Махмуд Қашқари (1030-1090)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2011 в 16:49, биография

Описание


Махмудтың өмірбаянына қатысты мәліметтер өте жарытымсыз. Оның өмірі жайындағы мәлімет өз кітабында айтқан азын-аулақ хабардан әрі аса қоймайды. Махмудтың толық аты-жөні Махмуд абы Хусейн ибн Мухаммед Қашқари. Оның әкесі Қашқарда туып-өскен. Ол кезде арабша білім алған түріктер сол кездің салтымен өз фамилиясын туған жерінің атымен атаған.

Работа состоит из  1 файл

Қашқари ілімінің тарихи маңызы.doc

— 67.00 Кб (Скачать документ)

      Махмұд Қашқари және оның еңбегі ''Диуани лұғат-ат-түрк'' жайындағы қысқаша мәлімет осындай. Мақалада оның еңбегінің басты-басты мәселелері ғана атап көр-сетілді. ''Диуани лұғат-ат-түрк'' әлі жете зерттелген емес. Соның өзінде бұл еңбектің тілін бір ғана халық тіліне телуге болмайды. Онда осы күнгі Орта Азия мен Қазақ-стан, Еділ-Орал бойлары, тіпті солтүстік Кавказ жерін мекендейтін барлық түркі халықтары тілдерінің элемент-тері бар. ''Диуани лұғат-ат-түрк'' кітабы тілінің сөздік қорында болса да, грамматикалық құрылысында болса да қазіргі қазақ тілі материалдарымен сай түсіп, кейбір фонетикалық, грамматикалық өзгерістеріне қарамай, мән-дес болып отыратын фактілерді жиі кездестіруге болады. Мұның өзі Қашқари еңбегін қазақ тіліне жақындығы тұрғысынан зерттеу жұмыстарын жүргізудің аса қажет екендігін дәлелдейді.

      Махмұд Қашқари өз заманының аса білімдар перзенті болған. Оның ғылыми мұрасы -''Диуани лұғат-ат-түрк'' - соның айқын куәсі.

       ХI ғасырда Қарахан мемлекетінде омір сүрген ірі ғұламалардың бірі Махмұд Қашғари. Түріктердің қоғамдық омірінің барлық жағын қамтыған «Түркі тілдерінің создігі» еңбегі оның атын бүкіл алемге жайды. Түркі жерін ұзақ уақыт бойы аралаған ол түркі халықтарының тұрмыс-салты, тарихы тілі, ауыз әдебиеті, касібі туралы құнды мәліметтер жинап зерттеуші, саяхатшы, тарихшы, есебінде өзі өмір сүрген дәуірдің саяси өмірімен де араласты.

     «Түркі тілдерінің сөздігі» мемлекеттік басқару мен саяси қызмет туралы бағалы деректер береді. Адамдар арасындағы қарым- қатынасты ашуда ол әдептілік, адамгершілік, ізеттілік, қайырымдылық, жайсаң мінез мәселелерін сөз етеді. «Білімді болғын келсе, дананың айтқанын тыңда» даналардың айтқан сөзі адамгершілікке, қайырымдылыққа, білімділікке жетелейді. «Адам басына жел үйір, жақсы адамға сөз үйір».  Елге еңбегі сіңген жақсы адамды жұртшылық мақтайды, өзгелерге үлгі етеді.Зорлық жүрген жерде әділдікке орын қалмайды. Ғұлама әкімдердің  ел билеуде ақыл-парасат пен әділдікке, кішіпейілділікке үйір болуын талап етті. «Ұлық , болсаң-ізгілік ет» сонда ғана сенің қарамағыңдағы халық соңыңнан ереді, сенім білдіреді. Жағымсыз әрекеттер әкімдердің қызмет бабына сыйыспайды.  Ел билеуде күш сенгеннен ақылға жүгіну әлдеқайда тиімді нәтиже береді. «Ақылменен арыстанда ұстауға болады, ал күшпен тышқан да ұстай алмайсың». 

     Өзінің жеке басының пайдасын ойлаған әкімдер елге жақсылық жасай алмайды. Әкімнің барлық іс-әрекеті  халықтың көз алдында, халықтан еш нәрсені жасыра алмайсың, сондықтан. Қандай ауыр кезең болса да халықпен бирге болуға үгіттеген автор, «Әмір жат елден өзіне арнап сарай соқтырып қойса, бұл жаман ырым.  Бұқл түбі басына қиын-қыстау күн туса, қашып барып паналаймын дегенді білдіреді. Бұл халқының  алдында жасаған сатқындығы. Өйткені, қарапайым елдің барар жер, басар тауы жоқ. Сен билеуші болғаныңмен олардан артық емессің. Бір топырақта тудың екен, ендеше бірге өле біл».Ғұламанын бұл сөздері  басына билік қонған, қолына халықтың байлығын мемлекеттің қазынасында ұстағандардың шетелдерде зәулім үйлер тұрғызып, батыс елдерінде қаржысын сақтаған қазіргі күннің  кейбір меммлекеттік қызметкерлеріне де арналып айтылғандай.

     Мемлекеттің қуаты мен күштілігі халықтың еңбегімен құралатын дүние екендігіне үлкен мән берген Махмұт Қашқари,  «Мемлекеттің қазынасы халықтың табан ақысы, маңдай тері. Әмірші қазына кілтін ұстаған адамға  аса сақтықпен  қарағаны абзал. Алтын мен күміс бар жерде ұрлық жүрмей қоймайды. Ұрыны ұстасаң, дереу әшкере ет. Бүгіп қалсаң өзің де ұрысың». Демек, жоғарғы билік иесі  ел байлығының сақталуына, оған қол сұққандарды әшкерелеп, аяусыз жазалап, ашкөздер мен тойымсыздардың халық қазынасын талан-таражға салуына жол бермеуі керек.  

Информация о работе Махмуд Қашқари (1030-1090)

Похожие темы