Арабия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 13:38, реферат

Описание

Орта ғасырлардағы әлемді дүр сілкіндіріп, ІҮ-Ү ғасыр дүниенің үш бөлігіне – Азия, Африка, Еуропа құрлықтарына үстемдік орнатқан мемлекеттердің бірі – Араб халифаты болды. Бұл мемлекет алдымен арабтардың өздерін біріктіріп, содан соң Кіші және Орта Азияны, Сотүстік Африканы, Пиреней (түбегі) жарты аралы мен Закавказье елдерін жаулап алды. Халифаттың тарихы – бұл тек арабтар мен арабия жарты аралының ғана емес, сондай-ақ бір кездерде оның құрамына кірген Иран, Орта Азия, Сирия, Египет, Ирак, Грузия, Армения, Әзербайжан т.б. халықтар мен елдерінің тарихы.

Содержание

КІРІСПЕ ..........................................................................................................3
І-Тарау Арабтар мемлекетінің құрылуының алғы шарттары
Ислам дінінің қалыптасып, араб тайпаларының бірігуі............................11
ІІ-Тарау Халифаттың құрылуы, жаулап алушылықтары
2.1 Араб халифатының құрылуы.......................................................................21
2.2Алғашқы Төрт тақуа халифтарының тұсындағы Араб жаулап алушылықтар......... ........................................................................................24
2.3 Орта Азия халықтарының ислам дінін қабылдауы...............................29
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................43
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................45

Работа состоит из  1 файл

арабия.doc

— 310.00 Кб (Скачать документ)

     Бастапқыда  халифатқа   кірген  әрбір  ел  өз  бетінше,  бұрынғы  қалпымен  өмір  сүре  берген  болатын.  Жағдай  аббасилер  (750 – 1258  жж.)  әулетінің    билікке  келуімен  өзгерді.  Осы  кезде    барлық   мұсылмандардың  құқықтық   жағынан  теңестірілуіне  байланысты  халифаттың  барлық  аймақтарында  ислам  діні  қарқынды  түрде  тарап,  қасиетті  Құран   мен  пайғамбар  хадистерінің  тілі – араб   тілі  кеңінен   енгізілді.   Көптеген  жерлерде  бірте-бірте  жергілікті  халықтың  ана  тіліне  де  айналды.  Сонымен,  Аббаси  халифатының  ыдырауы  қарсаңында,   яғни   ІХғ.  екінші  жартысында  оның  батыс бөлігі  біржолата арабтандырылды.  Жаулап  алушылардың аз  ғана  тобы  аса   көп жауланып  алынған халықтардың арасына сіңісіп кетпегені былай тұрсын,  керісінше оларды  өз  этнографиялық ықпалына  бағындырды.  Және  де  араб  тілінің  жеңісі  араб  үкіметі  шараларының  нәтижесінде  емес,  керісінше  оның  еркіне  қарсы  іске  асты.   Жауланып  алынған   халықтар  арасында  ислам  дінінің  таралуы  халифаттың  бүкіл  қаржы  жүйесін  бұзды,  үкімет  мұсылман  емес  халықтардың арасында  мемлекеттік тілдің  тарауын тіпті де  қалмаған  еді.  Христиандарға арабша  сөйлеуге  және  өз  балаларын мұсылман  мектептерінде оқытуға тиым  салынды.  Соған қарамастан  ислам орасан  көп халықтың  дініне  айналды,  және  халықтың  ислам дінін қабылдамаған  бөлігінің өзі араб  тілін қабылдады (мысалы, ал-Андалустағы мосарабтар).

