Азаматтық неке

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 17:07, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыс мақсатты Азаматтық некенің жағымды және жағымсыз жақтарын зерттеу
Курстық жұмыс міндетті
1. Азаматтық некенің психологиялық мәселелері анықтау
2. Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы құқықтарының ерекшеліктерін талдау

Содержание

Кіріспе 4
1. Азаматтық некенің психологиялық мәселелері 6
1.1 Әйелдермен еркектердің азаматтық некеге қатнасы 6
1.2 Азаматтық некенің жағымды жақтары 10
1.3 Азаматтық некенің жағымсыз жақтары 12
2. Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы құқықтары 16
2.1 Азаматтық неке жөнінде занды қөзқарас 16
2.2 Азаматтық некедегі отбасылық қатынстар 19
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25

Работа состоит из  1 файл

азаматтык неке.docx

— 75.65 Кб (Скачать документ)

     Кейінгі жылдары «азаматтық неке» мәселесі күн тәртібіне қойыла бастады. Оны жақтаушылар да баршылық. Заңдастырып алмақ ойлары да бар. Тіпті ел арасында «еркін махаббат» немесе «іс жүзіндегі неке» деп те атап жүр. Бұл сөздердің астарынан «ашыналық» ұғымын көру қиы н емес. Бұл  жаһандастыру толқынымен «жабайы батыстан» келген құбылыс.

     Бұл некенің өзгешелігі мемлекеттiк органның тiркеуiнен де өтпейдi, Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” Заңында ол туралы ешқандай түсiнiктеме берiлмеген. Сол себепті заң өкiлдерi мұны әзірге “бейресми некелесу” деп  қабылдап отыр.

     Ислам діні жастардың отбасылы болуларына айрықша мән беретін дін. Өйткені, отбасы әрбір қоғамның негізін қалайды. Егер қоғамды бір ғимарат десек, отбасы сол ғимараттың кірпіші саналмақ. Ұл-қыздарымыздың отбасы болып өмір сүрулері еліміз, ұлтымыз үшін қажет-ақ. Ислам діні мен салт дәстүріміз тұжырымы бойынша ер адам отағасы, ал әйел үйдің берекесі боп саналады. Сондықтан жастарымыз отбасы құрмай бақытты өмір сүруге қол жеткізе алмайды. Ислам діні шаңырағы биік, керегесі кең, босағасы берік отбасы құруды ерлі-зайыптының ортақ міндеті етіп бекіткен. Сол себепті дініміз отбасылық өмірді, неке қидырып бастауды үндейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Неке менің сүннетім, кім менің сүннетімнен бет бұрса, ол менің үмметім емес»,– деген. Неке қидыру дегеніміз – екі жастың адал жолмен қосылып, перзентті болып, киелі шаңырақ көтеруі деген ұғымды білдіреді. Некесіз екі жастың қосылуын ислам қатаң қаралайды, мұны харам деп үлкен күнәлар қатарына жатқызады. Міне осы неке мәселесі төңірегінде жағымсыз, негізсіз әдеттер біздің қазіргі қоғамда қалыптасып жатыр. Жастардың алдымен төсектес болып, заңды некелесуге асықпай некеге немқұрайлы қарауы алаңдайтын жағдай. Міне, осындай арсыз қылыққа жастардың етін үйретіп, ниетін бұзып жүрген «Азаматтық неке».

     Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадис-шәріпінде: «Неке қидырып үйленіңдер, перзентті болып көбейіңдер. Әрине мен сендердің көптіктеріңді қиямет күні басқа үмметтің алдында мақтаныш етемін»,-делінген. Шаңырақ көтерген жас жұбайлардың бірінші ақ некесін қиып, оларға ізгі тілек айтып, құттықтау мұсылмандардың бір міндеті, әдет-ғұрпы саналады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) әрқашан отау құрғандардың некесін көпшілікті куәлік етумен қиып, жақсы дұғалар жасаған. Үмметтеріне де солай етуге бұйырған. Некесі қиылмай олардың жеке қалуы былай тұрсын бір-бірінің қолынан ұстауына тиым салады. Сондықтан әрбір ата-ана қыз ұзатып, келін түсірген кезде жас-жұбайлар жеке отауға шықпай тұрып, яғни салтанатты той думанға дейін созбай, некелерін қиғызуды ескерулерін қаперлеріне саламыз.

