Факторингтік операциялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 17:30, реферат

Описание

Қазіргі таңда банктік операциялар және қызметтер күннен күнге артуда. Олардың ішінде көп тараған түрлері несиелік операциялар мен депозиттік операцияларды жатқызуға болады. Сонымен қатар, банктің жаңа операциялары да кең өріс алуда. Олардың ішінде форфейтингтік және факторингтік операциялар жатады. Бірақ бұл операциялар Қазақстанда өте дамымаған. Негізінен, Факторинг – банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені қайтаруды талап ету құқығын қоса алғанда басқа шарттардан туындайтын төлем талаптарын сатып алуы.

Содержание

КІРІСПЕ

Факторингтік операциялар

Факторингтік операциялар түрлері

Әлемдік нарықтағы факторинг

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

ГП реферат.docx

— 32.22 Кб (Скачать документ)

 

                                                      Мазмұны

 

   

КІРІСПЕ

 

  1. Факторингтік операциялар

 

  1. Факторингтік операциялар түрлері

 

  1.  Әлемдік нарықтағы факторинг

 

 Қорытынды

 

 Пайдаланылған  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазіргі таңда  банктік операциялар және қызметтер  күннен күнге артуда. Олардың ішінде көп тараған түрлері несиелік операциялар мен депозиттік операцияларды  жатқызуға болады. Сонымен қатар, банктің жаңа операциялары да кең  өріс алуда. Олардың ішінде форфейтингтік  және факторингтік операциялар жатады. Бірақ бұл операциялар Қазақстанда  өте дамымаған. Негізінен, Факторинг  – банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені  қайтаруды талап ету құқығын  қоса алғанда басқа шарттардан туындайтын төлем талаптарын сатып алуы.

Қазақстандағы банктік қызмет аясын реттеуге бағытталған  заңдардың жүзеге асу процессі өтпелі нарықтық кезеңдегі күрделі экономикалық реформалар мен ұзаққа созылатын  мемлекеттік бағдарламалар ауқымында  жүзеге асырылуда. Сонымен қатар  банктік қызмет аясын реттеуге бағытталған  заңдардың тек осы саланы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің  қаржы, валюта, ақша-несие, жалпы экономиканың кез-келген саласына қатысты болатындығын естен шығармаған дұрыс.

 

    Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:

 

— заңды  тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

 

— жеке тұлғалардың  депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

 

— банктердің және банктік операциялардың жекелеген  түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;

 

— заңды  және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;

 

— кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау,ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;

 

— аударым  операциялары: заңды және жеке тұлғалардың  ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын  орындау;

 

— есепке алу  операциялары: заңды және жеке тұлғалардың  вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін  есепке алу (дисконт);

 

— заемдық  операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада  несиелер беру;

 

— заңды  және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың  банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;

 

—сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай  ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;

 

— клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру  және растау, сондай-ақ олар бойынша  өзара есепке алу операцияларын  жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;

 

— сейфтік  операциялар: клиенттердің құжатты  формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарды сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бәлмелерді жалға  беру;

 

— ломбардтың операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге  алып, қысқа мерзімді несиелер беру;

 

— төлем  карточкаларын шығару;

 

— банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және жөнелту;

 

— шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

 

— төлем  құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);

 

— чек кітапшаларын шығару;

 

— бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;

 

— аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;

 

— ақшалай  формада орымдалуды көздейтін банктік кепілзаттарды беру;

 

— үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.

 

  1. Факторингтік операциялар

 

Факторинг АҚШ-та шамамен 1890 жылы пайда болды. Экономикалық тұрғыда бұл борышты саудалау, есептік операциялардың бір түрі.Факторинг – банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені қайтаруды талап ету құқығын қоса алғанда басқа шарттардан туындайтын төлем талаптарын сатып алуы. Мұндай мәміленің нәтижесінде банк өз клиентінің талабын қайта қаржыландырып қана қоймай, сонымен қатар төлемеу ықтималы тәуекелін өзіне қабылдайды. Өндіруші осының арқасында айналым капиталын алады. Факторингпен айналысатын адам фактор деп аталады. Ақысы төленетін (төлеу сатып алушының ақшасын алуына қарай жүргізіледі) факторинг және төленетін және қаржыландырылатын (соманың 90 пайызын бір уақытта төлеу тауарды өндіруші жеткізгеннен кейін және келесі ақы төлеу – барлық ақша алынғаннан кейін жүргізіледі) факторинг деп бөлінеді. Соңғы түрі қымбаттау, себебі үлкен тәуекелділік бар. Бірақ борышкерді таңдау құқығы факторға: банк немесе сауда үйіне қалдырылады. Ұлыбританияда факторинг нарығының 60 пайызынан артығы факторинг фирмалары арқылы жұмыс істейтін коммерциялық банктерге жатады.