      Араб  тілі,  сондай-ақ  біртұтастықтың  басқа  да  түрін  қалыптастырды:  ІХ  ғасырдың  өн бойында  барлық  ислам   дінін  қабылдаған  халықтардың  жақындасуына  және  “араб  мұсылман  мәдениеті”  деп  аталатын  туысқан  мәдениеттер  кешенінің  пайда  болуына  ықпал  етті. Қоғамдық  деңгейлеріндегі   айтарлықтай  айырмашылыққа,  жергілікті  халықтардың  дәстүрлері  мен  тарихи  тағдырына  қарамастан,  ұзаққа созылған  күрделі  өзара  ықпалдастық  процесі  нәтижесінде,  ал  соңғы  нәтижеде  ислам  иіріміне  тартылған  халықтардың  мәдениеттерінің  синтезі  нәтижесінде  Араб  халифатына  кірген  елдерде  біртұтас  жалпымұсылмандық  мәдениет  қалыптасты.  Бұл  мәдениет  оны  тұтынған  халықтардың  дүниетанымын,  психологиясын,  қоғамдық  мекемелері  мен  өмір  сүру  үлгісін  алдын-ала  анықтап  берді.  Араб-мұсылман  мәдениеті,  әсіресе  ислам  дінін  ұстанған  халықтардың  даму  жолын  белгіледі  және әлі  күнге  дейін  олардың  өміріне  айтарлықтай  ықпал  етті.

     Айталық,  араб  мәдениетінің  ықпалына  түскен  аймақтардың   бірі – Орталық  Азия. Біздің  заманымыздың  І-мыңжылдығының   орта  тұсынан  бастап  Орталық   Азия  аймағын,  Қытай  шекарасынан   Иран  мен  Византия  шекараларына  дейінгі  созылып  жатқан  ұлан  ғайыр  даланы  негізінен  түркі  тайпалары  мекен  еткен.

      “Түрік”  сөзі  тұңғыш  рет  қытай  және  соғды  жазбаларында,  атап  айтқанда,  Монғолиядан  табылған  Бұғыты  жазбаларында (582 – 583 жж.)  кездеседі. Бұдан  кейін  көп  ұзамай-ақ  бұл  термин  византиялықтардың,  арабтар  мен  сириялықтардың  жазбаларына,  сондай-ақ,  санскритке,  әр  түрлі  иран  тіліндегі  және  тибет  тілдеріндегі  жазбаларға түседі [46].

     Қарастырып  отырған   дәуірдегі  түріктер  бұл   ұланғайыр  Еуразия  даласын   мекен  еткен    түркі   тілдес, түркі  тектес халықтар  болып  табылады.  Түркілердің   қатарына  бұл  дәуірде  оғыздар,  тоғыз-оғыздар  (ұйғырлар),  телестер,  тардуштар,  түргештер,  қарлұқтар,  қырғыздар,  қимақтар,  қыпшақтар,  яғмалар,  басмылдар,  шығылдар  және  т.б.  кірді          [47].

      Арабтар  тарихи  аренаға  шығып,  араб-мұсылман  мәдениеті  үстем  болған  дәуірде  түріктер  бастапқыда  Батыс  Түрік  қағандығы,  Түргеш,  Қарлұқ  қағандықтары,  ал  кейіннен    Карахан  мемлекетіне  біріккен  болатын.  Түргештердің  дәуірлеуі  кезінде-ақ  арабтар  мен  түріктер  арасында  белгілі  жәрежеде  қарым-қатынастар  орын  алғанына  қарамастан  (В.В. Бартольдтың  айтуы  бойынша  бұл  дәуірде  арабтар  түріктердің  “мәдени” (отырықшы)  аудандарға  шапқыншылықтарын  тойтарып  қана  отырды,олар  түрік  қағандарының    ордаларына  дейін,  яғни   далаға  ішкерлеп  кірген  жоқ),  араб-түрік  мәдени  байланыстары,  негізінен  алғанда  қарлұқтар  дәуірінде  басталып,  ал  қарахандар   дәуірінде  өзінің  ең  шарықтау  шегіне  жетті.

     Орталық  Азияға  арабтардың  келу  жолдары   мәселесіне  келетін  болсақ,  арабтар  түркілер  жеріне  тікелей  жаулап  алу  жорықтарын  жасамағандығын  көрсетуіміз керек.  Өйткені халифат билеушілері,  көрген  саясаткерлер  бола  отырып,  ежелден-ақ  жауынгер    халық ретінде аты шыққан  түркілерді  күшпен  өзіне бағындыра алмайтынына көзі  жетті.  ҮІІ-ҮІІІ  ғғ.  Араб   халифаты мен Түркі қағанаты  бәсекелес күштер  ретінде бейбіт  қатар өмір  сүрді.  Орталық Азия  жерінде жүргізген арабтардың  жалғыз  шайқасы – Талас түбіндегі шайқас  түркілерге  қарсы емес,  керісінше,  түркілермен бірлесе отырып  Қытайға қарсы бағытталды.

