Азаматтық іс жүргізудегі соттық дәлелдемелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 19:39, курсовая работа

Описание

Қазіргі таңда көптеген азаматтық істер бойынша фактілік мән жайларды дәлелдейтін дәлелдемелерді дұрыс зерттемеу барысында, көптеген материалдық және процессуалдық құқық қағидалары бұзылуда. Соның барысында, мұндай істер бойынша шығарылған мәлімдердің күші жойылуда.
Дәлелдеме түсінігі дәлелдеме теориясында және дәлелдеме құқығында негізгі орын алады. Соттық қараудың көп көлемі дәлелдеу қызметіне беріледі. Соған байланысты, дәлелдемелер бойынша сұрақтар қарау және оны тәжірибеде азаматтық іс-жүргізуде оны пайдалануда ерекше маңызға ие болады.

Содержание

КІРІСПЕ
I ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ.
§1. Дәлелдемелер түсінігі............................................................................6
§2. Дәлелдемелердің қатыстылығы...........................................................10
§3. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету......................................................... 13
II ТАРАУ. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ.
§1. Дәлелдеу құралдары..............................................................................15
§2. Тараптардың және үшінші жақтардың түсініктемелері....................17
§3. Куәнің айғақтары...................................................................................18
§4. Жазбаша дәлелдемелер.........................................................................19
§5. Сарапшылардың қорытындысы...........................................................22
§6. Заттық дәлелдемелер.............................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................

Работа состоит из  1 файл

АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ курсхааа.doc

— 233.00 Кб (Скачать документ)

    Шешімнің негізсіздігі нәтижесі істің мән-жайын шешудегі сот қорытындысының сәйкессіздігіне әкеп соғады. Соттың құқықтық қорытындысы шешімнің мәтіндік және қараралық бөлімінде айтылады. Егер соттың құқықтық қорытындысы істің мән-жайымен сәйкес келмесе, онда олар сот анықтаған құқықтық қатынастардың іс жүзіндегі құрамына да сәйкес келмейді.

    Шешімнің  сот анықталып дәлелденген бөлімінде  істің мән-жайы; сот қабылдамаған дәлелдер немесе басқа айғақтар; сот  басшылыққа алған заңдар (АІЖК-нің 221-бабы, 5-бөлімі) көрсетілуі тиіс. Барлық көрсетілген мәселе бойынша шешімнің дәлелденуі  оның негізділігінің мүлтіксіз шарты болып табылады.

    Дәлеледеу дегеніміз -  сот онда іс жүзіндегі  жағдайлардың қалай анықталғанын,  қандай айғақтарды басшылыққа алғанын  және өз қорытындысына қандай мәліметтер негізінде келгенін, сот шешімінің іс жүзіндегі және заңды негіздерін көрсетеді. Іс жүзіндегі құрамға дұрыс талдау жасау сотқа соның негізінде дауларды шешуі тиіс материалдық құқық нормасын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Бұл норма шешімнің дәлелденген бөлімінде мазмұндалуы тиіс. Дұрыс дәлелдеу мағынасы бойынша істі дұрыс шешу үшін негіз болып табылады, яғни қарарлық бөлімде соттың дұрыс қорытынды шығаруы үшін қажет. Демек, шешімнің дәлелденуі оның негізділігінің ғана ажырамас атрибуты емес, оның заңдылығының да атрибуты. Істің мән-жағдайына сәйкес келмейтін дәлелденбеген немесе дұрыс дәлелденбеген шешім, негізсіз шешім ретінде ғана емес, заңсыз шешім ретінде де күшін жоюы керек. Істің мән-жайы бойынша шешімде мазмұндалған сот қорытындысының сәйкессіздігі, сот мәжілісінде анықталған және тексерілген мән-жайға қатысты сот тұжырымының дұрыс еместігі нәтижесесінде туындайды.

    Шешімнің  негізсіздігіне қатысты құқық бұзушылықтың жекелеген түрін талдау, мұның  барлығы жиналып  соттың таным  процесінде істің іс жүзіндегі құрамын көрсетеді. Бұл процесс анықтау, тергеу, іс жүзіндегі құрамда бағалау және одан дұрыс құқықтық қорытынды жасау сияқты бірнеше кезеңнен тұрады. Көрсетілген процесс процессуалыдық заңнамада іс жүзіндегі құрамды, оның мәні мен тиісті құқықтық қорытындыларын анықтау, жинау, дәлелдемелерді тергеу және бағалау түріндегі процессуалдық нысандармен және әдістермен қамтамасыз етіледі.