   «Факторинг» термині ағылшын тілінен алынған – делдал, агент. Факторинг – коммерциялық банктер (олардың еншілес фактор – фирмалары) ұсақ және орта фирмаларға – олардың клиенттерге көрсететін қаржылық қызметтердің түрі. Факторинг мәні фактор – фирма немесе банктің клиенттен берешектерін өндіртіп алу құқына ие болуы және өз клиенттерінің борышкерлеріне талапты жарым-жарты төлеуі, яғни борышкердің төлейтін мерзімі басталғанға дейін берешектерін пайыздық мөлшерде қайтаруы. Борыштың қалған бөлігі мүддесі шегерілген соң борышкер өз берешегін өтегеннен кейін клиенттерге қайтарылады. Нәтижесінде клиент берешектерін жылдам қайтару мүмкіншілігіне ие болады, бұл үшін фактор – фирмаға немесе банкке белгілі бір сыйақы төлейді. Факторинг жүзеге асырылғанда клиент борышкерден берешектерді алу құқығын фактор-фирмаға немесе банкке тапсырады. Факторинг сауда операциялары сияқты пайда болды, одан кейін несие беру нысанасы ие болған. Банктердің факторинг операциялары мыналар: ішкі операциялары, мұнда жабдықтаушы және клиент (сатып алу, сату шарты бойынша тараптар), сонымен қатар факторинг компаниясы белгілі бір елде болады немесе халықаралық, ашық операциялар, борышкер факторинг компаниясының мәмілесіне қатысу туралы хабардар етілсе немесе жабық (жасырын) операциялар. Борышкер факторинг компаниясы не банк пайда болатын борыш бойынша құқықтық мирасқор болып табылатынын және төлеу оның пайдасына жүзеге асырылуы тиіс екендігін; жабдықтаушыға регресс құқығымен – кері талап құқығымен немесе құқықсыз төленген соманы; немесе белгілі бір күнге алдын ала ақы төлеу немесе талаптарға ақы төлеу нысанында жабдықтаушыға несие беру талабымен өтелетінін растайтын шотта фактураға тиісті жазу жазылу жолымен хабардар етіледі.

    Қазақстанда факторинг операцияларымен банктер, шарттық және ақылы негізде тауарлар және қызмет көрсету үшін есеп-қисаптарды тезірек аяқтаумен байланысты несие-есеп айырысу операцияларын жүзеге асырып, 1988-1989 жылдары айналыса бастады. КСРО Мемлекеттік банкінің келді 1989 жылғы 12 желтоқсандағы «Жабдықтаушылардың банкке жеткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төлем талаптары бойынша төлем алуға құқықты беру бойынша операцияларды жүзеге асырудың тәртібі туралы» нұсқаулық хаты құқықтық негіз болады. Факторинг үшін ақы төлеу сатып алушыға қатысты құжаттар картотекаға енгізілсе төлемдер кезінде жасалмайтын кездері несие қаражатының сомасымен және оларды пайдалану мерзімдерімен және тұрақсыздық айыппұлмен анықталады. Факторинг ерекшелігі сол: ол тек қана мәміленің негізінде іске асады; қаржыландыру талап құқығымен; мәміленің ақылы болуы; ақшалай және кәсіпкерлік сипаты ғана бар және болашақта талап құқығы мүмкіншілігі болады. Сондықтан факторинг міндеттемелердің дербес түрі болып табылады.

  «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 30 бабына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы бар кезде банктердің факторинг операцияларын жүзеге асыруға: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем төлеуді талап ету құқығына ие болуға құқылы екенін көздейді.

    Қазіргі таңда ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шарты Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 729-738 баптарымен реттеледі. Факторинг бойынша қаржы агенті ақшаны клиент билігіне береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне клиенттің осы үшінші тұлғамен (борышкермен) қатынастарынан туындайтын өзінің ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді не борышкерге ақшалай талабын клиент қаржы агентіне сонымен бірге клиенттің қаржы агенті алдындағы міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз ету мақсатында беруі мүмкін. Бұл ретте факторинг шарты бойынша қаржы агентінің міндеттемелері клиент үшін бухгалтерлік есеп жүргізуді және берудің нысанасы болып табылатын ақшалай талаптарға (ақшалай талаптар бойынша шоттар ашу) қатысты құжаттар ұсынуды, сондай-ақ клиентке осы талаптарға байланысты өзге де қаржылық қызмет көрсетуді қамтуы мүмкін.