    746 ж.  Жетісу  жеріне  Алтай  мен  Тарбағатайдан   қарлұқтар  келіп  қоныстанған   еді.  Ішкі  күрес-тартыстан,  сондай-ақ  арабтармен  болған  ұзақ  айқастан  Түргеш  қағандары  бұрынғы   құдірет-қуатынан  айрылып  қалған  болатын,  сондықтан  да  олар  қарлұқтарға лайықты қарсылық  көрсете алмады.  Осы аймақта белсенді  саясат  жүргізіп  жатқан  Қытай империясы бұл жағдайды  өз  пайдасына асыруға тырысты.  Оның  Шығыс Түркістандағы уәлиі Као Шиен-Чи  748  ж.  өз  әскерін Суяб  қаласына  аттандырады  да,  оны  басып  алып,  ойрандайды.  Шаштың  иесі  өлтіріліп, оның  баласы  арабтардан  көмек  сұрайды.  751 ж.  Талас  жанындағы   Атлах  қаласы түбінде  аббасилердің  әскербасы  Зияд  ибн  Салих  пен  қытай  қолбасшысы  Као  Шиен-Чи  арасында  зор  арпалыс  болады. Бұл  қақтығыстың  нәтижесінде  қытай  әскері  жеңіліске  ұшырайды.  Тарихшы  Ибн  әл-Асирдің  мәліметтері  бойынша: “Талас  маңындағы  шайқаста  қытайлықтар  оңбай  жеңіліс  тапты:  50  мың  адам (100  мыңнан)  қаза  тауып,  20  мың  тұтқыдалған.

    Талас  маңындағы   шайқастың  Орталық  Азия  халықтарының   тағдыр-талайында   үлкен  тарихи  мәні  болды.  Ол  “Тандық  Қытайдың  Орта  Азия  істеріне  қолсұғушылығына   шек  қойды”  және  түркі   халықтарының  мәдени  бағдары  жайлы  мәселесін  мұсылман  өркениетінің  пайдасына  шешіп  берді.  Соңғы  жылдары  Талас  маңындағы  шайқас  жаңаша   тұрғыдан  (өркениеттілік  тұрғысынан)  қарастырыла  бастады.  Бұл  шайқаспен   байланысты  барлық  нақты  оқиғалардың  астарында  түркілер жерінде өткен исламның  қиыршығыстық  (қытай)  өркениетпен орасан  зор қақтығысуының терең мәдени-тарихи  заңдылығын  көре  білу  керек.  Осы кезде Монғолия   мен Алтайдан  Жетісу  жеріне   келіп,  бұл аймақта өз  үстемдігін  орнатуға  тырысып жатқан  қарлұқтардың   Талас шайқасында  арабтар жағына  шығуы,  олардың аймақтағы саяси ақуалды зерттеп біліп,  түріктер  үшін  басты қауіп Қытайдан  төніп тұрғанын  дұрыс түсінгенінен  болса керек.  Қытай өркениетімен   салыстырғанда   ислам  өрениті  универсализмнің  шын  мәніндегі  үлгісі  болды,  онда  әрбір  ұлт,  әрбір  кіші-гірім  мәдениет  өзінің  дербестігін  сақтады.  Құран  халықтарды  рухани  бірлікке  шақырды.  Ислам  алғаш  рет  түркі  тілді  халықтардың  ішінде  қарлұқтардың  қабылдағаны  және  жаңа  өркениетке  басқаларынан  бұрын  таратылғаны  белгілі.  В.В. Бартольд  “қарлұқтар  ислам  дінін  халиф  Махдидің  (775 – 785 жж.)  тұсында-ақ  қабылдай  бастады” – дейді [48].   Сондай-ақ  зерттеуші М. Бұлұтай да: “775 – 875 жж.  Аралығында  Қарлұқ  қағандығы  хақ  дін  Исламды  қабылдап,  ел  арасында  мұсылманшылық  сенім  кең  тарай  бастады.  Қалаларда  мешіттер  салынып,  медреселер  ашылды” – деп   көрсетеді [49].

