Халықаралық гуманитарлық құқықтың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 17:59, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Халықаралық қылмыстылықпен күресудің теориялық жағынан зерттей келе, халықаралық қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттер ынтымастығының институттық механизмін анықтау.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:
- халықаралық қылмыстылықпен күресудің теориялық аспектілерін, оның ішінде:
- халықаралық қылмыстылықтың пайда болу тарихы, түсінігі;
- қылмыспен күрестің халықаралық-құқықтық негіздерінің пайда болу және даму тарихын;
- қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігін;
- қылмыстылықпен күрес саласындағы халықаралық ұйымдардың іс – әрекетін;
- қылмыспен күрес саласындағы аймақтық ұйымдардың қызметтерін;
- адам саудасы және халықаралық терроризм қылмыстарымен күресудегі мемлекеттер ынтымастығының институттық механизмдерін зерттеу.

Работа состоит из  1 файл

alina kursovoi.doc

— 252.50 Кб (Скачать документ)

в) ХҚҚ - қылмыстық  құқықтың бір бөлігі;

г) ХҚҚ - материалдық  және іс-жүргізу нормаларын қосатын  өзіндік, комплексті құқық саласы.

Қорыта айтқанда, халықаралық заң әдебиеттерін талдау нәтижесінде біз адамзат мойындаған ХҚҚ түсінігі және оның табиғаты жөнінде  біртұтас пікірдің жоқтығына көз жеткіздік. Реттеу пәнін алып қарасақ, оған қылмыстық, қылмыстық іс-жүргізу және қылмыстық іс-атқару құқықтары реттейтін қоғамдық қатынастар жатады екен. Осыған байланысты қазіргі кезде көптеген ғалымдар   ХҚҚ-ты   халықаралық құқықтың мемлекеттер арасында қылмыспен бірлесіп күресу мәселелерін реттейтін комплексті саласы деп санайды. Ал, ұлттық құқық жүйесінде олар жеке салалар болып табылады. Сондықтан, біздің ойымызша, халықаралық құқықта да аталған салалар жеке бөлініп шығып, халықаралық қылмыстық, халықаралық қылмыстық іс-жүргізу және халықаралық қылмыстық іс-атқару құқықтары деп аталуы қажет сияқты.

Ендеше, ХҚҚ  – мемлекеттердің және басқа халықаралық  құқық субъектілерінің халықаралық  шарттарда және   ұлттық заңнамаларда адамзат   қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әрекеттердің қылмыстығын және  жазаланушылығын орнататын нормалар мен қағидалар жүйесі және халықаралық құқықтың   өзіндік саласы.

 

 

    1. Халықаралық қылмыстардың топтастырылуы

 

Халықаралық-құқықтық әдебиеттерде халықаралық сипаттағы қылмыстардың түрлi атаулары кездесiп қалады:

  • халықаралық қылмыстық iстер;
  • конвенциялық қылмыстар, қылмыстық iстер,
  • халықаралық қылмыстар, трансұлттық қылмыстар.

Жоғарыда айтып өткенiмiздей, барлық халықаралық құқықбұзушылықтар  халықаралық қылмыстар мен халықаралық  сипаттағы қылмыстық iстерге бөлiнедi (кейде контексте синонимдер де кездеседi: халықаралық қылмыстық iстер).

Екінші дүниедүзілік соғыс біткеннен кейін, атап айтқанда, 1945 ж. 8 тамызда КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция үкіметтері Халықаралық Әскери Трибунал құрды. Трибуналдың құрылғандағы  мақсаты басты әскери қылмыскерлерді әділ және тез арада жазалау болатын. Халықаралық

Әскери Трибунал Жарғысының екінші бабына сәйкес, оның құрамы төрт мемлекеттің әрқайсысынан бір-бір мүше мен орынбасарларды тағайындау арқылы айқындалды. Халықаралық құқықта бірінші рет ХӘТ жарғысы жеке жауапкершілікке тартылатын қылмыстар жүйесін айқындап  берді:

