Бүкіл адамзат қоғамының даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 17:27, доклад

Описание

Бүкіл адамзат қоғамының даму тарихы - табиғат пен адамзаттың қарым-қатынасынан тұрады. Осы уақыттың барлығында да табиғат адамзаттың өмір сүру ортасы, материалдық байлық көзі болып келді. Коғамның дамуының алғашкы сатыларында табиғат қорын пайдалану мелшері ылғи артып отырганымен, оның табмғи ортаға кері эсері елеусіз еді.
Коғамнын. ендірістік дамуына байланысты адамның табиғи ортаға эсері; табиғат байлығын, табиғи күштерді пайдалануы артып келеді. Бұл әсер екі сипатта. Бір жағынан, ғылыми-техникалык, жетістіктің арқасында табиғи орта жақсартылады, оның қорын молайтып, ұқыпты пайдалануга мумкіндік туады. Мысалрға, шөлді жене шөлейт жерлерді суландыру, орман отырғызу, жерді көгалдандыру, өсімдіктердің құнды турлерін көбейту, жалпы табиғи ортаны, ондағы өсімдіктер, жан-жануарлар дүниесін корғауды атауға болады.

Работа состоит из  1 файл

27.doc

— 34.00 Кб (Скачать документ)


 

Бүкіл  адамзат қоғамының даму тарихы - табиғат пен адамзаттың қарым-қатынасынан тұрады. Осы уақыттың барлығында да табиғат адамзаттың өмір сүру ортасы, материалдық байлық көзі болып келді. Коғамның дамуының алғашкы сатыларында табиғат қорын пайдалану мелшері ылғи артып отырганымен, оның табмғи ортаға кері эсері елеусіз еді.

Коғамнын. ендірістік дамуына байланысты адамның табиғи ортаға эсері; табиғат байлығын, табиғи күштерді пайдалануы артып келеді. Бұл әсер екі сипатта. Бір жағынан, ғылыми-техникалык, жетістіктің арқасында табиғи орта жақсартылады, оның қорын молайтып, ұқыпты пайдалануга мумкіндік туады. Мысалрға, шөлді жене шөлейт жерлерді суландыру, орман отырғызу, жерді көгалдандыру, өсімдіктердің құнды турлерін көбейту, жалпы табиғи ортаны, ондағы өсімдіктер, жан-жануарлар дүниесін корғауды атауға болады.

Ал екінші жағынан, табиғи ортаны бүлдіру ауқымы да артып келеді. Мысалы, ендірістің кері әсері ретінде табиғат байлығының, тугесілуін, судың, жердің, атмосфераның ластануын, орманның жойылуын, жердің тозуын, ауыл шаруашылық жерлерінің қазба жұмыстарын жургізуге, құрылыстар салуға бөлінуін айтуға болады.

Қоғамдық өндіріске табиғаттың жаңа байлықтары ұдайы қосылып және оларды игеру мөлшері артып отырады. Ғылыми-техникалық жетістіктер бұрын игеруге мүмкін болмаған, сапасы төмен табиғат байлықтарын өндіріске қолдануға мүмкіндік береді, нәтижесінде өндірістің табиғи ортаға әсері күшейеді, табиғат байлығын пайдалану мәселесі шиеленісе түседі. Табиғат байлығын пайдалану қарқынының артуы халық санының өсуіне де байланысты. Үстіміздегі ғасырдың басында жерде 1571 млрд. адам өмір сүрген болса, 1990 жылы хапық саны 5300 млрд.-қа жетті, ал 2000 жылы 6 млрд.-тан асады деп есептеледі.

Халық санының өсуіне байланысты, халық тұтынатын өнімдерді арттыруға, оған шикізат ретінде табиғат байлығын пайдалану мөлшерін кеңейтуге тура келеді. Сонымен қатар табиғат байлығы қорының шексіз еместігін де ескерген жөн. Әсіресе қалпына келмейтін табиғат байлықтарының, оның ішінде отын-энергия қорының тапшылығы сезілуде. Түсті металлдардың көпшілігі - мыс, қорғасын, мырыш, қымбат бағалы металдар тапшы бола бастады. Олардың әр тоннасын өндіруге бүрынғыға қарағанда анағұрлым көп еңбек жұмсауға тура келеді.

