Соттагы окілдіктің өзекті мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 16:35, реферат

Описание

Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар мәмілелер жасағанда кейбір жағдайларда өздері тікелей қатыса алмай басқа бір тұлға арқылы мәміле жасау қажет болады. Осындай жағдайларды реттеу үшін азаматтық заңнамада өкілдік институты көрсетілген.

Содержание

Кіріспе
1.Соттағы өкілдікдіктің өзекті мәселелері.
2.Соттағы өкілдікдің белгілері.
3.Өкілдік ұғымы және белгілері.
4.Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар.
5.ҚР-ң іс жүргізудегі өкілдер институын жетілдіру.
6.Соттағы өкілдік.
7.Өкілдердің түрлері және пайда болуы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

СОТТАҒЫ ӨКІЛДІКТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ.doc

— 162.50 Кб (Скачать документ)

   ҚР Конституциясының 17-бабына сәйкес адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық жөнінде міндет бекітілген. Адамды қинауға, оған күш қолдануға, басқа да қатал не адамның қадір-қасиетін қорлайтын қатынас пен жазаға тыйым салынады.

Әрбір адамның жеке басының бағасын, оның адамгершілік принциптері мен соған қатысты әрекеттеріне негізделген ой жүйесін мойындауды аңғартады. Адам адамгершілік құндылықтар мен ойшылдық қасиеттерінің иесі ретінде танылады. Адамның қадір-қасиеті оның қоғамдағы орнына, атағына, тұрмыс қалпына, кәсіпқойлығына және басқа жағдайларға байланысты. Әрбір адам сый-құрмет пен мойындауға және дербес ой мен әрекет құқығына лайық   Осылай, азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды, егер ондай мағлұматтарды таратушы адам олардың шындыққа сай екендігін дәлелдей алмаса, сот арқылы теріске шығаруды талап етуге құқылы (ҚР АК-сі (Жалпы бөлімі) 143-баптың 1-бөлігі). Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар таратылған болса, олар мұндай мағлұматтарды теріске шығарумен бірге олардың таратылуымен өздеріне келтірілген залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы (ҚР АК-сі (Жалпы бөлімі) 143-баптың 6-бөлігі).  Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды таратушыны анықтау мүмкін болмаса, өзі жөнінде осындай мағлұматтар тараған адам таратылған мағлұматтарды шындыққа сай келмейді деп тану туралы сотқа жүгінуге құқылы (ҚР АК-сі (Жалпы бөлімі) 143-баптың 7-бөлігі). ҚР АІЖК-нің 9-бабына сәйкес азаматтың іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтың процеске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге тыйым салынады.

     Азаматтық сот ісін жүргізу барысында адамдардың банктегі салымдарын және басқа мүлікті пайдалануға тыйым салу, сондай-ақ оны алып қою ҚР АІЖК-де көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша жүргізілуі мүмкін. Мысалы, азаматтық процесте талап қоюшының өтініші бойынша талап қоюды қамтамасыз етуге сот жауапкерге тиісті және онда немесе басқа адамдарда болатын мүлікке тыйым салуы (банктің корреспонденттік шотындағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) мүмкін, егер мұндай шараны қабылдамау сот шешімін орындауды қиындатса немесе оның орындалуын мүмкін етпесе (ҚР АІЖК-нің 158-бабы және 159-бабы 1-бөлігінің1тармақшасы).Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейтін болса, онда сот (судья) ол іс бойынша өндірісті тоқтата тұрып, Қазақстан Республикасының Конституциялың кеңесіне аталмыш құқықтық актіні (толығымен не жартылай оның бір тарауын, жеке нормаларын) конституциялық еместігі жөнінде жүгінеді (ҚР Конституциясының 78-бабы).

     Судьялар мен соттар азаматтық істерді өздеріне сырттан ықпал ету болмайтын жағдайларда шешеді. Ешкімнің соттың сот төрелігін атқару жөніндегі қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауаптылыңқа әкеп соғады.Әрбір судья сот билігінің тәуелсіздігі мен абыройын құрметтеуге және өзінің қызметінде лауазымына дақ түсіретін кез келген әрекеттерден аулақ болуға тиіс. Судья сот билігін сыйлаудың және оның мәртебесін көтерудің нышаны болуға тиіс.[4]

 

 

                             6.Соттағы өкілдік.

Өкілдік - басқа адамның (өкілдік берушінің) атымен бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Өкілеттік өкілдің әрекет жасаған жағдайынан да көрінуі мүмкін. Өкіл жасаған мәміле бойынша тікелей өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады. Әрекет қабілеттілігі жоқ адамдардың атынан мәмілелерді олардың заңды өкілдері мен қорғаншылары жасайды (ата-анасы, асырап алушылар).

Сотта өкілдік ету дегеніміз - басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан бір тұлғамен процессуалдық іс-әрекеттер жасау.

Сотта өкілдік ету - басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан (өкілдік берушінің) өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын бір тұлға (сот өкіл етуші), оның себебіне өкілдік берушінің сәйкесті құқықтар мен міндеттер туындайды.

Сотта аталған процессуалдың іс-әрекеттер жасайтын тұлғаны сотта өкіл етуші деп атайды. Сотта басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан өкілдік етуге өкілдің құқығын куәландыратын құжаттар ұсынуы негіз болып табылады.

Сотта өкіл етуші - өкілдік берушінің мүддесіне және оның атынан өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын әрекет қабілеттігі бар тұлға. Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне не әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше рәсімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады.

    Сотта өкілдік ету процессуалдық заңмен барлық азаматтық істер бойынша соттарда және азаматтық процестің барлың сатыларында болады.

Сот шешімін (үкім және қаулы) орындау кезеңі. Бұл кезеңнін мақсаты мен міндеті - сот үкімін орындауға қатысты болып табылады. Үкімді орындау барысында заңда көрсетілген бірқатар іс жүргізу әрекеттерін қолдануға мүмкіндігі туындап жатады.

- туған-туыстарын сот үкімінің мазмұнымен таныстыру және оларды сотталушымен жолықтыру;

- сотталушының сырқатына, жүкті болуына байланысты немесе кәмелетке толмаған баласы болуына байланысты сот үкімін орындауды кейінге қалдыру.

Бұл кезеңнін субъектілері мыналар:

- сот төрағасы, прокурор, сотталушы, қылмыстық-атқарушы мекеме әкімшілігі, дәрігерлік комиссия, әскери бөлім тобы, т.б.

Қадағалау ретінде іс жүргізу кезеңі - бұл заңды күшіне енген сот шешімін қайта қарау ісі жөніндегі қылмыстық процестің ерекше кезеңі.

Бұл кезеңде прокурор мен сот төрағасы заңсыз және негізсіз деп танылған сот үкімі мен сот қаулысының заң күшіне енуі туралы шағымдарды, арыздарды қарастырады. Заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларға қарсы қадағалау инстанциясына сәйкес апелляциялық шағым беруге құқығы бар процестің қатысушылары наразылық білдіріп, шағымдана алады. Наразылықты қабылдауға мыналар құқылы: облыстық және оған теңестірілген сот төрелігінің қадағалау коллегиясындағы Қазақстан Республикасы Бас прокуроры, сондай-ақ қадағалау коллегия-сындағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары, облыс прокурорлары және оларға тең келетін қадағалау коллегиясындағы прокурорлар.

     Қадағалау ретінде іс жүргізу кезеңінің субъектілері: Қазақ¬стан Республикасының Жоғарғы Сот төрағасы, облыстық сот төрағалары мен оларға тең келетін сот төрағалары, Жоғарғы Соттың қадағалау коллегиясындағы сот төрағалары және облыстық соттың қадағалау коллегиясы, баяндаушы судья; ҚР Бас прокуроры және олардың орынбасарлары, облыс прокурорлары мен оларға тең дәрежелі прокурорлар; сотталушы, ақталушы, қорғаушы, жәбірленуші, және оның өкілдері, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері.

Шағымдар мен қарсы наразылықтар бойынша қылмыстық істерді жоғарыда аталған соттар мен осы іске қатысты прокуратуралар қарастырады. Олар үкім мен қаулыны өзгертуге не¬месе жоюға қатысты негіздеме тапқан жағдайда қадағалау тәртібімен наразылық білдіруі қажет. Қадағалау ретінде іс жүргізу кезеңінде мынадай міндеттер шешіледі: бірінші сатыдағы сот үкімі мен сот қаулысының негізділігі мен заңдылығын тексеру, заңды күшіне енген апелляциялық және қадағалау ісінен кейінгі қаулылардың негізділігі мен заңдылығын тексеру. Сот қателіктері деп мыналарды тануға болады: кінәсіз адамды соттау; кінәліні ақтау; орта, ауыр және ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпталушы тұлғаның ісін токтату; соттаалушының өзін-өзі қорғау құқығынан айыру

     Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты - бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу (процесс) соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды.     Азаматтық іс жүргізудің нысанына тән белгілер:

а) сот істерін қарау және шешу тәртібі алдын-ала азаматтық іс жүргізу құқықтық нормаларымен белгіленген;

б) істің аяқталуына мүдделі тұлғалардың сот мәжілісінде іс қарауына қатысуға құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алады;

в) сот шешімі іс бойынша сот отырысында дәлелдемелер арқылы анықталған деректерге сүйенуі қажет және ол заңға сәйкес болуы керек.

ҚР АІЖК-сі соттың қарауына жататын барлық азаматтық істерді төрт түрге бөледі:

1) бұйрық бойынша іс жүргізу істері;

2) талап қоюмен іс жүргізу істері;

3) ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері;

4) ерекше іс жүргізу істері.

     Судья қойылған талаптарды анықтайды, тараптарға және үшінші тұлғаларға қажетті дәлелдемелер жинауға жәрдемдеседі. Егер қаралатын іс бойынша ңажет болса процеске мүдделі тұлғалар, сарапшыларды, аудармашыны, куәларды және т.б. қатыстыру мәселесін шешеді. Судья іс жеткілікті әзірленген деп тапса, оны сот мәжілісінде қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады.

