Азаматтық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 12:39, реферат

Описание

Азаматтық — адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді: мемлекет өз азаматының заңды құқылары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, қорғауға және оған шет елде қамқорлық жасауға кепілдік береді; ал азамат мемлекеттің заңдарын және т.б. өкімдерін бұлжытпай сақтауға және оның белгіленген міндеттерін орындауға міндетті. Мұндай құқылар мен міндеттердің жиынтығы азаматтың саяси-құқықтық статусын айқындап, оны шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан ерекшелейді.

Работа состоит из  1 файл

Азаматтық құқық.pptx

— 884.28 Кб (Скачать документ)

Азаматтық құқық

Жоспар:

 

 

    • Азаматтық туралы жалпы түсінік
    • ҚР Конституциясы азаматтық туралы
    • Қос азаматтық
    • ҚР азаматығын алу және азаматтықтан шығу

Азаматтық — адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді: мемлекет өз азаматының заңды құқылары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, қорғауға және оған шет елде қамқорлық жасауға кепілдік береді; ал азамат мемлекеттің заңдарын және т.б. өкімдерін бұлжытпай сақтауға және оның белгіленген міндеттерін орындауға міндетті. Мұндай құқылар мен міндеттердің жиынтығы азаматтың саяси-құқықтық статусын айқындап, оны шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан ерекшелейді. [[Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды” делінген (10-бап). Әлемдік тәжірибеде дүниеге келген нәрестеге азаматтық алу құқы екі негізге: қандық және түп-тамыр құқыларына сүйенеді. Қандық құқы бойынша азаматтық алу туған мекен-жайына емес, ата-анасының азаматтығына байланысты (Австралия, Норвегия, Италия, Финляндия т.б.), ал түп-тамыр құқы бойынша нәрестенің қай мемл. терр-сында туғаны түп негізге алынады да, ата-анасының азаматтығының бұған қатысы болмайды (Бразилия, Аргентина, т.б.) Қазақстан Республикасының 1991 жылы 20-желтоқсанда қабылданған (1993 жылы 3 қазанда түзетулер мен толықтырулар енгізілген) “Азаматтық туралы заңы” бойынша Қазақстанда қандық құқы негізге алынады

Қос азаматтық

 

Белгілі бір жағдайларда Қазақстан азаматы 

басқа бір  мемлекеттің азаматтығын  қатар 

алуы  мүмкін. Адамның мұндай жағдайы 

қос азаматтық  деп аталады.

Курделі мэселе

 

    Қос азаматтығы  бар адамдар Парламент 

немесе жергілікті Билік органдарының

депутаттарын сайлауға  немесе өздері

сайлануға  қатысқан жағдайда екі ұшты

ахуалға түскен болар  еді.Өйткені олардың 

Әрқайсысы дербес саясат жүргізетін екі 

мемлекеттің азаматы.Ал ол мемлекеттердің

мүдделері  қайшы  келіп қалу мүмкін.Сонда 

осы екі мемлекеттің  екеуінің  де азаматы 

болып  саналатын  азаматтың алдында екі 

елдің бірін ғана қалау мәселесі туындайды.

    Тағы  бір мәселе әскери қызмет атқаруға 

қатыстылықтан туындайды.Бипатрид өз Отанын қорғауға міндетті.Ал оның отаны  – екеу.

Егер өзі азаматы  болған екі ел бір-бірімен жауласар шақ туса, сонда ол осы екі елдің 

біреуінің  ғана жағына шығуы керек.Мұндай ахуал  қос азаматтығы бар адмның алдына

елеулі  мәселелер  тартуы мүмкін.Бұдан шығар қорытынды:қос  азаматтық әр адамның

 өзінің жеке  басына ыңғайсыз.

 

ҚР-ның азаматығын алу және азаматтықтан шығу

 

“ҚР-ның азаматтық туралы” Заңы бойынша: осы заң күшіне енген 1992 жылдың 1 наурызынан 

бастап Республика аумағында тұрақты тұратын адам ҚР-ның азаматы болып табылады.ҚР-нан 

тыс жерде тұратын, азаматығы жоқ адамдар өзінің өтініші бойынша ҚР-ның азаматығын қабылдай

алады.Азаматтық  алу үшін Қазақстанда кемінде  бес жыл тұрақты тұруы тиісті.Қазақстан  азаматының

 жақын туысқандары  өтініш берісімен-ақ Қазақстан  азаматығына қабылданады.ҚР-ның  азаматығын

 қабылдау туралы  өтінішті  президент қарайды.ҚР-ның  азаматығын алу үшін өтініш  мынадай 

жағдайларда қабылдамайды.

- халықаралық құқықта  қаралған , адамзатқа қарсы қылмыс  жасағандар:

 - ҚР-ның тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шыққандар:

- ҚР аумағының  біртұтастығын бұзуға шақырғандар:

 - халықтың денсаулығына, мемлекеттің қауіпсіздігіне қатысты заңды бұзғандар:

 - мемлекетаралық, ұлтаралық және діни өшпенділік отын тұтатқандар;

 - ҚР-ның мемлекеттік тілінің атқаратын жұмысына қарсы шыққандар :

 - террорлық әрекеті үшін соталғандар;

 - сот ерекше қауіпті деп таныған ауыр қылмыстылар;

 - басқа мемлекетте азаматтығы барлар.

 

 

 

 

Азаматтықты куәландыратын  құжат – куәлік пен төл-құжат болып табылады.Адам 16 жасқа толғанға дейін оның азаматтығы туралы әкесі мен шешесінің біреуінің төлқұжатымен және өзінің тууы туралы куәлігімен расталады.

Назарларыңызға  рахмет!

 

1


Информация о работе Азаматтық құқық