Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:44, реферат

Описание

Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1997 жылғы Қазақстанның алдағы ұзақ мерзімдік даму жоспарын айқындаған «Қазақстан 2030» саяси-стратегиялық бағдарламасының бесінші басымдығы тұтасымен еліміздің энергетикалық ресурстарына арналған. Онда елбасымыз: «Қазақстан табиғи ресурстардың, әсіресе энергетика ресурстарының орасан зор қорына ие. Біздің еліміздің аумағында, бағам бойынша мұнайлы алғашқы он елдің қатарына қосарлық мұнай мен газ кен орындары бар...Біз өзіміздің стратегиялық ресурстарымызға қатаң бақылау қоюға, үнемшіл болуға әрі қаражатты ұқыпты жұмсап, олардың бір бөлігін өзіміздің болашақ ұрпақтарымыз үшін жинақтауға тиіспіз» - деп энергетикалық саясаттың Қазақстан эканомикасының дамуына тікелей серпін беретін маңызды қадам екенін атап көрсетті.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Каспий теңізіндегі кеме қатынасының даму тарихы................5
Каспийдің проблемалары мен мүдделестіктері..........................7
Каспий теңізінің халықаралық құқықтық мәртебесі.............13


ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................26

Работа состоит из  1 файл

КАСПИЙ.docx

— 58.21 Кб (Скачать документ)

  ОСЫЛАРДЫ РАСТАП, осыған уәкілеттік  берілген төменде қол қоюшылар  тиісті түрде осы Конвенцияға  қол қойды.      

  ЕКІ МЫҢ ҮШІНШІ ЖЫЛДЫҢ ҚАРАША  АЙЫНЫҢ ТӨРТІНШІ КҮНІ ТЕГЕРАН  ҚАЛАСЫНДА ЖАСАЛДЫ.       

  Әзірбайжан Республикасы үшін        

  Иран Ислам Республикасы үшін        

  Қазақстан Республикасы үшін        

  Ресей Федерациясы үшін       

  Түрікменстан үшін      

  Осы мәтін 2003 жылғы 4 қарашада  Тегеран қаласында жасалған Каспий  теңізінің теңіз ортасын қорғау  жөніндегі негіздемелік конвенцияға  куәландырылған көшірмесімен расталған  көшірме болып табылатынын куәландырамын.       

 Қазақстан Республикасы  
      Қоршаған ортаны қорғау  
      министрі міндетін атқарушы

17 қарашада Қазақстан  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  Әзірбайжан Республикасының астанасы  – Баку қаласында Каспий маңы  елдері мемлекет басшыларының  үшінші саммитіне қатысты. Елбасы  алдымен «Загульба» сарайында  Әзірбайжан Президенті Илһам  Әлиевпен кездесіп, екі жақты  ынтымақтастықты, соның ішінде  экономикалық және көлік салаларын дамыту мәселесін талқылады. 

2007 жылдың 17 қазанында  Бес мемлекет – Қазақстан, Ресей, Иран, Әзірбайжан және Түркіменстан елдері президенттерінің қатысуымен Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау және мемлекеттер басшылары осы мәселеге байланысты өз елдерінің ұсыныстары мен пікірлерін білдіру саммиті Хавизия сарайында өтті.

КСРО ыдырап, оның құрамындағы  одақтас республикалар тәуелсіздік  алған соң, республикалардың тәуелсіздігін  халықаралық құқықтық тұрғыдан ресімдеуге және олардың аумақтық шекараларын межелеуге байланысты проблемалар туындады. Сол проблемалардың ең бастысы, әрі күрделісі – аумағы 440 мың шақырымды алып жатқан әлемдегі аса ірі құрлықішілік су айдыны – Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу болды.

