Австриядағы революцияның міндеттері мен себептері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2012 в 12:36, реферат

Описание

Революцияның міндеттері мен себептері. Тарихи жағдайларға байланысты Австрия көп ұлтты империя болып қалыптасты. 1792-1815 жылдары соғыс пен қиыншылықтарды басынан өткізген Габсбургтер әулетінің империясы Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы кішігірім халықтарға үстемдігін орнатты. Онда тұратын 34 млн. халықтың жартысынан көбі славяндар болатын (чехтар, словактар, хорваттар, поляктар, сербтер, украиндар). 5 млн. мадияр-лар және соған жуық итальяндықтар мен валахтар болды. Осы халыктардың әркайсысын габсбургтер шенеуніктер мен әскерилердің полиция аппаратының күшімен басқарды.

Содержание

Кіріспе
а) Австриядағы революцияның міндеттері мен себептері
Негізгі бөлім.
а) Венгрияда революцияның басталуы
ә) Венгриядағы революцияның шарықтау кезеңі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

АВСТРИЯ ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ РЕВОЛЮЦИЯ.doc

— 66.00 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ  С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.

 

 

 

 

 

 

 

Реферат

 

Тақырыбы: АВСТРИЯ ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ РЕВОЛЮЦИЯ. ВЕНГРИЯДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДАҒЫ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ СОҒЫС.

                                       

 

                                                                                               

                                                                   Орындаған: «Тарих»

                                                          мамандығының 2 курс студенті

                                                                                                      Еспаев Мирас                                   

                                                                     Тексерген: Жаманбаева Л.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӨСКЕМЕН, 2012

 

 

 

 

Жоспар.

Кіріспе

а) Австриядағы революцияның міндеттері мен себептері

Негізгі бөлім.

а) Венгрияда революцияның басталуы

           ә) Венгриядағы революцияның шарықтау кезеңі

             Қорытынды

           Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Революцияның  міндеттері мен себептері. Тарихи жағдайларға байланысты Австрия көп ұлтты империя болып қалыптасты. 1792-1815 жылдары соғыс пен қиыншылықтарды басынан өткізген Габсбургтер әулетінің империясы Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы кішігірім халықтарға үстемдігін орнатты. Онда тұратын 34 млн. халықтың жартысынан көбі славяндар болатын (чехтар, словактар, хорваттар, поляктар, сербтер, украиндар). 5 млн. мадияр-лар және соған жуық итальяндықтар мен валахтар болды. Осы халыктардың әркайсысын габсбургтер шенеуніктер мен әскерилердің полиция аппаратының күшімен басқарды.

Елде феодалдық  жериеленушілік сақталған еді. XIX ғасырдың 30—40-жылдары капиталистік өндіріс пен сауда едәуір табысқа жетті, әсіресе ол Австрия мен Чехияда жақсы дамыды.

Империя кұрамына енетін барлық халыктардың дамуына  бөгет жасаған күш сол кездегі феодалдық тәртіп, әскери-полициялық әрі ұлттық езу болды.

Чехиядағы ақсүйектер мен ірі буржуазия австриялықтардан және "немістенген" чехтардан тұрды. Венгрлер Вена үкіметінің үстемдігінен зардап шеге отырып, өздері славяндарды езуде болды.

1848 жылы Германия мен  Италияның алдында елді біріктіру міндеті тұрған болса, Австрия империясы алдында көптеген халықты Габсбургтер езгісінен азат ету мақсаты тұрды. Бұл жерде феодализмге қарсы күрес пен ұлт-азаттық күрестің максаттары ұштасып жатты.

Революцияның  басталуы. 1847 жылғы экономикалык дағдарыс пен ауыл-шаруашылық енімдерінің шықпай қалуы империяда революцияға жағдай туғызды. 1815 жылдан бастап елде әскери- полициялык, тәртіп орнаған еді. 30 жыл бойы мемлекетті "Еуропаның басты инквизиторы"1 атанған канцлер К.Меттерних биледі. Халықтың оған деген наразылығы сондай, Австрияға Париж революциясы туралы хабар жетісімен, бүкіл елде: "Меттерних жойылсын!", "Конституция!" , "Бостандық!" деген ұрандар пайда болды.

Венадағы революция 13 наурыз күні бүкіл халыктың жаппай көтерілісімен басталды. Армияның көпшілігі Италия мен Венгрияда еді. Әскериліктер толқуда болды. Халық каһарынан қорықкан император Меттернихті тез арада кызметінен босатты, ол болса әйелше киініп, астанадан қашуға мәжбүр болды. Үкімет амалсыздан студенттердің академиялық жасағы мен буржуазиялық ұланға кару ұстатуга рұксат берді. Конституция кабылдауға уәде берілді. Екі жүма өткеннен кейін шаруалардың феодалдык міндеткерліктен телем төлеп құтылуы жөнінде үкім шығарылды. Бұл үкім тек аукатты шаруалардың ғана үмітін ақтады. Бірақ үкіметтің әскери күшінің өлсіздігінен бүкіл шаруалар іс жүзінде төлем төлеуден, міндеткерліктер атқарудан бас тартты.