    Қарлұқ  мемлекеті  766 – 940 жж.  өмір  сүріп,  Х ғасырдың  бірінші ширегінен бастап  йағма жәнешығыл тайпаларының  жиілеп  кеткен  одақтық шабуылдарынан күш-қуаты әлсірейді.  940 ж.  Баласағұн қаласы  одақтық күштердің қолына  түсіп,  Қарлұқ  қағандығы құлады.

    Қарлұқ  мемлекетін  құлатып,  оның  территориясында  жаңа  мемлекет  орнатқан  әулеттің,  яғни  Қарахан  әулетінің  атасы  Сатұқ  Боғрахан (915 – 955  жж.)  болды  және  осы  әулет  алғаш  болып  ислам  дінін  мемлекеттік  дінге  айналдырады. 

    Араб-мұсылман  мәдениетінің     негізгі  өзегі  болған  ислам   дінінің  пайда  болуы  терең  рухани-әлеуметтік  алғы  шарттарымен  және  ерте  ортағасырлар  дәуіріндегі  Аравия  тайпаларының  және  бүкіл  адамзаттың  қоғамдық  дамуының  барысымен  дайындалды.  Ислам,  бәрімізге  белгілі,  мұсылмандық  Шығыстың, Африканың  айтарлықтай  бөлігі  мен  Еуропаның  бірқатар  халықтарының  мәдениеті  мен  тарихында  аса  зор  мәдени – жасампаздық  рөл  атқарған  және  әлі  де  атқарып  отырған  аса  ірі  әлемдік  дін.  Исламға,  басқа  да  әлемдік  діндер  сияқты  прозелитизм,  яғни  өз  ықпалын  басқа  дінді  ұстанушылар  арасында   таратуға   ұмтылу  тән.  Исламның  тарихынан  белгілі,  араб  халифаты  Мұхаммед  пайғамбардан  және  одан  кейінгі  тақуа  халифтер - Әбу  Бәкір, Омар,  Осман,  Әлиден  бастап  өз  шекарасын  миссионерлік  қызмет  арқылы,  сонда-ақ  жаулаушылық  соғыстар  арқылы  да  кеңейтуге  тырысып  отырған.  Осының   нәтижесінде  мұсылман  әлемінің  шекарасы  ІХ ғ.  басына  қарай  айтарлықтай  ұлғайып,  өзіне Солтүстік  Африкадан  Орталық  Азияның  межелеріне  дейінгі  ұлан-ғайыр  территорияны  қосып  алды. Араб  халифаты  территориясының  геосаяси  кеңейтілуі  жаңа  жерлер  мен  халықтарды  жаулап  алу  жолымен  жүрген  болса  (бұл  ерте  дүние  мен орта  ғасырлар  және,  сондай-ақ  жаңа  заманның  барлық  мемлекеттеріне  тән  жағдай),  ал  жауланып  алынған  халықтардың  іс  жүзінде ислам  дініне  өтуі  күштеу  жолымен  жүрді  деп  айта  аламыз.  Көбіне  арабтар  өздеріне  қаратқан  жерлердің  жергілікті  халқы,  бұл  жерлерде  ислам  мемлекеттік  дін  болғанына  қарамастан,  өздерінің  дәстүрлі  діндерінде  қала  берген.

