Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 18:46, реферат

Описание

Әр мемлекеттің өзіндік ерекшелігін көрсететін мемлекеттік құрылымы болады. Мемлекет осындай құрылымы жағынан демократиялық, демократиялық емес сипатта не басқаруы жағынан республика, монархия болуы мүмкін. Демократиялық мемлекетте мемлекеттік құрылыстың негізін төмендегідей үш қағидат құрайды: халықтық билік, биліктің бөлінуі, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылықтары. Мемлекеттік құрылыс сол мемлекеттің негізгі заңы Конституцияда бекітіліп, заңдық күшке ие болады. Конституцияда көрсетіліп, бекітілген мемлекеттік құрылыс конституциялық құрылыс деп аталды.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.doc

— 76.50 Кб (Скачать документ)

     Адамның құқығы- қай мемлекетте тұрмасын, өмір сүру, еркін болу, бағытқа ұмтылу, жеке басына қол сұқпау секілді адам туғанда бірге пайда болатын, жаратылысты, ажырамас құқықтар мен бостандықтардың жиынтығы. Адамның құқықтары мен бостандықтарын мемлекет те, басқа ешкім де белгілемейді және жоққа шығара алмайды.

     Азаматтың құқығы азаматы болып табылатын тұлғаға мемлекет тарапынан бекітілетін құқықтар мен бостандықтар жиынтығы.

     2.2.1. Адам мен азаматтың  жеке бастарының  құқықтары төмендегідей: Әркімнің өмір  сүруге құқығы  бар. Ешкімнің өз бетінше екінші бір адамның өмірін қиюға хақысы жоқ. Тек аса ауыр қылмыс жасағанда, қылмысы дәлелденіп, кінәлі деп табылған адамды ғана заң бойынша, сот мемлекет атынан өлім жазасына кеседі. Ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар; әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар. Адамның еркіндігін, бостандығын заңда көзделмеген жағдайда ешкімнің шектеуге құқы жоқ. Адамды құлдықта, қамауда, тұтқында ұстауға болмайды. Заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі.

     2.2.2. Саяси құқықтар мен бостандықтар тек мемлекет өз азаматтарына елдің қоғамдық және саяси өмірі саласына араласуға мүмкіндік беретін, конституциялық құқықтар мен бостандықтардың топтамасы. Бұл топтама бірнеше бөлшектерге бөлінеді: Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығы. Республика азаматтары өздерінің еркінше заңнаң шеңберінде әр түрлі саяси партия, қоғамдық ұйымдар, қоғамдық қозғалыстар сияқы бірлестіктерді ұйымдастыруға және соларға мүше болуға не болмауға бостандығы бар; Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт әрі қарусыз жиналуға,  жиналыстар, митингтер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақығы бар. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүкін; Мемлекетті басқару ісіне араласу құқығы. Қазаұстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.

     2.2.3. Экономикалық құқықтар  мен бостандықтар-экономикалық  саладағы адамның  заңды мүмкіншілігін анықтайтын конституциялық құқықтардың жиынтығы. Оған: азаматтардың меншік құқығы кіреді. Республика азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады және сол мүлікке деген иелену, пайдалану және билік ету сияқты құқықтарға ие болуға хақысы бар. Соттың шешімінсіз ешкім де азаматтың мүлкін алуға құқы жоқ; мұрагерлік құқық-азаматтар мұра иесі, не мұра беруші қайтыс болғанда, заңда көзделген жағдайларға сәйкес өзіне тиесілі мүлікке мұрагер болуға құқығы бар; кәсіпкерлік іс әрекет еркіндігі. Әрбір адамның, азаматтың кәсіпкерлік қызметпен айналасуға, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.

     2.2.4. Әлеуметтік құқықтар-мемлекеттен белгілі бір материалды және материалды емес игіліктер алуға үміткер болу мүмкіндігі. Әлеуметтік құқықтарға жататын құқықтар: тынығу құқығы. Әрбір адамға еңбек міндеттерін атқарғаннан кейін, оның тынығуына уақыт беріледі. Кәсібінің ерекшелігіне байланысты апталық, вахталық, жылдық демалыс және жұмыс арасында тамақ ішуге деген тынығу, дем алу уақыттары беріледі; неке, отбасы, ана мен әке және баланың қорғалу құқығы. Бұларды қорғау мемлекеттің міндеті. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата ананың етене құқығы ірі міндеті. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата анасына қамқорлық жасауға міндетті; әлеуметтік қамсыздандырылу құқығы.

     2.2.5. Мәдени құқықтар. Әркімнің ана тілі  мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

     2.2.6. Адам мен азаматтың  негізгі конституциялық  міндеттері-қоғамның, мемлекеттің және  басқа да азаматтардың  мүдделерін қамтамасыз етугеараласуы қажеттілігіне байланысты, мемлекет аумағында тұрып жатқан не қайда тұрып жатқанына қарамастан, тек өз азаматтарына ғана арналған, конституцияда бекітілген, құқықтық жауаптылықпен қорғалатын қоғамдық қажетті мінез құлықтың түрлері мен шарасы. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес әрбір азаматқа төмендегідей міндеттер жүктеледі: әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір қасиетін құрметтеуге міндетті.Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті; заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әр міндеті болып табылады; Қазақстан Республикасын қорғау-оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады; Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті; Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты құрауға міндетті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ      

                                     МИНИСТРЛІГІ

        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       МӘНЖАЗБА 
 
 
 
 

     Тақырыбы: Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері 
 
 
 

                                                Орындаған:

                                                Тексерген:  

                                                      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                     Ақтөбе 2011ж

     Әкімшілік құқық негіздері

     Әкімшілік құқық: мәні, пәні, әдістері, дерек негіздері, субъектілері

     Әкімшілік құқық- қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы. Атқару билігі мен мемлекеттік басқарудың іске асырылуы барысында, тұлға мен мемлекет, азамат пен атқару билігі органдары, мемлекеттік  басқару саласындағыазаматтардың құқықтары мен бостандықтарын не шектелуінен, озбырлықтан қорғау барысында пайдаболатын қоғамдық қатынастарды реттеу әкімшілік құқықтың мәні.

