Банктердің депозиттік саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:11, курсовая работа

Описание

Қазақстан банктерінің депозиттік операциялары пассивтік операциялардың ең басты және негізгі бағыты болғандықтан банктің ресурстарының көп бөлігі осы депозиттік агенттер есебін қамтиды. Сондықтан Қазақстан банктері депозиттермен айналыспас бұрын депозиттік саясат құрып қалыптсатырып отыруы керек. Депозиттік саясат дегеніміз- коммерциялық банктердің нарықтық ортада сырттан қаражат тарту мақсатында және өзінің қалыптасқан депозиттік портфелін тиімді басқару үшін ұйымдастырылған іс-әрекеттердің жиынтығы.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................5
1 Бөлім Банктердің депозиттік саясаты және оны құру тәртібі.................7
1.1 Депозиттік нарық түсінігі және оның мәні..............................................7
1.2 Жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін сақтандыру жүйесі,
оның қызметі.......................................................................................................10
1.3 Банктердің депозиттік саясаты және оның депозиттер нарығын жетілдірудегі маңызы.........................................................................................22

2 Бөлім Салым операцияларының есебі........................................................25
2.1 Талап ету салымдарының есебі................................................................25
2.2 Мерзімді салымдардың есебі.....................................................................27
2.3 Шетел валютасындағы депозиттік операциялардың есебі.................29
3 Бөлім Депозиттік саясаттың даму перспективалары мен мәселелері...31
Қорытынды..........................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................36
Қосымшалар.............................................................................

Работа состоит из  1 файл

referattar.kz_939014888.doc

— 205.00 Кб (Скачать документ)

 Қазақстанның салымдарды сақтандыру қорының қарамағында әр уақытта өсіп отыратын қордың резервін құрайтын сақтандырылмаған салымдар бойынша  өтеу үшін төлеуге арналған ақша соммасы бар. Әр тоқсан сайын қатысушы банктердің күнтүзбелік жарналарды аударуымен қордың резерві толығып отырады. Егер қатысушы банктің бірінің жойылуы барысында сақтандырылған салымдар  сомасын өтеуге  арналған қордың активтері жеткілікті  болмай жатса, онда жетпеген  ақша сомасының жартысы қатысушы банктердің қосымша жарна төлеуі есебінен төленеді.

Салымдарды өтеу, қордың қатысушы банктер арасынан тендр өткізіп анықтаған агент-банкі арқылы іске асады. Осы агент-банк арқылы  салымшылар өз салымдарын алуына болады. Ал қордың алған қарызы, төлеген қосымша жарна сомасы және өтелінуге жұмсалынған алғашқы қордағы бар резервті активтер сомасы жойылып жатқан банкке регрестік талап қою есебінен қайтарылады. Қордың алған қарызы және жарғылық қор есебінен сақтандырылған салымдар сомасын өтеуге жұмсалынған қаражаты қатысушы банктердің күтілмеген жарнасы есебінен өтелінуі мүмкін. Мұнан түсінетініміз – салымдарды сақтандыру жүйесі ұжымды болып табылады. Сондықтан да қатысушы банктер еріксіз жойылып жатқан банктің салымдарын өтеу бойынша бірлесіп жауапкершілік жүктейді. Ақшалай қаражаттарын банк салымдарына салу барысында салымшы ол банктің сақтандыру жүйесінің мүшесі ме, әлде жоқ па екенін білуі керек. Салымдарды сақтандыру жүйесіне мүше болып табылатын банктердегі мерзімді салым қана сақтандыру объектісі болып табылады, ал басқа салымдар сақтандыруға жатпайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Басқармасының бекіткен «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымды сақтандыру Ережесі» Қорды басқарудың негізгі құжаты болып табылады. Ұлттық Банк қормен бірлесе отырып, салымдарды сақтандыру жүйесін жетілдіре түсу мақсатында жұмысын жалғастыруда.

Осылайша, салымдарға сақтандыру жүйесі банктің қызметін бақылау дәрежесін арттырады, себебі қор сақтандыру жүйесіне кірген кезде және сол сияқты шарттың қолданылуы кезеңінде банктің қаржылық жай-күйін бақылайтын тағы да бір ұйым болып табылады. Екіншіден, ол банктің жүйеге қаражаттың құйылуын ынталандыра, қолма-қол ақшаның айналымын азайта, тауарлар және қызмет көрсету нарығына, оның ішінде валюта нарығына  жүктемені төмендете отырып елдегі ақша айналысын тұрақтандыру факторы болып табылады. Және ең соңында, салымдарға сақтандыру жүйесі халықтың әлеуметтік қорғалуын арттыруға мүмкіндік жасайды, себебі бұл жүйе банк еріксіз тартылған жағдайда салымдарды қайтаруға кепілдік бере отырып салымшылардың мүддесін қорғайды.

