Өсиет бойынша мұрагерлік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 18:49, реферат

Описание

Өсиет бойынша мұрагерлік - азаматтың қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады. Өсиетті оны жасаған кезде толық әрекет қабілеттілігі бар азамат жасайды. Азамат өзінің барлық, мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де бір не бірнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................... 3
Өсиет бойынша мұрагерлік туралы түсінік..................................4
Нотариатта куәландырылған мұрагерлік......................................7
Өсиеттің жарамсыздығы................................................................10
Қорытынды..................................................................................….......12
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............................................................13

Работа состоит из  1 файл

осиет бойынша мурагерлик жиберу.doc

— 107.50 Кб (Скачать документ)

   Өсиеттi орындаушының мұраны басқару мен  өсиеттi орындау жөнiндегi қажеттi шығындарды мұраның есебiнен өтеуге құқығы бар. Өсиетте өсиеттi орындаушыға мұраның есебiнен сыйақы төлеу көзделуi мүмкiн. Өсиет орындалғаннан кейiн өсиеттi орындаушы мұрагерлерге олардың талап етуi бойынша есеп беруге мiндеттi. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Қорытынды 

   Мұрагерлік - қайтыс болған азамат мүлкiнiң басқа адамға – мұрагерге ауысуы. Мұра қалдырушының өсиетте өзi мұрагер етiп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегiнде өсиет еткен мүлiктi белгiлi бiр түрде билiк ету мiндетiн жүктеуге құқығы жоқ. Мұрагерлік заң бойынша жүзеге асырылуы үшін кемінде екі жағдай болу керек: біріншіден, мұраға ие болатын тұлға, заң бойынша мұрагер болатындардың сапына кіруі керек, екіншіден, мұрагерлік ашылуы керек. Мұрагер өзінің мұрагерлікке шақырылғандығы  туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап 6 айдың ішінде мұрадан бас тартуға құқылы. Дәлелді себептер болған жағдайда бұл мерзімді сот ұзартуы мүмкін, алайда бұл екі айдан аспауға тиіс. Мұраны қабылдаған кез келген заң бойынша мұрагер мұраны бөлуді талап етуге құқылы. Мұраны бөлу мұрагерліктің келісімі бойынша оларға тиесілі үлестерге сәйкес, ал келісімге қол жетпеген кезде – сот тәртібімен жүргізіледі.

   Егер  өсиет бойынша да заң бойынша  да мұрагерлер болмаса не мұрагерлердің  ешқайсысының мұра алуға құқығы болмаса, не олардың бәрі мұрадан бас тартса, мұра иесіз қалған деп танылады. Иесіз қалған мұра мұраның ашылған жері бойынша коммуналдық меншікке ауысады.

   Тиiстi нысанда жасалмаған өсиет жарамсыз болады. Өсиеттi жасаудың, оған қол қоюдың және оны куәландырудың тәртiбiнiң бұзылуы салдарынан өсиеттi жарамсыз деп танудан мүлiктiк зардап шеккен адамның талабы бойынша өсиет жарамсыз деп танылуы мүмкiн. Өсиет жарамсыз деп танылған жағдайда, осы өсиет бойынша мұрадан айрылған мұрагер, заң бойынша мұра алу құқығына ие болады.

   Мұрагерлік сонымен қоса, айта кететін жайт міндетті түрде нотариатта куәландырылуы керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Пайдаланған әдебиеттер тізімі 

  1. Е.Баянов « Қазақстан Республикасының мемлекеті мен Құқығының негіздері». Оқулық. Алматы 2003.
  2. Қазақстан Республикасының азаматтық кодекс ( ерекше бөлім).

Информация о работе Өсиет бойынша мұрагерлік