  1. бейбітшілікке қарсы қылмыстар; атап айтқанда: жоспарлау, дайындау, халықаралық келісімдерді, шарттарды немесе пәтуаларды бұза отырып басқыншылық соғыс жүргізу немесе соғыс өртін тұтандыру не болмаса жоғарыда аталған кез келген әрекетті жүзеге асыруға бағытталған жалпы жоспарға немесе астыртын сөз байласуға қатысу;
  2. әскери қылмыстар, атап айтқанда, соғыс заңдарын немесе салт-дәстүрлерін бұзу. Оларға мыналар жатады: басып алынған аумақтың бейбіт тұрғындарын өлтіру, азаптау, құлдыққа немесе басқа мақсаттарға алып кету; теңіздегі әскери тұтқындарды немесе тұлғаларды өлтірунемесе азаптау; аманаттағы тұтқындарды өлтіру; қоғамдық немесе жекеменшік тонау; қалалар мен ауылдарды мән мағынасыз қирату; әскери қажеттілігі дәлелденбеген басқа да қылмыстар;
  3. адамзатқа қарсы қылмыстар: соғыс кезінде немесе соғыстың алдында бейбіт тұрғындарға қатысты жасалған кісі өлтіру, азаптау, езіп жаншу, жер аудару және өзге де қатігездіктер немесе саяси, нәсілдік немесе діни желеулерге байланысты қудалау, осы қылмыстар жасалған елдің ішкі құқықтарын бұзуға жататына жатпайтына қарамастан, Трибуналдың юрисдикциясына жататын кез келген қылмыстарды жүзеге асыру.

Мұндай қылмыстар бейбiтшiлiктi қамтамасыз ету, жеке тұлғаны қорғау және тұтастай алғандағы халықаралық қауымдастық мүдделерiнiң iргелi негiздерiн бұзады. Мұндай сипаттағы қылмыстардың субъектiлерi мемлекеттер мен олардың басшылары, жоғары лауазымды тұлғалар мен қылмыстық әрекеттердi орындаушылар болып табылады.

Әлемдiк тәжiрибеде жиi кездесетiн халықаралық сипаттағы  қылмыстық iстердiң кейбiрiн қарастырып көрейiк.

Халықаралық терроризм (лаңкестік). «Терроризм» және «террор» термині 1789 – 1794 жылдардағы Француз буржуазиялық революциясы кезінен бастап кеңінен қолданыла бастады. Сәл кейінірек, 1798 жылы Француз академиясының сөздігінде ол «үрей жүйесі» ретінде айқындалды. Ұлыбританияда біршама өзгеше: «қорқынышты басқару» деген маңызға ие.

Қазақстан саясаттану ғылымында терроризмді зерттеудегі үлгі болатын тіректі еңбектің бірі - Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты кітабы. Елбасы осы зерттеуінде Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орны мен маңызын айқындай отыра казіргі заман қауіптерін сарапқа салады. Еңбекте қазіргі планетарлық қауіпке айналып отырған терроризмнің шығу себептері, табиғаты мен салдарлары сарапталады .

Президент еңбегінде  берілген: «терроризм белгілі бір  мақсат -міндеттерді орындау жолында  зорлық көрсету идеологиясына негізделеді. Терроризм көзқарастар мен идеологиялардың  емес, іс-әрекеттің жүйесі. Сондықтан  ол өзі үшін жасалмайды. Ол өздігінен  әлеуетті, әлеуметтік күш емес. Бірақ та әрекет түрі ретінде оның ықпалы мен зәрулігі бар», - деген анықтамасын біз өз зерттеумізге үлгі ретінде қабылдадық[28, 232 б.].

Терроризмнің  себептері, қаржылану көздері, элементтері  мен әдіс-тәсілдері жаңарды. Билікке  таластан туатын, идеологиялық-танымдық, саяси терроризм орнына діни-экстремистік, ұлтшылдық, қылмыстық терроризм түрлерінің күшейгені анықталды.

Исламдық террористік  топтар дінді уағыздамайды. Олар үшін дін тек ұран үшін кажет. Көптеген сарапшылар Усама бен Ладеннің «Аль-Кайда» халықаралық террористік ұйымының нақты шындық екендігіне күдікпен қарайды. Мысалы, Түркияның барлау ұйымының бұрынғы басшысы Махир Кайнак «террористік әрекеттерді халықаралық террористік ұйымдар емес, жекелеген мемлекеттер тапсырмасымен олардың арнаулы ұйымдары айналысады»[29].-деген пікір айтады. Сондықтан, «ислам терроризмін» қоздыру белгілі бір күштерге әлем халықтарын ислам дініне қарсы қою үшін қажет болып отыр. Халықаралық жүйені қамтитын арнаулы кызметтер «Аль-Кайда» атымен терактілер ұйымдастырып исламмен күресуде, ал ислам дүниесін жақсы білетін әлемдік лидерлердің бірі Беназир Бухутто ислам экстремизмінің себептерін Таяу Шығыстағы саяси ахуалмен байланыстырады.

Кейбір     зерттеушілер     қазіргі     терроризмді     антропологиялықэтнографиялық деңгейде, мәдени-тарихи және діни контексте қарастыруды және бағалауды ұсынады. Террористік әрекеттерді үлкен топтардың мақсаттарына, кедейлік пен биліктің күресіне, Шығыс пен Батыстың глобализмнің қайшылықтарына, немесе өркениеттердің қайшылықтарына жекелеп тәуелді етуге болмайды. Тіптен кедейшілік пен қайшылылықтың жекелеген елдерде белең алуы терроризмге себеп бола алмайды. Ол үшін өшпенділік сезімін қоздыратын идеология қажет. «Сен кедейсің, сенің елің қаналуда, оған кінәлі байлыққа кенелген, басқаларды қанаудан миллиардтаған доллар тауып отырған Батыс пен АҚШ мемлекеттері деп уағыздау нақты терроризмді тудырады» дейді сарапшылар.