Қорытындылай келгенде, салымдарға сақтандыру жүйесінің тұрақты  жұмысының арқасында Қазақстанда  ақша салымдарының ұдайы өсуі және олардың құрылымының жетілдірілуі жалғасуда, бұл банктердің дербестігінің, тұрақтылығының және сенімділігінің кепілі болып табылатынын атап өту қажет.

1.3 Банктердің депозиттік саясаты және оның депозиттерді жетілдірудегі маңызы

 Депозиттік саясат зерттеу жұмысында салымшылар мен баска да кредиторлардың тартылған қаражаты бойынша банктің стратегиясы мен тактикасы ретінде қарастырылып отыр және қаражат көздерінің ең тиімді комбинациясын аньқтауға мүмкіндік береді. Бұндай тәсілдеме банк ресурстарының тиімді, оңтайлы комбинациясын аньқтауды болжайды. Банктің депозиттік саясатын оңтайландыру - бұл күрделі көп факторлы міндет, оның шешімінің негізі біздің ойымызша елдің экономикальқ кызығушылығын тұтасымен коммерцияльқ банк экономиканың субъектісі peтiндe банктің клиенті және мамандары табылады. Олардың ынталары әрқашан 6ipiнe сай келмейтіндігі айқын. Сондьқтан оңтайлы депозиттік саясат, ең алдымен, олардың мүдделерінің келісуін болжайды. Бұдан басқа депозиттік саясат коммерциялық банктің несиелік саясатының 6ip бөлігі ретінде, несиелік саясат үшін тиімділіктің, оңтайлылықтың жалпы талабына бағынады - бұл өтімділік, табыстылық және тәуекелдің оңтайлы ара қатынасы.

Банктердің  депозиттік саясатының мақсаты - олардың активтері мен пассивтерінің үйлесімділігі мен тиімділігін қолдау үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражаттарын тартуды оңтайлы басқару болып табылады.

Банктің депозиттік саясатының негізгі міндеттері:

- халықтың  қысқа мерзімді депозиттеріне  қарағанда ұзақ мерзімді депозиттерді дамыту және осының негізінде қаражаттардың тұрақты көздерін қалыптастыру;

- талап  еткенге дейінгі депозиттердің баламасы ретінде карточкальқ шоттарды (пластикальқ карточкаларды) кезеңдер бойынша көбейту;

- клиенттерге  көрсетілетін депозиттік және  онымен байланысты банктік қызметтер ауқымын кеңейту;

- қаржылық  және қаржылық емес салалардың  клиенттерінің депозиттерін арттыру.

Банктердің  депозиттік саясаты олардың тарифтік, мүдделік саясаттарымен өзара байланысты болады және келесі мәселелерді шешуге бағытталады:

                барынша аз қаржылық шығындарды  жұмсап, жеке және заңды тұлғалардың бос ақшалай қаражаттарын тарту;

                ақшалай қаражаттарды шоғырландыру үшін депозиттердің жаңа түрлерін дайындау және енгізу;

инвестицияны  қаржыландыру мен несиелеу үшін депозиттердің жеткіліктілігін қамтамасыз ету;

депозиттерге  қызмет көрсету бойынша банктің  шығындарын азайту және т.б.

Депозиттік саясаттың  қағидалары:

- ақшалай  қаражаттарды депозиттерге орналастырудың  еріктіліп және оларды қабылданған  номиналдары бойынша қайтарымдылығы;

- нарықтьқ конъюктура  тұрғысына қарағанда депозиттік  өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі;

- жинақтарды  жинақтау үшін депозиттердің  шартының қолайлылығы;                                                                ақшаларды пайдалануға және тартуға бақылау жасау.

Депозитік саясат депозиттер бойынша сыйақы ставкаларын, жинақтарды тарту әдістерін, депозиттерді сақтау мерзімдерін оңтайландыру, қызмет көрсету аясын кеңейтуді, клиенттерге қызмет көрсету технологиялық үрдісін өзгертуді икемді реттеу жолымен жүзеге асырылады.

Банктің депозиттік портфелінің оңтайлылығы  және диверсификациясы өтімділікті ойдағыдай басқаруға қажетті шарт болып табылады. Банктің негізделген және заңды клиенттерінің қажеттіліктерінің қабілетсіздігі тиімді келісім-шарттардың тез арада жоғарылауына, оның бәсекелік позициясыньң әлсіздігіне және ақырында, нарықтық қатынастың өміршең қабілетті cyбъектici ретінде банктің күйреуіне әкeлeдi. Банк қызметінің мақсаты (басқа да экономикалық қызметтер сияқты) — минималды тәуекелділікте максималды мүмкін пайда (табыс) алу. Басқаша айтқанда, бұл анықтама – тәуекелдің табысқа немесе табыстың тәуекелге қатынасы. Табыстылық пен тәуекелдің оңтайлы комбинациясы тәуекелдің табысқа қатынасы үшін минимумға жету немесе эквивалентті бөлу табыстың тәуекелге қатынасы үшін максимумға жету болып табылады. Табыстылық пен тәуекелдің оптималды комбинациясын Морковиц-Шарп моделіндегі бағалы қағаздар портфелінің оңтайлы 6ip уақытта ұштастырылуы мынадай екі шартты орындайды:

  • бұдан басқа eшбip табыстылық пен тәуекелдің бұдан басқа eшбip комбинациясы берілген табыстылықтың көп немесе тәуекелдің аз деңгейінде қамтамасыз етілмейді;
  • табыстылық пен тәуекелдің бұдан басқа eшбіp комбинациясы берілген аз немесе табыстылықтың жоғары деңгейінде қамтамасыз етіле алмайды.

Мұндай  комбинация тәуекелдің бip түрі ғана қабылданғанда  және табыс кездерін баламасыздығын тек бipey ғана болған кезде қалыптасады. Көп қабылданған тәуекел және сараланған табыс көздерін қолдану кезінде мұндай оптимумдар бірнеше болуы мүмкін, ол тәжірибеде ереже болып табылады. Бұндай жағдайда табыстылық пен тәуекелдің ара қатынасының оңтайлылығын iздey кезеңі бойынша өткізіледі, тәжірибеде жүзеге асыру жолында тізбектілік итерацияда негізгі бағыттарды байқай отырып "градиент" сияқты кеңестік ықтималдық жоғары жағдайында.

Дегенмен, саналы тәуекелді қабылдаудан басқа, оны минимизациялауды банк өзінің қызметін мынадай түрде: минимумды жоғарылытуды өзіне анықталған табысты қамтамасыз етуде icкe асыру керек. Мұндай минималды табыс деңгейі деп табыстылықтың жеткіліктілігін айтамыз. Онда табыстылықтық тәуекелдігін бірнеше аймаққа бөлуге болады, оның әрқайсысы қызметтің айрықша жағдайымен сипатталады.

Болашақтағы сұраныстың анықталмаған жағдайында өтімділіктің қалыпты мөлшерін анықтау қиын. Коммерциялық банктердің өтімділік жағдайын нақты бағалау үшін анықталған кезеңде қолма-қол ақшаның түcyi және қолма-қол қаражаттарының қажеттілігі күтілген деңгейде өтімді активтердің нақты болжамдары қажет.

Несиелік  саясатты әзірлеу кезінде:

        1.базистік кезең деңгейімен салыстырғанда салымдар мен ссудалардың әр    күтілген өзгерістеріне сүйенуі мүмкін.

2. банктің өтімділік ресурстарының қажеттілігін есептегенде.

Коммерциялық  банктердің несиелік саясатын анықтайтын өтімділік динамикасына мынадай үш негізгі фактор әсер етеді:

А) салым  сомасының азаюына немесе көбеюіне байланысты қаражаттарды сатып алу немесе жоғалту;

Ә) инвестиция және ссуда сомаларының қысқаруы мен өсуіне байланысты қаражаттардың түcyi немесе жылыстауы;

Б) салым  сомасының қысқаруынан немесе өсуінен  міндетті резервтік мөлшерінің төмендеуі немесе өcyi.

Коммерциялық  банктердің депозиттік саясатын анықтауда нарықтық ерекшеліктерін талдауға сүйенеді, сондай-ақ банктің ресурстарының оңтайлы комбинациясының критерийлерін, негізгі талаптарын жасауға болады. Сонымен бipгe біздің көзқарасымыз бойынша, жеке таңдаулы банктің депозиттік саясатының ерекшелігі айырықша көрінеді және барлық банктер үшін жалпы критерийлер болуы керек.

