Азаматтық іс жүргізудегі соттық дәлелдемелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 19:39, курсовая работа

Описание

Қазіргі таңда көптеген азаматтық істер бойынша фактілік мән жайларды дәлелдейтін дәлелдемелерді дұрыс зерттемеу барысында, көптеген материалдық және процессуалдық құқық қағидалары бұзылуда. Соның барысында, мұндай істер бойынша шығарылған мәлімдердің күші жойылуда.
Дәлелдеме түсінігі дәлелдеме теориясында және дәлелдеме құқығында негізгі орын алады. Соттық қараудың көп көлемі дәлелдеу қызметіне беріледі. Соған байланысты, дәлелдемелер бойынша сұрақтар қарау және оны тәжірибеде азаматтық іс-жүргізуде оны пайдалануда ерекше маңызға ие болады.

Содержание

КІРІСПЕ
I ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ.
§1. Дәлелдемелер түсінігі............................................................................6
§2. Дәлелдемелердің қатыстылығы...........................................................10
§3. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету......................................................... 13
II ТАРАУ. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ.
§1. Дәлелдеу құралдары..............................................................................15
§2. Тараптардың және үшінші жақтардың түсініктемелері....................17
§3. Куәнің айғақтары...................................................................................18
§4. Жазбаша дәлелдемелер.........................................................................19
§5. Сарапшылардың қорытындысы...........................................................22
§6. Заттық дәлелдемелер.............................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................

Работа состоит из  1 файл

АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ курсхааа.doc

— 233.00 Кб (Скачать документ)

    Теориядағы  даулы  мәселе   бұл   "арнаулы  білім"   терминінің ашылып көрсетілмеуі. Осы себептен заң бойынша бұл арнаулы білімде қаншалықты көлемде қолдану мәселесі да жауапсыз қалып отыр. Бірақ А.А.Эйсмонның атауы бойынша арнаулы білімді қажет ететін жағдайлар бұл тар текті мамандарды қажет ететін жағдайлар дейді. Ол көпке белгілі білімді қажет ететін жағдайларда экспертиза тағайындауының мұқтаждығы жоқ35.  

    §6. Заттық дәлелдемелер 

    Кез келген әрекет белгілі бір объектіде  із қалдырады. Бұл әркеттер өзі туралы мәліметте сол контактада болған объектіде қалдырады. Әрекеттің  болмауы бізді қоршаған материалды дүниеде із қалдырмайды. Егер бізді қоршған немесе оқиға болған жердегі объектілерде із болмаса ендеше әрекет те болмаған деген қорытындыға келуге болады. Заттық дәлелдемелердің басқа дәлелдемелерден басты айырмашылығы заттық дәлелдемелер бұлар "үнсіз куәлар" деп аталады. Заттық дәлелдемелер куәлардан басты айырмашылығы олар материалдық объект. Заттық дәлелдемелердің басқа дәлелдемелеріне қарағанда өзінің артықшылығы да кемшіліктері де бар. Артықшылықтарын айтатын болсақ заттық дәлелдемелерде субъектілік фактор дәлелдемелік дәлелдеу күшіне ешқандай әсер етпейді. Заттай дәлелдемелер көптеген уақыт бойы (басым бөлігі) өзінде әрекет немесе оқиға жүйелі мәлімет сақтап тұрады.

    Сонымен заттық дәлелдемелер дегеніміз өзінің ішкі қасиеттерімен, сыртқы формасымен, орналасқан орнымен, т.б. белгілерімен іс үшін маңызды мән-жағдайларды бекітетін немесе жоққа шығаратын бұйымдар.

    Заттай  дәлелдемелердің басқа дәлелдемелерден  айырмашылығы бұл заттай дәлелдемелердің  процессуалдық формасы мен қайнар көзінің бірігіп кететіндігі. Мысалы, куәнің айғағында, айғақ дәлелдеменің процессуалдық формасы, ал куә дәлелдеменің қайнар көзі болып табылса, заттай дәлелдемелерде бұндай бөлістер жүргізу мүмкін емес36. Бірақ бұнысына қарамастан заттық дәлеледемелер басқа дәлелдемелермен тең процессуалдық құқықты.

    Әдебиеттерде  заттай дәлелдемелерді: алғашқы заттай дәлелдемелер және туынды заттай дәлелдемелер деп екі топқа бөліп қарайды. Алғашқы заттай дәлелдемелер дегеніміз дәлелдеуге жататын фактімен қалдырылған заттағы өзгерістер, іздер т.б.

