Ерекше талап қоюмен іс жүргізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2012 в 09:45, дипломная работа

Описание

Талап қою мерзімі дегеніміз субъективтік құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтірілген субъектілердің оларды қалпына келтіру туралы талабының қанағаттандырылуы мүмкін болатын заңда көрсетілген уақыт кезені. Анықтамадан көріп отырғанымыздай, талап қою мерзімі құқығы бұзылған тұлғаның мүддесін қорғау үшін белгіленеді. Сондықтан да талап қою қағидасын екі мағынада түсінгеніміз жөн болар.

Содержание

Кіріспе
I тарау. Құқықтағы мерзімдер ұғымы.
1.1 Талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі
1.2 Іс жүргізі мерзімдерін есептеу тәртібі.
ІІ Тарау Қылмыстық процестердегі мерзім.
2.1 Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру тәртібі.
2.2 Қылмыстық процесте мерзімді өткізіп алудың іс жүргізушілік-құқықтық салдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Тақырыбы.docx

— 130.83 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I тарау. Талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі.

 

Талап қою мерзімі  дегеніміз субъективтік құқықтарына  немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтірілген субъектілердің оларды қалпына келтіру туралы талабының қанағаттандырылуы мүмкін болатын заңда көрсетілген уақыт кезені. Анықтамадан көріп отырғанымыздай, талап қою мерзімі құқығы бұзылған тұлғаның мүддесін қорғау үшін белгіленеді. Сондықтан да талап қою қағидасын екі мағынада түсінгеніміз жөн болар. Талап мерзімі азаматгық құқықтық категория ретінде, ал екінші ұғым іс жүргізу құқығының негізінде анықталатын қағида, яғни құқығы бұзылған тұлғаның сотқа талап қою құқығы. Заңның мағынасынан көрініп отырғандай, талап қою мерзімінің өтіп кетуіне қарамастан, сот құқығы бұзылған субъектіні құқығын қорғау туралы талабын қабылдауға міндетті (Азаматтық Кодекстің 179-бабы).

Талап қою мерзімі  институты азаматтық құқық қатынастарының қатысушыларына өз міндеттерін дер кезінде орындауға ықпал жасайды.

Өкілетті тұлға  өз міндеттемесін дұрыс атқармайтын  борышқорды бақылау үшін өз мүмкіндігін күшейтуге ықпал жасайды.

Талап қою мерзімдері және оларды есептеу тәртібі заңмен көзделеді және олардьг тараптардың келісуімен өзгертуге болмайды.

Тараптар өздерінің  келісімдері бойынша талап қою  мерзімін қыскартуға немесе ұзартуға мүмкіншіліктері жоқ, өйткені талап қою мерзімінің ережелері занда көрсетілген  яғни бұл нормалар императивтік мағынада анықталған.

Талап мерзімінің ағымы. Талап қоюдын жалпы мерзімі азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілік құрамына қарамастан үш жыл көлемінде белгіленген. Сонымен қатар, міндеттеменің жекелеген түрлері үшін заң құжаттарында талап қоюдың жалпы мерзімімен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзімдері де белгіленуі мүмкін. Мәселен, АК-тің 216-шы бабында көрсетілгендей, үлесті сатып алулын басым құқығы бұзылған жағдайда, талап қою мерзімі үш ай шенберіңде анықталған.

Талап қою мерзімінің уақыты және оны реттеу тәртібі заңмен белгіленеді. Талап қою мерзімін реттейтін нормалар міндетті сипатқа ие болғандықтан, бұлар тараптардын өзара келісімімен өзгертілмейді.

Талап қою мерзімін дұрыс пайдалану үшін оның бастапқы кезенің анықтауымыз қажет. Азаматтық Кодекстін 180-ші бабында толық қамтылғандай, талап қою мерзімінің өтуі адам құқық бұзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады. Орындалу мерзімі анықталған міндеттемелер бойьшша талап қою мерзімі олардын орындалу мерзімі аяқталғаннан кейін басталады. Орындалу мерзімі белгіленбеген не талап ету кезімен белгіленген міндеттемелер бойынша талап қою мерзімінің ағымы міндеттемені орындау үшін женілдік мерзімі берілсе, онда талап мерзімін есептеу аталған мерзім аяқталғаннан кейін басталады.

Міндеттемедегі тұлғалардың өзгеруі заңда нақты көрсетілгендей талап қою мерзімі мен онын есептеу тәртібін өзгертуге жол бермейді.

Заңда анықталған ережелер бойынша талап қою мерзімінің ағымы тоқтаталуы, үзілуі және қалпына келтірілуі де мүмкін.

Талап қою мерзімінің тоқтатылуы — талап қоюға кедергі келтіретін жағдайлардың салдарынан есепке алынбайтын уақыт. Мерзімді тоқтата тұруға әкеліп соқтырған мән-жайлар жойылған күннен бастап, талап қою мерзімінің ағымы одан әрі жалғасады. Бұл орайда мерзімнің  қалған бөлігі алты айға дейін, ал егер талап қою мерзімі алты айдан аспаса — талап мерзіміне дейін ұзартылады.