    Істің іс жүзіндегі құрамының аталған  талдау кезеңдері бір-бірімен тығыз  байланысты. Әрбір кезең демек, іс бойынша объективті шындықты анықтау үшін қажетті баспалдақ, негізді шешім шығару үшін алғы шарт болып табылады. Келтірілген ережелер бірінші инстанциялы сот шығарған шешімнің негізділігін тексеруге қатысты.

    Тексерудің  негізділігі, қадағалау инстанциясының қаулысының негізділігі төмендегідей тұжырымдалады: сот-қдағалау органы бірінші инстанциялы сот шығарған шешімнің негізділігін, соттың тексеруінің өзінің дұрыстығына назар аударуы тиіс. Мысалы соттар, негізсіз шешімдерді өзгеріссіз қалдырады, негізділерінің күшін жояды, шешімді өзгертеді немесе заңда қарастырылған шарттар болмаса да шешім шығарады және т.б. осының бәрі апелляциялық немесе қадағалау инстанциясы шығарған сот қаулысының негізсіздігін көрсетеді. Сондықтан апелляциялық және қадағалау инстанциясы шығарған сот қаулылары негізсіздік дәлелі бойынша күшін жоюға жатады 1528.

    Сот қаулыларының негізділігі мен заңдылығын тексеру бойынша сот-қадағалау  органдарының іс-әрекетінің тиімділігі тек жинақталған кезде ғана сот-қадағалау  органдарының өкілеттігін қамтамасыз етеді және қаулының күшін жоюға негіз болады. Сол және басқа өкілеттікті жүзеге асыра отырып, қадағалау инстанциясы заңда белгіленген негізбен заң күшіне енген сот қаулыларын өзгертуге немесе күшін жоюға қатысады. Қадағалау инстанциясының өкілеттігі мен қадағалау тәртібімен қаулының күшін жоюға негіздеменің арасында тығыз байланыс бар.

    Бүгінгі таңда қадағалау  инстанциясы  соттарының өкілеттігін анықтау  саласы мен мамандандырылған соттардың  сот қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарау негізінің арасында  мәселелік ситуациялар қалыптасты. Қазақстан Республикасы Президентінің 16.01.2001 «Алматы және Қарағанды қалаларында мамандандырылған аудан аралық экономикалық соттардың құрылуы туралы» (бұдан әрі мәтінде – Жарлық) жарлығымен Алматы және Қарағанды қалаларында қолданымдағы заңға сәйкес экономикалық дауларды қарауға өкілетті, мамандандырылған аудан аралық экономикалық соттар құрылды. Мамандандырылған аудан аралық экономикалық соттың құрылуының негізгі мақсаты отандық кәсіпкерлердің, шет елдік инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін толығымен қорғау қабілетіне ұмтылу, бұл өз кезегінде республикадағы инвестициялық климатқа жағымды әсерін тигізу, бірыңғай сот тәжірибесін әзірлеуге негіз болып табылады. Мамандандырылған аудан аралық экономикалық соттардың істі сапалы қарауы үшін олардың құрамы шаруашылық дауларды қарауға практикалық тәжірибесі бар аудандық (қалалық) және облыстық соттардан құрылды. Жарлыққа сәйкес, мамандандырылған соттардың қаулыларына шағым жасау (наразылық білдіру) жалпы тәртіппен жүзеге асырылады. Бірақ, мамандандырылған соттың қаулысына шағым жасалған жағдайда мамандандырылған соттардың судьяларымен яғни мамандандырылған соттардың қаулыларын қайта қарайтын арнайы жалпы құзіретті судьялар арасында біліктілікке қатысты даулы құқықтық қатынастар мәселесі туындайды. Құзіреттік қатынас туралы мәселе бір жақты жауапқа тиек болмайды, дегенмен, қалыптасқан ситуацияны шешуге мүмкіндік беретін тәсілдерді төмендегідей бөлуге болады:

  1. Жоғарыда тұрған  мамандандырылған сот құру;
  2. Жоғарыда тұрған соттардан сот мамандандыруын ұйымдастыру;
  3. Сапа негізінде мамандандырылған соттардың құқық бұзуын немесе материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбауын болдырмау.

    Бүгінгі таңда қаржыландырудың жетіспеуінен, жоғарыда тұрған мамандандырылған соттарды бөлу есебімен сот жүйесін кардиналдық өзгертуге мүмкін болмай отыр.

    Жоғарыда  тұрған соттардың судьяларды мамандандыруы, біздің көзқарасымызша, ол да онша мақсатқа сай келмейді.

    Соттардағы  бар істерді алқа бойынша бөлу экономикалық даулардың ерекшелігін  ескеруге мүмкіндік береді.

