Казақ шежірілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 20:28, реферат

Описание

Тақырып өзектілігі. Тарихи деректану саласында зерттелмеген, әрі өзектілігі артып отырған ғылыми мәселенің бірі қазақ шежірелерімен байланысты. Дала өркениеті тудырған шежіре мәлеметтеріне деректік талдау жасау, көшпелілік болмысқа тән тарихи ой-сана мен тарихи таным өрісін, оның табиғатын және құрамдық бөліктерін, әлеуметтік-мәдени қызметін тануға жол ашады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
А) ХІХ ғасырдағы Қазақ шежіресі

Б) Қазақ хандарының қосқан үлесі

В) Тарихи дерек көздері

III. Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Казак шежирелери.doc

— 249.50 Кб (Скачать документ)

«Қазақ шежірелеріндегі  тақырыптық құрылымдардың орны» атты үшінші тарауы екі тараушадан құралған. Бірінші тараушасы – «Қазақ шежірелік деректеріндегі киелілік мағыналар» мәнін талдау жасауды мақсат етеді. Қариялармен сұхбат барысында дерек берушілер: «бұл істің анық әңгімесін білмеймін, өтірік айтуға рұқсат жоқ» деп кесіп айтады. Иә, бұрынғы даналар да сөйткен. Бұл әріден келе жатқан әдеп, имандылық. Хазреті Әли ибн Әбу Тәліб (р.а.ғ.) «Ғалым адам бір нәрсені анық білмесе "Аллаһ а’лам" (Аллаһ жақсы біледі) деп айтудан ұялмайды» - депті. Ислам ғалым-ғұлама хакімдері осы қағиданы қатты ұстанған. М.Ж. Көпейұлы да мәлім болған тарихи ақпаратты сол күйінде өзгеріссіз жеткізеді. "Естіген сөзімнен сөз қалмағын, естіген құлақтың жазығы жоқ" – дейді ол. Бұл барлық мұсылман ғалымдары, тарихшы, шежірешілерге тән. Анығын айту Құран қағидасынан туындайды. Осыдан шежіре сақтаушылардың өз қызметіне аса үлкен жауапкершілікпен қарау діни тәртіпке бағынушылығынан туындағанын байқаймыз. Тарих бұрмалауды көтермейді. Бірақ шежірелерде тарихи шындықтың өзін жеткізуде ерекше нақыш кездеседі. Олар киелі түсінік, тылсым күш ықпалы деп түсіндіріледі. Зерттеуші М. Әбусейтова тарихи шежірелік туындылар қатарында «ең тәуірі ортаазиялық агиографикалық шығармалар. Оларда сопылық әулиелердің өмірі, мұсылман шейхтарының «ғажайып» әрекеттерін суреттеумен қатар Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тұрмысы мен мәдениетін, тайпалық құрамын, сенім-нанымын, кейде саяси тарихын сипаттаған деректер де кездесіп отырады» - деп жазады [3]. Аян, түс – шындықтың бір формасы ретінде жасалып, оқиға туралы баяндайды. Мұндай киелі мәндегі ақпаратты адамдар жоғарыдан келген киелі күштің хабары деп қабылдайды. Шежірелерде аяндар мен жаратушыдан келген дауыс туралы мәліметтер айтылып, кейбір тарихи оқиғалардың мәні сонымен түсіндіріледі. Киелі мағынадағы шежірелік әңгімелер рулардың шығу тегіне байланысты ғана айтылмай, жалпы қазақ жұртының әуелгі тарихында алған оң батасы туралы баяндайды. Бір шежірелік мәлімет былай дейді: «Қанқожа қыбыланы бетке алып жүріп кетсе, алдынан ақ сақалды адам шығып, жөнін сұрайды. Жөнін айтқан соң әлгі адам: "Алдыңа  қарап жүре берсең бес ноғайлы елі бар, Орманбет деген ханы бар елге барасын. Олар "бес алаш" атанады. Сенен «Ұраның не?» - деп сұраса, «Алаш!» - деп айт. Ол сені  қосып алады. Орманбет билік айтса сен оған көнетін бол. Сонымен алты алаш боласыңдар. Сөйтіп сенің ұрқың күн шығысқа тең таралады» - дейді де, ғайып болады. «Қазаққа қыдыр дарыған» деген сөз осыдан қалыпты [49]. «Құлболды баба да ғайыптың жеті оғы болған, сырын Аллаһ білсін. Алмажай, доғал, кура деп аталады екен. Ғаріпке ем, қылатыны да бар екен» [51]. Шежірелік деректер байырғы қазақ ортасында өткен қасиетті адамдары туралы көп мәлімет сақтайды. Ел ортасы бұл тұлғаларды үнемі еске алып, қадір тұтқан. Шежірелік дәстүрдің мәні де алдымен осында тұр.

