Адам құқығы халықаралық және ұлттық құқықтағы басымдылық ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 16:09, доклад

Описание

Адам құқығына, оның мазмұнына, қорғалуына және бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының аумағында қамтамасыз етілуіне деген қатынастардың өзгеруі ХХ ғасырдың 80-90 жылдардағы саяси, экономикалық, әлеуметтік өзгерістердің нәтижесінде болды. 1977 жылғы КСРО және 1978 жылғы ҚазақКСР Конституцияларында адам құқығы үлкен көлемде жарияланды; КСРО 1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтар туралы және экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық Пактлерді ратификациялады. Бірақ социалистік құрылыс кезінде адам құқықтары тек белгілі бір дәрежеде, тоталитарлық режим сұраныстарына жауап беретін болса ғана жүзеге асуы мүмкін.

Работа состоит из  1 файл

Адам құқығы баяндама.docx

— 41.38 Кб (Скачать документ)

Халықаралық Пактілерді ратификациялау бұл барлық ұлттық заңнаманы адам құқығы саласындағы негізгі халықаралық  құжаттарға сәйкестендіру бойынша  маңызды жұмыстың басталғаны туралы айтып тұр. Осыған байланысты, заңнамашылар көптеген объективтілік қиындықтарға тап болатыны сөзсіз Біздің ойымызша, Қазақстанға өз азаматтарына еңбек  ету құқықтарына кепілдік беру мүмкін болмайды, ал адамның экономикалық және әлеуметтік құқықтарының ішіндегі ең маңыздысы адамның еңбек ету  құқығы болып отыр. Алайда, халықаралық  құқықта, мысалы, 1948 жылғы Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясының 23-бабында  еңбек ету құқығы еңбек еркіндігі  туралы құқықпен үйлескен. Бұл ережелер 1993 жылғы Конституцияның 19-бабында  да бекітілген болатын, онда былай делінген: «Республика азаматының еңбек ету құқығы бар және ол әркімнің еркіне, қабілетіне, арнайы дайындығына сай еркін өндіруші ретінде немесе еңбек шартына байланысты еркін еңбек ету мүмкіндігіне ие болудан тұрады». 1995 жылғы Конституцияның 24-бабының 1-тармағында халықаралық құқықтың екі бөліктен тұратын нормасының бір бөлігі ғана – еңбек еркіндігіне, мамандық және қызмет түрін еркін таңдауға құқық қарастырылған. Нәтижесінде конституциялық норма еңбекке деген еркіндікті ғана емес, сонымен қатар, еңбектен де бас тарту еркіндігін бекітеді. Бұл халықаралық құқық нормалары талаптарынан және мемлекет адамның негізгі құқықтарын – адамның еңбек ету құқықтарын, яғни тұлғаның және оның отбасының лайықты өмірі, қорыта келгенде, қоғам тұрақтылығы мен мемлекеттің өркендеуі тәуелді болатын адам құқықтарын қамтамасыз етуден бас тартты деген сөз.

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық  Пакт Адам құқықтарының Жалпыға бірдей  Декларацияның әрбір адам экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын да өзінің азаматтық және саяси құқықтарымен бірдей пайдалана алатындай жағдай туғызғанда ғана үрей мен мұқтаждықтан ада еркін адам үлгісі болады деген  ережесін бекітеді. Сондықтан, біздің мемлекетімізде де уақыт өте келе барлық азаматтардың лайықты өмір сүрулеріне жағдай жасалынады деген үміт бар.

ТМД-ның кейбір елдерінде  еңбек ету құқықтары қарастырылмаған. Мысалы, Қырғызстан Конституциясының 28-бабының 1-тармағында Қырғыз Республикасы азаматтарының «барлық жағдайларда  және нысандарда еңбекті қорғау құқығы, қауіпсіздік және тазалық талаптарына  сай еңбек жағдайы құқығы, сонымен  қатар жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғану  құқығы» бекітілген.

Ресей Федерациясы Конституциясының 37-бабының 1-тармағында еңбек еркіндігін әрбір тұлға еңбек қабілетіне қарай жұмыс істеп, мамандығы  мен лауазымын таңдау құқығын  бекітеді. 7-баптың 1-тармағы  Ресей  Федерациясын саясаты адамның лайықты  өмірі және еркін дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға бағытталған  әлеуметтік мемлекет екенін ресми жариялайды, ал біздің мемлекетіміздің Конституциясында Қазақстан өзін тек әлеуметтік мемлекет ретінде бекітті.

