Мұсылман құқығының қайнар көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 20:57, реферат

Описание

Мұсылман құқығының қайнар көздерін топтарға бөлуде негізінен әр ғалымның ойы әртүрлі. Мысалы, Сарсембаевтың ой пікіріне келетін болсақ ол мұсылман құқығының қайнар көздерін негізінен екі топқа бөледі: негізгі қайнар көздер және қосымша қайнар көздер деп. Яғни негізгі қайнар көздерге Құран (барша мұсылманның қасиетті кітабы) және Сүнне (Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың жасаған амалдары), Фил (Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың әңгімелері), Такрих (Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өмір баяны), Каул (Амалдары). Ал қосымша қайнар көздерге Иджма, Қияс, Пәтуа (Фетва), Адат (әдет-ғұрып нормалары), Шариғат (діни нормалар) (иттихад, ильтихад, иджтихад) жатады.

Работа состоит из  1 файл

Салыстырмалы құқықтану жобалық жұмыс.docx

— 48.08 Кб (Скачать документ)

Мұсылман құқығының қайнар көздері

   Мұсылман  құқығының қайнар көздерінің түсінігі және түрлері

   Мұсылман құқығының қайнар көздерін  топтарға бөлуде негізінен әр  ғалымның ойы әртүрлі. Мысалы, Сарсембаевтың ой пікіріне келетін  болсақ ол мұсылман құқығының  қайнар көздерін негізінен екі  топқа бөледі: негізгі қайнар  көздер және қосымша қайнар  көздер деп. Яғни негізгі қайнар  көздерге Құран (барша мұсылманның  қасиетті кітабы) және Сүнне (Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың жасаған амалдары), Фил (Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың  әңгімелері), Такрих (Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың  өмір баяны), Каул (Амалдары). Ал қосымша  қайнар көздерге Иджма, Қияс, Пәтуа  (Фетва), Адат (әдет-ғұрып нормалары), Шариғат (діни нормалар) (иттихад,  ильтихад, иджтихад) жатады.

   Осылардың ішінде Құран араб тілінен аударғанда «Оқығанды сыртқа шығару» дегенді білдіреді. Құран бүкіл дүниежүзілік мұсылман қауымының қасиетті кітабы. Құран 114 сүреден тұрады оның 90-ны Меккеде 24-і Мединеде түскен. Меккелік және Мединалық сүрелер бір-бірінен мағынасы жағынан, тіл ерекшелігі бойынша, жазылу ерекшелігі бойынша ерекшеленеді. Құран сүрелері 6666 астам аяттан тұрады. Рамазан айының 27 күні Қадір түнінде ең бірінші Әл-Фатиха сүресі түскен. Құран негізінен Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар тірі кезінде ауызша болған және Құранды есте жаттап алған адамдарда болған. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар қайтыс болғаннан кейін барлық аяттарды бір кітапқа жинақтау қабылданды. Бұл жұмысты Абу-Бакр халифінен Эфид ибн Сабит бірінші рет орындады. Өздерінің оқытушыларының аяттарын сахабалар Убайд ибн Коаб, Аблаллах ибн Масуд, Абу Муса аль-ашъари жазбаша түрде жазды. Жалпы Құранда әр түрлі құқықтар, ережелер және басқа да этикалық, заңи, шаруашылық нормалары жазылған. Құран бұрынғы ортағасырлық арабтардың ғана емес басқа мұсылман халықтарының  тарихи, әдеби, заңи кітабы болып саналады.

    Сүнне – Мұсылман құқығының басты қайнар көздерінің бірі болып саналады. Араб тілінен аударғанда жол, бағыт, нұсқау дегенді білдіреді. Сүнне негізінен исламның әр түрлі сұрақтарына байланысты және өмірдің -құрылысына байланысты хадистерден тұрады. Хадистер VIII-IX ғасырларға дейін ауызша беріліп келген содан кейін барып жазбаша түрде жазылған. Сүнне үш түрге бөлінеді: Каул, Фил, Такрир болып. «Сүнне» терминінен Сүннет  ағымы тарайды. ) Мұсылман құқығының ең басты қағидаларының бірі Құран мен Сүнненің қатынасы жайлы кезінде көптеген мұсылман заңгерлері көп дауласқан. Жалпы айтқанда бұл екі қайнар көздің қатынасы былай көрініс табады. Сүнне Құранға қарсы емес, керісінше Құранмен байланыста. Сүнне Құран сөздерінің түсіндірмесі. Мысалы: егер сот керекті норманы Құранның ішінен табалмай қалса, онда ол Сүннеден қарайды, егер ол жерде де болмаса ол өзі шешім шығара береді. Шешім шығаруды кез-келген шығара бермеген, шешімді муджтихад атағын алғандар ғана шығаратын.