Шежірелік деректер көрсетіп отырғандай, қазақтың көшпелі тұрмыс жағдайында рухани қызмет атқарған қасиетті тұлға санатында абыз, диуана, бақсы, оқымысты қожа тұқымдары болған. Олар рубасыларының, билердің, хан-сұлтандарының қасында жүрген. Мысалы, XVIII ғасырда есімі әйгілі тұлғаның бірі Қазыбек би Келдібекұлы туралы айтылатын көптеген шежірелік аңыздарда оның ерекше қасиеттір сөз етіледі. Шежірелік, абыздық, диуаналық, бақсылық дәстүрлерді сөз еткенде біз және осы ертегі дәуірлерден жалғасып жеткен дәстүрлердің сақтаушылары туралы айту тиіспіз. Бұл бірінші сипаты. Абыздардың екінші сипаты – керемет күш иесі болуы. Ең жоғары сатыдағы білім иелеріне жаратушы муғжизалық қасиет нәсіп еткен; онан соң кереметті игергендер. Халық ондай адамдарды абыз атап, әулиелік қасиетіне көзі жеткен соң, ерекше қадір тұтқан.

«Қазақтың шежірелік  деректеріндегі түсіндірулер қызметі» атты екінші тараушасы тарихи-генеалогиялық  білім тарату үрдісіне тән түсіндірмелер  табиғатын талдауға арналған. Естелік, шежіре ретінде сақталған деректерді шежірелік дәстүр талабына орай реттеу, түсіндіру амалдары қалай атқарылғанын айту маңызды. Ауызша дәстүрге негізделген қоғамдарда адам санасы мен жадының аса қолайлы құралы және сенімді архиві, мұрағаты бола алатынына ешбірі күмән жоқ. Сана архивінде ұзақ дәуір бойы адамдардың тәжірибесі сақталған және соның негізінде әр нәрсе туралы түсінік алады. Сана адамдардың жады арқылы мәдениетті, адами өмір тәжирибесін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырады және әр нәрсенің себеп-салдарын түсіндіреді. Дәстүрлі  қоғамда айрықша дамыған ауызекі тарихи дәстүр деректері көшпелі әлеуметтің өнімі.

Шежірелерде орын алған  әрбір тарихи оқиға немесе құбылыс  жайында белгілі бір түсіндірулер болуы керектігі анық. Дәстүрлі түсіндірулердің  бір тобы шежірелердің ішкі құрамдық элементтерінен құралған таңба мен ұран белгілері, сондай-ақ антропоним, топоним және жалпы тарихи географияға қатысты бір топ түсіндірулер шежірелердің мазмұнынан табылады. Солайша шежіре деректерінде ұрандырдың шығуы туралы, таңба белгілерінің мәнісі, мағынасы, оны жасаған тұлға туралы, рудың аталуы себептері, руаралық қатынастардың басқа да себеп-салдарларын түсіндіру және тәпсірлеу тәжірибесі шежіре деректерінде жиі кездеседі. Түсіндірілетін объектінің сипатына қарай түсіндіру үлгілері әрқилы болады. Шежірелердегі әуелгі деректердің біршама тобы кейінгі  мәліметтермен тіпті байланысы болмаса да, бірақ нақты бір тарихи шындыққа қатысты тәжірибені сипаттап көрсетеді. Оның ішінде адамдардың жеке естеліктері, әр нәрсенің себептерін түсіндіру, қанатты сөздер, әдеби нақыш үлгілеріне айналған сөздер бар. Бұл деректердің барлығы бір оқиға жайында қалыптасқан ой түю деректері, ой өнімі, тарихи сананы құрайтын ой сатылары болып табылады. Мұндай дерек топтары көбінесе қалыптасқан тарихи жағдайды түсіндіруге, тарихи оқиға туралы баяндауға бағытталған.

