Қазақ этималогиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 10:39, реферат

Описание

Қазақ атының төркіні қазіргі жағдайдағы күрделі мәселелердің бірі болып саналады. Жалпы алғанда, “Қазақ” сөзінің өзі қыпшақтар мекендейтін аймақта (əсіресе, Каспий мен Орқон аралығында) пайда болған деудің негізі бар. Бірақ бұл оған қаратылған географиялық меже. [1]. Ал оның семантикалық-мағыналық төркіні туралы пікірлер кездеседі.Құсқа қатысты этнографиялық мәліметтер бар.

Работа состоит из  1 файл

Қазақ этималогиясы.docx

— 25.94 Кб (Скачать документ)

 ҚАЗАҚ  ТУРАЛЫ ҮШ СӨЗ

      Қазақ атының төркіні қазіргі  жағдайдағы күрделі мәселелердің  бірі болып саналады. Жалпы алғанда, “Қазақ” сөзінің өзі қыпшақтар мекендейтін аймақта (əсіресе, Каспий мен Орқон аралығында) пайда болған деудің негізі бар. Бірақ бұл оған қаратылған географиялық меже. [1]. Ал оның семантикалық-мағыналық төркіні туралы пікірлер кездеседі.Құсқа қатысты этнографиялық мәліметтер бар.

      Бұл пікірді алғаш айтқан Абай Құнанбаев пен Əбубəкiр Диваев. Сосын Н. И. Веселовский,  А.Н. Чулочников, О. Сүлейменов. Олар тарихи аңыздарға сүйене отырып, “қазақ” деген сөз “қаз” атауынан пайда болған деп санайды. Аққу болып келіп, Қалша Қадырды құтқарған аруды, ол екеуінен туған үш арыс жайлы аңызда қазақтардың аққуды тотем еткенін, бақсылардың аққу терісін иығына жауып жүретіні жазылады. Осы орайда қытайдың дерегінде «Жоунама. Түрік баянында»: Түріктердің тегі Сақ елінен шыққан. Ғұндардың теріскейінде орналасқан. Тайпа ақсақалының аты қазақ тілінде - Абам бек, қытайша (Абаңбу). Бұл деректегі ақ қазға айналды деп жазылған осы деректегі материалдар қазіргі қазақтардың ататегіне ұқсайды. Өйткені ақ қаз - қазақ ұлтының этногенезі жайлы аңыздағы ақ қу. Бұдан қазақ ұлтының тегі туралы аңыздың 1300 жылдан бері хан тіліндегі  жылнамаларға түскенін көруге болады. Осы аңыздың Уей, Жин, Оңтүстік, Солтүстік əулеттер кезінде кең таралып,жылнамалардажазылғаны кездеседі”. [5] .

      Абай Құнанбаевтың айтуынша, қазақ  деген “хузақи” (арабтың көшпелі  тайпасының аты), немесе “шынымен  қаз-ақ екен” (тіркеулі түйелі  көшке қарап, қаздарға ұқсатып  айтылған сөз) деп айтқан болатын. Əбубəкiр Диваевтің пікірі, “қаз” жəне “ұзақ”сөздерінен шығады деді. Алайда, Əлкей Марғұлан: “ ‘Қаз-ақ’ - ‘белая гусыня’, ‘ғазы хақ’ - ислам əсерімен шығарылған аңыз. Бұлардың ешбір ғылыми тарихи негізі жоқ” дейді. Ал, Əнес Сарай да: “Осы ойды қазақ ақыны О. Сүлейменов əрі қарай дамытқанымен, бұл тұжырым ғылымда онша елене қойғаны жоқ” дейді. Бұл болжамды қисынды санамаған күнде де, екі нəрсені ескерген жөн: бірі, ертеде, тіл тым байымаған заманда, “ақ қу”, “қаз”, тіпті самұрық, т.б. құстардың бəрі бір “аққу” атауымен аталуы ғажап емес жəне иран-түрік тілдері ықпалы күшті кезде оларда - “ақ қаз” деген сөзді “қаз ақ” деп айтылуы да əбден мүмкін (өйткені қазір “қыпшақ дешті” деуге тиісті даланы бұрын “дешті қыпшақ” деген екен); енді екіншісі, шаманизм заманында аққудың тотем болғаның жоққа шығармау керек. Оны қазақтар бүгінде де қастерлі санайды. Қазақ бақсылары кешегі дəуірге дейін ең болмағанда қауырсының иығынан тастап көрген жоқ. [6].

“Тəуелсіз” мағынасында тарихи деректерде кездесуі. Бұл көзқарастағылар “Қазақ” деген сөздiң көне түркi тiлiндегi тегi “ерiктiлер” деп санайды. Ал, “қаз” дегеннің құс атынан өзге мағынасына тоқталсақ, қазақтар сəби баланың ешқандай сүйемелсiз, өз еркiмен аяқ басып, тiк тұруын “қаз тұру” дейдi. “Ал, ноғай тілінде қазақ сөзі “бойдақ”,салт орнында қолданылады” екен. [2]. Осы пікірді қолдаған Əлкей Марғұлан былай дейді: “Демек, ‘қазақ’ сөзінің түбірі ‘қаз’ - тұру, тік тұру, мықты, берік тұру... ‘Қаз’ - ға қосып айтылатын “ақ” сөзі күшейткіш жалғау. ‘Kазақ’ - мықты, алып, жойқын, берік деген сөз... Сөзді күшейтетін “ақ” жалғауы өте ескі замандікі. Оның мысалына тағы мынадай сөздерді келтіруге болады:... құш + ақ = құшақтау; тұр + ақ = тұратын жер...” [6]. Көне түрiк - Тоныкөк, Күлтегiн,... ескерткiштерiнде “қазғандұқ” сықылды етiстiктер “еркiндiкке  ұмтылу” мағыналарын да береді. Сiбiр халықтарының ескi тiлiнде “қазақ” деген сөз “мықты”, “берiк”, “жойқын”, “алып” деген мағынада екен. Сонда петроглифтердегі “қазғақ оғлұм” деген сөздiң мағынасы “алып ұлым”, “батыр балам” болып шығады. Осы арада Абай Құнанбаевтың қазақ деген “хузақи” (арабтың көшпелі тайпасының аты) дегеннен шыққан деуі еріксіз еске тағы оралады. Одан Телғожа Жанұзақовтың “Қазақ деген этникалық атаудың толық мағынасы – кең далада еркін көшіп-қонып жүрген батыл адамдар, ержүрек еркін кісілер деген қорытынды пікірге тоқталады’’. [3].