ТМД-ның басқа елдерінің  ұлттық Конституцияларында еңбек ету  құқығы бекітілген. Мысалы, Тәжікстан  Конституциясының 35-бабында әрбір  адамның «еңбекке, мамандық таңдауға, жұмыс, еңбекті қорғау және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғану» құқығы бекітілген. Өзбекстан Республикасының Конституциясы 37-бабында заң бойынша қойылған талаптарға сәйкес әрбір адамның  еңбекке, жұмысты еркін таңдауына, еңбектің әділетті шартына және жұмыссыздықтан қорғануға қатысты құқығы бар.

Бірақ еңбекке қатысты  толық құқық Беларусь Республикасының  Конституциясында бекітілген: « Беларусь Республикасы азаматтарына еңбек ету  яғни мамандық таңдауға құқығы, лауазымына, қабілетіне, біліміне, кәсіби дайындығына және қоғамдық қажеттілігіне қарай жұмысы мен айналысатын ісін таңдау құқығы, сонымен қатар, қауіпсіз еңбек шартына кепілдеме береді. Мемлекет халықтың толық жұмыспен қамтылуына жағдай жасайды...».

Сонымен қатар, біздің елімізде 11-бап та іске аспайды, бұл бапқа  сәйкес Пактіге қатысушы мемлекет әр адамның өзі және оның отбасы мүшелерінің  жеткілікті тамақтану, киім мен баспананы  қамтитын жеткілікті тұрмыс деңгейінде өмір сүру және тұрмыс жағдайын үнемі  жақсарту құқығын мойындайды. Бірақ  Пактінің 2-бабында да әрбір мемлекет Пактіде көрсетілген құқықтардың  іске асырылуын біртіндеп толық  қамтамасыз етеді делінген. Біртіндеп  деген сөз асықпай деген сөзге  ұласып кетпеуі тиіс, себебі кейбір құқықтық қақтығыстар саяси шиеліністерге  өтіп кетуі мүмкін.

Мемлекет қызметкерлерінің бейбіт шеруге шығуына тыйым салу, біздің ойымызша, Қазақстан Республикасында  мемлекеттік қызметтің қағидаларының  бірі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 3-бабында сәйкес азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері  мемлекеттік мүдде алдында басымдыққа ие; ал дәл осы Заңның 9-бабының 3-тармағында мемлекеттік қызметкерлердің негізгі  міндеттеріне азаматтардың және заңды  тұлғалардың құқықтары, бостандықтары  мен заңды мүдделері қорғалу  мен сақталуын қамтамасыз ету, заңнамада  бекітілген мерзім ішінде азаматтардың арыздарын қарау және олар бойынша  қажетті шаралар қабылдау жатады. Осылайша, «халық қызметшілері» бейбіт шеруге шығудың орнына, қазақстандық заңнама дұрыс бекіткендей, қоғам  мүддесін қорғауға тұруы тиіс.

Қазақстанда заңнаманы дамытудың, біздің ойымызша, елімізде демократиялық, құқықтық мемлекет құрудағы конституциялық міндеттерді іске асыруда маңызды  рөл ойнайтын басым бағыттарының бірі – ол сайлау заңнамасын жетілдіру.

«Әрбір аспазшы мемлекетті басқара білуі тиіс» деп айтқан Ленин сөзін кейбір сыншылар тікелей  қабылдап қалып жатыр, десек те, қазір  де бұл сөздердің астарында не жатқаны бізге түсінікті, яғни саяси  «ас бөлме» қай кезде болмасын үй шаруашылығындағы адамға арналмағаны  заңгер және мемлекет басшысы ретінде  В.И.Ленинге де белгілі болды. Сұрақ  мынада, кез келген аспазшы және басқа да азамат сайлау арқылы, бұқаралық  ақпарат көздері және басқа да заңды тәсілдер арқылы мемлекеттің  саяси өміріне араласуға құқылы. Ол үшін бізге жетілдірілген ұлттық сайлау заңнамасы қажет, сондықтан  әлемдік тәжірибелерге, халықаралық  құқықтың жалпыға танымал нормаларына  көңіл бөлуіміз керек десек те, Э.Б.Мұхамеджанов атап көрсеткендей, Қазақстандағы  сайлау туралы қолданыстағы заңнама  негізінде халықаралық құқықтық актілердің, соның ішінде Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларацияның (1948), Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пактінің (1966) және Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық Конвенцияның (1952 жылғы №1 хаттама) қағидалары жатыр.