Терроризм тек  саяси күрес формасы ғана емес, қазіргі бизнестің көзі ретінде  де қарастырылады, дамыған мемлекеттер өздерінің кейбір қаржылық топтарының пайда табу мақсатында ислам террористерін дайындау бизнесін жолға қойғандығы туралы деректер бар. Мысалы, «Ислам халықаралық майданы» ұйымы өз жұмысын көп уақыт бойы Ұлыбританияның жерінде табыспен жүргізіп келген. Сондықтан террористік әрекеттерге ислам экстремистерімен бірге Батыс мемлекеттерінің құпия қызмет жасайтын арнаулы мекемелері де жауапты, алайда мұндай исламдық діни экстремизм құбылысына, тек исламдық діни экстремизмді ғана жауапты етуге болмайды, - деген пікірді бұл зерттеу дәлелдеуге ұмтылады.

АҚШ - тың Ұлттық қауіпсіздігі агенствосының директоры  Майкл Хайденнің айтуынша АҚШ-тың  арнаулы қызметтерінің 11 қыркүйектегі терактіні болдырмауға шамасының  келмеуі террористердің қазіргі  электрондық почтаны пайдалануына байланысты. Шынында қазіргі технологиялар террористерге өте күрлелі қару - жарақтармен, байланыстың құпия құралдарымен және шұғыл әрекеттерді қамтамасыз ететін жабдыктардың қандай түрімен болсын байланысын жасақтануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 140-қа жуық интернет сайттарында террористерге қарапайым жарылғыш заттарды дайындаудан бастап күрделі терактілік операциялар жүргізуге көмек беретін нұсқаулар бар.

Осындай өздерінің  саяси мақсатына жетудің ең жаңа түрлері мен қаруланып жасақталған  қазіргі терроризмді жүзеге асыру масштабтары мен географиясына қарай негізгі үш топқа бөлдік:

а) халықаралык  терроризм

б) ішкі саяси  терроризм

в) қылмыстық  терроризм

Ал оның табиғаты мен мазмұнына қарай бес типке бөлуді дұрыс санаймыз:

1) ұлтшылдық (националистік) терроризм.

2) діни терроризм.

3) мемлекет қолдауымен  болатын терроризм.

4) солшыл экстремистер  терроризмі.

5) анархистік  терроризм.

Адамзат тарихында  терроризм жүздеген, мыңдаған жылдар бойы орын алып келеді. XX ғасырда террордың  неше алуан түрлері орын алды. Өздерінің саяси мақсатына жетудің ең жаңа түрлері мен қаруланып жасақталған қазіргі терроризмді негізгі үш топқа бөлуге болады:

Біріншісі —  халықаралық терроризм. Оның мемлекеттік, немесе географиялық шекарасы жоқ. Бұндай топтар әлемнің кез-келген нүктесінде қызмет ете алады. Өздерінің өкілдерін, жақтастарын қажет деп тапқан мем-лекетке орналастырып терроршылдар кадрларын мүқият тексеруден өткізеді, психологиялық дайындықтар өткізуде террористік актілерді ұйымдастырудың бай әдіс - тәсілдерін меңгертеді. Оларға тіптен ұшақтарды бақылау жолдарын да оқуға мүмкіндік жасайды. Халықаралық терроризм өзінің курс әдістерінің құпиялығы мен жоспарлауының тиімділігімен терактілерінің алдына қойылған мақсаттарға жетуімен ерекшеленеді. Халықаралық терроризм әлемдік әділетсіздік тәртіптерге қарсы, АҚШ пен Батыс Еуропа мемлекеттерінің экономикалық, финанстық диктатына қарсы ұрандарды ұстанады. Батыстық жаңа неоколонистік және неоимпералистік саясатымен күресудеміз деп есептейді. Халықаралық терроризм өздерінің жасаған іс-әрекеттерін әлемдік әділетсіздік тәртібіне жауап деп есептейді. Британияның қорғаныс зерттеулерінің карольдік институтының төрағасы Майкл Александр айтқандай: "Бұл соғыс дүниелері мен дүниесі жоқтардың соғысы болмақ" саяси және экономикалық жағынан үтьшған топтар мен ұрпақтардың өзінің байлығын, дәстүрін және жағдайын қорғаған топтар соғысы. Үшінші дәреже "елдеріндегі қиыншылық пен тартыстардан туған терроризм тек таяу шығысты ғана емес, бүкіл әлемде кедейленген топтардың өзінің әділетсіз жағдайына қарсы белсенді көтерілістерге шығуынан туады".