    Иджма – мұсылман құқығының қайнар көзінің бірі болып саналады. Аударғанда «келісім», «консенсус» дегенді білдіреді. Иджма шариғаттың қағидалары арқылы әрекет етеді.

    Қияс – мұсылман құқығының аналогия бойынша талқылау бағытталған қайнар көзінің бірі болып табылады. Егер Құран немесе Сүнне пайда болған және қойылған сұраққа жауап бере алмаса, онда осы сұрақты аналогия бойынша шешу үшін Қияс қолданылады. Қияс алғашқы ислам дәуіріндегі пайда болған салт-дәстүршілер (ахль аль-хадис) арасындағы дау-дамайларды шешу кезінде пайда болған. Қияс ислам заңи қызметінде ерекше орын алады.

    Шариғат – Арабтың «шариат» сөзінен шыққан, аударғанда мақсатқа жетудің дұрыс жолы дегенді білдіреді. Осы ұғым арқылы заң нормаларының жиынтығы, тәртіп ережесі, мұсылманның дұрыс қылық жасау арқылы жәннәтқа баратындығы түсіндіріледі. Шариғат – ол адамдарға Құранның және Сүнненің басты, қасиетті сөздері арқылы жеткізілетін заңдар болып табылады. Шариғат арқылы адамдардың Аллаһқа деген сыртқы қатынастары реттеледі. Бұл қатынастар культ (ибадат) ережелерімен реттеледі. Адамдардың бір-біріне қатынасы «му’амалат» терминімен белгіленген  жеке (азаматтық) құқықпен реттеледі.

    Фикх – мұсылман құқығының теориясы. Бұл теорияның атқаратын міндеті Құранның жіне Сүнненің пайдалану және талқылау қағидаларын мұсылман қоғамы өмірінде, мемлекет деңгейінде практикалық жағынан талқылау болып табылады. Былайша айтқанда фикх ол мұсылман құқығының ғылымы болып табылады, ал шариғат – мұсылман құқығының тәжірибиелік жүйесі болып табылады.Осы жерден Теория мен Практика сияқты Фикх пен Шариғатта бір-бірімен тығыз байланысты екендігін көруге болады. Фикх ілімінің өзі теориялық жағынан бөлінеді: усуль ал-фикх – фикхтың «тамыры», фуру ал-фикс – фикхтің «бұтақтары» деп.

    Ал Н.Ө. Өсерұлының және Ө.Қ. Қопабаевтың ой-пікірлеріне  келетін болсақ олар жалпы мұсылман құқық іліміне қатысты қайнар көздер негізінен әбден зерттеліп, талданған дейді. Бұл қайнар көздерді екі топқа бөлуге болады. Алғашқы топқа Құран мен Сүннені жатқызсақ , ал екінші топқа – Иджма, Қияс, әдет-ғұрыпты жатқызамыз. Әрине, алғашқы топтың алар орны ерекше. Өйткені, онда Құран  мен Сүннедегі нормалар айқын көрсетілген.

    Алайда, уақыт өтуімен әрі қоғамдық қарым-қатынастың кемелдене түсуімен көптеген жәйттерде  мәселелердің шешімі Құран мен Сүннеден табылмай қалатын болды. Мұндай сәттерде білікті заңгерлердің шешімдерімен (Икма) ақыл-ойға салып (Қияс) заңдастырылуларына жол берілді. Әлбетте, таласты мәселелерді шешуде әдеттік заңдарменде санасып отырады. Бұл жолда мазһабтардың рөлі аз болмады. Нәтижесінде XI-X ғасырда мұсылмандық  құқық нормалары жасалынып бітті. Оны Фикһ немесе шариат деп аталады. Дегенмен де әр түрлі ағымдар әлі күнге өз ерекшеліктерімен, ауытқуларымен, бір ізді болмауларымен көзге түседі. Ал, бұл ауытқулар мұсылмандық құқықтың мәні мен құрылысына айтарлықтай әсер ете алмады. Құқықтық  реттеушілік жалпы қағидалармен жүзеге асырылады. Мұсылмандық құқық құрылысын сипаттауда оның нормаларына егжей-тегжей үңілу маңызды рөл атқарады. Мазмұнына қарап, бұл нормаларды екі топқа бөлуге болады. Біріншісіне кез-келген адамның іс-әрекеттеріне баға беру жатады. Бұл іс-әрекетті бес категорияға-міндетті, кеңес етілген, рұқсат етілген, шектелген және тиым салынған деп бөледі.