Тайпа атына  қатысты мәліметтер. Профессор Су Бейхай «Қазақ мəдениетінің тарихы» деген еңбегінде, “Ісжүзінде қазақ атауы ежелден бері бар ат. Жұңголық Хы Чютау, Жаң Шиманқытай оқымыстылары сол заманда ‘қазақ’ атауы ‘үйсіннің’ дыбыстық баламсы деп көрсеткен. Таң əулеті тарихында қазақ атауы ‘каса’, ‘хаса’ немесе ‘аса’ түрінде аталды. Мысалы, қытай дерегіндегі «Таң патшалығының жаңа тарихы. Парсы тарауында»: Парсылар шығыс жақта Тохар, Қаңлымен шекаралас. Олардың солтүстігінде түріктердің каса ұлысы тұрады деп жазылған. Олар Каспий теңізі мен Қара теңіздің солтүстігін мекендеп, сол арада тұрған’ дейді... Фирдоуси «Шаһнама» атты əйгілі дастанында, Арал (Көк) теңізінің солтүстігі мен батысын мекендеген ұлтты ‘қазақ’ деп атап, ‘Көктеңіздің солтүстігін мекендеген қазақтар Қазақ хандығын құрды. Жақып Мырзаханов та: “Аландардың аты ежелгі тарихи деректерде ‘янсай’, ‘аса’, ‘хаса’, ‘гыса’, ‘кыса’, т.б. деп əр түрлі жазылса да, олардың қоныстанған өңірі ежелгі алан бірлестігі тұрған өңір еді. Қазір қазақ атауы жөніндегі зерттеулерде, оны ертедегі ‘Аса’, ‘Хаса’, ‘Кас’, ‘Хазар’, т.б. тайпалар атымен немесе ‘Сақ елі’ жəне ‘Каспий көлі’ атымен байланыстыра зерттеп жүр.[3]. Орыс ғалымдары А. И. Левшин мен В.В. Радловтың зерттеуінше, “қазақ жəне хазар тайпалары Каспий теңізінің төңірегіне, солтүстік Кавказға ерте кезден қоныстанған... Жазба тарихи деректерде аландар қоныстанған өңір - қазіргі қазақ Кіші жүзі қоныстанған өңір. Олардың өкілдік тайпасының аты қазірге дейін алшын деп айтылуы, қытай жылнамаларында жазылған алан елі жөніндегі деректің аса зор ғылыми құны бар екенін дəлелдейді”деп жазады. Əйгiлi ғалым А. Н. Бернштам “қазақ” сөзi жайындағы В. В. Радловтың, Г.Вамберийдiң, В. В. Бартольдтiң, А. Н. Самойловичтiң, Н. Я. Маррдың зерттеулерін талдай келiп, “казақ” деген сөздiң түп-төркiнi ежелгi замандағы каспи (ғұндар) жəне сақ тайпаларының бiрiгуiнен пайда болған деген екен. Ал, Ғалым Ə. Қоңыратбаев өзiнiң «Көне мəдениет жазбалары» атты еңбегiнде А. Н. Бернштам пiкiрiн ала отырып: “қазақ” сөзiнiң түбiрi “ғұз-сақ” (оғыз-сақ) дейтiн екi түрлi тайпа атының бiрлесуiнен туған дейді. “Хас” пен “сақ” екеуінің қосылысынан (нағыз сақ) дегеннен шығады деп есептеген. Іленің ең басындағы ең үлкен үш өзеннің бірі Қас. Ал, қалған екеуінің қазіргі аты Текес пен Күнес. Мүмкін олардың бұрынғы аты “Текхас” пен “Күнхас” та шығар. Өйткені Ілеге құятын бұл үшеудің ең үлкені (Іле суының тегі немесе дені) Текес. Ал Күнес Қас өзенінің күнгейінде. Мұндағы Қас пен Хас та Хы (өзен) дегеннің орнында тұр. Балқаш көлінің аты да “балық” + “қаш (хаш)” “балықты су” дегеннен шыққан да болар. Ал, “Каспий” дегеннің” Хас(су) + Би (патша)”дегенненшығуы да ықтимал. Осы маңдағысулардыңеңүлкені (биі) емеспе. Демек, “нағыз сақ” немесе “су сақ” мағыналы “Хас сақтан” шықты дегенді де ойланып көруге əбден болады екен. Егер ой өрісімді кеңге жайсам, “қазақ” деген бас кезінде бірер тайпаның ғана, тіпті бір жеке атты (Өзбек, Ноғай деген сияқты), екі не одан да көп тайпалық одақтың біріккен аты болуы да мүмкін. Керей мен Жəнібек хандар оны хандық атына көтеруден бұрын, ел ішінде ондай ат бар болған (Керей мен Жəнібек) жəне оған қатысты қилы-қилы процестер өткен. Қазақ атының тарихқа шығуын оқығанда, ол əдебиеттерде аталған қазақты бүгінгі ұлы қазақтай елестетпеңіз. Өйткені олар мүмкін ұлы қазақтың бір құрамы, бір топ диаспорасы болар.Дүние жүзіндегі басқа ұлттар сияқты ұзақ тарихы бар екенін археологиялық қазбалар мен зерттеулер, қазақтың өзінің шежірелік аңыздары тегіс дəлелдеп отыр” [5].

  ‘Қасақ’ ”.

     Тарихшы  М. Ақынжанов: “Қазақтың Кішіжүз  руларының кейбіреуі Хазар хандығының  құрамында болған” десе, Əлкей  Марғұлан: “’хазар’ - ‘қазақ’ тайпалары  Каспий теңізінің төңірегінде,  солтүстік Кавказда ерте кезден  қоныстанған елдер - қазақтар  Орта Азиядан Алтай, Саян тауына  дейін белгілі... Қазақтар арабтар  келмей тұрып Арал, Каспий теңізінің  төңірегінде хазарлармен байланысты  болған. Н. Я. Марр мен Б. Грузни  келтірген ‘қаз’, ‘хаз’ сөзі  екеуіне бірдей. Хазарлар ортасында  ‘қаза оғ’, ‘бершілік’ деген  екі ұлы қауым болған. Бір тамаша  жері, беріш – осы күнге дейін  Кішіжүз ұлысының бір ұлы тайпасы”  дейді. Бұл саланы көп зерттеген  Жақып Мырзаханов: “Қазақ ұлтының  аты ертедегі сақтардың, каспилердің,  хазарлардың атымен тығыз байланысты. Қазақ құрамын толықтаған түрік  тайпаларының тегі осы ерте  заман ұлыстарымен қабысып жатқаны археологиялық қазбалар арқылы табылған мəдени мұраларды зерттеу арқылы да дəлелденіп отыр” дейді. [4].