    Құқық бұзушылық немесе материалдық құқық  нормаларын дұрыс қолданбау сияқты қайта қарау негіздерін болғызбау  жолымен, мамандандырылған соттардың  қаулыларын қайта қарау негіздерін шектеу, біздің пікірімізше, сот қорғауында азаматтардың конституциялық құқығын шектеген болып табылады. Оның үстіне, бұл заңды түсіндіру туралы қадағалау инстанциясы соттарының АІЖК-нің нормаларында белгіленген міндетті нұсқауларына қайшы келеді. Қадағалау өндірісі сот өндірісіндегі заңдылықты өндіруге, сот қателіктерін жою мақсатында әділ сот актілерінің кез-келгенін қайта қарау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.  Мамандандырылған сот істі қарауы кезінде сот қателіктер жіберуге болмайды деп қарауға болмайды, сондықтан,  мамандандырылған соттардың қаулыларына қатысты қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қараудың барлық негіздерін сақтау дұрыс деп есептейміз.

    Сонымен, мамандандырылған сот қаулыларына  қатысты қайта қараудың қолданымдағы тәртібі азаматтық сот ісін жүргізу  қағидаларымен сәйкес келеді және заңдылық талаптарына жауап береді. 
 
 

    §3 Дәлелдемелерді қамтамасыз ету 

    Өздері  үшін қажетті дәлелдемелерді ұсыну  соңынан мүмкін болмайды немесе қиындық  келтіреді деп қауіптенуге негізі бар іске қатысушы адамдар соттан осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету  туралы сұрай алады.

    Дәлелдемелерді қамтамасыз ету куәлардан жауап алу, сараптама жүргізу, оқиға болған жерді қарап шығу және басқа да әдістер арқылы жүргізіледі.

    Дәлелдемелерді  қамтамасыз ету туралы өтініш сотқа  дәлелдемелерді қамтамасыз ету жөніндегі  іс жүргізу әрекеттері жасалуға тиісті аумақ бойынша беріледі.

    Дәлелдемелерді  қамтамасыз ету туралы өтініште қамтамасыз етілуге қажетті дәлелдемелер, растау үшін осы дәлелдемелер қажет мән-жайлар, өтініш берушіні қамтамасыз ету туралы өтініш жасауға итермелеген себептер, сондай-ақ қамтамасыз етілетін дәлелдемелер қажет болып отырған іс көрсетілуге тиіс.

    Дәлелдемелерді  қамтамасыз ету туралы өтінішті қарау  нәтижесі бойынша сот ұйғарым  шығарады. Мұндай өтінішті қабылдаудан  бас тарту туралы судьяның ұйғарымына жекеше шағым берілуі мүмкін.

    Дәлелдемелерді қамтамасыз етуді судья жүргізеді.

    Істің сотта туындауға дейін дәлелдемелерді қамтамасыз етуді заңдармен көзделген  тәртіппен сотта нотариустар  немесе консулдық мекемелердің лауазымды  адамдары жүргізеді.

    Өтініш  беруші және іске қатысушы басқа тұлғалар дәлелдемелерді қамтамасыз ету уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтінішті қарауға кедергі болып табылмайды.

    Хаттамалар  және дәлелдемелерді қамтамасыз ету  тәртібімен жиналған нәрсенің бәрі іске қатысушы тұлғаларға хабарлана отырып, істі қараушы сотқа беріледі.

    Әрбір дәлелдеме - қатыстылығы, жол берілуі, растығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткіліктігі тұрғысынан бағалануға тиіс.

    Судья дәлелдемелерді өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды.

    Дәлелдемелердің жиынтығы, егер іске қатысты дәлелдеуге жататын немесе тарап жоққа шығармаған барлық және әрбір мән-жайлар туралы ақиқатты   даусыз   айқындауға   жол   беретін   және   сенімді   дәлелдемелер жиналса, азаматтық істі шешу үшін жеткілікті болып табылады.

    Тараптардың және үшінші тұлғалардың іс үшін маңызы бар, өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар  тексеруге және бағалауға жатады.

    Көрсетілген тұлғалардың түсініктемелері ауызша және жазбаша болуы мүмкін.

    Тараптың  талабын немесе қарсылығын негіздейтін  фактілерді екінші тараптың мойындауы  ол тарапты осы фактілерді одан әрі  дәлелдеу қажеттігінен босатады. Тарап  мойындаған факті сот отырысының хаттамасына енгізіледі және оған фактіні мойындаған тарап қол қояды. Егер фактіні тану жазбаша өтініште баяндалған болса, ол іске қосып тігіледі.

