Әбу-Насыр Аль Фараби
Реферат, 04 Ноября 2012, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог,математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «...философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн
Содержание
І. Кіріспе
Өмір жолынан қысқаша анықтама
ІІ. Негізгі бөлім
Туған жері
Оқу жолы
Шығармашылық жолы
Медецинаға қосқан үлесі
Ғалым мұраларына жету көздері
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Работа состоит из 1 файл
Әбу Насыр Әл.docx
— 66.00 Кб (Скачать документ)Әль-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне
қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймай
Әбу Наср Әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді. Ол өзінің “Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат” атты еңбегінде Аристотелдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салып, бұл туралы былай дейді:
- Бірінші шарт — философиялық ағымдарды тану (аты-жөнін білу) жеті нәрседен тұрады:
- философиялық бағытқа (ағымға) бас болған ұстаздың аты-жөні;
- оның шыққан қаласы;
- философияға мекен (медресе) болған орынның аты;
- философиялық ағымды тудырған басты себеп;
- философиялық талдауға түскен мәселелер;
- философияның алға қойған мақсаты туралы;
- философияның практикалық мәні, нәтижесі.
Оның пікірінше, тұңғыш рет философиялық бағыттың алғаш негізін салушы — грек философы Пифагор, яғни пифагоршылар мектебі. Бұл жерде Фараби ежелгі Грециядағы негізгі ғылыми философиялық мектептерге шолу жасап, өз пікірлерін ортаға салады.
- Екінші шарт — өткендегі ірі философтардың еңбектеріндегі негізгі ойларын, мақсаттарын тану. Мұнда Фараби ежелгі гректерден қалған логикалық шығармалардың яғни, формальдық дәлел (логика); силлогизм; аналитикалық мазмұн мен оқу ретін қысқаша айтып өтеді.
- Үшінші шарт — философ болу үшін қажетті ғылымдарды тани білу.
- Төртінші шарт — философия ғылымын үйретудегі мақсатты түсіну. Философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану. Ол мақсат — жаратқан иені тану. Ол өзі ауыспайтын, өзгермейтін жалғыз зат. Бүкіл дүниені, барлық нәрселерді барлыққа, болмысқа шығарған жаратушы. Жомарттылығымен, хикметімен, әділеттілігімен осы әлемге тәртіп беруші Алла-тағаланы тану. Барлық философ ғалымдардың істеген еңбектері өздерінің шамасынша сол жаратқанға ұқсап бағу. Әрине, бұл жерде біз Әбу Насыр әл-Фарабидің өз заманының перзенті болғандығын дұрыс түсінуіміз қажет, өйткені заман талабын аттап өте алмау қай кезде болсын тарихи табиғи нәрсе.
- Бесенші шарт— Философия ғылымына кірісудің төте жолын тану. Бұл жерде Фараби білім, ғылымға жетудің ең бір дұрыс жолы аянбай еңбек ету дейді. Сонымен қатар философияны тек жаратылыстану ғылымдары арқылы ғана танып білуге болады деген пікірлер айтады.
- Алтыншы шарт — Аристотель еңбектеріндегі қолданылған ғылыми ұғымдарды талдай білу.
- Жетінші шарт — Аристотельдің өзінің еңбектерін оқыған адамнан терең жұмбақ сырларды шешуді талап етуінің себебін білу, Аристотель еңбектерінде жұмбақ түрінде айтылған түсініктердің сырын ашу. Оның кейбір ғылыми түсініктерді терең жұмбақ түрінде келтіруінің үш түрлі себебі бар. Бірінші, оқушының табиғи қабілетін сынап, үйретуге тұратынын немесе тұрмайтынын айыру. Екінші, философия ғылымын көрінген адамның бәріне бірдей рәсуа қылмай, оны алып жүретіндерге ғана пайдаландыру. Үшінші, ғылым іздеу жолында адам бейнеттеніп, ой-пікірін шынықтыру керек. Осы үш себептен Аристотель еңбектерінде жұмбақ (аллегория) қолданылады.
- Сегізінші шарт — философ адамның міндеті мен тіршілік ережесін және қалпын түсіну.
- Тоғызыншы шарт — Аристотель ілімін үйрену үшін нендей нәрселер қажет екенін білу. Фараби бұл жерде Аристотельдің логика ғылымын, шығармаларын оқу тәртібін келтіріп, оны жоғары бағалайды. Бұл орайда түйіндеп айта келгенде Фараби философияны үйрену үшін ежелгі грек ойшылдарынан бастап өзіне дейінгі ғалымдардың ой-пікірлерін сарапқа салады да, соңында өз ойларын айтады. Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін қойылатын ең бірінші талап — ол адамның жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз құштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде адам философияны үйрене алмайды, үйрете де алмайды деп көрсетеді Фараби.
Аристотельдің “Никомахтың этикасында” (1-кітап, §1) келтірілген схемасын негізге ала отырып, әл-Фараби философияны теориялық және практикалық деп екіге бөледі. Теориялық философия өзгермейтін, өткінші емес заттарды, практикалық философия өзгертуге немесе жасауға болатын заттарды зерттейді. Философия, Әбу Наср Әл-Фарабидің білуінше, адамда ғана болатын “ең ерекше” игілік — ақыл, парасат арқылы меңгеріледі. Ақыл, парасаттың қызметі қалай болса, солай бет-алды жүргізілмеуге тиіс, онда мақсаттылық сипат алады. Оның негізін логика өнері қарастыратын ойлаудың дұрыс әдістері құрады. Әбу Наср Әл-Фарабидің атап көрсетуінше, адам өзінің бақытқа жету жолын логикадан бастаған жөн.
Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды.
Әбу Наср Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары “Фусул ал-мадани” (“Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері”) трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да, негізінен бір мақсатқа — адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты — тәндік және рухани құбылыстардың салыстырылып отыратындығы.
Фараби «Азаматтық саясатта» қоғамды талдауды қаладан бастаса, “Нақыл сөздерде...” ол мұны ең кішкене ұядан, от басынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлекке — ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі.Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықтан ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гуманизмнің биік көріністерін табамыз. Мұнда тек жеке басының мүдделері ғана емес, қоғам мүдделерін жоғары санауы үлкен бір азаматтықтың, адамгершіліктің қасиетті көріністері деп білеміз.
Әбу Наср Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек
деп есептейді. өйткені жақсы істер істеп,
мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін
жамандыққа айналдырады. Жетік философ теориялық ғылымдарды да білуге, бұл
ғылымдарды басқа ғылымдарда да қолдана
білуге тиіс. Платон мен Аристотель на
Әбу Наср Әл-Фараби өз заманындағы
ғылымның барлық салаларынан, әсіресе,
математика, астрономия, физика, жаратылыстану
ғылымдарынан көп мұралар қалдырды.
“Ғылымдар
тізбегі” деген еңбегінде сол кездегі
ғылымды үлкен-үлкен бес салаға бөледі:
1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика
және оның тараулары; 3) математика және
оның тараулары; 4) физика және оның тараулары,
метафизика және оның тараулары; 5) азаматтық
ғылым және оның тараулары, заң ғылымы
және дін ғылымы. Ғалым бұл ғылымдардың
бәрінің пәнін анықтап, қысқаша мазмұнына
тоқталады. Әбу Наср Әл-Фараби математик
ретінде өзара тығыз байланысты үш салада
еңбек еткен. Олар: 1) математиканың методол.
мәселелері (математикалық ғылымының
пәні, негізгі ұғымдары мен әдістерінің
шығу тегі), 2) математикалық жаратылыстану,
3) математиканың кейбір нақты тарауларын
жасауға қатысуы. Әбу Наср Әл-Фараби математиканы
жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика
Жаратылыстану саласында жазған трактаттары
да, бұл салаға қосқан жаңалықтары
да қыруар. Физикалық құбылыстарды
талдайтын еңбегі оннан асады. Оның
таразы туралы, механизмдер туралы,
оптика мен бос кеңістік (вакуум) туралы көптеген құнды тұжырымдары
әлемге әйгілі. Ол механикаға математика мен геом
Әбу Наср Әл-Фараби ежелгі гректің
ұлы астрономы Клавдий
Ғұламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығын көреміз. Ол — шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты.
Жас ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыру үшін үш нәрсенің ерекшелігін жүйелеп, дәйектеп алу шарт:
- Баланың ішкі ынта-ықыласы, құмарлығы;
- Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы;
- Сабақ процесінің алатын орны.
Ғалым дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің ұқсастығына, оның бір-біріне тигізетін әсеріне ерекше мән берді.
Әбу Наср Әл-Фараби. өзінің “Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа жол сілтеу” туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді.
Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен
жамандықты ажыратуға мүмкіндік
беретін ғылым деп қарады. Сондықтан
оның этика жөніндегі
Медицинаға қосқан үлесі
Орта ғасырдағы медицина мен
философияның дамуына "Медицина
каноны" атгы және басқа да еңбектерімен
сүбелі үлес қосты. Ғылыми бағыттардың
жіктелуіне арналған "Бесінші трактатында" адам
тіршілігіндегі мидың маңызы туралы баяндай
келіп, мида жүйке орталықтары мен сезімтал және козғалтқыш жүйкелер болатындығ
Әбу Насыр әл-Фараби - Аристотельде
Ғалым мұраларына жету кезеңдері
Ғалым мұраларының бізге жетуін
төрт кезеңге бөлуге болады: 1. Орта
ғасырдағы араб, парсы және басқа тілдерде жазған ғұламалар
арқылы (Ән-Надим, әл-Баиһақи, Ибн Саид әл-Кифти, Хаджи Халифа, Венике, Камерариуст.б.
Әбу Насыр әл-Фараби мұраларының Қазақстанда түбеге