Талап қою мерзімі заңмен белгіленген мына темендегі жағдайлар бойынша тоқтатылады:

1) егер де талап қоюға осы жағдайдағы төтенше және тойтаруға болмайтын оқиға (бой бермейтін күш) кедергі жасаған болса, мысалы, жер сілкіну, топан су, сел ағыны немесе басқадай табиғи апаттар;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің белгіленуімен міндеттемені орындау кейінге қалдырылса (мораторий);

3) егер де талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына көшірілген әскери бөлімшелер құрамында болса;

4) егер де әрекет қабілеттілігі жоқ адамның заңды өкілі болмаса;

5) егер де тиісті қатынасты реттейтін заңдардың қолданылуы тоқтатылса.

Азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша талап қою мерзімінің ағымы азаматтың зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы тиісті органға жолдануына байланысты зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындалғанға не оларды тағайындаудан бас тартылғанға дейін тоқтатыла тұрады. Жоғарыда керсетілген негіздерден басқа мән-жайлар талап қою мерзімінің тоқтатылуына әкеліп соқтырмайды, яғни Азаматтық Кодекстің 182-ші бабына кеңейтілген мағынада түсініктеме беруге болмайды.

Талап қою мерзімінің өтуіндегі үзілісті тоқтату мерзімінен айыра білу керек.

Талап қою мерзімнің өтуі белгіленген тәртіппен талап қою, сондай-ақ міндеткер адамның борышты немесе өзге міңдеттерді мойындағандығын дәлелдейтін әрекеттер жасауы арқылы үзіледі. Үзілістен кейін талап қою мерзімінің өтуі қайтадан басталады, үзіліске дейін өткен уақыт жаңа мерзімге есептелмейді. Басқа сөзбен айтқанда, жаңа мерзім пайда болады.

Талап қою мерзімін қалпына келтіру тек ерекше жағдайларда, яғни талапкердің жеке басына байланысты мән-жайлар (мәселен: ауыр науқас, дәрменсіз халде болу, сауатсыздық және т. б.) бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген дәлелді себептер болған жағдайда соттың ғана талап қою мерзімін қалпына келтіру мүмкіншілігі бар. Көрсетілген негіздер осы қатармен ғана аяқталып қоймайды, оның шеңберін кен түсінгеніміз жөн болар.

Талап қою мерзімі азамаптық құқық объектілерінін барлығына бірдей қолданыла бермейді. Азаматтық зандарымызда аталып көрсетілгендей (Азаматтық Кодекстің 187-ші бабы) талап қою мерзімі кейбір талаптарға мүлдем қолданылмайды.. Мысалы: заңда көзделгеннен басқа реттерді есепке алмағанда, мүліктік емес жеке құқықтарға, салымшылыардың банкіге салған салымдарды беру туралы талаптарға және т. б.

Мұндай талаптар мерзім уақытына қарамастан, әруақытта да қорғалуға жатады. Ол сондай-ақ азаматтын өміріне немесе денсаулығына келтірілген заңды өндіріп алу талаптарына да қолданылмайды. Алайда, талап қою мерзімі өтіп кеткеннен кейін қойылған талаптар алғашқы талап қойылған кезден үш жылдан аспайтын уақыт ішінде қанағаттандырылуы қажетІс жүргізу мерзімдерінің мәніне терең түсінік берген А. П. Гуляев, ол былай деп жазады: "Іс жүргізу мерзімдері... кепілдіктер жүйесінің бір бөлігін құрады. Олардың ерекшелігі қылмыстык іс жүргізу қызметін белгілі бір уақыт аралығын белгілеу жолымен регламенттеу әдісінің өзгешелігінде, сол уақыт аралығында тисті іс жүргізу әрекеттерінің орындалуына жол беріледі. Мерзімдерді есептеудің тәртібі және өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы жалпы ережелер бар заң нормалары іс жүргізу мерзімдерінің нақ осы ерекшелігімен байланысты...

Жоғарыда баяндалған ережелер қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленген мерзімдерді қандай да болсын іс жүргізу әрекеттерін орындау уақытын шектейтін іс жүргізушілік кепілдіктерінің бір түрі деп белгілеуге негіз береді. Бұл айқындама М. М. Выдряның пікірімен үйлеседі, ол іс жүргізушілік кепілдіктерінің жалпы саяси маңызын бағалай келіп, былай деп жазды: "Жалпы мемлекетгік тұрғыдан алғанда іс жүргізушілік кепілдіктерін сот төрелігінің қалыпты жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құралдар жүйесі деп санауға болады".