    Егер  фактілерді тану шындығында болған мән-жайды  жасыру мақсатымен не алдаудың, күш  қолданудың, қорқытудың немесе жаңылудың әсерінен жасалғандығына соттың күдігі болса, ол тануды қабылдамай, ол туралы ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайда осы фактілер жалпы негізде дәлелденуге тиіс.  
 
 
 
 
 
 
 
 

    II ТАРАУ. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРІ.  

    §1. Дәлелдеу құралдары 

    Дәлелдеу  құралдарына азаматтық іс жүргізу кодексінің 78, 79, 81, 86, 96 — баптарыңца көрсетілген дәлелдемелер түрлері жатады. Енді осы баптарда берілген дәлелдеу құралдарының түсінікгемелеріне тоқталып өтейік. Кодекстің 78-бабында тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерне байланысты келесідей қалыптар бекітілген. Тараптардың және үшінші тұлғалардың іс үшін маңызы бар өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар тежелуге және бағалауға жатады. Көрсетілген тұлғалардың түсініктемелері ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Тараптардың талабын немесе қарсылығын негіздейтін фактілерді, екінші тараптың мойындауы ол тарапты осы фактілерді одан әрі дәлелдеу қажеттілігінен босатады. Тарап мойындаған факті сот отырысының хаттамасына өткізіледі және оған фактіні мойындаған тарап қол қояды. Егер фактіні тану жазбаша өтініште баяндаған болса, ол іске қосып тігіледі. Егер фактілерді тану шындығында болған мән-жайды жасыру мақсатынмен не алдаудың, күш қолданудың, қорқытудың немесе жақылудың әсерінен жасалғандығына соттың күдігі болса, ол тануды қабылдамай, ол туралы ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайда осы фактілер жалпы негізде дәлелдеуге тиіс. Кодекстің келесі бабында куәнің айғақтарына байланысты ережелер бекітілген. Оған сәйкес іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған тұлға куә болып табылады. Адамның айғағы, егер ол өзінің хабардар болу көзін көрсете алмаса, дәлелдеме деп танылмайды. Жазбаша дәлелдемелердің анықтамасы 81-бапта орын тапқан. Ол бойынша іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтер қамтитын актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаша дәлелдемелер болып табылады делінген. Заттай дәлелдемелер түсінігі 66-бапта бекітілген. Егер заттар өзінің сыртқы түрімен, қасиеттерімен немесе өзге де белгілерімен іс үшін маңызы бар мән-жайды анықтау құралы бола алады деп ұйғарға негіз болса, олар заттай дәлелдемелер деп танылады. 96-бапта сарапшының қорытындысы туралы түсініктемелер берілген. Сарапшының қорытындысы бұл сарапшының алдына сот зерттеуге, оның ішінде арнайы ғылыми білімдерді пайдалана отырып жүргізілетін заттай дәлелдемелер мен үліглерге негізделген қорытындылар. Сараптама өз негізінде жеке және комиссиялық сараптама, кешенді сараптама, қосымша және қайталама сараптама болып бөлінеді. Комиссиялық сараптама күрделі сараптаманың зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны бір мамандықтағы бірнеше сарапшы жүргізеді. Сараптамалық комиссияның мүшелері алынған нәтижелерді бірлесіп жолдайды және ортақ пікірге келе отырып, қортындыға қол қояды не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарларға қол қояды. Сарапшылар арасында келіспеушілік болған жағдайда олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі жеке қорытынды береді не пікірі комиссияның басқа мүшелерінің қорытындысымен сәйкес келмейтін сарапшы пікірін қорытындыда жеке тұжырымдайды. Кешенді сараптама іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін әртүрлі білім саласының негізінде зерттеу жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны мамандығы әртүрлі сарапшы өздерінің құзыреті шеңберінде жүргізеді. Кешенді сараптаманың қорытындысында әрбір сарапшының қандай зерттеуді, оны қандай көлемде жүргізгені және сарапшының қандай қорытындыға келгені көрсетілуі тиіс. Әрбір сарапшы қорытындының осы зерттеулер мазмұндалған бөліміне қол қояды. Қосымша сараптама қорытынды жеткілікті түрде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын зерттелген мән-жайларға қатысты жаңа мәселелер туындаған кезде тағайындалады. Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізделмеген не оның дұрыстығын күмән тудырған, не сараптама жүргізудегі іс жүргізу нормалары елеулі бұзылған кезде дәл сол обьектілерді зерттеу және дәл сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады.  
 

Информация о работе Азаматтық іс жүргізудегі соттық дәлелдемелер