Көпшілік қауымға белгілі, 1991 жылға дейін Каспий теңізі тек  екі елге тиесілі болып келген болса, енді оның су айдыны бес мемлекет – Қазақстан, Ресей, Иран, Әзірбайжан және Түркіменстанның жағалауларын шайып жатыр. Осылайша жаңа тарихи, саяси болмыста Каспий теңізінің айдыны мен қайраңын ұлттық секторларға өркениетті жолмен бөлудің жаңа халықаралық құқықтық негізін жасаудың қажеттілігі алдымыздан шықты. Ал Каспийдің бұрынғы құқықтық режімі 1921 жылғы ресейлік-персиялық және 1940 жылғы кеңестік-ирандық шарттармен белгіленген еді.

Бұл құжаттар Каспий жағалауындағы  бес мемлекеттің арасындағы қатынастарды реттеу үшін қандай да бір негіз қызметін атқара алмайды. Осы тұста оның бірнеше себептерін келтіре кетуді жөн санап отырмыз. Бірінші – аталған құжаттардың тараптары КСРО мен РСФСР болып табылады. Бұлар қазір халықаралық құқықтық субъектілер ретінде өмір сүрмейді. Сондықтан Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін Каспий жағалауы мемлекеттерінің арасындағы жаңа шартта белгілеу және бекіту қажет. Екіншіден, жоғарыдағы шарттарда Каспий теңізі бойынша бұрынғы одақтас республикалар арасындағы шекараға қандай да бір сілтеме жасалған жоқ. Үшіншіден, аталған шарттар сауда мақсатында теңізде жүзу және балық аулау мәселелерін ғана реттейді.

 

Деректерге сүйенетін  болсақ, Каспий теңізінің жаңа құқықтық мәртебесін айқындау мәселесі 1992 жылдан басталған. Теңіз жағалауындағы бес мемлекет арасында өзара келіссөздер жүрген. Бұл Каспий проблемасын шешудің бірінші кезеңі деп аталады. Одан кейін де аталмыш мәселеге қатысты басқосулар өтті. Олар негізінен таза теориялық мәселелер болды. Ал Каспий проблемасын шешуге жанды ықпал еткен мезгіл 1994 жыл дегеніміз жөн. Осы жылы Әзірбайжан Каспий қайраңындағы өзінің бөлігінен мұнай кен орындарын игеруге арналған “Ғасыр келісіміне” қол қойды. Міне, бұл теңіз ресурстарын тәжірибелік тұрғыдан игерудің басталуына қатысты келіссөздер үдерісінің жандануына арқау болды.

Каспий проблемасына байланысты әр деңгейдегі кездесулер өткені белгілі. Солардың ішінде 1998 жылғы шілдеде  Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге сапары барысында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңізі солтүстік бөлігінің қайраңын межелеу туралы келісімге қол қойылуының мәні зор. Өйткені, бұл келісім қазақстандық дипломатияның қажырлы еңбегінің арқасында дүниеге келді. Келісімнің маңыздылығы – еркін кеме қатынасын, су айдынында балық аулау нормаларын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыруды реттеуге бағытталды.

Жалпылай алғанда, Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттер арасында теңіздің құқықтық мәртебесін айқындауға қатысты ұстанымдары әлі бір арнаға тоғысқан жоқ. Қазақстан мен Ресей, сондай-ақ Қазақстан мен Әзірбайжан арасында бұл мәселеде жақындаушылық бар. Ал Иран болса, бірлесіп басқарудың құқықтық режіміне артықшылық бере отырып, теңіздің түбі, қалыңдығы, су беті бойынша бөлуді ұсынады. Яғни, Каспий бес мемлекетке 20 пайыздық тең үлеспен бөлінуі керек дегенді алға тартады. Иранның бұл ұсынысы өзге мемлекеттерді қанағаттандырып отырған жоқ.