     Халифатқа  кірген  территориялардың  исламдану   процесі  баяу  жүрді  және  оның  өзіндік  ерекшеліктері   болды.  Мысалы,  Омея  әулеті  кезінде  (661 – 750 жж.)  мұсылмандар  христиандар  мен зороастийліктердің  діни  істеріне  араласпаған. Құранда исламға тек, жаңа діннің басты жауы болып табылатын пұтқа табынушыларды өткізу қажеттілігі жөнінде ғана айтылады. Мұсылмандықты таратуда күш қолданбау “жаңа дінді” халықтың көпшілігінің өз еркімен қабылдау процесін тездетті. Бұл турасында Г.Э.Фон Грюнебаум былай деп көрсетеді: “ислам әлемі көптеген әр түрлі діни қауымдардың бейбіт қатар өмір сүру мәселесінің шешімін таба білді. “Қасиетті жазбалары бар халықтардың” (“Люди писания”), соның ішінде, ең алдымен, иудейлер мен христиандардың, ал олардан кейін зорастрийліктердің, егер олар билікке, әсіресе атқару өкіметі органдарына қатысуға ұмтылмаса, жеке ісіне қол сұғылмайтын болды”.

Ұлан-байтақ Орталық Азия аймағына исламның ықпалы УІІІ-ІХ ғғ. бастап тарай бастады. Исламның бұл аймаққа енуі тез арада іске асқан бір мезгілді акт болған жоқ, ол бірнеше ғасырларға созылған, ұзақ бір процесс болды.

705 ж. арабтар Амудариядан шығысқа  қарай жатқан жерлерді жүйелі  түрде жаулауға көшті. Кутейба ибн Муслим, ат-тарабидің мәліметі бойынша осы Балхтың бірқатар аудандарын басып алып, 706 жылы Пайкендке қарай жүрді. Түріктер мен соғдылықтардың біріккен күші араб әскеріне қарсы ойсырата соққы береді. Алайда Кутейба ибн Муслим одақтастар арасындағы алауыздықты пайдаланып, ақырында қаланы басып алады, бұдан кейін ол Бұқара мен Самарқандты алады. 714 ж. Ферғана мен Исфиджап жауланып алынды. 705 ж. Хорасанның әмірі етіп тағайындалған кутейба ибн Муслим әл-Бахили ақтық деміне дейінгі өмірін Мәуреннаһрдың мұсылмандануы үшін жұмсаған.

Мұсылман діні мен мәдениетінің ықпалы Орталық Азия аймағында 766 жылы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда  саяси үстемдікке қол жеткізген  қарлұқтар арасында ең алғаш рет  тарай бастағандығын айттық. Олар исламды Халиф Махдидің тұсында-ақ (775-785 жж.) қабылдаған деген пікір бар. В.В.Бартольд: “бұл пікір қарлұқтардың тек бір бөлігіне ғана қатысты болса керек, өйткені қарлұқтар мемлекетінің көп бөлігін саманилер тек ІХ ғасырдың ортасынан бастап-ақ өздеріне қаратып, ислам дінін енгізген”, - дейді.

Алайда, бұл жерде В.В.Бартольд ислам  дінінің түріктер арасында тек жаулап алу арқылы ғана емес, керісінше, көбіне бейбіт жолмен тарағанын ескермеген сияқты. Ислам дінінің қарлұқтар  арасында бұл ерте тарауын 751 жылғы  атақты Талас шайқасымен байланыстыруға болады. Жоғарыда айтылып кеткендей, бұл шайқас орталық Азия аймағы Қытай мен Аббаси халифаты өкіметтерінің қайсысына қарайды деген мәселені ғана емес, ол сондай-ақ бұл аймақ халықтары қиыршығыстық және араб-мұсылман өркениеттерінің қайсысының ықпалына түседі деген мәселені де шешіп береді. Талас шайқасында жеңіске жеткен арабтар бұл жерде тек бір гарнизонын ғана қалдырып, ал басым бөлігі Мәуереннаһрға қайтып кеткені белгілі. Алайда еркіндік сүйгіш түріктер (қарлұқтар) осы оқиғадан кейін өздеріне қауіп төндіріп тұрған екі империяның ішінде араб халифатының қол астында (қамқорлығында) болу анағұрлым тиімді екенін түсінді. Сондай-ақ талас шайқасынан кейін, арабтармен жақын араласа бастаған түріктер, олардың дінімен танысады, өйткені осы кезеңде Жетісу түріктері арасында ислам мәдениеті тез қарқынмен тарай бастаған еді. Бұл діннің өздерінің рухани сұраныстарына жауап беретіндігін ұғынған қарлұқтар оны өз еріктерімен қабылдаған деген болжам жұмсауға болады.

