Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2012 в 17:42, реферат

Описание

Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Өлке халық шаруашылығының жалпы өніміндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы небары 6,3 % болды.

Содержание

Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
Жаңа экономикалық саясаттың белгілері.
Жаңа экономикалық саясаттың мәні.
1921 – 1922 жылдардағы ашаршылық.
Жер – су реформасы.
Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер.
Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі.
Республикадағы қоғамдық саяси өмір.
Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде.
Индустрияландыруды жүзеге асыру.
Индустрияландыру саясатының тарихи маңызы.

Работа состоит из  1 файл

тарих.docx

— 73.25 Кб (Скачать документ)

Өлкеде болашақ  өнеркәсіп тораптарының негізі қаланып, басқа республикадағы экономикалық аудандармен байланыс нығайтылды. Орталық Қазақстанның шикізат аймағы Оңтүстік Оралдың өнеркәсіп орындарын кенмен, металмен, көмірмен жабдықтады. Кенді Алтай Сібірдің индустриялы кешенімен ұласты. Мұнайлы Ембі Еділ мен Жайық арасында жаңадан құрылып жатқан «Екінші Баку» мұнай базасының бір бөлігіне айналды.

Жеңіл және тамақ  өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары бой көтере бастады. Олардың ішінде қуаты жағынан елде үшінші орын алатын Семей ет, Гурьев (Атырау) балық – консерві, Алматы жеміс – консерві комбинаттары, Жамбыл, Мерке, Талдықорғандағы қант заводтары сияқты кәсіпорындар іске қосылды.

Индустрияландыру  саясатындағы кемшіліктер:  
1) Машина жасау, металлургия, қорғасын өнеркәсібі кәсіпорындары болмады.  
2) Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды.  
3) Тау – кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді.  
4) Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді.

Өлкедегі  индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары:

Индустрияландырудың барлық ауыртпалығын шаруалар көтерді.  
1) Шаруаларға үстеме салықтар салынды.  
2) Республикалардың барлық жинақталған қорлары мемлекеттік бюджетке қосылды.  
3) Одақтық бюджеттен берілген есебінде, республика қорынан субсидеялар мен дотациялар бөлу (1931 – 1934 жж. - 2 млрд. 137 млн. сом).  
4) Өндірісті, өнім өткізуді және жабдықтауды мемлекет қолына шоғырландыру.  
5) Жазалау саясатын қолдану сияқты тәсілдер тән болды.

Негізінде елді экономикалық артта қалушылықтан шығару сияқты игі  мақсатпен басталған бұл жұмыс  әкімшіл - әміршіл, бұлтартпайтын әдістерімен  жүргізілді. Көптеген жаңа құрылыстар жазықсыз қудаланған адамдардың еңбегімен  көтеріліп, ондай қудаланған адамдардың саны үнемі толықтырылып отырды.

Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс әсері:  
1) Халық дәстүрі бұзылды.  
2) Қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады.  
3) Лагерьлер жүйесі орнықты.  
4) Қазақстан Россияның шикізат көзіне айналды.

Индустрияландыру  ерекшеліктері:

1) Өлкедегі индустрияландыру  жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат  көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өндейтін орталық Орскіде салынды.  
2) Білікті жұмысшы мамандар, инженер – техник қызметкерлер сырттан, негізінен Россия мен Украинадан әкелінді.  
3) Жергілікті мамандар жетіспді.  
4) Урбандалу (урбанизация) процесі күшті жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді. 1930 жылдың аяғында қала халқы 29,8 %, 1939 жылы қалада тұратын қазақ – 375 мыңға артты. (1926 жылғыдан 5 есе көп).

1940 жылы Қазақстанда  өндірісте істейтін жұмысшы табының жалпы саны 350 мыңға жетті. Оның жартысына жуығы қазақ жұмысшылары болды. Республикада көптеген инженер – техник кадрлары даярланып, олардың саны 11 мыңнан асты.

Индусрияландыру барысында  бұқаралық социалистік жарыс  өрістеді. 1930 жылы республикада 10 мыңнан астам екпінділер болды. Домбастың жаңашыл забойшысы – Алексей Стаханов бастамасы ел көлемінде насихатталды. Қазақстандағы алғашқы Стаханов ізбасары – Қарағанды шахтеры Түсіп Күзембаев. Стахановшылар қозғалысы халық шаруашылығының барлық маңызды салаларын қамтыды.

1935 жылғы желтоқсанда  республиканың түсті металлургия өнеркәсібі озаттарының тұңғыш слеті болды. Қазақстан индустриясының еңбек ерлері: Ә. Мұрынбаев, М. Сағымбеков, Б. Нұрмахамбетов, З. Табылдинова, А. Сафин.

Стахановшылар қозғалысы.

Оң әсері  
1. Жаңа техника мен технология меңгерілді.  
2. Жұмысшы табының мәдени – техникалық деңгейі жетілдірілді.  
3. Еңбек өнімділігі артты.  
4. Индустрияландырудың даму қарқыны тездетілді.

Теріс әсері  
1. Жағдайға қарай ыңғайланып, реттелетін қозғалысқа айналды.  
2. Жаппай стахановшыландару жүргізіліп, өндірістің берекесі кетті.  
3. Жекелеген адамдарға рекорд үшін жағдай жасалды.  
4. Еліктеушілік, біріңғай ойлаушылық психологиясы қалыптасты.

Индустрияландыру  саясатының тарихи маңызы:  
1. Аграрлық республика индусриялы – аграрлық аймаққа айналды.  
2. Республикада қалалар мен қала тұрғындарының үлес салмағы өсті.  
3. Ұлттық жұмысшы табы құрылды.  
4. Инженер – техникалық кадрлар қалыптаса бастады.  
5. Қысқа мерзімде орасан зор материалдық қазыналар, өнеркәсіп мүмкіншілігі жасалды.  
6. Көп ұлтты ұжымдар пайда болды, адамдардың туысқандығы нығайды.  
7. Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық байланысы орнықты.  
8. «Кімді кім» деген мәселе қалада да, деревняда да социализм пайдасына шешілді.  
9. Өндірістің негізгі құрал – жабдықтарына капиталистік меншік жойылды.  
10. Жұмыссыздық жойылды.  
11. Халықтың материалдық әл – ауқаты біраз жақсарды. Қазақстанда жалақының жалпы қоры 1928 жылы 142,11 млн. сом болды, ал 1932 жылы 732,8 млн. сомға жетті.  
12. Өнеркәсіп орындарының көпшілігі 7 сағаттық жұмыс күніне көшірілді.

Сөйтіп, индустрияландыру елді экономикалық артта қалушылықтан шығарды.

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында