Украинанын соты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 19:55, доклад

Описание

Украинаның Конституциялық соты - Украина барлық аумағындағы негізгі Заңның конституциялық юрисдикцияның ең басты кепілі болып табылады.
Украинаның Конституциялық сотының құрамында 18 судья болады. Олардың 6-ын Президент, 6-ын Украина судьяларының съезі және 6-ын Жоғарғы Рада тағайындайды.

Работа состоит из  1 файл

Украинаның Конституциялық соты.docx

— 13.51 Кб (Скачать документ)

07.07.2010 № 2453- сот  құрылымы және судьялардың мәртебесi туралы Украина Конституциясы  және Украина заңы негізінде

 

Украинаның Конституциялық  соты - Украина барлық аумағындағы негізгі Заңның конституциялық юрисдикцияның ең басты кепілі болып табылады.

Украинаның Конституциялық сотының құрамында 18 судья болады. Олардың 6-ын Президент, 6-ын  Украина судьяларының съезі және 6-ын  Жоғарғы Рада тағайындайды.

 Конституциялық  Украина сотының төрағасы

Конституциялық Украина  сотының төрағасы тек қана үш жылдық мерзiмге Конституциялық Украина  сотының судьяларының арнайы пленарлық  мәжiлiсiнде сайланады. Дауыс беру бюллетендік  жолмен құпия түрде өтедi. Конституциялық Украина сотының  төрағасы болып Конституциялық Украина сотының судьяларының конституциялық құрамының жартысынан көп дауыс жинаған кандидат болып есептеледi

Конституциялық  Украина сотының төрағасының  өкiлеттiктерiне мыналар жатады:

-Конституциялық Украина сотының судьялары алқаларының , комиссия және Конституциялық Украина сотының секретариатының жұмыстарын ұйымдастыруы;

-мәжiлiстердi шақыру және өткiзу, Конституциялық Украина сотының пленарлық мәжiлiсін ұйымдастыру;

- Конституциялық Украина сот бекiтiлген сметамен сәйкес Конституциялық Украина сотының қызметін бюджеттiк құралдармен қамтамасыз ету.

Конституциялық Украина  соты төрағасының орынбасарлары Конституциялық Украина сотының төрағасының ұсынысы бойынша сайланады. Төрағаның орынбасарлары жеке оның өкiлеттiктерi Конституциялық Украина сотының төрағасының тапсырмаларын орындайды.

Тұрақты және уақытша  комиссиялар

 Тұрақты және уақытша  комиссиялар - бұл Конституциялық  Украина сотының қосалқы органдары.  Тұрақты комиссиялар соттың iшкi қызметiнiң барысын пленарлық мәжiлiстерiнде құрастырады.

Конституциялық соттың судьясы  болып 40 жасқа толған Украина азаматы бола алады. Және ол азамат соңғы жиырма жылда Украина аумағында тұрған болуы керек.  Мемлекеттік тілді білуі  және жоғары заң білімі болуы шарт(ғылыми, педагогикалық қызмет).  Кемiнде он жылдық мамандық бойынша тәжiрибесi болуы керек. Конституциялық соттың судьясы  9 жылға және қайта сайлана алу  құқығынсыз тағайындалады.

 Конституциялық Украина соты Украина Конституциясы заңына сәйкес мынанадай істерді қарастырады:

- Украинаның Жоғарғы Радасының  құқықтық акттілерін;

-Президенттік актілерді;

- Автономды Қырым Республикасының Жоғарғы Рада актілерін;

-Украина министрлер кабинетiнiң актілерін;

-Украинаның  халықаралық келiсiмшарттарын Жоғары Рада Конституциясына сәйкестiгiн;

- Украина Президентінің  Конституцияға сәйкес орнынан алып тастау жағдайларын;

- Ресми Конституция түсiндiрмелерi және Украина заңдарының  шығаруын қарастырады.

Конституциялық Украина  соты Украина Конституциясы заңына  сәйкес тәуелсіз, әділетті болуы керек. Барлық шығарған үкімдері Укрина Конституциясының заңнамаларына қайшы келмеуі тиіс.


Информация о работе Украинанын соты