Антиамерикандық терроризм әлемдік терроризмнің жаңа толқынының келуіне себеп болды. Террористік әрекеттер тіптен қауіпті бола түсуде. Дәстүрлі ұшақтарды, магазиндерді, театрларды басып алу әрекеттерінің орнына катастрофалар терроризмі келе жатыр. Оның әдеттегі электр жүйелерін, жылу жүйелерін күйрету, ірі жер мекендердегі ауыз су коздерін улау, компьютерлік жүйелерді талқандау, ядролық. психотрондық қарулар арналарын басып алып мемлекет пен халықты қорқыту арқылы шантаж жасау әдістері, тәсілдері молая түсті.

Ядролық лаңкестік – ядролық жарылғыш заттарды жару немесе онымен қорқыту, радиоактивті заттармен улау, ядролық нысандарды басып алу мақсатын көздейді. Қазір дүниенің 30 мемлекетінде 450-ге жуық ядролық объектілер, 100-деген ядролық реакторлар, он мыңдаған ядролық қарулар бар.

Хайджекин – ірі көлік құралдары: ұшақ, пойыз, автомобиль және кемелерді ұрлауды мақсат етеді. Бірінші әуе лаңкестік 1930 жылы жасалған. Лаңкестер тарапынан 1969 жылы  91 , 1972 жылы 59 жолаушы ұшақтарына шабуыл жасалған. Тіпті, 1971 жылы қыркүйек айында 4 ұшақ лаңкестер тарапынан қиратылды.

Гиперлаңкестік – арнайы хакер тәсілдері бойынша компьютер басқару жүйесін иеленіп алу, компьютер вирустары арқылы интернет жүйесін істен шығару көзделеді.

Биолаңкестік – вирус, ұнтақ сияқты бактериялық қоспаларды пайдалана отырып лаңкестік әрекет жасау.

Химиялық  лаңкестік – улаушы және тұншықтырушы газдарды лаңкестік мақсатқа пайдалану.

Ақпараттық  лаңкестік деп теракт жасауға  алып келетін мағлұматтарды БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) арқылы тарату, экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің өз техникалық мүмкіндіктерін басқаларға зиян тигізу үшін пайдалануды айтады. Мысалы, бір өтірік кейде, бүкіл дүниедегі мемлекеттерді қарама-қайшылыққа түсіреді, миллиондаған адамдардың санасын улайды, оларды жолдан тайдырады. Сол үшін БАҚ арқылы әсіресе, интернет жүйесі арқылы таралып жатқан теріс хабарлар әртүрлі жаман нәтиже беруі мүмкін. Мұндай зиянды хабарлардың «ақпарат лаңкестігі» делінуі ғажап емес. Бұл іс-әрекет саяси лаңкестіктің ажырамас бір бөлігіне  жатады.

Қазіргі кезде  ең көп таралған лаңкестік – дінді  бетперде еткен түрі. Олардың негізгі  мақсаттары – әртүрлі діни сенімдерді пайдалана отырып, адамдардың пікіріне әсер ету, билікті ұстап қалу, ұлтаралық соғыстар, талас-тартыстар ұйымдастыру, дінді саяси құрал ретінде пайдалану.

Лаңкестікке қарсы  күресудің мақсаты рухани және материалдық, экономикалық тұрғыдағы нысандарды залалсыздандыру. Сол үшін лаңкестіктің пайда болу тарихын, оның түрлері  мен алуан көріністерін, сондай-ақ қаупінің алдын алуды да  білген абзал.

Сонымен бірге  терроризмге қарсы күрес жөнінде  қолданылып жатқан шаралар жеткілікті емес, тек ұлттық деңгейде де, халықаралық  деңгейде де жүргізілетін келісімді  іс-қимыл қана осы құбылысқа қарсы күресте мемлекеттердің бірыңғай саясатын жасауды алдын ала айқындай алады.

Оның үстіне бүгінде терроризмге қарсы күрестің көп жағдайда бір-бірінен алшақ  екі стратегиясы қалыптасты.

Біріншісі, көп  тарапты негізде қабылданған, қауіпті  режимдерді, тіпті қарулы күрес жүргізіп жатқан және террористік акциялардан шімірікпейтін ұйымдарды да халықаралық құрылымдарға тартуға бағытталған жұмсақ, саяси жағы басым шешімдер және олар әлемдік аренадағы ұстанымда деструктивтік элементтерді бейтараптандырушы жаңа мотивациялар жүйесін қалыптастыруға күш-жігер жұмсау қажеттігінен туындайды.

Информация о работе Халықаралық гуманитарлық құқықтың