Қолданылып жүрген қылмыстық іс жүргізу заңына жасалған талдау іс жүргізу мерзімдері туралы жалпы норма жоқ екенін дәлелдейді. Сонымен бірге КІЖК-те мерзімдерді есептеу туралы (54-бап), өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы (45,56-баптар), іс жүргізу мерзімдерін сақтау туралы(55-бап), іс жүргізу мерзімдерің өткізіп алудың құқықтық зардаптары туралы (56-бап), қамауға алудың мерзімдері мен оларды ұзартудың тәртібі туралы (153-бап), алдын ала тергеу мерзімі туралы (196-бап), үкімге щағымдану мерзімдері туралы (399-бап) және т.б. дербес нормалар бар. КІЖК-тегі жүзге жуық нормада қылмыстық процесте уакытты регламенттеудің жекелеген элементтері бар. Жалпы мен жалқының осындай арақатынасы жағдайында мерзімдер мәні, орны және манызды мәселелерінің және оларды бұзудың кұқықтық зардаптарының қате түсіндірілуі мүмкін. Соңғысы зандылыкты сақтау тұрғысынан ерекше маңызды. Мәселен, сотталушы кассациялық шағымды берілген он тәуліктік мерзімді бұза отырып жасаған жағдайда оның заңдық күші болмайды және бірінші сатыдағы сот шығарған үкімнің күшін жою және оны өзгерту үтпін тіпті нақты негіздер бар болған жағдайдын өзінде, іс жүргізушілік-құқықтық нәтижелер бермейді. Нақ сондықтан іс жүргізушілік мерзімдерді кепілдіктер түріне жатқызу оларға қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесін қамтамасыз ету тұрғысынан мүлдем ерекше мән береді. Іс жүргізушілік мерзімдерінің қос ұдайылық табиғатына назар аударған Ю- А. Костанов пек В. В. Назаровтың пікірі осы көзқарас тұрғысынан маңызды. Атап айтқанда, олар былай деп жазды: "Занда қандай да болсын іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру немесе іс жүргізу шешімдерін қабылдау мерзімдерін, сот ісін жүргізудің жекелеген сатыларының мерзімдерін керсету, бір жағынан, іс бойынша іс жүргізілуін тездетудің құралы болып табылады, ал екінші жағынан, процеске қатысушьшар құқықтарына кепілдіктер береді, өйткені, біріншіден, іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының, сондай-ақ жалпы іс бойынша іс жүргізудің мерзімін шектейді, екінші жағынан, жекелеген іс жүргізушілік құжаттарымен (айыптау қорытындысымен, үкіммен, сот отырысының хаттамасымен) танысу үшін қатысушыларға берілуге тиіс уақыттың ең темен шегін белгілейді.

Келтірілген қолданбалы жай-жапсарлармен қатар іс жүргізу мерзімдерінің жалпы мақсатын белгілеудің маңызы зор. Іс жүргізу мерзімдері — заңды уақытта қолдану нысандарының іс жүргізу міндеттерін реттелетін құқық қатынастарының кеңістікке ғана емес, сондай-ақ уақытқа қатысты мерзімімен өзара байланыста шешуге бағытталған бір түрі.

Егер жалпы алғанда біртұтас заң ретінде ҚІЖК қолданылуы ол қабылданған және күшіне енген уақыттан заң тәртібімен күші жойылғанға дейін белгіленетін болса, оның жекелеген ережелері нақты нормалардын қолданыуын өз күшін жоймаған жалпы Кодекс шегінде белгілеген. КІЖК қолданылатын уақыт — уақыт категориясының жалпы бағыты, оның жекелеген ережелері қолданылатын уақыт — сол категорияның жеке, қолданбалы көрінісі.

Сонымен, занда  іс жүргізу мерзіндерін белгілеудін салалық максаты—қандайда болсын іс-әрекеттің дер кезінде орындалуын қамтамасыз ету. Мысалы, ҚІЖК-тің ІІІ-бабында прокурордың, тергеушінің, анықтау органынын жасалған немесе әзірленіп жатқан кез келген қылмыс туралы арызды немесе хабарды қабылдауға және солар бойынша шешімдер қабылдауға міндетті екені көзделген. Заң осы бөлігінде қылмыс туралы әрбір хабарды және арызды тиісті органның (өкілетті адамның) қарауын қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Одан соң 184-бапта арыздар мен хабарлар қаралуға жәңе шешімдер қабылдануға тиісті шекті мерзім белгіленген. Бұл жердегі мақсат — қылмыстылар туралы арыздар мен хабарлардың дер кезінде қаралуын қамтамасыз ету.

Іс жүргізу  мерзімдерінің негізгі маңызы мынада:

— олар: а) процеске катысушылардың заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын; ә) сот ісінің тез жүргізілуін; б) пәрменді прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру шарттарын қамтамасыз ететін іс жүргізушілік ерекше кепілдіктер береді;

Информация о работе Ерекше талап қоюмен іс жүргізу