1999 жылы күз айындағы  Қазақстан Республикасы Парламентіне  сайлаудан кейін ЕҚЫҰ атынан  бақылаушылардың жетекшісі Г.Балиан  былай деп мәлімдеді: «Қазақстан  президенттік сайлаудан кейін  белгілі бір жетістіктерге жетті,  бірақ бұған қарамастан, өтіп  жатқан сайлаулар ЕҚЫҰ талаптарына  сай келіп жатқан жоқ және  Қазақстан халықаралық стандарттарға  «сенімсіз қадам» жасап отыр».  Саясаттанушы Р.Азимов осыған  байланысты былай дейді: «беделді  халықаралық ұйымдардың ұсыныстарына  құрметпен қарай отырып, олардың  ойы мен кеңестерін тыңдай  отырып, Қазақстан демократияға  барар жолдағы өзінің дамуының  ерекшеліктері мен даму ырғағын  өзі анықтап алуға құқығы бар». Сонда да, ҚР «Сайлау туралы» Заңын дайындау кезінде 1999 жылы сайлаудан кейін ЕҚЫҰ ұсынған бірнеше кеңестері есепке алынды.

ЕҚЫҰ кеңестері арасында мыналар болды: кез келген жергілікті билік органдарының сайлау процесіне  кез келген араласуына қатаң тыйым  салу және осындай  араласушылыққа қылмыстық санкция қолдану; Орталық  сайлау комиссиясының нұсқаулығына бақылаушылар құқығын, дауыс санын санау және қорытындысын шығарудың процедурасын толық айқындайтын тармақтар қосу; қосымша тізімдерді алып тастау; Бұл өзгертулер мен толықтырулар 1999 жылы 16 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңына (одан ары қарай ҚР «Сайлау туралы» Заңы) 2004 жылы 14 сәуірдегі ҚР Конституциялық Заңымен енгізілді. ҚР «Сайлау туралы» Заңының 50-бабында сайлау туралы мемлекет заңнамасын бұзған тұлға қылмыстық жауапкершілікке келесідей жағдайларда тартылады: сайлау комиссиясының жұмысына араласса; дауыс беруге кедергі келтірсе; кандидаттарды, партиялық тізімді тіркеуге қатысты міндеттерді орындауға кедергі келтірсе; дауыс санын санауға және сайлау қорытындысын шығару барысындағы міндеттерді орындауға кедергі келтірсе; кандидатты, саяси партияны сайлау мақсатына өзінің қызметтік жағдайын немесе лауазымын пайдаланса; сайлау құжаттарын қолдан жасаса; дауыстарды қасақана дұрыс санамаса; сайлау нәтижесін қасақана жалған шығарса; дауыс беру құпиясын бұзса; республика азаматтарының дауыс беру құқығын жүзеге асыруына зорлау, алдау, қорқыныш көрсету, пара беру арқылы кедергі келтірсе;

Осы бапқа сәйкес, тұлға  Қазақстан Республикасының заңымен  бекітілген әкімшілік  және басқа  да жауапкершілікке тартылады, егер: осы Конституциялық Заң талаптарына  сәйкес мәліметтерді қасақана бермесе  немесе жарияламаса; сайлау комиссиясы өкілеттілігі аясында қабылданған  шешімдердің орындалмаса; кандидатты, партиялық тізімді, ұсынылған саяси  партиясын тіркемей тұрып, немесе сайлау күні немесе сайлау қарсаңындағы күні сайлау алды үгіттерін жүргізсе; сайлау алды үгіттерін жүргізу құқықтарына  кедергі келтірсе; кандидат, саяси  партия туралы, олардың лауазымы мен  абыройына нұқсан келтіретін жалған ақпарат қасақана таратса; кандидаттардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат  құралдарының және сайлауды бақылаушылардың  сайлау кезіндегі заңды әрекеттеріне кедергі келтірсе;