Шежіренің іргелік  тұғыры — анық тізілген оқиғалар. Оқиғаны  баяндаған шежіре алдындағы өткенді  растап айтып отырса, олардан түзу мағыналар алынып, жақсы қорытындылар шығарған шежіре де дәмді, пайдалы болмақ; егер оқиғалар теріс баяндалған болса, онан мән шықпайды - деп жазады М. Тұрғанбай  [24]. Әрбір тарихи оқиға жайында, немесе бір әлеуметтік құбылысқа байланысты шежіре деректерінде бір тәпсір, бір түсіндіру беріледі. Ол тарихи тәжірибені тәпсірлеу құралы болып табылады. Негізінен шежірелердегі түсіндіру мен тәпсірлеудің екі түрлі құрылымы бар: біреу шежірелік деректің авторы жасаған түсіндіру мен тәпсір; екіншісі шежірелер дерегін түсінуге ұмтылушы субъекттің берген түсіндіру мен тәпсірлеу мысалдарынан құралады.

Шежіре деректерін түсіндіру мен тәпсірлеу жолдарын табу мақсатында оның баяндау құрылымы; ішкі формасы; хронологиялық сипатты білдіретін элементтер; субъектілерін анықтауға ұмтылдық. Ал, шежірелік тәпсірді белгілі бір қатынастарды түсіндірудің, дәлелдеудің тәсілі ретінде қабылдадық. Жаңа генеалогиялар да тәпсірді, түсіндіруді талап ететін болды. Ондай түсіндіру амалы институционалдық тәртіп ұғымдарына сәйкес, ретті де, әрі толық та болуы тиіс еді. Сонда ғана жаңа әлеуметтік әлем келесі ұрпаққа айқын да, түсінікті де болар еді. Осы тұрғыдан алғанда қазақ шежірелері барлық өткеннен сақталып қалған бұрынғы көшпелілер қоғамының қолданған әлеуметтік конструкция үлгілерінен реттелген бір жиынтық. Міне, ол осы әлеуметтік жаңа құралған болмысты тарих етіп келесі ұрпаққа, жастарға түсіндіреді. Ескі тарихи дәуірдің тарихи шындығына байланысты жаңаша тәпсірлік конструкция жасауда атқарған топтардың бірі қожалар. Генеалогиялық жүйеде «қожа» ұғымы жиі кездеседі. Өз кезінде ислам дінін уағыздау жолында жүрген сахабалар да, сейіт-қожалар да көшпелі түрік жұртына жаңа үлгідегі тарихи таным конструкциясын осылайша жасауы тиіс еді.

