Ағаш. Ағаш конструкциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2012 в 15:10, реферат

Описание

Ағаш ежелден маңызды құрылыс материалы болып табылады, оның кең пайдалануын тығыздығы аз ғана болғанмен, беріктігі жоғарлығы, жылу өткізгіштігінің төмендігі, өндеуінің жеңілдігімен түсіндіруге болады. Сонымен қатар ағаштың айтарлықтай кемшілігі бар. Олар: әртүрлі бағыттағы қасиеттерінің әркелкілігі, оңай шіруі, жоғары сусорғыштығы, санқила ауруларының болуы.

Работа состоит из  1 файл

агаш конст.docx

— 178.50 Кб (Скачать документ)

            Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлі

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және

инжиниринг университеті

Теңіз технологиялар институты

« Құрылыс» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

    РЕФЕРАТ

                           Құрылыс конструкциялары пәні бойынша 

                       Тақырыбы: Ағаш. Ағаш конструкциялары.         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              Орындаған: С-10-03 тобының студенті

                                                                                           Орысбаева Ә.

Тексерген : аға оқытушы Шүкіралиев С.

 

 

 

 

 

 

                                   Актау - 2012ж.

 

 

 

 

 

 

 

                                                                    Мазмұны

     

      Кіріспе

  1. Ағаштың физикалық және механикалық қасиеттері
  2. Ағаш конструкцияларының ұзақ мерзімге шыдауын арттыру амалдары
  3. Ағаш материалдарының түрлері мен ағаштан жасалған бұйымдар
  4. Ағаштан жасалған құрылыс конструкциялары мен бөлшектері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

 

              КІРІСПЕ

 

Ағаш ежелден маңызды  құрылыс материалы болып табылады, оның кең пайдалануын тығыздығы  аз ғана болғанмен, беріктігі жоғарлығы, жылу өткізгіштігінің төмендігі, өндеуінің  жеңілдігімен түсіндіруге болады. Сонымен  қатар ағаштың айтарлықтай кемшілігі  бар. Олар: әртүрлі бағыттағы қасиеттерінің  әркелкілігі, оңай шіруі, жоғары сусорғыштығы, санқила ауруларының болуы.

Ағаш – көп жылдық өсімдік. Ол діңнен, бұтақтар мен тамырлардан  тұрады. Ағаштың діңі басты және барынша құнды бөлігі, діңнің құрылымына ағаш құрылыс материалы ретіндегі  сапасы тәуелді. Діңнің ағашы әр бағытта  әртүрлі құрылымда болады. Тегінде  ағашты үш түрлі тілік бойынша  қарайды. Олар: көлдеңен, радиалды ұзын бойына (диаметрі немесе радиусы бойынша) және тангентальды ұзын бойына (хорда  бойынша).

Ағаш құрылымын жай  көзбен немесе микроскоппен зерттеуге  болады.

Жай көзбен макроқұрылымын, микроскоппен микроқұрылымын білуге болады.

Макроқұрылымы; қабық,ағаш,камбий және өзек.

Микроқұрылымы: әртүрлі мөлшердегі және түрдегі көптеген тірі және өлі  клеткалар. Тірі клетка қабық, протоплазма  мен өзек. Атқаратын қызметіне  қарай ағаш клеткалары өткізуші, механикалық, кор жинаушы болып бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    1.АҒАШТЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МЕХАНИКАЛЫҚ

ҚАСИЕТТЕРІ

 

Ағаштың түсі мен құрылым  сипаты (текстура) бойынша оның қай  түрге жататынын анықтауға болады. Ағаштың дәл тығыздығы оның барлық түрлеріне біршамалас келеді. Орташа 1,55 г/см³.

Ағаштың орташа тығыздығы  оның түріне, кеуектігіне, өсу жағдайларына, ылғалдылық және т.б. байланысты.

Орташа тығыздық шамасы орташа 0,37-0,7 г/см³ аралығында болады.

Ылғалдылық – ағаштың  бойындағы сол сәттегі ылғал  мөлшері. Ағаш ылғалдығының 3 түрі болады: ұсақтамырлық (копилярлық), сусорғыштық  және химиялық байланыстағы.

Ылғалдылық дәрежесіне қарай  ағаштар: суағаш, жаңа кесілген (ылғалдығы 33 процент және одан жоғары), ауалық құрғақ (15 -20 %) бөлмелі құрғақ (8-12%) және мүлде құрғақ лаборатория 100-105º-та кептірілген.

Шартты ылғалдылық - 12%. Құрылыста  ылғалдылығы 15-20 % ағаштарды пайдалануға  рұқсат етіледі.

Сусорғыштық – құрғақ ағаштың  қоршаған ортадан ылғал жұтуын немесе өз бойынан ылғал шығаруын айтады. Қоршаған ортаның ылғалдылығы ылғи өзгеріп отыратындықтан, ағаштын  да ылғалдылығы өзгеріп отырады.

 

МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕР

Ағаштың механикалық қасиеттертері  әр бағытта әртүрлі. Сонымен бірге  ағаштың механикалық қасиеттертері  ағаштың түріне, ылғалдылығына, ағаштың  ақауларына (пороки) байланысты.

Ағаш материалдарының  құрылыста пайдаланғанда оның осы  қасиеттерін ескеру қажет.

№4 кесте. Қылқан жапырақты  және жапырақты ағаштардың (12º ылғалдылықта) физика-механикалық қасиеттерінің  орташа көрсеткіштері.

 

Ағаш түрлері

Орт. тыгыздығы кг/м³

Ұзын бойлық беріктік шегі

созғанда

сыққанда

тұрақты июде

Қарағай

500

110

48

35

Балқарағай

600

125

62

105

Шырша

450

120

44

80

Самырсын

370

70

40

70

Шамшат

670

130

56

105

Емен

700

130

58

106

Қайын

630

125

55

110

Көктерек

480

120

42

78


Ағаштың механикалық қасиеттері едәуір мөлшерде оның ылғалдылығына  тәуелді. Ылғалдылығы артқан сайын  ағаштың беріктігі азая түседі. Ағаштың  ақаулары оның механикалық қасиеттерін  едәуір төмендетеді.

Әртүрлі ортада (тұздар, сілттілер, қышқылдар) түрлі ағаштардың төзімділігі  түрліше болады. Қышқылдар мен  ертінділер ұзақ уақыт әсер еткенде  ағаштар баяу бүліне бастайды. Өзен суынан қарағанда теңіз суынан ағаш төзімсіздеу келеді.

Ағаштың ақаулары:

бұтақтар, жарықтар, діңі мен  құрылымының дұрыс қалыптасуы, бояуының түзу еместігі, жәндіктердің зақымы.

 

 

2.АҒАШ КОНСТРУКЦИЯЛАРЫНЫҢ ҰЗАҚ МЕРЗІМГЕ

ШЫДАУЫН АРТТЫРУ  АМАЛДАРЫ

 

Кептіру – ағаш бұйымдары  мен конструкцияларының қызмет мерзімін ұзарту мен сапасын  арттырудың негізгі  шараларының бірі.

Кептіру табиғи және жасанды  болады. Табиғи кептіру ашық аспан  астында,  немесе іші құрғақ жабық  үй ішінде іске асады. Кептірудің бұл  түрі көп уақыт қажет етеді; апта, кейде айлар өтеді.



а)

 



 

Бұтақ түрлері: а – сау  бұтақ, б – босаған бұтақ.

в – мүйізделген бұтақ,



Жарықшақ түрлері.

а – кесе көлденең, б –  доғал, в – аяздан жарылу, г –  кебуден жарылу

Жасанды кептіру – кептіру  камераларында ыстық ауа, газ, бу немесе жиілігі жоғары тоқ күшімен  жүргізіледі. Жасанды кептірудің ең көп таралған түрі камераларда кептіру. Камералар бітеу жабылады, оның ішінде температураны реттеуге, ағаштан  шыққан ылғалды аластауға мүмкіндік  береді.

 

 

                         3.АҒАШ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН

АҒАШТАН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАР

 

Өзінің табиғи физикалық  құрылымы мен химиялық құрамы сақталған  ағаштан жасалған материалдар ағаш материалдар деп аталады. Олар өңделмеген (жұмыс) және өнделген (кесілген), жарылған ағаш материалдары т.б. болып екіге  бөлінеді.

Жұмыр ағаш материалдары бұтақтарынан тазартылған діңнің кесінділері. Жіңішке  басының диаметіріне қарай жұмыр  ағаш материалдары бөрене, төсеніш  ағаш, сырғауыл деп аталады.

Құрылыстық бөренелер  мен тілінетін ағаш материалдарының  жіңішке жағының диаметрі 14 см-ден  кем болмауы және ұзындығы 4 - 6,5 метр болуы тиіс. Олар қабығынан тазартылып, көлденеңінен тік кесілуі керек. Сапасы бойынша бөренелер үш сортқа бөлінеді. Сортты анықтау бөренедегі ақауларға байланысты. Құрылыстық бөренелер тұрғын үй, өнеркәсіптік, мәдени-тұрмыстық ғимараттардың күш түсетін конструкциялары ретінде қолданылады, сонымен қатар қадалар мен ағаш көпірлерді салуға қолданылады.Төсеніштік жұмыр ағаштар (подтаварники) жоғары басының диаметрі 8-13 см. Және ұзындығы 3-9 м діңнің бөлігі. Оны тұрғын үй және ауыл шаруашылық құрылысында, қосалқы және мерзімдік ғимараттарда және т.б. түрлі мақсатта қолданылады.

Сырғауылдардың (жерди) жіңішке  басының диаметрі 3 см, ұзындығы 3-9 м. Оларда төсеніштік жұмыр ағаштар сияқты пайдаланады.

Тілінген ағаш материалдары (пило материалы) тілінетін бөренелерді  ұзын бойына тілу арқылы дайындайды.