     Заң күшіне еңбеген сот шешімдері мен ұйғарымдарына апелляциялық шағым беру және наразылық келтіру арқылы қайта қарау сатысы (апелляциялық өндіріс). Бұл сатыда соттың шығарған шешімімен не ұйғары-мымен тараптар, үшінші тұлғалар келіспесе, олар осы істі қараған соттан келесі жоғары тұрған сотқа шешім шығарған күннен бастап 15 күн мерзім ішінде апелляциялық шағым бере алады, ал прокурор өзінің наразылығын келтіре алады. Сондай-ақ, олардың келесі сотқа осы іске байланысты қосымша дәлелдемелерін ұсынуға құқықтары бар. Осы саты бойынша істі қараған сот (алқа, 3 судьядан кем болмау керек) соттық қаулы шығарады.

Сот актілерін орындау сатысы. Бұл сатыда соттың заң күшіне енген актісі (шешімі, ұйғарымы, қаулысы) борышкердің өз еркімен немесе сот орындаушының мәжбүрлеу шарасын қолдануымен орындалады (жалпы мерзімі 2 ай).

      Заң күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау сатысы. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша бұл ерекше саты деп аталады. Шешімдерді жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға мыналар негіз болады .

-іс үшін елеулі маңызы бар, арыз берушіге белгілі болуы мүмкін емес мән-жайлар;

-заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, заңсыз немесе дәлелсіз шешім шығаруға негіз болған куәнің біле тұра берген жалған жауабы, сарапшылардың біле тұра жасаған жалған қорытындысы, аудармашының біле тұра теріс жасаған аудармасы, құжаттардың немесе айғақтық заттардың жалғандығы;

-заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың немесе олардың өкілдерінің қылмыстық әрекеттері не болмаса судьялардың осы істі қараған кезде жасаған қылмыстық әрекеттері;

-сот шешімін шығаруға негіз болған басқа органның қаулысының бұзылуы.

      Шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы осы шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығарған сотқа арыз береді. Олар: іске қатысқан адамдар немесе прокурор. Мұндай арызды іске қатысушы адамдар қайта қарау үшін негіз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап үш ай ішінде бере алады. Бұл саты бойынша қайта қарау негіздері ҚР АІЖК-нің 404-бабында көрсетілген.

     Азаматтық іс жүргізу құқығы - азаматтық істерді қарап, шешім шығарып және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттың құқықтың бір саласы. Ол сот органдарының сот ісін жүргізудегі қызметін, судьялардың қызметін, іс жүргізуге барлық басқа да қатысушылардың қызметіне байланысты туатын қатынастарды реттейді. Азаматтық істер жүргізу тәртібімен ұлттық құқықтың кейбір басқа да салаларынан (еңбектік және т.б.) туып отыратын даулар қаралып, шешіледі. Азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларын бұлжытпай сақтап отыру бұл істерді қарап шешетін сот органдарына әрбір істің ақиқатына жетуге кепілдік береді, демек мұның өзі сайып келгенде, жеке адамның құқығын, қоғамның мүддесін, мемлекеттің игілігін пәрменді де жан-жақты қорғауға мүмкіндік береді.

   Сот төрелегін жүзеге асыруда қоғамның қатынастарды реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығы құқық жүйесінде дербес құқық саласы болып саналады. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық іс жүргізу болып табылады. Азаматтық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізудің пәндерін бір-бірінен ажырата білу керек. Олардың ұғымдарын айта кету керек.Азаматтық сотта іс қарау саласында құқықтың реттеу әдістері: императивтік және диспозитивтік болып бөлінеді.

     Процессуалдық құқықтық кепілдіктер. Азаматтық процессуалдық нормалардың жүйеленуі: реттеуші, дефинитивтік, жалпы, арнайы, ерекше, императивтік, диспозитивтік, құқық беруші, міндеттеуші, рұқсат етпеу нормалары. Азаматтық іс жүргізу құқықтық нормалардың құрылымы: гипотезалар (бір жақты, екі жақты, белгіленген, белгіленбеген және т.б.), диспозициялар (жай, сипаттамалы, сілтемелі, бланкеттік), санкциялардың түрлері.

 

 

           7.Өкілдердің түрлері және пайда болуы.

  Сотта өкілдік туындау негіздеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

-              шартты;

-              заңды;

-              жарғысы бойынша;

-              қоғамдық;

-              ресми.

Шартты өкілдік ету - еңбек шартына немесе тапсырма шартына негізделген өкілдік ету. Мұнда өкілдік беруші (тарап, үшінші тұлға) басқа тұлғаға (өкіл етушіге) сотта оның ісін жүргізуін тапсырады. Азаматтық процесс бойынша тарап немесе үшінші тұлға ретінде қатысатын азаматтық іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды (ҚР АІЖК-і 58-бабының 1-бөлігі). Сонымен қатар істің мән-жайлары бойынша қажет болса, сот тараптардың сот отырысына қатысуын міндетті деп тани алады (ҚР АІЖК-і 187-бабының 5-бөлігі).

Информация о работе Соттагы окілдіктің өзекті мәселелері