Егер Каспий теңізін Иран ұстанымы бойынша 20 пайыздық үлеспен  тең бөлетін болса, ол теңізде  қалыптасқан тарихи және саяси болмысты бұзуды білдіреді, әрі бұл идея аймақтағы жалпы жағдайды тұрақсыздандыруға соқтыруы мүмкін. Ал әлемдік тәжірибеде жалпыға бірдей қабылданған орта сызық бойынша су кеңістігін бөлу қағидатын басшылыққа алатын болсақ, Каспий теңізінің бүкіл аумағының 29 пайызы Қазақстанға, 21 пайызы Әзірбайжанға, 19 пайызы Ресейге, 17 пайызы Түркіменстанға, 14 пайызы Иранға тиесілі болуы тиіс.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау мәселесінде өзге мемлекеттердің ұстанымы қандай? Қазақстанның позициясы 1982 жылғы теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ конвенциясы негізінде Каспийдің қайраңын орта сызық бойынша межелеп, ені 12 мильге дейін аумақтық теңізді және келісуге жататын балық аулау аймағын белгілеуді ұсынады. Сонымен қатар, теңіз жағалауындағы мемлекеттердің саяси және экономикалық мүдделерін тиімді қамтамасыз ету мақсатында осы аймақтарда тиісті режімдерді анықтау қажет деп есептейді. Оның мәнісі мынада: аумақтық тұтастық пен шекаралардың мызғымастығы Каспий өңірінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұған қоса балық аулау мен биоресурстарды пайдалануды лицензиялауды және квота белгілеуді ұсынады.

Әзірбайжан болса, 1982 жылғы  теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ конвенциясында бекітілген, халықаралық әдістемеге сәйкес орта сызық бойынша ұлттық секторларға толық бөлуді жақтап отыр. Ресей де Каспийді жетілдірген орта сызық бойынша теңіз түбін ұлттық секторларға бөлу позициясын ұстанып келеді. Ал Түркіменстан теңіздің барлық қайраңын, су қалыңдығын және су бетін бөлу керек деп есептейді.

Каспий теңізі жағалауындағы  бес мемлекет басшылары аталған  мәселеге байланысты осымен екінші рет  бас қосып отыр. Алғашқы саммит 2002 жылдың сәуірінде Ашғабад қаласында  өткен болатын.

Жергілікті уақыт 10.00-ді көрсеткенде, Қазақстан, Ресей, Иран, Әзірбайжан және Түркіменстан мемлекеттерінің президенттері Шебастан залынан орын алды. Алдымен әр елдің мемлекеттік әнұрандары ойналды. Артынша Каспий жағалауындағы елдер туралы бейнероликтер көрсетілді. Содан кейін қасиетті Құран оқылды. Осы көріністердің барлығы үш-төрт минөтке ғана созылды.

Осыдан кейін саммитке төрағалық етуші Иран Ислам Республикасының  Президенті Махмуд Ахмадинежад саммит жұмысын ашты және әріптестері мен қатысушыларға Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындаудағы Иран тарапының ұстанымы мен ұсынысын ортаға салды.

Иран саммитті өткізіп  отырған ел болғандықтан, Иран Президентінің бірінші болып сөз алуы орынды. Ал қаріп түзілімі бойынша екінші болып Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев сөз сөйледі.

Бұдан кейін Қазақстан  Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз алып, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау жөніндегі мәселеге Қазақстан ұсынысын білдірді. Осыдан бес жыл бұрын, 2002 жылдың сәуірінде Ашғабадта Каспий жағалауындағы мемлекеттердің бесжақты бірінші саммиті болды, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ол біздің елдердің алдағы ынтымақтастықты дамытуға жасаған маңызды қадамы еді. Осы жылдар ішінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы келіссөздер үдерістерінің айтарлықтай ілгері жылжуы байқалды. Біз осы кездесуде тұрақтылықты, экономикалық және мәдени байланыстарды, сондай-ақ өзара сенімді қамтамасыз етуге бағытталған бесжақты қарым-қатынастарды дамытудың жаңа кезеңі басталды деген сенімдеміз.

Қазақстан Президенті атап өткендей, Каспий теңізінің айдынын  қорғау жөніндегі Рамалық конвенцияға қол қойылып, күшіне енуі ерекше жағдай болып табылады. Бұл – бесжақты уәжде қабылданған алғашқы құжат. Оның негізгі мақсаты – теңіз қайраңынан көмірсутегі ресурстарын игеру барысында ондағы табиғи байлықты қорғау мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қазақстан басшысы бұдан соң, Каспийдің құқықтық мәртебесіне байланысты біздің еліміздің ұстанымын жеткізді. Атап өткендей, Каспий акваториясының ішкі суларын, теңіз аумағын, балық аулау аймақтарын және судың жалпы кеңістігін бөлу. Ал теңіздің қазіргі аумақтық межесі мемлекеттік шекаралар болып табылуы қажет.

Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде, сондай-ақ теңізде бекіре аулау квотасының қазіргі қолданыстағы механизміне келіспейтінін де білдірді. Елбасының атап көрсетуінше, бүгінде Каспийден бекіре аулаудағы квотаның 45 пайызын Иран, 27 пайызын Ресей алып отыр. Ал қалғанын Қазақстан, Әзірбайжан және Түркіменстан өзара бөлісуде. Бұл осы үш елдің экономикалық қажеттіліктеріне жауап бермейді. Осыған байланысты Қазақстан Президенті квота бөлу мәселесін қайта қарауға Түркіменстан мен Әзірбайжан тараптарын қолдау білдіруге шақырды.

Президент, сонымен қатар  Каспий қайраңына қатысты проблемалардың Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан арасында оңтайлы шешіліп келе жатқанына да тоқталды. Бұл теңіздің солтүстік бөлігіндегі мұнай-газ қорларын игеруге қатысты. Оның халықаралық құқықтық базасын қалыптастыру осы аймақта тартымды және тұрақты инвестициялық ахуал қалыптастыруға ықпал етеді. Қазақстандық тараптың пікірінше, балық аулау аймағы биологиялық ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттердің қажеттілігін қамтамасыз етуі қажет. Каспий жағалауындағы елдер ашық теңізде еркін кеме қозғалысын және квота негізінде лицензияланған балық аулау құқығын иеленуі тиіс.

Каспий жағалауындағы  мемлекеттердің ішкіқұрлықтық құқықтары туралы ереже Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияда айқын көрініс тапқаны жөн. Елбасы бұған қоса Каспий кен орындарынан көмірсутегін белсенді игеру басталарда онда көмірсутектерін тасымалдау жобаларын жүзеге асыру алдағы жұмыстарға байланысты екендігін атап өтті. Осы мақсатта мемлекеттердің экономикалық мүдделерін ескере отырып, тұрба құбырларын төсеуде оның өтетін аумағын сол елдің тиісті органдарымен бірлесіп қарастыру керектігін ұсынды. Қазақстан Каспий теңізі аймағында көршілік қарым-қатынастарды қамтамасыз етудегі өзінің саясатына сенімді, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Теңізде қауіпсіздік пен тұрақтылықты және сенімді нығайтуды көздеген саммиттің қорытынды декларация жобасы біздің белсенділігімізді көрсетеді. Оның контексіндегі Каспийді демилитаризациялау басымдыққа ие үлгі болып табылады. Сондай-ақ, Президент қазіргі кезде Каспий теңізінде әскери-теңіз қызметін шектеуді ұсынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Мұнай өндірісі еліміздің  қазіргі дамуы үшін ең негізгі  екендігіне дау жоқ. Былайша айтқанда ол – Қазақстан экономикасының ең басты көзі. Осыдан он жыл бұрынғы  сараптама-салыстыруларға қарағанда  Қазақстан мұнайының негізгі  қоры теңіз астында болып отыр. Есепші экономистердің пайымдауынша қайраңның  Қазақстан жақ бөлігіндегі мұнайдың қоры бүкіл Қазақстандағы мұнай  қорының тең жартысындай деп  жорамалдаған болса, қазір шельфтегі  мұнай қорының ондай болжамнан  әлдеқайда көп екендігі анықталып  отыр. Олай деліну себебі Батыс Қашағанды  қазғанда теңізасты мұнай қоры 7 млрд тонна делінсе, Шығыс Қашағанды  қазғанда оның мөлшері 50 млрд-қа артып  кетті. Ал қазір 6 алаң зерттелуде. Демек, жоғарыдағы көрсеткіштің әлі де еселей өсетіндігінде дау жоқ. Олай болса  бұл Каспий астын мұнай теңізі алып жатыр деген сөз. Теңіздің тайыз бөлігі мен терең бөліктеріндегі атқарылатын жұмыстардың ауқымы әрқилы болып келеді. Әсіресе оны сейсмикалық жұмыстартар кезінде ерекше назарда ұстау қажет. Жүз мың шаршы шақырым алаң зерттеліп шықты. Сол кезеңдердегі ақпарат ағымдарының хабарлауына жүгінсек, теңіз тіршілігінің жойылуы о баста-ақ байқалған. Атырау экологтарының анықтамаларына қарағанда жер асты дүмпулерінен теңіз тіршіліктері үнемі зақымдалып отырған. Оның шындығын кейінгі кезең толық дәлелді. Итбалық эпидемиясын былай қойғанда, қазір балықтардың қырылуы жаппай етек алуда. Әрі оның көрініс бергеніне де бірнеше жылдың жүзі болды.Екінші мәселе, Солтүстік теңіздердегі мұнай өндіру жолдарын Каспийге қолдана салуға болмайды. Ең алдымен екі жақтың тіршілігі екі басқа. Ауа-райы мен табиғи ортасы да екі бөлек. Сондықтан Каспий астынан мұнай өңдіруге басқаша қарау керек. Экваториялық өзгешеліктерін де естен шығаруға болмайды. Бұл жерде Кариб өңіріндегі әдістерді қолдану да тиімсіз. Демек Каспий астынан мұнай өңдірген кезде өзге теңіздердегі әдістерді басшылыққа алудың пайда бермесі хақ. Алайда шетелдік компанияларға теңіз тіршілігінің жойылуы ешқандай әсер етпейді. Себебі Қазақстанның табиғаты олар үшін көк тиын. 
Өткен жылдың шілде айында БҰҰ-ның шешімімен бекіре тұқымдас балықтарды аулауға мараторий жарияланды. Қара уылдырықты экспорттауға да рұқсат етілмеді. «Атырау балық» бірлестігінің тоңазытқыш цехында 4 тонна уылдырық қалды. Ал сол уылдырықтың Америкадағы құны 14 млн доллар. 2002 жылдың 7 наурызы күні «Хабар» арнасында теңіз жағасындағы бес мемлекеттің уылдырықты экспорттау мөлшері көрсетілді. Сонда Қазақстан 23,5 тонна  уылдырық экспорттауға құқылы болды болып шықты. Бұрынғы кездерде сондай уылдырық бір самолетке тиеліп, шетелдерге жөнелтіліп отырған. 
        Қысқасы, қазір теңіз тіршілігіне қатер төнуде. Балық қоры мүлдем азайды. Оны броконьерлерден көреді. Олар бір-бір ұшқыр моторларға мініп алып, балық сақшыларын маңайлатпай кетеді дейді. Мемлекеттік қорықшылар сондай ұшқыр кемелерге неге мінбейді? Балық инспекторларының тікұшақтар алуына да мүмкіншіліктері де бар. Осы тұрғыдан алғанда қызыл балықтарды броконьерлер тауысып жатыр деген пікір – алдамшы сөз. Биылғы бозторғайлардың қырылуына да броконьерлер кінәлі ме? Жоқ, оның бір ғана себебі бар, ол – Батыс, Шығыс Қашағанды қазу кезіндегі теңізге жіберілген лай су, ыссы фонтан, жер астынан атылған инертті газ. Нәтижесінде теңіз тіршілігі қырғыеға ұшырауда. Оны басшылар көрсе де көрмеген, білсе де білмеген болады. Әрине, мұнай керек, бірақ теңіз табиғаты құрыса, ол байлықтың құны көк тиын. Теңіз тіршілігі қалай болғанда да жойылуға тиісті емес.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. www.adilet.minjust.kz

2. Егемен Қазақстан, №11, 2007

3. www.kz.government.kz

4. www.aikyn.kz/index.

5. Құқық негіздері, Экологиялық құқық, 2011ж

 


Информация о работе Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі