Адам құқығы халықаралық және ұлттық құқықтағы басымдылық ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 16:09, доклад

Описание

Адам құқығына, оның мазмұнына, қорғалуына және бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының аумағында қамтамасыз етілуіне деген қатынастардың өзгеруі ХХ ғасырдың 80-90 жылдардағы саяси, экономикалық, әлеуметтік өзгерістердің нәтижесінде болды. 1977 жылғы КСРО және 1978 жылғы ҚазақКСР Конституцияларында адам құқығы үлкен көлемде жарияланды; КСРО 1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтар туралы және экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық Пактлерді ратификациялады. Бірақ социалистік құрылыс кезінде адам құқықтары тек белгілі бір дәрежеде, тоталитарлық режим сұраныстарына жауап беретін болса ғана жүзеге асуы мүмкін.

Работа состоит из  1 файл

Адам құқығы баяндама.docx

— 41.38 Кб (Скачать документ)

Халықаралық мұндай форумдардың  нәтижесінде жыл сайын көптеген елдер өлім жазасын жоюда: бұрынғы  Кеңес Одағы аумағында соңғы  он жыл ішінде көпшілік мемлекеттер  өлім жазасын жойған, 2001 жылдан бастап Турция және Чилиде өлім жазасына тыйым  салынды, бірқатар елдерде бұл жазаны орындауға мораторий енгізілді. Бүгін де өлім жазасын қолданудан 109 мемлекет бас тартты. Халықаралық  ұйымдар, оның ішінде ЕО мұндай жазалау  түрінен бас тартуы үшін АҚШ-қа қысым  көрсетуде. Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы егер АҚШ және Жапония  өлім жазасын қолданудан бас тартпаса, олардың бақылаушы мәртебесінен айырылатынын жариялады. Өлім жазасына толық тыйым салған КСРО елдерінің  қатарына Армения, Әзірбайжан, Эстония, Грузия, Литва, Молдава, Түркіменстан және Украина жатады. Қазақстан мен  Қырғызстанда жазаның орындалуына  мораторий енгізілген. 2004 жылы шілде  айында Қазақстанда 2003 жылы желтоқсанда  енгізілген мораторийге сәйкес 27 өлім жазасына кесілгендер болды.

Қазақстан Республикасының  Конституциясының 15 бабында көрсетілгендей, әрбір адам өмір сүруге құқылы және 2007 жылы 21 мамырдан бастап өзгерту енгізілген Негізгі заң бойынша өлім жазасы адамдардың өліміне әкелетін лаңкестік ауыр қылмыстарға, сонымен бірге соғыс кезінде болған аса ауыр қылмыстарға қолданылатын, айыпталушыға кешірім сұрау құқығы берілетін жазаның ең жоғары түрі болып саналады.

Біздің ойымызша, өлім жазасына барлық елдерде тыйым салу дұрыс  және қажет шешім болып табылады. Мемлекет мейірімділік үлгісін танытуы  керек және қысым көрсетудің шексіз тізбегін үзуі және өз азаматтарына жоғары құндылық – адам өміріне құрметпен  қарауды үйретуі тиіс.

1997 жылы 26 мамырда Қазақстан  Республикасы ратификациялаған, «бір  жағынан Қазақстан Республикасы, екінші жағынан Еуропалық қауымдастық  пен оның мүше-мемлекеттері Брюссельде 1995 жылы 23 қаңтарда қол қойған  серіктестік және ынтымақтастық  туралы Келісімде» тараптар қызметінің  мынадай ортақ қағидалары аталды: «Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысында, Хельсинки Қорытынды Актісінде  және Жаңа Еуропа үшін Париж  Хартиясында анықталған демократияны, халықаралық құқық және адам  құқығы қағидаларын сыйлау». 

1996 жылы 31 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығымен бекітілген шетелде  тұрып жатырған отандастарымызды  қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасында  Адам құқықтарының Жалпы бірдей  Декларациясы және басқа да  халықаралық құқық нормаларымен  бекітілген тұлғаның құқықтары  мен бостандықтарының басымдығы  танылған. Бұл жағдай таяу және  алыс шетелдегі қазақ диаспорасының  қазақ ұлтының үштен бір бөлігін   құрауымен байланысты. Олардың көп  бөлігі кеңес дәуірінде революциялық  және азаматтық соғыс салдарынан, зорлап ұжымдастыру, аштық, жаппай  қуғын – сүргін салдарынан  өздерінің тарихи отанын тастап  кетуге мәжбүр болды. Таяу шетелдердегі (ТМД) қазақтар КСРО құлағаннан  кейін диаспора болды. 