    Осы категориялардың жақсысын ұстанғандарды - имандылар, ал шектеп, не тиым салынғандарын істеушілерді–жамандар деп санауға болады. Екінші топқа-белгілі бір жағдайларға, не іс-әрекеттің салдарына байланысты реттейтін нормалар жатады. Мысалы, қасақана кісі өлтірушілердің өлім жазасына кесілуі, есі дұрыс еместермен келісім жасаудың жойылуы т.б. Мұсылмандық құқық нормалары: ғибадат және адамдардың қарым-қатынасын реттейтін нормалардан тұрады. Өз кезегінде адамдардың қарым-қатынасын реттейтін нормалар: жеке адамдар статусының құқықтары, қылмыстық құқықтар, азаматтық құқық (мәміле), әкімшілік нормалар, соттық құқықтар және халықаралық құқықтар деп бөлінеді.

    Жеке  адамдар статусының құқықтары негізінен  діни принциптерге негізделеді. Бұл  нормалардың негізгі институттары: неке, ажырасу, туыстық жөндері отбасын  материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету, бала тәрбиелеудегі міндеттер, өсиет, мұрагерлік, қамқоршы, құқықтық қабілетін  шектеу, т.б. Сол секілді жеке азаматтық  құқықтарға (мәміле): жекеменшік мәселелерін  реттеу, әр түрлі келісім түрлері  мен оларды қамтамасыз ету, міндеттемелерді  орындау тәртіптері т.б. кіреді.

    Мұсылмандық қылмыстық құқық тәртіп бұзушылықтың бәрін қылмысқа есептеп, оларды санкциялайды. Құран мен Суннада ең ауыр да қауіпті  қылмыстарға жазалар нақты көрсетілген. Ең ауыр қылмыстық Аллаға серік жасау, нақақ қан төгу, жезөкшелік пен  зінәқорлық , ата-анасын ренжіту, тонау, діннен безу, мемлекетке қарсы көтеріліс  т.б. Мұсылмандық құқықтың әлеуметтік саяси механизмі адамдарға екі  норма есебінде, бірі тысқы және бірі ішкі ниет-сенімдерді қамти отырып әсер етеді. Осының салдарынан тәртіп бұзушы әрбір мұсылман тек «жалған  фәни» ережесін бұзған болып табылмай, «шын дүние» ережесін де бұзған болып  табылады.

    Осыдан  келіп, мұсылмандар арасында тәртіп бұзушылық өте сирек ұшырасады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас  мемлекеттің араласуынсыз-ақ дұрыс  шешіліп жатады. Сондықтан да мұсылмандық  соттарда мәжбүрлеу шаралары тіпті  қолданылмайды.Өйткені , жауапкершілік  әрбір мұсылманның ар ұятына, мұсылмандық  имандылығына негізделеді. Міне, осы  себепті де мұсылмандық құқық  өресі кең, ол саясатпен де, мемлекетпен  де, құқықпен де тығыз қабысып жатады. Исламның басты қағидаларында халықтық өкімет мынандай бағамдарды қатаң сақтағанда ғана діттегеніне жетеді, - делінген.

   Қасиетті  Құранда олар жайлы былай делінген:

  Өкімет  өз азаматтарының ар-ожданын, өмірін және мал-мүлкін қорғауға міндетті (Құран: 5 сүре, 59 аят);

Өкімет басшысы  әрқашанда адамдар мен халықтар қатынасында әділ шешімде болуы  тиісті (Құран: 5 сүре, 59 аят);

Мемлекеттік мәселелер ақылдасып, талқылау жолымен  шешілуі қажет (Құран: 42 сүре, 39 аят);

Өкімет адамды ең қажетті нәрселермен, яғни тамақ , киім және баспанамен қамтамасыз етуі шарт (Құран: 20 сүре, 119-120 аяттар);

Халықтың  қауіпсіздігіне, өмірі мен мал-мүлкіне, ар-ожданына кепілдік беріліп, қорғалуы тиіс (Құран: 2 сүре, 206 аят);

Экономикалық  жүйе әділ, әрі құқықтық жолмен саралануы  қажет (Құран: 2 сүре, 206 аят);

Денсаулық жүйесі міндетті түрде ұйымдастырылуы, әрі  тегін  болуы тиіс (Құран: 2 сүре, 206 аят);

Діни сенімге  толық еркіндік берілуі шарт (Құран: 2 сүре, 257аят);

Жеңіліс тапқан халықпен әділетті болу (Құран: 5 сүре, 9 аят);

Тұтқындарға мейірімділікпен қатынас жасау (Құран: 8 сүре, 68 аят);

Уәдеге опа  етіп, міндеттеме-келісімдерді таза орындау (Құран: 47 сүре, 5 аят);

Өзіңнен әлсіздерді әділетсіз келісімдерге мәжбүрлеуге  болмайды (Құран: 47 сүре, 5аят);

Өкімет басшысымен арада келіспеушілік туындаған  жағдайда, қасиетті Құран бағамдарына  сүйену, жеке адам мүддесі мен пайдасына  жол бермеу (Құран: 4сүре, 60 аят);

Халық өкіметтің  таянышы, сондықтан өкімет те жалпы  халықтың әл-ауқатын көтеруі тиіс. Мойын ұсынбайтын ұйымдарға тыйым  салынады (Құран: 5 сүре, 3 аят);

Қандай қуатты мемлекет болса да, оның басқа елге шапқыншылық жасауына тыйым  салынады. Қару- жарақ тек қорғану мақсатында ғана пайдаланылуы тиіс (Құран: 20 сүре, 132 аят);

    Жеке  адамдар арасындағы қарым-қатынастар да зор адамгершілік тұрғыдан шешіледі. Мысалы:

Адамдар арасындағы келіспеушілік тек әділ жолмен шешіңдер (Құран: 4 сүре, 59 аят);

Әділеттілікті таза сақтаңдар. Бастарың кетсе де, тіпті өзіңе, не ата-ана, туыстарына қарсы болса да әділ куәлік беріңдер (Құран: 2 сүре, 136 аят);

Өзіңе дұшпандық  етушіге қарсы күрес, бірақ заңсыздыққа  барма (Құран: 2 сүре, 191 аят);

Татуласуға  бейім тұр (Құран: 8 сүре, 62 аят);

   Айта  берсек, мысалдар өте көп. Ислам түсінбеген жайтқа сенуге жол бермейді.Бет-алды жойып-құртуға, ысырапкершілікке  қарсы. Сені ақ, қара, қызыл не қоңыр түсіңе емес, істеген іс-әрекетіңе, адамгершілігіне қарай бағалайды. Әрбір адамның басқаларға пайдалы іс-әрекет етіп, зияннан аулақ болуын қалайды. Текке қан төгуді ауыр қылмысқа жатқызып,оның күнәсін жәбірленуші кешірмесе, мың жерден тәуба ет, Алла кешіре алмайды. Өйткені, әркімнің қаны, өмірі, ар-ожданы қасиетті, оған ешкімнің қол сұғуға құқығы жоқ. Осындай бағамдарды ту еткен Ислам дінін ұстанушыларды экстремист, террорист деу қиянат. Уаһаббизм дін емес, идеология. Былайша айтқанда адам баласының әл-ауқатын, әлеуметтік жағдайын көтеру, яғни-кешегі кеңестік социализмнің Исламдық көрінісі.

    Бұл идея Сауд Арабиясы Патшалығында қолдау тапқан. Содан болса керек, ол мемлекеттегі әлеуметтік, саяси жағдай бір қалыпты  даму үстінде. Денсаулық сақтау, оқу  тегін, әлеуметтік қолдау шараларының  түрлері мол. Одан жай халық пайда  таппаса, зиян тауып отырған жоқ. Оның үстіне Исламдық  сипаттардың ең озық үлгілерін біздің ата-бабаларымыз өз әдет-ғұрыптарына, заң нормаларына, салт-дінімізге сінірген. Көп ғасырлар бойы қоғамдық қарым-қатынасымызға етіне сіңіп, күні кешеге дейін қолданылып келген. Өкінішке орай, Кеңес өкіметінің оның тамыры балта шапқаны әмбеге аян. Бірақ, көпшілік қолдайтын, тамыры тереңге кеткен нағыз әділетті дін- Исламның ықпалы қайта түлеуде.

    Тәуелсіз, Егеменді Қазақстанның бір ерекшелігі кез-келген халықтардың өткеніне көз  жіберіп, ата-бабаларының қалдырған  әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін зерттеп, олардың рухани байлығының молаюына жол ашып беріп отырғаны. Осыны  дұрыс пайдалана білу- ұлағаттықты  көрсетеді. Қазақстанда тұратын  тұрғындардың үштен-екісінен астамы мұсылмандар. Олардың тарихи дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық қағида-ережелерінің бастауы  бірдей. Міне, осы халықтарды Ислам  діні арқылы біріктіріп, бауырластыққа  баулу кезек күттірмейтін мәселе. Өйткені, мұсылмандар Қазақстанда  көбеймесе-кемімейді.

   Сондықтан да, көптің талап-тілегі әрқашан ескерілуі  тиіс. Мен Қазақстан Республикасында  діни наным-сенімдерді жүйеге келтіріп, реттеу үшін төмендегі ұсыныстарды  жасаймын:

1.    Ислам және Христиан діндерінен өзге наным-сенімдерге тиым  салынсын, оларды үгіттеушілер заң жолымен жауапқа тартылсын;

2.    Ислам және Христиан діни басқармаларының біріне-бірі  құрметпен қарауын, ішкі істеріне араласпауын заңдастыру;

3.    Бұқаралық ақпарат құралдары  мен баспасөздің тек діни басқармалар  ұстанған жолдан өзге наным-сенімдерге  үгіт насихат жүргізуіне шек  қою;

4.    Ислам және Христиан діндері  мен олардың діни басқармаларының  жұмыстарын Қазақстандық патриотизмді  нығайтуға жұмылдыру;

5.    Тәлім-тәрбие беру және оқу  орындарында дінді және оның  адамгершілік әдептегі жетістіктерін  тиянақты оқыту.

Шариғат нормалары  және қазақ әдет-ғұрып құқығының  ара қатынасы

    Тарихқа көз салсақ, ислам діні қазіргі Қазақстан аумағында VIII-IX ғ.ғ. тарала бастаған. Әлбетте, ислам діні бұл арада тұратын тайпаларға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстан аумағындағы тайпалар арасында қалыптаса бастаған феодалдық  қарым-қатынастарға бұл діннің кері әсері болмай, қайта ол қоғамдық қарым-қатынастарды жандандыруға игі әсер етті. Сөйтіп, ислам діні бұл тайпалардың діни-саяси жағынан да сұраныстарын қанағаттандыра алды. Өйткені, исламдық сенім мен тұрғылықты тайпалардың сенімдері онша кереғар емес еді.Әсіресе, бұрынғы «Көк Тәңірі» сенімді Аллаға ауыстырылуы нәтижесінде исламның шариат заңдары мен тайпалардың әдеттік заң-қағидалары бірін-бірі толықтырып, кемелдене түсті. Ислам дінімен бірге зиялылық  қоса келіп, білімге жол ашылды. Медреселер ашылып, білім жүйелі түрде оқытыла бастады. Тілімізге араб сөздері үрдіс еніп, шәкірттер арасынан әл-Фараби, Қашқари, Иассауи, Жүйнеки, Сығанақи, Жауһари, т.б. секілді ғұлама ғалымдар шықты. Тіпті, құқықтық  терминдер, Мысалы: құқық, айып, жаза, қазы, қағида, әдет-ғұрып т.б. көптеген сөздер төл сөзімізге айналды.

     Ислам діні томаға-тұйық тайпалардың  тез тіл табысып, саяси-экономикалық және әлеуметтік-рухани байланыстарын  күшейтуге жол ашты. Тайпалық айырмашылықтар бірте-бірте жоғалып, халықтық  қасиеттер  молая түсті. Нәтижесінде экономикалық-мәдени тұтастықтар және тіл мен діндегі  ұқсастықтар кейіннен қазақ халқының қалыптасуына әкелді. Бұлардың тұрмыс-тіршілігіндегі идеологиясы күнделікті от басынан бастап, қоғам ішінде қолданылатын заң қағидалары ежелден келе жатқан «ата-баба жолы», «жол-жора» секілді жазылмаған заңдармен тікелей араласқан, әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен астарласқан афоризмді сөздерден, мақал-мәтелдерден тұрып, көпке түсінікті болды. Мысалы: «уәдеге опа ет», «бас кетсе де шын сөйле», «біреудің ала жібін аттама», «аманатқа қиянат жасама», «бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ», «иілген басты қылыш кеспейді», «алдыңа келсе атаң құны болса да кеш», «өлімнен ұят күшті»т.б.

Информация о работе Мұсылман құқығының қайнар көздері