Үкімет тез арада  Конституция кабылдады. Австрия  империясы "біртұтас әрі бөлінбейді" деп жарияланды. Монархия өзінің абсолюттік билігін сақтап қалды. Жүмысшылар мен халықтың тек азшылыгы ғана сайлау құқығын алды. Бұл әділетсіздікке халықтың наразылығы мамыр айының ортасында үлкен толқулар мен саяси шиеленіске әкеп соктырды. Үкімет академиялық жасак пен Үлттық ұланды таратуға әрекет жасады. Бүған карсы Вена халқы түгелдей баррикадаға шықты. Осыдан кейін император мен үкімет Тирольдегі Инсбрук каласындагы әскер канатының астына тыгылды.

Италия мен Венгриядағы  революциялық көтерілістер Вена халкының жеңіске жетуіне және Австрия шаруаларының бас бостандығын алуына себеп болды.

Венгрияда революцияның басталуы. Венгриядағы революцияның себебі бүкілхалықтық басыбайлылыққа қарсы наразылық пен халық құқығының шектелуі болды. Ұлттық козғалысты кедейленген мадияр дворяндары мен интеллигенция бастады. Ұлттық козғалыстың революциялык-демократиялық бағытын Венгер сеймінің2 көрнекті шешені Лайош Кошут, акын Шандор Петефи, жазушы Михай Танчич басқарды.

Венгриядағы революция 15 наурыз күні Пешт қаласында басталды. Ол жалпы Ұлттык сипат алды. Көтерілісшілердің гимні ретінде Ш.Петефидің "Ұлттық әні" шырқалды.

Австрия императоры Венгрияда  автономиялық үкімет қүруға келісуге мәжбүр болды. Оны самарқау либерал дворяндар басқарды. Венгрия сеймі басыбайлылықты жою, үкіметтің сейм алдында жауапкершілігі және жаңа сот органдары жөнінде, т.б. жарлықтар қабылдады.

1848 жылдың маусым  айындағы Прагадагы көтеріліс. Ұлттық қозғалыс империяда славяндар тұратын ең дамыған аймақ Чехияны да қамтыды. Маусым айының басында ақсүйек славян қайраткерлері Прагада реакцияшыл панславяндық съезд шақырды. Бұл кезде қалада жүмысшы және демократиялық қозғалыс күшті өріс алған болатын. Үкімет Прагаға әскер күшін топтады. Демократтар оларды қаладан әкетуді талап етті. Екі арадагы шиеленіс 12—17 маусымдағы көтеріліске әкеліп соқты. Генерал Виндишгрец басқарған 60 мыңдық әскер көтерілісті басып тастады.

Контрреволюцияның шабуылы. Венадағы 1848 жылдың қазан айындағы шайқас. Революцияның тағдыры көбіне шаруалардың ұстанған бағытына байланысты болды. Италиядағы соғыс, Вена мен Венгриядағы көтерілістер нәтижесінде австриялық шаруалар феодалдық тәртіпті өздері жоюға мүмкіндік алған еді. 1848 жылдың маусым айында империяның құрылтай рейхстағы шаруалардың фео-далдык міндеткерліктерін сатып алу тәртібін бекітті. Төлемнің 1/3 белігін мемлекет өз мойнына алды. Осыдан былай шаруалар революциядан бойын аулақтай бастады.

Генерал Радецкийдің  Италиядағы жеңісі, сондай-ақ пан Елачич басқарған хорват помещиктері әскерлерінің монархияны қолдап - көтерілуі императорға 1848 жылдың күзінде Вена мен Венгрияга жорыққа шығуға мүмкіндік берді.

Үкімет казан  айында Венада тұрған әскерлерге Венгрияға қарсы шығуға бұйрык берді. Вена демократтары монархия жоспарының зұлымдығын сезе бастады. Олар әскердің жіберілуіне қарсылық білдірді. 6 қазан күні Вена көтеріліске шықты. Жүмысшылар, студент-тер, Ұлттық ұландар 4 апта бойы калаға шабуыл жасаған император әскеріне ерлікпен қарсы тұрды. Тап сол күндері венгрлер Елачич әскерін жеңіп, оларды Австрия шекарасына қуып тастады. Венгрлер осыдан кейін бірден Венаға көмекке баруы керек еді, бірақ олар бір шешімге келе алмай, шекарада кідіріп калды. Осы батылсыздыктың кесірінен олар Венадан бірнеше шақырым жерде талкандалды. Генерал Виндишгрец пен Елачич Венаны шабуылмен алды. Сөйтіп, революция орталықтары бір-біріне көмектесе алмағандықтан жеңіліске ұшырады.

Венгриядағы революцияның шарықтау кезеңі. Венадағы көтерілісті талқандаған император үкіметі енді бүкіл күшін Венгрияға аударды. Венгрияда Лайош Кошут басқарған қорғаныс комитеті қүрылды. Ғаламат революцияшыл жігер, жаужүректік пен өз ісіне деген сенім, асқан көрегендік оны Үлттық көсемге айналдырды.

Бүкілхалықтык көтеріліс, қару-жарак жасау, революцияға  қарсы шықкандардың бәрін аяусыз жазалау — 1793 жылғы революцияга тән сипат, Венгрия революциясының да басты сипатына айналды.

Венгр революционерлері тез арада хорваттар, сербтер  және басқа мадиярлар езгісінде отырған халыктардың төуелсіздігін жариялау қажеттігін ескермеді. Соған қарамастан Еуропаның түкпір-түкпірінен Венгрия тәуелсіздігі үшін күресуге дайын революционерлер мен демократтар келіп қосылып жатты.

  1. жылдың күзінде император әскерлері басым болғандықтан революцияшылдар астанадан шегініп, Кошут үкіметі Дебреценге көшті.
  2. жылдың наурызында Габсбургтер империясы жаңа Конституция кабылдап, Венгрия мәңгілік империя кұрамында болады деп жариялады. Бүл акт венгр халқының жаңа Ұлттық көтерілісінің өрлеуін туғызды.

1849 ж. сәуірінде  сейм Венгрия толық тәуелсіз  мемлекет, ал Габсбургтер әулетінің венгр тағына кұкығы толык жойылды деп жариялады. Осыдан бастап венгрлердің революциялық әскерінің атақты жеңімпаз жорықтары басталды. Бүкіл Венгрия азат етіліп қана қоймай, империяның астанасы Венаға қауіп төнді. Австрия императоры Франц-Иозеф патшалық Ресейден көмек сұрады. Алақандай революцияшыл Венгрияға қарсы екі алып — Австрия және Ресей империялары күш қосты. Ресей және Польша халыктарын тұншықтырушы қандыбалак, патша I Николай Еуропаның жандармы міндетін де қабылдады. Екіжүзмыңдық Ресей әскері Венгрияға баса-көктеп кіріп, оның революцияшыл әскерін талқандап, осы бір бостандық сүйгіш кішкентай елге тағы да тәуелділік қамытын кигізді.

Революция орталықтарының - Вена мен Венгрияның, Италияның жеке-дара әрекет етуі, өзара күш қоса алмағандығы, көтерілістердің әр уакытта болуы, демократияшыл күштердің (буржуазияның, қала тұргындары мен жұмысшы табының) елсіздігі Австрия империясындағы 1848-1849 жылдардағы революцияны сәтсіздікке ұшыратты. Шаруалар бейтарап қалды. Славян халықтарының артта қалған кертартпа күштерін Габсбургтер демократиялық революцияға қарсы айдап салды. Патшалык Ресей үкіметі революцияның қас жауы екендігін көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

1848 жылғы Еуропадағы  рев-қ қозғалыстар халықтардың  жағдайларының төмендеуінен  болды. Әсіресе 1845-46 жж. Францияда, Ирландияда, бірнеше герман мем-ттерінде егін шықпай қалғандығы әсер етті. Бұған бүкіл Еуропаның экономикасына әсер еткен 1847ж. қаржы және сауда-өнеркісіптік дағдарыс қосылды.

Рев-я алдындағы жылдарда жер-жерлерде халықтардың бой көрсетулері  болып жатты. Олар көбінде азық-түлік  тонау түрінде болды.

Венгриядағы революцияның себебі бүкілхалықтық басыбайлылыққа қарсы наразылық пен халық құқығының шектелуі болды. Ұлттық козғалысты кедейленген мадияр дворяндары мен интеллигенция бастады. Ұлттық козғалыстың революциялык-демократиялық бағытын Венгер сеймінің2 көрнекті шешені Лайош Кошут, акын Шандор Петефи, жазушы Михай Танчич басқарды.

Революция орталықтарының - Вена мен Венгрияның, Италияның  жеке-дара әрекет етуі, өзара күш  қоса алмағандығы, көтерілістердің әр уакытта болуы, демократияшыл күштердің (буржуазияның, қала тұргындары мен жұмысшы табының) әлсіздігі Австрия империясындағы 1848-1849 жылдардағы революцияны сәтсіздікке ұшыратты. Шаруалар бейтарап қалды. Славян халықтарының артта қалған кертартпа күштерін Габсбургтер демократиялық революцияға қарсы айдап салды. Патшалык Ресей үкіметі революцияның қас жауы екендігін көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Краткая всемирная история. В 2-х кн. / Под ред. А.З. Манфреда. – М.: Наука.1966
  2. Новая история зарубежных стран: Европа и Америка.  – М.: Просвещение, 1989.
  3. Александров В.В. Новая история стран Европы и Америки. – М.: Высшая школа, 1988.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Австриядағы революцияның міндеттері мен себептері