    Кейбір  авторлар туынды заттай дәлелдемелер деген ұғыммен келіспейді. Өйткені заттан атқа дәл сондай із қалдыру мүмкін емес деген негзге сүйеніп. Бірақ ол қателік ой. Өйткені туынды дәлелдемелер болады. Мысалы, машинаның дөңгелегінің протекторының ізі. Бұл із тез арада бойылып кетуі мүмкі. Бұндай жағыдайда біз туынды заттай дәлелдеме жасаушыларға тура келеді. Немесе адамның саусағының ізі, бұл да көп уақытқа шыдамайтын заттық дәлелдеме. Оны фактологиялық пленкаға түсіру арқылы немесе туынды заттық дәлелдеме жасау арқылы біз заттық дәлелдемелерді ұзақ мерзімге сақтаймыз. Заттай дәлелдемелерді тала ету соттық құзыретіне жатады. Сот тек қана ісқе қатысты заттай дәлелдемелерді ғана талап ете алады. Заттай дәлелдемені іске қосу туралы өтініш жасап отырған адам осы заттай дәлелдеменің сыртқы пішінін, қасиеттерін сипаттап және де өзінің заттай дәлелдемені іске қосуға кедегі болып отырған мән-жайларды толық сипаттауы керек. Дәлелдемелер тікелей сотқа алып келінеді. Заттай дәлелдемелер істе сақталынады немесе айрықша пікірі бойынша соттың заттай дәлелдемеле сақтау камерасына өткізіледі. Сот дәлелдеменің өзгерісіз қалпында сақтауға шара қабылдайды. Сотқа әкелу мүмкін емес. Заттар тұрған жерінде сақталады. Оларды сот қарап, хаттамада егжей-тегжейлі сипататуға, ал қажет болған жағдайда суретке түсіруге және мөрмен бекітілуге тиіс. Бұл дәлелдемелер соттың шешімі заңды күшіне өткеннен кейін олар алынған адамдарға немесе сот бұл заттарға құқығын таныған адамдарға беріледі. Заң бойынша азаматтар иелігінде бола алмайтын заттар тиісті ұйымдарға беріледі.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ҚОРЫТЫНДЫ

    Жалпы тақырыбымызда қорытындылай келе, мен  осы тақырыпты қарастырғанда  дәлелдемелердің түсінігі және түрлерін қарастырып, осы жерде дәлелдемелердің  азаматтық іс жүргізу процессіндегі  маңызын қарастыруымызға әрекет жасағанмын.

    Сонымен дәлелдемелер дегеніміз — заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер.

    Бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарыма, заттай дәлелдемелермен, сарапшының қорытындыларымен іс жүргізу әрекетінің хаттамаларымен және өзге де құжаттарымен анықталады.

    Жалпы дәлелдемелер сотта азаматтық іс жүргізу кепілдігі. Объективтік шындыққа жетудің маңызды құралы болып табылады. Осыған орай осы дәлелдемелерді азаматтық іс жүргізудің маңызды ролін атқарады. Және оны толығымен ашып зерттеу сот әділдігін жүзеге асыруда маңызды ролін атқарады.

    Қазіргі таңда көптеген азаматтық істер бойынша фактілік мән жайларды дәлелдейтін дәлелдемелерді дұрыс зерттемеу барысында көптеген материалдық және процессуалдық құқық қағидаттары бұзылады. Соның барысында, мұндай істер бойынша шығарылған шешімдердің күші жойылып бізде, әлде болса да дәлелдеме институты толық қалыптаспаған және одан әрі зерттелуге жатады.

    Бітіру  жұмысын қорыта келе, мынадай төмендегідей ықшам қорытындылар шығаруға болады.

    Заңмен  көзделген тәртіпте сот тараптардың  талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

    Бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.

    Істі  қараушы сот іске катысушы адамның  басқа қалада немесе ауданда дәлелдемелер жинау қажеттігі туралы өтінімін қанағаттандырған жағдайда тиісті сотқа белгілі бір іс жүргізу әрекетін жасауға тапсырма береді.

    Істі  қараушы сот іске қатысушы адамдардың Қазақстан Республикасының құқықтық көмек көрсету жөнінде келісімі бар басқа мемлекетте дәлелдемелер жинау туралы өтінішін қанағаттандырған жағдайда осы келісімнің ережелеріне сәйкес сот тапсырмасын жібереді.

    Өздері  үшін қажетті дәлелдемелерді ұсыну  соңынан мүмкін болмайды немесе қиындық  келтіреді деп қауіптенуге негізі бар іске қатысушы адамдар соттан осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы сұрай алады.

    Дәлелдемелерді  қамтамасыз ету куәлардан жауап  алу, сараптама жүргізу, оқиға болған жерді қарап шығу және басқа да әдістер арқылы жүргізіледі.

    Егер  заттар өзінің сыртқы түрімен, қасиеттерімен немесе өзге де белгілерімен іс үшін маңызы бар мән-жайды анықтау құралы бола алады деп ұйғаруға негіз болса, олар заттай дәлелдемелер деп танылады.