Әкімшілік құқықбұзушылықтар  туралы Кодекс пен Қылмыстық Кодекске сайлау заңнамасын бұзуды жазалау туралы өзгерістер енгізілді. ҚР Қылмыстық  Кодексінің 146-бабына сәйкес республика азаматтарының дауыс беру құқығын  жүзеге асыруына кедергі келтіру, сайлау комиссиясының жұмысына араласу, дауыс  беруге кедергі келтіру, кандидаттарды, партиялық тізімді тіркеуге қатысты  міндеттерді орындауға кедергі  келтіру, дауыс санын санауға  және сайлау мен референдум қорытындысын шығару барысындағы міндеттерді  орындауға кедергі келтіру әрекеттері үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан  айырылатын қатаң жаза қолданылады. Осы шаралар арқылы заң шығарушы біздің еліміздегі сайлау мен референдумның  объективті өтуіне кепілдеме береді.

Жетілдірілген сайлау заңнамасын әділеттіліктің, ашықтықтың және шыншылдықтың халықаралық талаптарына сәйкестігіне 2004 жылы 19 қыркүйекте өткен Қазақстан  Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттарды сайлау ең бірінші рет сыннан өткізді. Өткен сайлаудың бағалау өте  әр түрлі болды: сайлау алды кампаниясы мен және сайлау процедурасын толық  жоққа шығарудан бастап  заңнамаға  енгізілген өзгерістер мен демократияға қадам басқан біздің еліміздің табыстарын қуана жариялауға дейін. Әсіресе  оң баға берген, Қазақстанда іс сапармен болып қайтқан мыңнан астам шетелдік тәуелсіз бақылаушылар болды. ҚР Орталық  сайлау комиссиясының ресми хабарламасы  бойынша, 2004 жылы 19 қыркүйекте өткен  ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттарды сайлау қорытындысы мынадай: республика бойынша сайлаушылар тізімін  8 662 188 адам құрады. Олардан дауыс  беруге қатысқаны 4 893 204 адам немесе 56,49%. Мәжіліс депутаттығына кандидаттығын  ұсынған адам саны 513. Сайлауға 12 саяси  партия қатысты, олардың 4-уі екі сайлау блогы құрамында. Республикада, еліміздің  үлкен орталықтарында сайлаушылардың ең көп даусын жинаған партиялардың алғашқы үштігіне кірді: Республикалық  саяси партия «ОТАН» Астанада 53,25% дауыс  жинады; «Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық  партиясы – 16,77%; «АСАР» Республикалық  партиясы - 12,45%. Осы партиялар Алматыда сәйкесінше 41,1%; 23,7; 18,15% дауыс жинады.

Нәтижесінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары болып  билік партиясының мүшелері мен  оның жақтастары, сондай-ақ оппозиция  мүшелері болған іс шаралардың қорытындысын талқылай келе, біз біздің еліміз демократия жолымен, халықаралық құқықтық нормаларын заңнамада және практикада бекіту жолымен  нық қадам басып келе жатыр  деп айта аламыз.

Еліміздің алдағы демократиялануында маңызды рөлді бұқаралық ақпарат  құралдары ойнайды. Қазақстанда  бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының  заңнамасы Адам құқықтарының Жалпыға  бірдей Декларациясының ережелеріне  негізделген, БҰҰ-ға мүше болу актісімен  Қазақстан Республикасы оның ережелерін сақтайтындығын ресми түрде жарияланған. Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 бабында ақпарат алу және таратуға қатысты адам бірнеше құқықтары  бекітілген. 1999 жылы 23 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы (2001 жылдың 3 мамырында №181-ІІ; 2003 жылдың 19 желтоқсанында №509-ІІ ҚР заңдарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) және басқа да нормативтік құқықтық актілер, мысалы, ҚР «Тілдер туралы» Заңы (1997 жыл), ҚР «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңы (1998 жыл), ҚР «Мемлекеттік құпияларды қорғау туралы» Заңы (1999 жыл), Азаматтық, Қылмыстық Кодекстердің және Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодекстің бірнеше баптары бұқаралық ақпарат құралдары туралы қазақстандық заңнаманы құрайды.