     Әкімшілік құқықтың нормалардың  көмегімен реттелетін, қоғамдық қатынастардың  жүйесі әкімшілік  құқықтың пәні болып  табылады. Әкімшілік  құқықтың пәні төмендегідей бес құрамдас бөлшектен  тұрады. Әкімшілік  құқықтың пәні:

     Біріншіден, Республика Президентінен бастап, мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердң әкімшіліктеріне дейінгі аралықта, атқару билігінің, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде іске асырылуының үрдісі барысында пайда болатынқоғамдық қатынастар. Бұл жерде, ең алдымен экономиканы, әлеуметтік мәдени, әкімшілік саяси жұмыстарды ұйымдастыру сияқты сыртқы іс әрекеттерді орындау үшін құрылған атқару билігі органдары мен мемлекеттік басқару органдарының бүкіл жүйесі әрекетінің сыртқы көрінісін айтып отырамыз.

     Екіншіден, ақпараттық талдау, іс жүргізу, жұмысқа қабылдау, қызметпен ауысу, жұмытан шығару, тәртіптік жауаптылық, мадақтау, материалды техникалық жабдықтау т.с.с., қай жерде істеліп жатқанына қарамастан, мейлі ол атқару, заң шығару немесе сот билігі органдарында болсын, бәрібір, өзара ұқсас, бір типтесболып келетін, барлық мемлекеттік органдардың ішкі ұйымдастырушылық қатынастары. Бұл аталған іс әрекеттер, көмекшілік, қосымшалық сипатта болып, әкімшілік құқықтың нормаларымен реттеледі.

     Үшіншіден, әкімшілік құқықтың пәніне, мемлекеттік биліктің құзыретке ие, мемлекеттің атынан, бүкіл Қазақстан Республикасының аумағында әрекет жасайтын жалпымемлекеттік бақылау қызметі кіреді. Бақылау барлық мемлекеттік органдардың қабылданған нормативтік актілері орындалуы мен іс әрекеттерінің заңдылығына ғана бағытталып қоймайды, олардың мақсаттылығын,қажеттілігін де қамтиды.

     Төртіншіден, әкімшілік құқығы пәні, әкімшілк құқық  бұзушылық жөніндегі  істі қарау кезіндегі  судьялар мен соттардың  іс әрекеттерін де қамтиды. Бұл жерде  соттар әділ сот органы болып отырғанымен, белгілі бір әкімшілік істі қараған кезде Әкімшілік кодекстің бабтарына сүйенетіндіктен олардың қызметі әкімшілік құқықтың пәніне кіреді.

     Бесіншіден, әкімшілік құқық пәніне кейбір азаматтық қоғамның кейбір институттарына мемлекет өзінің жекелеген мемлекеттік биліктің құзыретін беру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар да жатады. Себебі олардың көпшілігі әкімшілік құқықтың нормаларымен реттеледі. Мысалы, полиция көмекшілеріне, халық жасақсыларына қоғамдық тәртіпті сақтауға ат салысып отырып, құқық бұзушыларды ұстау, құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқық беріледі.

     Әкімшілік құқықтың әдістері. Қоғамдық қатынастарға реттеушілік ықпал  жасаушы тәсілдік сипатта болатын  әкімшілік құқықтың әдістері өзіндік  бірнеше ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Біріншіден, әкімшілік құқық әдістерінің, яғни төменгі органдар мен лауазымды адамдар, жоғарғы органдардың бұйрығын, тапсырмасын, талаптарын, тыйым салуларын орындайтын сатылылығы.

     Әкімшілік құқық әдістерінің  келесі бір ерекшеліктері  құқықтық нормативтік актілерде көрсетілген нормалардың, қалыптардың, талаптардың бұлжытпай орындалуы. Бұндай міндеттеу адамдардың барлығына бірдей не белгілі бір әлеуметтік топтарға ғана бағытталуы мүмкін. Мысалы, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, кқшені арнайы көрсетілген жерден  қиып өту немесе жеке топтарға арналған, жүргізушілерге автокөліктермен жүруге, автокөліктерін қоюға тыйым салатын ережелерді айтуға болады.

     Әкімшілік құқықтың дерек көздері  дегеніміз мемлекеттік  билік ресми мойындаған, басқару қатынастары субъектілерінің мінез құлықтары ережесінің көріну мен бекітілуі. Олар дерек көздері болу үшін төмендегідей бірнеше белгілерге ие болуы керек: субъектілердің белгілі бір нысандары орындауға міндетті бір не бірнеше мінез құлық ережелері болуы керек; мемлекеттік мәжбүрлеу шарасымен орындалатындай мемлекеттік билікпен ресми мойындалуы қажет; әкімшілік құқықтың иқатынастар субъектілерінің іс әрекеттерінде белсенді қолданылатындай практикалық маңызға ие болуы керек; әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілерінде қандай да бір құқықтық маңызды іс әрекеттер жасауы үшін негізі болуы керек; қоғамдағы өмір сүріп отырған құқықтық жүйе мен ғылыми құқықтық доктринаға сәйкес болуы керек. 

Информация о работе Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері