Алғашқы қазақ газеттерінің ресми іс қағаздар стилін қалыптастырудағы рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 15:57, реферат

Описание

XIXғасырдың II жартысы қазақ халқының экономикалық, саяси-әкімшілік және мәдени дамуындағы елеулі прогрестік роль атқарған белгілі кезең болғаны мәлім. Бұл кезең Қазақстан терреториясын толықтай Россия мемлекетінің қол астына кіруінің аяқталуымен тікелей байланысты еді.
1868-69 жылдардағы патша өкіметінің қыр облыстарын басқару жөніндегі ережелері Қазақстанда ел билеу, әкімшілік жүйесінің жаңа түрін енгізді. Қазақстан терреториясы 3 генерел-губернаторға бағынған 6 облысқа бөлінді, ал облыстар уезге, уездер болыстарға, олар ауылдарға бөлінді.

Работа состоит из  1 файл

Қазақ газеттері.doc

— 68.50 Кб (Скачать документ)

      «Дала уәләяты газеті»  бетінде жарияланған  тыныс белгісі туралы негізгі  қағидалардың және оны газетте қолдану тәжірибесінің игі әсері  болғаны даусыз.

      Лексика. Газет тілінің лексикалық құрамы үш топтан тұрады:

  1. қазақтың негізгі төл сөздері;
  2. араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздер;
  3. орыс тілінен енген сөздер.

     Газет редакциясы тіл тазалығы үшін күресті. Газет бетінде жарияланған ресми құжаттар негізі орысша нұсқадан аударылып басылып отырса да, газет редакциясы халық тілінің өз байлығын сарқа пайдалануға тырысты. Сол себептен де болса керек, кейде қазақ ұғымында жоқ орыс сөздеріне балама таба алмаған жағдайда, ол сөздерді қазақ тіліне  түсіндірме жолмен де аударып беріп отырған. Мысалы,

      Век – жүз жыл

      Иностранный – бөтен жұрт

      Физический  труд – жай қара жұмыс

      Циркуляр – жариа бұйрұқ нама

      Присяга – жан алу

      Мировой – дүние жүзілік

      Защита – іс қорғау

      Бұл терминдердің көбі сәтті табылған балама ретінде әдеби тілде қалыптасып кетті. Ал бірқатарлары аударған сөздің мағынасын дәл бере алмағандықтан  басқа сөздермен ауыстырылды. Орыс сөздерін қалайда қазақша аударып  беруге тырысудың салдарынан кейде орысша терминдердің мағынасын бұрмалап, бұзып аудару фактілері де кездесіп қалады. Мысалы,

      Поезд – от арба

      Учитель – молла

      Профессор – ғұлама

      Министр – уәзір т.с.с.

      Мұның бір қолайсыз жағы орыс сөздерін аударамын  деп, еріксіз араб-парсы сөздеріне жүгінушіліктің орын алуы. Мәселен, «Дала уәләятының газетінде»  орыстағы «положения» деген сөзді арабтың нифла деген сөзімен аударған. Осы газеттің алғашқы жылдарындағы номерлерінде, орыс тіліндегі «приказ», «распоряжение» деген сөздер қазақ тіліне  бір ғана араб сөзімен фарман нама деп аударылса, кейін бұл сөздің орнына қазақтың өз сөздерін пайдалынып «приказды – бұйрық, распоряжениені - жарлық» деп дифференциялап аударатын болған.

      «Түркстан уәләяты газетінде» қауым сөзі қазіргі қоғам (общество) сөзінің орнына қолданған. «Дала уәләяты газетінде» қауым – публичная деген сөздің де баламасы реінде жұмсалған. Мысалы, Публичная библиотека – көп қауымға тиісті кітабхана. Бөлме сөзі газеттерде орыс тіліндегі отдел, отделение, участок сөздерінің баламасы ретінде қолданылған. Мысалы,

      технический отдел – технически бөлме

      переписной  участок – исаб алу бөлмесі

     зав. участком – бөлме бастығы

     Қазіргі қазақ тілінде «бөлме» сөзі «үйдің ішкі бөлігі» деген  мағынада қолданылады. Жоғарыдағы мағынаны қазір  бөлім деген сөз беріп жүр. Осы сияқты мағынасы өзгерген сөздерге кесім (постановление), белгі (указание) т.б. сөздерді келтіруге болады. Газеттердегі  ресми іс қағаздар  тілінде қолданылған орыс сөздерінің кейбірі, кейін қазақша баламасы табылуымен байланысты, қазіргі  әдеби тілімізде қолданылмайтын болды. Мысалы, наследник, перауад, перауадчик, обшестуа, кнага, закон, жаловани, помошник, залок, копиа, подписка, положениа, пол, расхот т.б. Газет бетіндегі ресми іс қағаздарында қылу етістігінің де қолданылу аясы бүгінгіден әлдеқайда кең. Мысалы,

     Исаб  қылу – есеб алу

     Қылыб жүр – істеп жүр

     Арыз  қылады – арыз береді

     Болыс қыламын – болыс қоямын, болыстыққы бекітемін

     Бұйрық  қыламын – бұйырамын

     XIX  ғасырдың ІІ жартысына дейін  мектеп, медреселерде сабақ берушілер көбінесе татар, башқұрт молдалары болды. Патша үкіметі мен қазақтардың  арасындағы іс қағаздары да татар тілмаштары арқылы жүргізілді. Ал XIX ғасырдың 60 жылдарынан бастап, патша үкіметі ислам дініне тежеу салып, панисламизмге қарсы белсенді күрес жүргізеді.

     «XIXғасырдың І жартысында, - деп жазылған Қазақ  ССр тарихында, патша үкіметі  ислам дінін қолдап, мешіттер салуға, мұсылманның діни кітаптарын басып  шығаруға ақша босатып отырған еді. Ал сонан кейінгі  жерде патша  үкіметі ислам діні мен мұсылман діни қызметкерлерін қолдаудан іс жүзінде бас тартты. Мұндай теріс айналудың себебі мұсылман діни қызметкерлерінің көптеген өкілдерінің орысқы өарсы позицияда екендігіне бұл кезде патша үкіметінің көзі жетті...»

     «1866 жылға Ереже бойынша қазақтың діни істері Орынбор муфтиінің (Мұсылман діни қызметкерлері  бастығының) қарауына алынды. Молдалар жалпы азаматтық басқармаға, ал ол арқылы – Ішкі істер министрлігіне  бағынатын болды. Молдаларды халық сайлайтын болды, бірақ бір болысқа  бір молдадан артық сайланбауға тиіс болды, және оның Россия мемлекетінің  қол астындағы адамның болуы міндетті болды. Молдалардың молдалық атағын бекітетін және оны молдалықтан шығаратын облыстық басқарма болды. Сұраусыз мешіт салуға, жаңа мұсылман медреселерін ашуға тыйым салынды».

     Бұл шаралар  үстіне  1883 жылғы Оқу министрі граф Толстойдың қазақ даласындағы  әкімдерге берген мына нұсқауын қоссақ, патша үкіметінің бұл іске қаншалық мән бергенін байқау қиын емес. Ол нұсқауда былай деп жазылған: «пресечь мусульманской  пропаганде путь в среду киргизов и что для этого прежде всего необходимо безотлагательно заменить в местных управлениях переводчиков и писмоводителей из татар и башкир природными  киргизами, воспитавшимися в русских учебных заведениях,… а затем постепенно вводить в официальную переписку с местным начальством киргизский язык с русским алфавитом». Бұл нұсқаудың қаншалықты тез орындалғанын төмендегі фактіден көруге болады. Сол 1883 жылдың июнь айында жоғарыдағы нұсқауға жауап ретінде Торғай облысының әскери губернаторы Константинович татар, башқұрлардан уездік мекемелерде бірде-бір переводчик, болыстарда бірде-бір хат жүргізуші қалмағанын граф Толстойға хабарлаған».

     Бұл жағдайлар қазақ тіліне араб-парсы  сөздерінің жаңадан кіруіне де белгілі  дәрежеде  тежеу салған сияқты. Осы  жағдайлардан ба, әлде газет редакциясы газетті қазақ тілінде шығаруға тырысқандықтн ба «Түркістан уәләяты газетінің» тілінде араб-парсы сөздері өте сирек кездеседі, кездескенінің өзі о бастағы тұлғасын мүлде өзгерткен, халықтың ауызекі тілінде қолданылып кеткендері ғана. Ал «Дала уәләятының газеті» шыға бастаған XIX ғасырдың 80 жылдары араб-парсы сөздерінің кіру қарқыны мүлде әлсіреген болатын. Бұл газет патша әкімшілігінің органы болғандықтан,  өз бетінде  патша үкіметінің жоғарыдағы татарға қарсы саясатын насихаттаушы болды. Сондықтан «Дала уәләяты газеті» қазақ тіліне араб-парсы сөздерін көбірек кіргізуге ынталы болған жоқ. Сол кезде қазақ тілі грамматикаларын жазған орыс ориеталистері де (Ильминский, Мелиоранский, Васильев, Лаптев т.б.) қазақ тіліне араб-парсы, татар тілдерінің тигізген әсеріне қарсы күресіп, «Дала уәләяты газетінің» бұдан аулақ болуы үшін барлық шараны істеп бақты.

     Дегенмен  газет сол кезде халық ұғымына  әбден сіңіп, оның қажетіне асып жүрегн араб-парсы сөздерін батыл қолданды. Сондай-ақ қазақ ұғымында жоқ орыс сөздерін аударуда кей жағдайда термин ретінде араб-парсы сөздерін  еріксіз кіргізуге де  мәжбүр болды.

     Алғашқы жылдары газет бетіндегі қазақшаға  аударылып басылған реси материалдарда  орыс сөздерін қолдану жиі кездесетін болса, 1900 жылдарда және одан кейінгі кезеңде орыс сөздерінің саны азайып, оның есесіне қазақтың төл сөздерінің саны көбейгендігін байқауға  болады. Араб-парсы сөздері белгілі мөлшерде өзгеріссіз қалып отырады. Мұның сесебі уақыт өте келе аударма мәдениетінің едәуір көтерілуінде және әдеби тәлдә дамытып, газетті қазақтың өз тілімен шығаруға тырысушылықтың болуында.


Информация о работе Алғашқы қазақ газеттерінің ресми іс қағаздар стилін қалыптастырудағы рөлі