Көптеген мамандардың  сынына ұшыраған «Бұқаралық ақпарат  құралдары туралы» қолданыстағы Заңы шетел бағдарламаларын қазақстандық телеканалдардың көрсетуіне шек  қояды. Шетелдік телеөнім көлемі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап эфирлік уақыттың 50 пайызынан аспауы тиіс, ал 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап – телерадиохабарлау  арналары бойынша жалпы бағдарламалар  көлемінің 20 пайызынан аспауы қажет. Бұл халыққа айтарлықтай идеологиялық әсер ететін отандық бұқаралық ақпарат  құралдарын дамыту қажеттілігімен, сонымен  қатар қазақ тілін дамыту бағдарламасының  орындалуы және ұлттық мүддеге жауап  беретін басқа да мәселелерді  шешу қажеттілігімен байланысты.

Адам өміріне қауіп  төндіретін аса ауыр қылмыстарды  жасағаны үшін өлім жазасының орнына өмір бойына бас бостандығынан айыру  тағайындалған. Қазақстанда өмір бойына бас бостандығынан айыру әйелдерге, сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі  қылмыс жасағандарға, соттың үкімі  шыққанға дейін 65 жасқа толған ер адамдарға  тағайындалмайды. 2003 жылдың 17 желтоқсанындағы  ҚР Президентінің Жарлығымен біздің елде өлім жазасына мораторий жарияланған, Қазақстанда өлім жазасы алып тасталынуы мүмкін, бірақ ресми түсіндіруде  «тиісті мемлекеттік органдар елдегі мораторийдің әрекет етуіне байланысты криминогенді жағдайға тұрақты мониторингілеу жүргізіп отырады және оның нәтижелеріне байланысты әрі қарай өлім жазасын  толығымен алып тастау мәселесі шешілетін  болады» делінген. Мұндай шешімге  ел басшылығын әлемдік қауымдастық  пен халықаралық ұйымдар талаптары  да итермелейді. Мысалы, 2001 жылғы маусымдағы Еуропа Кеңесінің парламенттік сессиясындағы  басты тақырып бірнеше елдерде  – ЕКПА (Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы) кандидаттары мен бақылаушыларында өлім жазасын алып тастау қажеттілігі  болды. ЕКПА отырысының қатысушылары бақылаушы  мәртебесіне кандидаттар, оның ішінде Қазақстан да бар, жақын арадағы  екі жылдың ішінде жазаның жоғары түрін алып тастауы қажет деген  қарар қабылдады.

2001 жылдың маусымында  Страсбургте өлім жазасына қарсы  Бірінші Халықаралық конгресс  құрылды, ол кезде әлемдегі 108 мемлекет өлім жазасын алып  тасталған болатын, бірақ 87 елде  әлі де өлім жазасы үкімі  шығарылады және орындалады. Конгресс  коммюникесінде ерекше айтылған  жайт, соңғыларға әлемдегі ең үлкен демократиялар – Жапония мен АҚШ кіреді. Тек 2000 жылдың өзінде ғана әлемнің 65 елінде 3058 өлім жазасы үкімі шығарылған, 1457 – орындалған, ал бүгінде ең белсенді баскесерлер Қытай, Иран, Сауд Арабиясы және АҚШ болып табылады.

Өлім жазасына қарсы Бірінші  Бүкіләлемдік конгресс (Страсбург, 2001 жылдың 22 маусымы) Қорытынды декларация қабылдады, онда өлім жазасы «әділеттікті кектің жеңуін білдіреді және адамның  маңызды құқықтарын бұзады, ең алдымен  өмір сүру құқығын бұзады. Өлім жазасы ешқашан да қылмыстың алдын алған  емес. Ол тым қатыгездіктің, қорлаудың  антигуманды актісін сипаттайды. Өлім жазасын қолданатын қоғам сол  арқылы қысым көрсетуді кеңейтеді. Адамгершілік қасиетті сыйлайтын қоғамда  өлім жазасын алып тастауға тырысады»  деп мәлімденген. «Өлім жазасына бірге қарсымыз» (Ensemble Contre la Peine de Mort - ECPM) және «Халықаралық түрмелік реформа» (Penal Reform International - PRI) ұйымдары 2004 жылы 6-9 қазан аралығында Монреалда (Канада) өлім жазасына қарсы Екінші Дүниежүзілік конгресс өткізді. Конгресстің мақсаты  – халықаралық құқық, оның ішінде Халықаралық қылмыстық сот, Аруш және Гаага трибуналдар тыйым  салған өлім жазасын бірігіп жою  әрекетін күшейту.

Информация о работе Адам құқығы халықаралық және ұлттық құқықтағы басымдылық ретінде