Адам құқығы саласындағы  халықаралық құқық нормаларын Қазақстанның мойындауының тағы бір мысалы болып 2002 жылы 7 маусымда Санкт-Петербург  қаласында Қазақстан Республикасы, Қытай Халық  Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей  Федерациясы, Тәжікстан  Республикасы және Өзбекстан Республикасы басшылары қол қойған Шанхай Ынтымақтастық  Ұйымы мүше- мемлекет басшылары Декларациясы саналады. Декларацияның III бөлімінде  былай делінген: «ШЫҰ мүше-мемлекеттер  БҰҰ Жарғысы қағидаларына сәйкес қызмет ететін міндететене отырып, барлық адам құқықтарының әмбебаптылығын, тұтастығын, өзара тәуелділік және өзара байланыстылығын, сонымен  қатар адамның негізгі бостандығын  және құқықтарын сақтауға міндеттілігін  растайды, даму және бейбітшілікті  адам құқығын қорғаудың басты  кепілі деп санайды, адам құқығы бойынша  «қос стандарттарды қолдануға» және олардың қорғау сылтауымен басқа  мемлекеттердің ішкі жағдайларға араласуына қарсы».

Қазақстан Республикасы басшылығы  адам құқығы саласындағы халықаралық  ұйымдармен қатынасына үлкен мән  береді. Сыртқы істер министрі Қ.Қ.Тоқаевтың  басшылығымен халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары бойынша  халықаралық келісімдер бойынша  ведомствоаралық комиссия құрылды. Бұл комиссияның басты міндеті  адам құқығы саласында Қазақстан  Республикасының заңнамасын халықаралық  құқық нормалары мен жалпы  танымал қағидаларына сәйкестендірумен байланысты мәселелерді шешу және адам құқықтары бойынша халықаралық  конвенциялардың орындалуын үйлестіруші  органның функциясы жүктелді. Және айта кететін жайт, мемлекет адам құқығы және бостандығы бойынша алға қарай жылжып келеді. Мұны әлемдік қауымдастық та мойындайды. 2003 жылы АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Қазақстан үкіметі адам құқығын қорғау саласында біраз алға жылжығаны туралы шешім қабылдады. Бұл шешім Конгресске жіберіліп, Федералды реестрде жарияланған, 2003 жылы 25 қарашада АҚШ Сенат және Өкілдер конгресінің палатасы Қазақстанға байланысты арнайы қарар қабылдады және онда біздің еліміздің егемендік жылдары жеткен жетістіктері жоғары бағаланатыны туралы айтылған. Бұл құжатта әсіресе көңіл аударылады «Қазақстан салыстырмалы қысқа уақытта тоталитаризм шынжырын алып тастап, мемлекеттік және қоғамдық институттары мықты, тиімді демократиялық құралдар, заң үстемдігі қағидасы орнатылған және адам құқықтары сыйланатын зайырлы, қарқынды дамитын азаматтық қоғам құрды».

Адам құқығы кешенді санат  болып табылады, оның ішінен адамзаттың бейбітшілік және қауіпсіздікке  құқығын бөлеміз, мемлекеттің егемендікке  құқығын және адамның кез келген ажырамас құқығына бөлеміз. Бұл үш бөлік  өздері бөлінбес бірлікті құрайды және адамзат қызметіндегі басымдылық болып  табылады. Адам құқығын құру, қорғау және қамтамасыз етуде мемлекет орталық  бағыт болады. Кейбір халықаралық  құжаттарда халықаралық құқық нормаларын бұзуды халықаралық қауымдастық  қылмыс ретінде санайтынына қарамастан, адам құқығы мен бостандығының көлемі нақты ұлттық мемлекетке байланысты. Адам құқығын қамтамасыз ету мәселесі тек халықаралық және ұлттық құқық  тікелей арақатынасы жағдайында заңшығармашылығына қатысты емес, сонымен  қатар ұлттық заңның жалпы тәртібіне  қатысты.