Олар: пластиналар – бөренелерді  екіге бөліп тілгенде шыққан жарты  бөренелер, ширектіктер (четвертины) бөренені төртке бөліп тілгенде шыққан бөренеге ширегі.

Шет тақтай (горбыль) – бөрененің  шеткі тілігі, бір жағы ғана араланған, бір жағы сол қалпында қалдырылған  бөрененің тілігі.

Тақтайлар бөрененің ортасын  ұзын бойына тілгенде шығады. Тақтайлардың қалындығы 13-100, ені 80-250мм, яғни ағаштың  ені қалындығынан екі есе артық  болуы тиіс.

Тақтайлар қыры алынбай (необрезные) және қыры алынған (обрезные) болады.

Төрт қырлы ағаштар (брусья) қалындығы немесе ені 100-250 мм.

Ағаштан жасалынған бұйымдар:

Үстіріктелген қума бұйымдар (строганные погонажные изделия) еден тақтайлары, кертілген (шпунтованные) еден тақтайлары, кенереліктер, көмкерліктер, терезе, есік жақтауының көмкермелері (наличники)

Паркетті еден бұйымдар:

жеке паркет ұсақтіліктер (планкалар). Олар қатты ағаштардан (емен, қайын, балқарағай т.б.) жасалады. Ұзындығы 150,200,250,300,400мм ені 30-60мм, қалындығы 15 және 18мм.

Құрама паркет (наборный паркет) – қатты қағазға желімделген  паркеттер 400х400, 600х600мм.

Қалқан паркет тақтайлар  мен қырлы ағаштарға желімделген  паркет пластиналары. Паркеттік тақтай – ұзын жұқа таспа тақтайларға (рейкаларға) желімделген ұсақ тіліктер. Ұзындығы 1200,1800,2400,300мм, ені 160мм, қалындығы 25мм.

Ұшқат (фанера) ұзындығы 3м, ені 2м, қалындығы 15мм-ге дейін.

 

 

 

4.АҒАШТАН ЖАСАЛҒАН ҚҰРЫЛЫС

КОНСТРУКЦИЯЛАРЫ МЕН БӨЛШЕКТЕРІ

 

Бұларды ағаш өңдейтін зауыттар мен комбинаттарда жасайды, құрылыс  бойында оларды түзетіп, реттеудің  қажеті жоқ, дайын бұйымды тиісті орнына жалғастырады. Бұларға қарастырмалы ағаш үй құрамалары (комплектілері), ауылшаруашылық ғимараттары конструкцияларының бөлшектері мен элементтері (арқалықтар, торкөз аралықтар), қабатаралық және төбе жабындылары  т.б.

Жұмыстың сипатына және ғимараттардың  жағдайларына құрылыстық ағаш конструкцияларының құрама бөліктерін бір-бірімен болтпен, қапсырма шегемен (скоба), қамытпен (хомут-сақина) кертпе ойық немесе желіммен жалғанады.

Беріктігі өте жоғары суға төзімді фенолоформальдегидтік  желімдерді қолданып, қысқа ағаш материалдарынан (кесінділерден), беріктігі өте жоғары, ұзақ мерзімге шыдайтын, отқа төзімді  мөлшері (размер) мен пішіні (форма) әрқилы конструкциялар жасауға болады. Оның үстіне, желімделген конструкциялар басқаларына қарағанда салмағы  жеңіл, бағасы арзан, пайдалануда сенімді  болады, өйткені оларды жасауға ағаштың  анизотроптық қасиеттері (физикалық  қасиеттерінің біркелкі еместігі)ескеріледі, ал желім қабаты конструкцияның тұтастығы  қамтамасыз етеді.

Желімделген ағаш конструкцияларын көбінесе қылқан жапырақты ағаш түрлерінен тілінген ағаш материалдарынан, кейде  құрылыс ұшқатын (фанера)суға төзімділігі  желіммен біріктірілген қолданып жасайды. Бұларды өндірістік ауылшаруашылық және кейбір өнеркәсіп ғимаратарын  жабуға (химиялық  ортада), Қиыр Солтүстік  пен жер сілкінетін аудандарда ғимараттар салуға пайдаланады.

Аз қабатты зауыттарда жасалатын үйлерді дайындағанда ағаштан жасалған бұйымдар мен ағаш шикізаты қалдықтарын кешенді (комплексно) пайдаланған тиімді. Қалдықтардан фибролит және арболит ағаш талшықты, ағаш жаңқалы  тақталар шығарылады.

 

 

 

 

Тілінген ағаш түрлері

а – қақ жарылған бөрене, б – төртке бөлінген бөрене, в  – қырқыс, г – қыры алынбаған  тақтай, д – бір қыры алынбаған  тақтай, е – қырлары алынған  тақтай, ж – төрт қырлы бөрене, з – таза тілінген бөрене.

 

 

Бойлық бұйымдар

а – кертпе ойықты ағаштар, б – керттік ағаштар, в –  кенерелік, г – кемкерме, д –  тұтқалық


Информация о работе Ағаш. Ағаш конструкциялары