Осындай жағдайда экономикалық даму факторларының: еңбек және табиғат қорының, өндіріс қүралдарының даму себеп-салдарын айқындай білу қажет. Бүл факторлар бір-бірімен диалектикалық байланыста және қарама-қайшылықта болады. Қоғамның экономикалық өсуі ендіріс масштабымен, табиғат байлығын игеру қарқынының артуымен, өндіріс күштерінің дамуымен байланысты. Сонымен қатар өндіріс күштері қоғам мен табиғаттың қоғамдық-экономикалық қатынастары негізінде қүрылады. "Адам және табиғи орта" жүйесінде өндіріс күштерінің, өндіріс қатынас-тарының даму процестерін тереңірек түсіну қажеттігі жаңа экономикалық ғылым - табиғат пайдалану экономикасының қалыптасуын туғызды. Бұл ғылымның пайда болуы мен дамуын ең алдымен шаруашылық қажеттіліктен деп ұғу керек. Ұзақ уақыт экономика және экология ғылымдары жеке-жеке ғылым салалары ретінде дамып келді, олардың өзіне тән ғылыми негіздері, әдістері болды. Қазіргі кезде табиғат байлығын пайдалану және табиғи ортаны қорғау мәселелері жүйелі, кешенді экономикалық-экологиялық түр-ғыдан қарастыруды қажет етіп отыр. Табиғат байлығын тиімді пайдалану табиғи ортаны қорғай отырып, қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін табиғат байлығымен қамтамасыз етуді талап етеді

Табиғат байлығын пайдапану экономикасының пәні - қоғамдық өндіріс кезінде қалыптасатын қоғам мен табиғат арасындағы экологиялық, экономикалық қатынастар болып табылады.

Табиғат пайдалану экономикасы: табиғат пайдалану процестерінде туындайтын экономикалық заңдылықтарды, өндірістің табиғи ортаға тигізетін әсерін және оның кері әсерінен қорғануды ұйымдастыруды:

• халық шаруашылығын табиғат ресурстарымен қамтамасыз ету жағдайларын;

• табиғат байлығын экономикалық бағалау әдістерін, табиғи ортаны бүлдіруден, табиғат байлығын ысырап етуден келетін зиян мөлшерін есептеу әдістерін;

• табиғат байлығын неғүрлым тиімді пайдалану, табиғи ортаны қорғау мүмкіндіктерінің тиімділігін айқындау жолдарын;

• табиғат байлығын тиімді пайдалануды табиғи ортаны  қорғауды  басқарудың  экономикалық механизмін, оны жетілдіру бағыттары мен жол-дарын зерттейді.

Табиғат  пайдалану  экономикасының танымдық негізі - қоғамның дамуының экономикалық заңдарын зерттейтін экономикалық теория болып табылады. Ол экономикалық заңцарға сүйеніп табиғат байлығын пайдалану, оның қорын молайту және табиғи ортаны қорғау жөніндегі өндірістік қатынастарды зерттейді.

Табиғат пайдалану экономикасы тек қана экология-экономикалық заңдылықтарды зерттеп қана қоймай, одан туындайтын өндірістік мәселелерді шешудің нақты экономикалық тетіктерін жетілдірумен де айналысады.

Экология-экономикалық қатынастар мен табиғаттану және басқа экономикалық ғылымдарды бір-бірінен бөліп қарастыруға болмайды. Табиғат байлығын пайдалану экономикасы әсіресе халық шаруашылығын жоспарлау, аймақтық және салалық экономика, статистика және талдау, экономикалық кибернетика және т.б. экономикалық ғылымдармен тығыз байланыста.

Табиғат пайдалану экономикасы техникалык, ғылымдармен де тығыз байланыста, өйткені өндірісті экологиялық талаптарға сәйкес ұйымдастыру, жүргізу барлық ғылыми-техникалық жетістіктерді ескеруді талап етеді. Техника - экономикалық шешімдердің де тиімдісі (дұрысы) - қолданылатын техника мен технологияның және табиғи ортамен үйлесімділігі болады.



Информация о работе Бүкіл адамзат қоғамының даму тарихы