     Ислам шариғатының тұжырымы бойынша некесіз отбасы, отбасынсыз неке болмайды. Отбасы адамзат жаратылғаннан бері, яғни тарихтың барлық кезеңінде қоғамның негізі болып саналған. Сондықтан отбасы берік, пәк, адал болса, қоғам да сондай болады. Сол себепті адамзатты тыныштыққа, адалдық пен тазалыққа үндейтін ислам діні отбасының келешегі мен кемелдігіне ерекше мән береді. Аллаһ алдындағы ақ некесін қиғызу Ислам дініміздің талабы болса, жергілікті АХАЖ бөліміне тіркеліп, неке куәлігін алу заңымыздың талабы.

     Мұнымен қоса азаматтық некеде әйел мен еркектің әрмен қарай тұрмыс құрып кетулері екі талай нәрсе. Мұндай отбасында  дүниеге келген сәби әкесі мен  шешесі ажырасқан жағдайда бала көбінде  анасының қолында қалып, әкелік тәрбиеден, мейірімнен жырақта болу қаупі бар. Балаға ананың мейірімі қандай қажет  болса, әкенің де мейірімі мен тәрбиесі соғұрлым қажет.

     Мұндай  адамзат санасын улайтын жалған некеден миллиондаған адамдар азап шегуде. Оның салдарынан мыңдаған отбасы бұзылып, қаншама балалар тірі жетімге  айналуда. Жезөкшелік пен азғындық көбейіп, СПИД секілді қауіп төндірген, қисапсыз бәлекет алып келген әртүрлі  аурулар пайда болуда. Сондықтан, кейбір елдер секілді еліміздің  БАҚ-ы некесіз, отбасынсыз өмір сүруді уағыздайтын тақырыптарға жол бермеуі  тиіс. Өкінішке орай қазіргі таңда  ата дініміз бен ділімізге  мүлдем қайшы келетін бейне клиптер  мен кинолардан аяқ алып жүре алмайсыз. Қолдан жасалған мұндай азғындықты қайта  түзету үшін сияқты миллиондап қаржыны  ысырап етумен қатар өмірден өз бармағымызды тістеп өтеріміз хақ.

 

   

2. Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы құқықтары 

2.1. Азаматтық некеге занды қөзқарас 

     Азаматтық неке дегеніміз – адамдықтан кеткісі  келген қоғамның көңілдестікті заңдастырып  алған түрі. Ол азаматтарымызды, жастарымызды бүлдіріп, елімізді артқа сүйрейтін  құбылыс. Жалпы, бұл ұғымның атауы  да дұрыс емес. Егер оны қазақтың жалпақ тіліне салсақ, бойсуыту деп  атар едік. Біз «Батыстан үйрену керек» деген пікірді жиі айтамыз.

     Азаматтық неке дегеніміз – Батыс ойлап  тапқан ең зиянды бастамаларының бірі. Мұндай үрдістің кең етек жаюы қоғамның рухани азып-тозуына, біржынысты некенің  заңдасуына жақын қалғанын көрсетеді.

     «Неке және отбасы туралы» заң жобасынан  азаматтық неке туралы бапта қарастырады.  Кейде адамдар бір-бірін толық танымастан отау құрып алады да, сол әрекеті үшін өмір бақи қорланып жүреді. Әрине олар, ең алдымен, айналадағылардың сұқтауынан қорқады. Оның үстіне біздің бюрократиялық қоғамда заң жүзінде ажырасудың өзі оңай нәрсе емес, көптеген қиындықтар тудырып жатады.

     Неке  және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы N 321-I Заңы (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 27.07.09 ж жағдайы бойынша енгізілген)Жарияланды: Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 23 Мәтiндегi сөздер ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.[2]

     2011 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан  Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне  қол қойылды.

     Осы уақытқа дейін неке-отбасылық  қатынастар 1998 жылдың 17 желтоқсанында қабылданған «Неке және отбасы туралы» заңының деңгейінде реттеліп келген. Ал, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі қолданыстағы заңды жетілдіріп, аталған саланы жалпы қабылданған халықаралық нормалармен сәйкестендіру қажеттігінен туындады.

     Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының І тарауында 1-бабының 2-тармағында отбасын құру ниетінсіз  заңда белгіленген тәртіппен  жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары  мен міндеттерін туғызбайтын  некені – жалған неке деп атап көрсеткен.

     Дегенмен, жүзден аса ұлт пен ұлысты қанатының  астына алған зайырлы мемлекетте азаматтардың некесін тіркеудің  баршаға ортақ, ешқандай ұлттың этикалық ұстанымына қайшы келмейтіндей оңтайлы  жолы әзірге осы.

     Кодекс  отбасы мен баланың мүддесін қорғауға бағытталған. Мәселен, бір жынысты адамдардың арасындағы некені жасауға жол бермеу нақтыланған. «Қорғаншылық» пен «қамқоршылық» институттарына бөлек ұғымдар берілген. Баланы тәрбиелеуге беру жөнінде шарт жасаудың, оны бұзудың тәртібі белгіленген. Заңды тұлғалардың алимент төлемдерін уақытында аудармағаны үшін жауапкершілік тағайындау реті де көзделген. Нақтырақ айтқанда, құқықтық тұрғыдан алимент төлемеген жандардың Қазақстан Республикасынан тысқары шыға алмау мүмкіндігін белгілейтін нормалар қарастырылған. Бұл кодекс әлеуметтік маңызды сипатқа ие болғандықтан, оны әзірлеген кезде көпшіліктің пікірі мен ұсыныстары ескерілді.

     Кодекс  барлық мазмұнымен қоғамның негізгі ұйымы – отбасы институтын нығайтуға бағытталған. Баланың толық жетілуіне қажетті жағдай тудырып, олардың құқығы мен мүддесінің заңды қорғалуына кепілдік береді деген үміттеміз.[2]

     Қазақстанда мемлекеттік азаматтық хал актәлерін тіркеу органында тіркелген неке ғана танылады. Некеге тұрған кезде отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе қай дінді ұстанатындығына қарай азаматтардың құқығын шектеудің кез келген түрлеріне тыйым салынады.

     Ерлі-зайыптылар қатынастарына туыстарының араласуына жол берілмейді. Егер неке күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен қиылған  болса, онда ол жарамсыз деп танылуы  мүмкін. Некеге тұру келісімін некені тіркеу рәсімінің барысында некеге тұрушы адамның тікелей өзі ауызша білдіреді және оның қолын қойғызу  арқылы расталады.

     Отбасын құру үшін неке жасына жетудің үлкен  маңызы бар. Некеге тұрушылар белгілі  бір рухани және күш – қуат кемелділігіне  ие болуы керек, ол белгілі бір  жаспен байланысты. Біздің заңымызға  сәйкес неке жасы – 18 жас. Азаматтық  хал актілерін тіркеу органдары  дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады. Неке жасына жетпеген адамдардың некеге тұруына ата-аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. Жүктілік немесе баланың тууы, әскери қызметке шақырылуы, кәмелетке толмағандардың нақты отбасын құруы дәлелді  себептердің қатарына жатады. Соның  өзінде басқа да дәлелді себептердің  болуы мүмкін.

     Некеге  тұратын адамдар медициналық, сондай-ақ медициналық-генетикалық мәселелер  және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультациялар  алып, тексеруден өтулеріне болады. Мұндай тексерулер некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана өткізілуі  тиіс. Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері дәрігерлік құпия болып  табылады және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның  келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.

     Болашақ ерлі-зайыптылар азаматық хал актілерін  тіркеу органына өздерінің некеге тұрғысы  келетіндіктері туралы бірлесіп жазбаша  түрде мәлімдеуі керек.

     Некеге  тұратын адамның тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал  актілерін тіркеу органдарында қиылады. Некені сенімхат бойынша немесе өкілдер  арқылы қиюға тыйым салынады. Қамауда  немесе бас бостандығынан айырылғандар некеге отыра алады. Алайда оларда мемлекеттік  тіркеу азаматтық хал актілерін  тіркеу органында, бас бостандығын  айыру орнында немесе қамауда  отырған жерде жүргізіледі. Заңда  неке қиюға кедергілер де көзделген. Бұл өзге тіркелген некенің болуы, болашақ ерлі-зайыптылардың жақын  туыстығы, некеге тұрушылардың біреуінің  іс-әрекетке қабілетсіздігі, сондай-ақ бала асырап алушылар мен асырап алғандар арасында неке қию болып табылады.   

