежайлар салынды.

Байланысшылар да үлкен табысқа жетті: ауылдық және селолық Кеңестердің — 85%, МТС-тің — 95, колхоздардың - 67%-і телефондандырылды. Радио нүктелердің саны 2,6 есе көбейді, радиохабарлағыш тарату станцияларының қуаттылығы артты.

Сонымен, өнеркәсіп пен  көліктердің соғыстан кейінгі онжылдықтағы орасан зор өрлеуі, Қазақстанның жалпы одақтық байланыстағы рөлінің артуын қамтамасыз етті, ол индустрияның шығыстағы ірі орталығына айналды.

Халық шаруашылығын өркендетудің алтыншы бесжылдық (1956-1960) жоспарында өнеркәсіпті дамытудьщ жоғары қарқынын одан әрі сақтау көзделді. Ауыр индустрияның, әсіресе энергетика мен отынды көп қажет ететін салалары үшін кәсіпорындар кешенін жасау, қара және түсті метал- лургияның жаңа кәсіпорындарын, электр станцияларын салу, өнеркәсіптің басқа салаларын да одан әрі өркендету міндеті қойылды.

50-жылдардың екінші жартысы  өндірістің техникасы мен технологиясын одан әрі дамыту кезеңі болды. Тау-кен руда- лары кәсіпорындарында өзі тиеп, өзі алып барып түсіретін Одақта жасалған жоғары өнімді кешендер мен бүрғылау ма- шиналары енгізілді. Мүның өзі руда шығару процесін тү- гелдей дерлік механикаландыруға мүмкіндік берді. Түсті металлургияда жеке агрегаттар мен тораптарды ғана емес, технологиялық процестер мен тұтас цехтарды кешенді автоматтандыру ісі қолға алынды. Алматы ауыр машина жасау зауытының сым созу стандары, Өскемен конденсатор зауытының төмен вольтты конденсаторларының жаңа сериялары Одақтан тысқары жерлерге де әйгілі болды. Тек 1958-1960 жылдары ғана 650 кешенді механикаландырылған тасқынды және конвейерлі жүйе іске қосылды. Өнеркәсіптегі механикалаңдыру мен автоматтан- дыру 17 мыңнан астам жұмысшы босатып, оларды басқа учаскелерге ауыстыруға мүмкіндік берді.

Техникалық серпінділік жұмысшылардың мамандық деңгейін едәуір жоғары көтеруді талап етті, әсіресе сан қыр- лы білікті кадрларға деген қажеттілік арта түсті. Бесжылдық кезінде 767,2 мың жұмысшы (барлық жұмысшылардың 58,5%) мамандығын жетілдірді. Техникалық училищелер мен кәсіптік-техникалық мектептер 63 мың жас жұмысшы даярлады.

Өндіріс техникасы мен технологиясын жетілдіру жұмыс- шылардың өнертабыс пен рационализаторлыққа деген ынтасын арттыра түсті. Егер 1957 жылы олармен 22,7 мың адам шұғылданса, 1960 жылы 50 мыңға жуықтады. Түскен 74 мың ұсыныстың 50,8 мыңы өндіріске енгізілді. Мұның өзі 38,8 млн. сом қаржы үнемдеуге мүмкіндік туғызды.

50-жылдарлың екінші жартысында көлік қауырт өрістеді: 2 мың шақырымға жуық темір жол салынды, оның 1,5 мың шақырымы тың игерілген облыстарды басып өтті. Темір жол 'көлігі жаңа техникасымен жабдықталды, паровоздар тепловоздармен алмастырылды. Салаға басшылықты жақсарту үшін 1958 жылы Қазақ темір жолы басқармасы құрылды.

Су жолымен жүк тасу көлемі 2,4 есе, автомобильмен-3,6 есе ұлғайды. Әуе қатынасының ауқымы кеңейді, азаматтық әуе флотыньщ паркі көбейді, жолаушыларды тасу 9 есе, жүк пен пошта — 4 есе өсті. Байланыс, теледидар одан әрі дамы- ды. Алматы, Қарағанды, Шымкент, Өскемен қалалары теле- дидар хабарларын үзбей қабылдай бастады.

Индустрияның жаңа ошақтарын  жасау, көлік қатынаста- рының, байланыс құралдарының ұлғаюы қала халқының өсуін туғызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды       

Екінші  дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы  ең ауыр және қантөгісті соғыс болды. Соғыс кезінде 50-млн-нан астам  адам соның ішінде 20-млн. кеңес азаматтары қаза тапты. Ондаған млн. адам жараланды, мүгедек болып қалды. Соғыс барлық елдерді қансыратты, көптеген қалалар мен ауылдарды күйрендіге айналлдырды.Бірінші дүниежүзілік соғысқа қарағанда екінші дүниежүзілік соғыста адамдар шығыны 5 есе ал материалдық шығыны – 12 есе көп болды.      

Өзінің  орбитасына жер шарының 4/5 халқын өзіне  тартып, бірқатар мемлекеттердің жаңа шекараларын орнатып, соғыстан кейінгі маңызды тенденцияларды көздеп, екінші дүниежүзілік соғыс жаңа заман тарихында ең бетбұрысты кезең болды.      

1. Екінші дүниежүзілік соғыстың  негізгі қорытындысы фашизмді 

бүкіләлемдік тарихи жеңуден  тұрады. Фашистік мемлекеттер Германия,Италия, Жапония және олардың одақтастары талқандалды. Олардың қарулы күштері, экономикасы, саясаты, идеологиясы толық күйреді. Фашистік режимдер таратылды, фашистік партияға тиым салынды, фашистік басшылар сотқа тартылды және өз жазаларын алды. Бұқаралық ортада фашистік идеология ықпалынан айрылды. Соғысқа дейін әлемдік реакцияның басты соққысы болған фашизм жеңілді. Фашизм қауіп төндірген елдер мен халықтар өздерінің тәуелсіздігі мен демократиялық бостандығын ұстап қалды,      

2. Фашизмді жеңуде басты  рөлді Кеңес Одағы алды. Кеңес-герман  майданында фашистік Германия  мен оның одақтастарының негізгі  күштері талқандалды. Ұлы Отан  соғысындағы кеңес халқының жеңісі  барлық екінші дүниежүзілік соғыстың  тағдырын шешті. КСРО-мен Коммунистік  партияның халықаралық беделі  тез өсті. Кеңес Одағы Еуропалық  ең алып,ал әлемнің алып екі  державасының бірі болды.    

3.Герман фашизмінің күйреуі және  жапон милитаризмінің күйреуі  Кеңес Одағының 

шешуші рөлінде  Еуропа және Азияның бірқатар  елдері халықтарының помещиктері мен капиталистерінің билік басынан кетуіне қолайлы жағдай жасады. Егер соғысқа дейін социализм КСРО және Моңғол Халық Республикасында ғана жеңсе, соғыстан кейінгі алғашқы жылдары социализмнің құрылу жолына тағы 11 мемлекет тұрды: Албания, Югославия, Болгария, Румыния, Венгрия, Чехославакия, Польша, Герман Доминикалық Республикасы, Корей Халықтық Демократиялық Республикасы, Вьетнам Демократиялық Республикасы, ал 1945-949 жылдардағы азаматтық соғыстың жеңісінен кейін Қытай Халық Республикасы. Әлемдік социалистік жүйе қалыптасты.

4. Фашизмге қарсы коммунистердің  ерлік күресі, фашизмге қарсы, бостандық және тәуелсіздік үшін демократия және социализм әлемдік коммунистік қозғалыстың тез өсуінің басты себебі болды.      

Әлемдік социалистік жүйе елдерінде коммунистер  өкіметі қолға алды. Фашизм немесе оккупацияны басынан өткізген бірқатар елдерде,сонымен қатар, Италияда, Францияда, Бельгияда, Финляндияда, олар өкімет құрамына енді. Азия мен Латын Америкасының кейбір елдерінде коммунистер жасырын емес түрде іс-әрекет құқығына ие болды. Барлық жерде коммунистік партиялар мен саны мен ықпалы өсті,олардың байлары жұмысшылармен, демократиялық және ұлт-азаттық қозғалыстармен күшейді.

5.Екінші дүниежүзілік соғыс барысында  имперализмнің отарлық жүйесінің  құлауы 

басталды. Көптеген елдер – Сирия, Ливан, Вьетнам,  Лаос, Камбоджа, Индонезия, Бирма, Филиппины, Корея – өздерін тәуелсіз ел деп жариялады. Үндістан мен Малаяның патриоттары тәуелсіздікті талап етті. Отарлаушылар Үндіқытайда және Малаяда отарлық соғыстар ашып, өздерінің үстемдігін сақтап қалғысы келсе де, олардың тәуелсіздікке деген ұмтылысын баса алмады.

6.Екінші дүниежүзілік соғыстың  нәтижесінде капиталистік әлемдегі  күштердің 

қатынастары тез өзгерді.  Соғысқа дейін ұлы державалар  қатарына кірген, әлемдік саясатта  және экономикада маңызды рөлді  ойнаған Германия, Италия, Жапония  жеңіліс тауып, шетел әскерлерімен оккуппацияланған уақытша тәуелді елдерге айналды. Олардың экономикасы соғыспен қирады және олардыңбірнеше жылдар ішінде өздерінің баяғы бақталастарымен бәсекеге түсе алмады.      

Франция 1940 жылы жеңіліс және неміс-фашист оккупациясы нәтижесінде уақытша ұлы держава жағдайын жоғалтып алды.      

Ұлыбритания соғысты үш ұлы жеңуші-державаның бірі болып аяқтады. Бірақ оның позициялары  әлсіреп қалды. Экономикалық және әскери қатынаста ол АҚШ-тан қалып қойды  және американ көмегінің тәуелділігінде болды.      

Барлық  ұлы капиталистік мемлекеттердің ішінен Америка Құрама Штаттары ғана біршама  мықты болып шықты. Барлық капиталистік елдерден әскери және экономикалық жағынан  алыс кетіп, АҚШ капиталистік әлемнің  лидеріне, әлемдік үстемдікке таласушы «ұлы державаға» айналды. 

7. Америка Құрама Штаттарының күшейуіне  қарамастан, әлемдік капитализмнің  позициясы әлсіреді. Фашизмнің күйреуі,  Кеңес Одағы қуатының өсуі, әлемдік  социалистік жүйенің құрылуы,  демократиялық және антифашистік  күштер 

ықпалының өсуі, империализмнің отарлық жүйесінің құлауы капитализмнің жалпы дағдарысын әлі қарай тереңдеуін білдірді.      
 


Информация о работе Фашизмді жеңудің дүниежүзілік тарихи маңызы