Сондай-ақ, талас өңірім мен жетісуда ислам дінінің УІІІ ғасырда-ақ тарай бастауын, бұл аймақтың Ұлы Жібек жолындағы маңызды пункт болғандығымен де түсіндіруге болады. Орта Азияда ислам үстемдікке жетісімен-ақ мұсылмандар бұрынғы сауда керуендерін жөнелте бастады. Қытай тарихынан біз мұсылман керуендері УІІІ ғасырда-ақ қарлұқтар елі арқылы жоғары Енисейге, қырғыздар еліне барып тұрғанын білеміз, мұсылман деректерінде де, орхон жазбаларында да осы сауда жолдары туралы мәліметтер кездеседі: Саян жотасы орхон жазбаларында да, мұсылман деректерінде де кегмен деп аталады. Сондай-ақ ертіске баратын екі жол туралы да мәліметтер бар. Арабтар, әрине, көбіне сол дәуірдегі негізгі бәсекелесі, аса қуатты мемлекет – Қытайға баратын сауда жолдарын көп зерттеген, сондықтан да осы жол туралы және оның бойындағы тұратын түрік тайпалары туралы мәліметтер мұсылман деректерінде өте көп. Исламның басты артықшылығы, әрине, мұсылман әлемінің сол дәуірдегі өркениетті халықтар арасындағы мәдени (материалдық және рухани) біріншілігіне байланысты еді. Дала халықтары әр кез отырықшы елдердің өнімдеріне, әсіресе, киім-кешек, тұрмыс бұйымдарына зәру болды. Отырықшы елдер мен далалықтар арасында болған, ол қай жерде жүрмесін –Қытайда ма, мұсылман елдерінде ме, көшпенділерге ең алдымен маталар қажет болды. Көшпенділермен сауда отырықшы халықтарға да тиімді болған, олар көшпенділерден анағұрлым арзан бағаға мал шаруашылығы өнімдерін, әсіресе ет алып отырған. Орта азиядағы түріктерге шекаралас жатқан мұсылман елдері үшін де өз кезегінде дала халықтарымен сауданың үлкен маңызы болды, Хорезм шеберханаларында дала халықтары үшін арнайы маталар шығарылып отырылған. Түріктер арасында исламды таратуда орта азиялық көпестер үлкен рөл атқарды. Махмұт қашқари өз “көпесі” бар адамды білдіретін “баста” деген терминді келтіреді. “Баста” белгілі бір мұсылман көпесі мен байланыста болады, оны жақсы біледі. Көпес үнемі соның үйіне тоқтайды, “оған ислам елінен киім-кешек, әйеліне орамал, біраз бұрыш, тары, жүзім және жаңғақ әкеліп тұрады”.

Таяу Шығыс, парсы елі және Орта Азиядан келген көпестер жай ғана көпестер емес еді, олар пайда табуды ғана көздеп қоймай, сондай-ақ дін мен мәдениетті таратушылар да болды. Сауда мен дін ол дәуірде бір-біріне қайшы келмеді (Мұхаммед пайғамбардың өзі діни қызметінің алдында саудамен айналысқан еді). Сауда керуендерімен, немесе бейбіт қоныстанушылар, дін уағыздаушы және саяхатшылар ретінде арабтар УІІІ ғ. өзінде-ақ Орталық Азияға – Ертіс бойындағы қимақтарға, шығысында – ұйғырларға, батыста – бұлғарлар мен хазарларға дейін жеттті.

Мұсылмандардың тауарларымен және жалпы өмірімен таныса отырып түріктер олардың мәдениетін, соның ішінде дінін де қабылдауға асыққан. Монғолияны мекен еткен халықтар жайында мұсылман әдебиеті ештеңе де айтпайды, алайда біз қытай деректерінен 924 жылдың өзінде-ақ Монғолияда мұсылман көпестерінің болғандығы жөнініде мәлімет аламыз.

Информация о работе Арабия