     Азаматтардың  неке-отбасы қатынастарындағы құқықтары  тек заң негiзiнде және отбасы мүшелерi мен өзге де азаматтардың денсаулығын, адамгершiлiгiн, құқықтарын және заңды  мүдделерiн қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сондай шамада ғана шектелуi мүмкiн.

     Азаматтық неке пайда болғаннан кейін байырғы  қазақ ерекше назарда ұстаған  жетім мен жесір мәселесі ушығады. Статистикаға салатын болсаң, азаматтық  некеге тұрғандардың арасындағы ажырасу  фактілері дәстүрлі некеден бірнеше  есеге көп. Осы мысалдың өзі азаматтық  некенің мемлекетке қалай әсер ететінін көрсетіп тұрған жоқ па? Азаматтық  некедегі жастар еш уақытта отбасын  құру деген мәселеге салмақты қарамайды. Адам табиғаты ер мен әйелдің жұптасуын  қалайды. Ал азаматтық неке осы дәстүрге қарсы шығып, түбінде адамдардың жұп құрау дәстүрін жоқ етеді. Айналып келгенде, азаматтық неке туралы заң ер мен әйелдің бей-берекет  жыныстық қатынасқа түсуіне жол  ашатын құжат болып шығады.

     Қазір балалар үйі тастандыларға толып  тұр. Ертеңгі күні азаматтық неке үрдіске айналғанда, олардың саны еселеп өседі.

     Қазақ үшін шата деген өте жағымсыз ұғым болып саналады, яғни некесіз туылған  бала. Мұны дініміз де қаламайды. Құдай  алдында ант беріп, некелеспеген жұптан туылған баланың бойында  тазалық болмайды. Тексіздік содан  туындайды. Бұл мәселені депутаттар қайта қарап, аталған бапты алып тастауы қажет деп ойлаймын. Депутаттар қазақтың дүниетанымында бар нәрсеге, көп әйел алушылыққа да шектеу қойды  ғой. Ендеше, азаматтық некеге де солай  тосқауыл жасауға тиіс.

     Азаматтық неке адамдардың бір-бірін дұрыс  тануына мүмкіндік береді. Жалпы, ондай некеде адамдар бір-біріне төзімділікпен қарауды үйренеді. Адамдар кіммен некелесемін десе, өз еркі болуы керек. Бір жағынан, азаматтық неке жаңа ойлап табылған нәрсе емес.

     Ол  Батыс елдерінде әбден сынақтан өткен. Әрине, азаматтық некеге қарсы  шығатындар көбіне «балалар жетім қалады»  деген пікірді алға тартады. Алайда меніңше, ол адамдардың өздеріне байланысты. Дәстүрлі некеден жетім қалып  жатқандар да аз емес қой.

     Қазіргі жағдайда әйелдер мен еркектер санының  үлес салмағында айтарлықтай үлкен  алшақтық жоқ. Яғни бұл ел арасында теңсіздік орнатады. Мәселен, дәулетті адамдар бірнеше әйелден алатын болса, кедей адамдар бір әйелге де қол жеткізе алмай қалуы мүмкін. Азаматтық неке әйелдердің құқығын таптайды деген пікір де жиі айтылады.

     Сондай-ақ, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кез келген мемлекеттің экономикасы  қарыштап дамыған сайын сол елде азаматтық неке көбейіп, демографиялық  ахуалдың әлсірейтіні дәлелденген.

     Дегенмен, шаңырақ көтеріп отырған жас  жұбайлар некелерін дін өкілдеріне барып қидырамын десе де еркі бар. Алайда, бүгінде неке куәлігін қажетсінбей-ақ "еркін махаббатты" қолдайтын  жұбайлардың жаңа жұбы қалыптасты. Бүгінде Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмаған балалардың 22 пайызының  некесіз туылуы осындай еркіндіктің "жемісі". 
 
 

Информация о работе Азаматтық неке