Қазақстан  банктерінің  депозиттік саясатының  жалпы оңтайлы критерийлері мыналар:

- банктің  қаржылық тұрақтылығы, оның сенімділі,  тұрақтылықты ұстап тұру үшін қажетті банктің депозиттік, несиелік және басқа да операцияларының өзара қатынасы. Жекелей алғанда, активтер мен пассивтердің келісуі қажет (сомасы, мерзімі, өтімділігі тәуекелдік және табыстылық дәрежесі бойынша), яғни банктің депозиттік саясатты жүргізгенде депозиттер портфелінің оңтайлылығын банкке деген салымшылар (заңды және жеке тұлғалар) талабының жиынтығы ретінше ең артынан қарауының өтімділіктің және табыстылықтың, тәуекелдің дәрежесін анықтайтын критерийлердің негізінде жіктелінуінің (несиелік ұйымның берілген ресурс түрінің айналымы мен мepзiмi, талап ету дәрежесіне, пайызд  ық ставка деңгейі және т.б.) қалыптасуына үлкен көңіл бөлу қажет.

- банк ресурсының тәуекелдігін минимизациялау мақсатында диверсификациялау;

-    депозиттік портфельді сегменттеу (клиент, өнім және нарық бойынша);

      - әр түрлі клиенттер тобына саралау тәсілдемесі (тұрғындардың жоғарғы 
депозитіндегілер, байлар, кедейлер үшін әр түрлі өнімді жинақтау);

-   банктің өнімі және қызмет  көрсетуі басқа бәсекелес банктің  өнімінен өзгешеленуі керек (сапасы, бағасы бойынша және т.б.);

- жоғары  тәуекел жағдайында банктің депозиттік  портфеліндегі тұрақты ресурстарының үлесі жоғарылағанда тұрақты және "ұшпалы" ресурстардың оңтайлы үйлесуші қамтамасыз етуде ресурстардың тиімді комбинациясының қажеттігі сонымен қатар депозиттік операциялар бойынша да;

     -  депозиттік портфель мен  салымдардың  гаммасын тұтасымен 
қалыптастыру процесінде өміршендік кезеңде есепке алу концепциясы.

Депозиттік  саясаттың оңтайлы критерийлерін  ерекшелігі әр банкте жеке-жеке анықталады (банктің мөлшеріне оның персоналдарының квалификациясына, олардың орындаған операциялары және қызмет керсетулерінің өзіндік құны және т.б.) Мысалы, әлеумметік бағытталған саясатты жүргізуде (халықтың тұрмысы төмен жіктері үшін; VIP-клиенттер үшін; халықтың тұрмысы жоғары жіктегілер үшін) нақты аймақта өзінің операцияларын дамыта отырып немесе операцияларымен қызмет көрсетудің анықталған түрлеріне арналған нарықтық стратегияны банк таңдайды, оның оңтайлы көpiніci біршама дәрежеде сәйкес келеді.

Халыққа банктік қызмет көрсету нарығын маркетингтік зерттеу нәтижесі жоғарыда айтылғандай, сонымен қатар шетелдік банк тәжірибесін зерделеу мынадай қорытындағы әкеледі, банк қызметінің түбегейлі бағыты депозитке қаражаттарды тарту, бұл - салымдар гаммасының кеңеюі берілген жағдайды негіздеу үшін депозиттер нарығының қaзipгi жағдайын және жекелей алғанда Қазақстандағы банктердің салымдар жүйесі зерттеу өте қажет.

Халықтың  ақшалай жинақтарын талдау қазipгi кездегі  Ресей жинақтау жүйесінің үш негізгі элементтен қалыптасқанын көрсетеді банк шотында салым түрідегі жинақ ақша сақтандыру полисі түрінде және бағалы қағаздар түрінде. Ең маңызды рөлі банк шотындағы салым түріндегі жинақ ақша алады, және жоғарыда көрсеткендей жинақ банктегі салымдар тарихи басымды.

Салымдар  бойынша операциялар несиелік айналымның және халықтың жинақ ақшаларын оңтайлы ұйымдастыру мәселесіне тікелей байланысына қарамастан осы уақытқа дейін "депозит" жинақ iciнiң теориясы мен тәжірибесінде « салым» түсінінің біржақты анықтамасы  жоқ.

Информация о работе Банктердің депозиттік саясаты