    Бұл ретте факторинг операциялары банк операциялары болып табылмайды, бірақ олар халықаралық саудада кең қолданылады. Халықаралық қатынастарда банктер 1988 жылы «Халықаралық факторинг туралы» Оттава УНИДРУА конвенциясын басшылыққа алады.

    Ақшалай талапты беріп қаржыландыру азаматтық-құқықтық міндеттеменің жаңа түрі, оның құқықтық реттелуі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне алғашқы рет енгізілген. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты (факторинг), жалпы ереже бойынша, ақылы және өзара шарт болып табылады, нақты шарттың талаптарына қарай ол нақты, келісімді шарт болуы мүмкін.

    Коммерциялық кәсіпорындардың мамандандырылған банк ұйымдарын несиесіне негізделген ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты сауда несиесін өзгертеді.

    Ақша  қаражатының қайтарымдылық, мерзімділік  және төлемділік талаптарымен  берілуі тән банктік заем шартынан  айырмашылығы сол, талап құқығын  беріп қаржыландыру шартына банктің  алушының талабы құқығын, үшінші  тұлғамен (борышкермен) қандай да  болмасын шарт бойынша қаражатты  беруі талабымен беруі тән  ақшаларды осылайша беру, әдеттегідей,  мерзімділігі және қайтарымдылығымен  сипатталмайды. Талапты құқығын беріп қаржыландыру шартының өзара байланысқан талаптары болып табылады. Талапты беру шартта, әдеттегідей, талап құқығын ақылы беру, ал ақшалай талап құқығы тек қана объектісі (нысанасы) болып келеді.

Факторинг қаржы  нарығының пайдалы құралы болып  табылады және несие тәуекелдерін сақтандырудың  дамығандығын және дебиторлық берешек  әкімшілігін жүргізуді болжайды. Осы талаптарда осы қызметтегі банктер  үшін клиенттерді және пайданы көбейтуге  және тәуелдікті азайтуға мүмкіндік  беретін қорландыратын институттарды  тарту бойынша агенттің рөлі анықтаушы  бағытқа айналады.

 

  1. Факторинг операцияларының түрлері

 

Факторинг қызметінің мақсаты – төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік келісім-шартта көрсетілген мерзімде тез арада  қаражатты алу болып табылады. Нарық экономикасы дамыған елдердегі  факторингтік компаниялардың көбіне еншілес  фирмалары ірі банктермен бірігіп  жұмыс жасайды.

 

   Факторинг  операцияларына үш тарап қатысады:

 

1. Факторингтік  компания – өздерінің клиенттерінен  шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.

 

2. Клиент (тауарларды жабдықтаушы, несие беруші) – факторинг компаниялармен келісім-шарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.

 

3. Кәспорын (қарыз алушы) – тауарларды сатып алушы фирма.

 

Факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді.

    Факторинг операцияларының жүзеге асырылу негізінде факторинг туралы келісім-шарт жатады. Онда факторинг операцияларының мынадай жасалу шарттары көзделеді: төлем талабының мәліметтері факторинг операциясы бойынша сомадан төлейтін сома, өтеу сыйақысының мөлшері, факторинг келісім-шартын бұзу және тараптардың ойлары бойынша басқа да шарттар.

 

     Факторингтің 2 түрі болады:

 

- Ауқымды  (конвенционды);

 

- Шектеулі (конфиденциалды).

 

Қазіргі жағдайда бұл – бухгалтерлік есеп жабдықтаулар және сатып алушылармен есеп айырысу, несиені сақтандыру және т.б. қамтитын клиенттерге қаржылық қызмет көрсетушіліктің әмбебап жүйесін сипаттайды.

Соңғы жылдары шектеулі факторинг те біршама дамып келеді. Шектеулі факторинг бірнеше операциялардың орындалуымен байланысты: ақша алуға құқығын беру, қарызды төлеу және т.б.

     Факторинг операциясы бүгінгі таңда отындық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингті енгізу сынағы негізінен 1988 жылы КСРО өнеркәсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 1990ж басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айқындап нәтижесінде отандық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияға салғырттық танытуда.

Информация о работе Факторингтік операциялар