    Заттай  дәлелдемелер істе сақталады немесе айрықша тізілім бойынша соттың заттай дәлелдемелер сақтау камерасына өткізіледі. Сот заттай дәлелдемелерді өзгеріссіз қалпында сақтауға шара қабылдайды.

    Заттай  дәлелдемелер соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін олар алынған адамдарға  қайтарылады немесе сот бұл заттарға құқығын таныған адамдарға беріледі немесе сот белгілеген тәртіппен өткізіледі.

    Заң бойынша азаматтардың иелігінде  бола алмайтын заттар тиісті ұйымдарға  беріледі.

    Іске  қатысушы адамдар - дәлелдемелерді жинау  мақсатында, сондай-ақ сот оларды зерттеу және бағалау мақсатында ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға құқылы.

    Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде жәрдем көрсету үшін сот маман шақыруы мүмкін.

    Іс  үшін маңызы бар мән-жайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған тұлға куә болып табылады. Адамның айғағы, егер ол өзінің хабардар болу көзін көрсете алмаса, дәлелдеме деп танылмайды.

    Куәні шақыру туралы өтінім жасаған адам оның тегін, атын, әкесінің атын және тұратын жерін немесе жұмыс орнын хабарлауға, бұл куәдан жауап алу қажеттілігін негіздеуге міндетті.

    Куә ретінде шақырылған адам сотқа тағайындалған уақытта келуге және шынайы айғақ беруге міндетті.

    Сараптама сарапшы арнайы ғылыми білімдер негізінде  жүргізетін іс материалдарын зерттеу  нәтижесінде іс үшін маңызы бар мән-жайлар анықталуы мүмкін жағдайда тағайындалады. Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушы өзге адамдардың мұндай білімінің болуы сотты тиісті жағдайларда сараптама тағайындау қажеттігінен босатпайды.

    Қосымша сараптама қорытынды жеткілікті түрде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын зерттелген мән-жайларға қатысты жаңа мәселелер туындаған кезде тағайындалады. Қосымша сараптама жүргізу сол сарапшының өзіне немесе басқа сарапшыға тапсырылуы мүмкін.

    Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізделмеген не оның дұрыстығы күмән тудырған, не сараптама жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі бұзылған кезде дәл сол объектілерді зерттеу және дәл сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады. Қайталама іс жүргізу әрекеттеріне қатыстыру үшін консультациялар алу және ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға жәрдем көрсету мақсатында сот мамандар тартуға құқылы. Маман тараптар ұсынған адамдардың арасынан тартылуы мүмкін. Маманды тағайындау сот ұйғарымымен ресімделеді.  
 

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  

    1. Нормативтік құқықгық  актілер. 

    1.  ҚР Конституциясы 30 тамыз 1995 ж.

    2.  ҚР Азаматтық істер жүргізу  кодексі 13 шілде 1994 ж.

    3.  ҚР Қылмыстық істер жүргізу. 

    II. Арнайы әдебиеттер 

    1. М.К.Треутников. Относимость и допустимость  доказательств в гражданском  процессе. М. 1981 ж.

    2. М.К.Треутников. Доказательства и доказывание в советском гражанском процессе. М. 1982 ж.

    3. К.С.Юдельон.   судебные   доказательства   в   гражданском процессе. М. 1986.

    4. Гражанское процессуальное право.  Учебник  под ред. М.С.Шакарена  М., 1996.

    5. С.В.Курылев. Основы теории доказывания   в   советском правосудии. Минск. 1969.

    6. Хутыз М.Х. Общие  положения  гражданского процесса. Историко-правовое  исследование. М. 1979.

    7.  Бюллетень Верховного Суда РФ. 1996.

    8.  Строгович М.С. Курс советского  уголовного поцесса. I. 1. М. 1968.

    9. Саханова Т.В. Регламентация доказательств и доказывания в гражанском процессе. Журнал "Государство и право", 1993.

    10. Гуревв П.П. О понятии судебных  доказательств. Журнал "Советское  государство и право". 1996.

    11. Резниченко И.М. Установление  достоверности и силы доказательств    по граданским делам. Ученые записки Дальневосточного Университета.Т. 32.

    12. Кипкис Н.М. Допустимость доказательств в уголовном судопроизводстве. М., 1995.

    13. Юдельсон К.С. Гражданский процесс.  М., 1972.

    14. Советский гражданский процесс. М. 1975.

    15. Пучинский  В.К. Признание стороны в советском гражанском процессе. М., 1955.

    16. Молчанов В.В. Арбитражный процесс.  М. 1995.

    17. Давтен А.Г. Экспертиза в гражданском  процессе. М., 1995.

    18. Эйсмон А.А. Заключение эксперта. М. 1971.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізудегі соттық дәлелдемелер