       905-957 жылдары. Н. М. Карамзин  мен А. Вамберидің ізімен зерттеушілерВизантияның императоры Константин Порфиродни (905-957 жж. əдебиеттерде Богрянародный. 913-959жж.) өз жазбаларында Кубаньнан шығысқа қарай мекендеген елдi “қазақия” деп атапты дейді. Ондағы төл сөз былай: “Захияның ар жағында Папахия жері бар. Оның сыртында Касахия деген жұрт жатыр. Касахиядан жоғарырақ Кавказ тауы, таудың ар жағында алан жері”. [7].  Ол кезде Кубаньның шығыс жағында қазақ - қыпшақ елi тұрған. Бірақ В. Минорский Касахия деп касогтар айтылып отырғанын көрсеткен екен. Касах, касахия, касак, кашак, касог атаулары сол замандағы белгілі бір шағын кавказ тайпасын білдірген деген тұжырым да бар. Тарихшы, этнограф, тiл ғалымы А. Вамбери 1885 жылы баспадан шыққан «Түрiк халықтарының этнологиясы мен этногеографиясы» деген кiтабында көптеген жазба деректер келтiре отырып, қазақ деген аттың IX—X ғасырларда ел таныған, əлемге əйгiлi халықтың аты болғандығын айтады. Моңғолиялық ғалым Iслам Қабышұлы “хасаг” деген сөздiң моңғол əдебиетiнде Ⅹғасырдан бастап белгiлi болғанын, моңғолдардың «Батырлар жыры» мен «Бабалар шежiресiнде» “хасаг” (“қазақ”) деген сөздiң кездесiп отыратынын атап көрсетедi. 904-1020 жылдары. Əбiлқасым Фирдоуси «Шахнама» атты эпосында: “ ‘Қазақ’ - Қазақ хандығы деген ел Көк теңiздiң (Аралдың) солтүстiгiн мекен еткен күштi жəне көп санды ел” депті.

Орыс тарихшысы  Карамзин: “1481 жылы Алтынорданың соңғы  ханы Ахметке Шейбандық Ибақ хан  бір мың қазағымен шабуыл жасады, ал ноғай мырзалары Мұса, Жаңбыршы 15 мың қазағымен шабуыл жасап, Ахметті  өлтірді... 1499 жылы татар қазақтары  мен Азов қазақтары Козельск маңындағы  Олешино селосын басып алған..”  депті.. [3].

      Мұның арты сəлден соң Қазақ  хандығының құрылуына, оның біртіндеп  əлемге тіпті танылуына ұласады.  Демек, Қазақ аты қазақ хандығы шаңырақ көтеруден бұрын дүниеге келген деп ойлаймын. “Қазақ деген ат ⅩⅤ ғасырда ғана шықты деген сөзде негіз жоқ” деп есептеймін. Ол алғашында шағын тайпаның аты болып, біртіндеп халық атына айналған да шығар. Алайда, “Қазақ” сөзінің неғұрлым ертеде шыққанын мақтаныш санау да қажетсіз, соған бола қисынсыз атауларды əкеліп тыға беру де керек емес. Өйткені ұлт тарихының ұзындығы да оның атының тарихымен тең бола бермейді, көбінесе оны құраған басты тайпалардың тарихымен есептеледі. Мысалы: Тарихы ең ұзын (5000 жылдан астам) халықтардың бірі - хандар (қытайлар). Ал, оның Хан атауының шыққанына 2000 жыл да бола қойғаны жоқ.

------------------------------------------------------------- 

  1. Г.В Кан., Н.У.Шаяхметов. Қазақстан тарихы. Алматыкітап, 2007. 73 бет.
  2. Ахинжанов С.М. Кипчаки в истории средневекового Казахстана. Алма-Ата. «Ғылым» 1995. 45 – 49 беттер.
  3. Әбен.Е., Оразбаев А., Спанов М.,Қазақтар VI том “Қазақ ” сөзінің шығу төркіні туралы.  “IDK-TIPO”   Баспа –  Редакциялық Орталығы Алматы 1998. 49-55 беттер.
  4. Мухамеджан Тынышпаев., Великие бедствия и великие победы казаков (Актабан-шубырынды). Алма-Ата, Жалын, 1992. 254 бет.
  5. Кондыбай С. «Мифология предказахов» (Книга третья). Алматы, Издательство «Сага», 2008. Стр. 146 – 148 беттер.
  6. Ә. Х. Марғұлан – көне дәуір зерттеушісі // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сер. – 2006. – № 3.123-126 бб.
  7. К. М. Байпақов, М. Қ. Қозыбаев, Б. Е.Көмеков, К.А.Пищулина. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) . “Атамұра”. 1998. 51 бет.

Информация о работе Қазақ этималогиясы