Соттагы окілдіктің өзекті мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 16:35, реферат

Описание

Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар мәмілелер жасағанда кейбір жағдайларда өздері тікелей қатыса алмай басқа бір тұлға арқылы мәміле жасау қажет болады. Осындай жағдайларды реттеу үшін азаматтық заңнамада өкілдік институты көрсетілген.

Содержание

Кіріспе
1.Соттағы өкілдікдіктің өзекті мәселелері.
2.Соттағы өкілдікдің белгілері.
3.Өкілдік ұғымы және белгілері.
4.Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар.
5.ҚР-ң іс жүргізудегі өкілдер институын жетілдіру.
6.Соттағы өкілдік.
7.Өкілдердің түрлері және пайда болуы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

СОТТАҒЫ ӨКІЛДІКТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ.doc

— 162.50 Кб (Скачать документ)

     Өкіл етуші ретінде іске қатысушылардың өтінуімен сот рұқсат еткен басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады (ҚР АІЖК-і 59-бабының 7-тармағы).

Заңды өкілдік ету - заңның тікелей көрсетілуіне негізделген өкілдік ету. ҚР АІЖК-нің 63-бабы бойынша сотта заңды өкілдік ету: әрекетке қабілетсіз (14 жасқа дейінгі, есі дұрыс емес), әрекет қабілетіне толық ие емес (14-18 жаста) немесе әрекетке ңабілеті шектеулі (маскүнемдіктен, нашақорлықтан) азаматтардың жеке және мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін ата-аналармен, асырап алушылармен, қамқоршылар немесе қорғаншылармен;

- хабар-ошарсыз кеткен деп белгіленген тәртіппен танылған азамат қатысуға тиісті іс бойынша - мүлкіне қамқорлықты жүзеге асыратын адаммен;

- қайтыс болған немесе қайтыс болды деп белгіленген тәртіппен жарияланған адамның мүрагері қатысуға тиісті іс бойынша, егер мұраны әлі ешкім қабылдамаса - мұралық мүлікті қорғау мен басқару үшін тағайындалған сақтаушы немесе қамқоршымен жүзеге асырылады.

     Сонымен заңды өкілдік ету туындау негізі үшін әртүрлі заңды фактілер қажет - туыстық, асырап алушылық, қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауы.

Заңды өкілдер істі сотта өздері жүргізеді немесе басқа өкілге тапсыра алады (ҚР АІЖК-і 63-бабының 4-бөлігі).

Құрылтай құжаттары бойынша өкілдік ету - төмен тұрған ұйымның арнайлы тапсырмасыз олардың мүдделерін қорғауға жоғары тұрған ұйымның өкілдік ету құқығы.

Қоғамдық өкілдік ету - өз мүшелерінің мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктердің өкілдік етуі.

Ресми өкілдік ету - тапсырма бойынша өкілдік ету, өз сипаты бойынша заңды өкілдік етуге жақын.

Үйымдардың ісін сотта оларға заңмен, өзге нормативтік-құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктердің шегінде іс-әрекет жасайтын олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотңа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді.

Заңды тұлғаның органы тиісті өкілеттік берілген басқа өкілдермен бірге іске қатыса алады.ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық заңы, Халықаралық шарттар. Мына азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары бар заңдарын (ҚР прокуратурасы туралы, ҚР ҚІЖК, ҚР еңбек туралы, ҚР Атқарушылық іс жүргізу туралы және т.б.) оқып танысу керек. Оған қоса соттың прецеденттер және әдет-ғұрыптарды да жатқызамыз.

    Азаматтық іс жүргізу заңының мерзімдегі және кеңістікте қолданылуы. Заң белгілі бір мерзімде күшіне енеді және оның күші бір мерзімде тоқтатылуы немесе жойылуы мүмкін. Жалпы ережеге сәйкес ҚР-ның заңдары баспасөзде жарияланғаннан кейін, егер олардың өздерінде күшіне ену мерзімі көрсетілмесе, 10 күннен кейін ресми түрде күшіне енеді. Ал заңда көрсетілсе, ол қабылданған мерзімінен бастап күшіне енеді. Мысалы, ҚР АІЖК-сі 1999 жылғы 13 шілдеде қабылданды, ал бұл кодекс заң күшіне 1999 жылғы 1 шілдеде енді. Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске қатысушыларда бар құқықтардың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін азаматтық іс жүргізу заңының кері күші болмайды (ҚР АІЖК-і 4-бабының 2-бөлігі).

              

 

 

 

 

 

 

 

             Қорытынды

Жалпы ереже бойынша, азаматтық құқық субъектілерінің басқа тұлғалардың өкілдіктің жәрдеміне жүгінбей-ақ  мүліктік айналымға өз бетінше қатысу мүмкіндігі болады. Солай болса да, азаматтық акйналымда өкілдік институты кеңінен қолданылады. Атап айтқанда, мысалы, заңға байланысты, тікелей қатысуына әрекет қабілеттігінің  жоқтығы немесе өзге де өмірлік нақты мән-жайларға байланысты өкілдік беруші адам өзінің құқықтыары мен міндеттерін жүзеге асыра алмайтын жағдайларда, науқастығына, жұмыс бастылығына және т.с.с. байланысты өзі қатыса алмайтын жағдайларды өкілдіктің  қажеттігі туады. Өкілдіктің арнайы білімін, біліктілігін немесе тәжірибесін пайдалану үшін өкілдердің қызметіне жүгінетін бірқатар жағдайлар бар (мысалы, бағалы қағаздар рыногында  мәмілелер жасауда өкілдік ету және т.с.с.). Азаматтық құқықта бір адамның екінші бір адамның атынан жасаған мәмілелері және басқа да заңдық маңызы  бар  әрекеттері (мысалы, сотқа талап-арыз беру немесе сот отырысына қатысу) тікелей екінші адам үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын құқықтық қатынастар  өкілдік деп аталады.Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары дегеніміз - азаматтық іс жүргізу әрекеттер тәртібін реттейтін жалпы және деректі ережелер, нормативтік-құқықтық актілер. Азаматтық істерді жүргізу заңдары - азаматтық, отбасылық, еңбектік-құқықтық қатынастардан туатын даулар жөніндегі істерді, әкімшілік-құқықтық қатынастардан туатын істерді  және ерекше сипаттағы істерді қарау тәртібін белгілейді. ҚР АІЖК-сі және басқа заңдар кіреді

    

   Қолданған әдебиеттер тізімі

 

      Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл.

 

      Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (1994 ж. 27 желтоқсандағы № 269-XIII) (Жалпы бөлім) (2005.08.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

      ҚР-ң Азаматтық кодексіне түсіндірме.

 

      Азаматтық құқық. Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г., Оқулық.

                  1 том.Алматы 2003ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Соттагы окілдіктің өзекті мәселелері