Сонымен, елдің адам құқығы туралы Билльді тануы мемлекет қызметінің ішкі және сыртқы мәселелеріне жауап  береді. Халықаралық құқық нормалары, соның ішінде, адам құқықтары мен  бостандықтары туралы нормалары  толық және уақытылы ұлттық құқықтарға имплементациялануы үшін мемлекеттік  аппарат пен қандай да бір халықаралық-құқықтық актінің ратификациялануы үшін күресетін  қоғамдық ұйымдардың келісілген жұмысы қажет. Бұл кезде келісімді, Конвенцияны, өзге халықаралық-құқықтық актіні ратификациялау туралы заңды жобаның бастамашылары  дайындық жұмысын жүргізуі қажет. Ең алдымен, келесі мәселелерді қарастырғаннан кейін, бұл құжаттың ратификациялануын  сенімді түрде дәлелдеуге болады:

- бұл құжаттың біздің  еліміздің Конституциясы мен  әрекет ету құқығына қарсы  шықпаушылығы, егер қарсы шығатын  болса, не ратификациялаудан бас  тартуды ұсыну, немесе ескертумен  ратификациялау;

- бұл құжаттың бұрын  қабылданған Қазақстан Республикасының  халықаралық міндеттеріне қарсы  шықпаушылығы (оның ішінде аймақтық  қауымдастықтар шегінде қабылданған  міндеттемелерге де);

- бұл құжаттың қабылдануы  мемлекеттің әлеуметтік-саяси дамуына  әсер ететіндігін анықтау; 

- егер халықаралық келісімнен  оны қолдану үшін заң шығару  қажеттілігі туындайтын болса,  заң жобасын ұсыну (ратификацияланатын  халықаралық-құқықтық актіге сәйкес  келтіру мақсатымен әрекет етуші  заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар  енгізу туралы заң жобалар  пакетін құру), сонымен қатар ратификацияланатын  құжаттың нормаларын жүзеге асырумен  байланысты қаржылық шығындар, елдің  экономикалық табыстары мен шығындарын  есептеу. 

Қазақстан Республикасының  Конституциясы халықаралық құқықтың жалпы танымал қағидаларына негізделгенімен, маңызды халықаралық құжаттарды ратификациялау кезінде, мысалы, адам құқықтары туралы пактілерді, оған белгілі бір өзгертулер енгізу қажеттігі  пайда болатын жағдайлар туындауы мүмкін. Халықаралық-құқықтық актіні қабылдау міндетті болған кезде, бұл процедурадан ауыртпашылықсыз өту үшін, Конституцияға  енгізілетін өзгерістер, мүмкіндігінше, ратификациялауға дейін енгізілуі  тиіс. Осы арқылы ұлттық құқыққа  имплементацияланған халықаралық  құқық нормаларының максималды тиімділігі қамтамасыз етіледі, ал ел өз кезегінде  құқықтық болып саналады және адам құқығын жаппай бұзушылыққа жол  берген, саяси қуғын-сүргінге айналған тоталитарлық кезеңнен өткен мемлекет имиджін күшейтеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Амаду К.Ш. Конституционное обеспечение исполнения международных договоров
  2. Шимырбаева Г. Один из тех, кто развалил Союз//Казахстанская правда. – 2002, 12 апреля.
  3. Тихомиров Ю.А. Соотношение национального и международного права //Курс сравнительного правоведения. – М.: Изд-во НОРМА, 1997
  4. Казахстанская правда. – 1996, 30 августа.
  5. Гойман В.И. Действие права (Методологический анализ). – М.: Академия МВД РФ, 1992.
  6. Сапаргалиев Г.С. Конституционное право Республики Казахстан. – Алматы: Жетi Жаргы, 1998.
  7. Баймаханов М.Т., Аюпова З.К., Ибраева А.С. Становление правового государства и конституционный процесс в Республике Казахстан: Монография. – Алматы: КазГЮА, 2001.
  8. Малиновский В.А. Потенциал действующей Конституции еще не реализован//Мысль. – 2005.
  9. Решетников Ф.М. Правовые системы стран мира. – М.: Юр. лит.,  1993.

Информация о работе Адам құқығы халықаралық және ұлттық құқықтағы басымдылық ретінде