Диссертациялық жұмыстың «Қазақ шежірелерінің трансформациясы» атты үшінші бөлімі шежірелік дәстүрде көрініс табатын XVIII-XIX ғғ. орын алған  өзгерістері, қоғам, өмір, халық мәдениетінің, санасының өзгеріп-құбылуы, ұлт азаттығы үшін халық күресін суреттеуі, қазақ ішінен ағартушы, ғалым адамдарының шығуы мәселесін қарастырады. Бөлім үш тараудан құралған. «XVIII ғ. жаугершілік заман ықпалы» атты бірінші тарауында шежіре мәліметтеріне аса тән қазақ батырларының ерлігі, қолбасшылары, халықтың әскери тарихы туралы баяндауды талдауға арналған. Қазақ шежірелеріндегі әскери-саяси қарым-қатынастар тарихын суреттейтін тақырыптар қазақ-өзбек, қазақ-ноғай, қазақ-қалмақ, қазақ-қырғыз, қазақ-орыс қатынастары туралы деректер; хан мен рулар арасындағы қарым-қатынас деректерден құралады. Бұдан ертеректегі тарихи аңыз сюжеттері, қазақ хандары дәуірі мен Ақ Орда, Алтын орда дәуірлерінің көріністері, көне мазмұны туралы Ш. Уәлиханов: «көптеген, қазіргі ұрпаққа мағынасы түсініксіз сөздерге қарағанда және тұлғалар туралы тарихи деректеріне қарағанда, олар Алтын Орда дәуіріне жатады» - атап өтті [1].  Қазақ шежірелеріндегі XVII-XVIII ғғ. байланысты мәліметтер негізінен қазақ халқының жоңғар шапқыншылығы, «Ақтабан шұбырынды» оқиғалары желісімен қатысты айтылады. Тарихи дәуірді уақыт тұрғысынан реттеуге орай қалыптасқан шежірелік дәстүрде осы екі ғасыр аты көп аталатын тарихи тұлғалармен байланыстырылып, Еңсегей бойлы ер Есім, Салқам Жәңгір, Әз Тәуке хан, Абылай хан, Көкжал Барақ заманы деп айтылады.

XVII–XVIII ғғ. орын алған  бұл тарихи оқиғалар ұжымдық  санада берік ұстаған білім  жинақтаушылар атқарған еңбекке  қарай, бұл жаугершілік тарихи  дәуір туралы аңыздар мен тарихи  әңгімелер әлде қайдай молырақ болған. Бірақ одан кейінгі уақыттың оқиғалары халық санасында, халықтық жадыда жақсы сақталған. М.Ж. Көпейұлы деректі шежірелік жазбаларындағы ХVIIІ ғасырды баяндайтын қазақ тарихының оқиғалары Абылай заманына байланысты көптеген тарихи аңыз-әңгімелерді қамтып жатқан үлкен бір тарихи дәуір. Осы туралы қазақтың тарихшысы М. Ж. Көпейұлы: «Бұл қазақ иесіз жатқан жерге текке келіп ие бола қалған жоқ. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай, Қаздауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек замандарында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаумен алысып, жатпен соғысып, күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз сарбаздары жаумен жағаласқанда оққа ұшып, өліп, сөйтіп алынған жер еді» – деп жазған [19].

XVIII ғасырдың ауызша  тарихи дәстүрінің репертуарында  қазақ халқының жоңғар басқышыларына  қарсы ұлт-азаттық күрес тарихы  ерекше суреттеледі. Бұл туралы  Ш. Уәлиханов: «Ата-бабаларының  ерлігін жырлайтын көне жыр-аңыздар  жазу-сызуға түспей ауызша айтылып келуіне қарамастан, шежіре сақтаушы жыршылардың суырып салма импровизаторлық ғажаб өнер қабілеті мен халықтың тарихи өлең, дастан, ертегі, аңыз, әңгімелерге ден қойып сүйіспеншілікпен тыңдауының арқасында ұзақ жылдар бойы ауыздан ауызға айтылып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып осы күнге дейін сол өзгермеген таза қалпында сақталған, және жапан даланың әрбір шетінен хатқа түсірілген сол мұралардың барлық көшірмелері өзара ұқсас келеді" – деп жазған [1]. Жыр дәстүрін атқарған қызметі жағынан шежірелік мұраға жатқызған өте дұрыс. Жырау мен жыршы атқарған әлеуметтік-мәдени қызметті осы шежірелік жады мен дәстүрлі тарихи сана арқылы іске асырған. Сол тарихи дәуір шындығын жырға салған атақты Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Қожаберген, Үмбетей, Бұқар сияқты тарихты шежіре еткен жыраулар болған.

XVIII ғасырда қазақ  даласында орын алған негізгі  тарихи оқиға қазақ-жоңғар арасындағы  соғыстарға байланысты болған. Абылай  заманындағы жаугершілік туралы  әңгімелер тақырыпшалардан құралған: «Ақтабан шұбырынды» «Қалмақ  қырылған», «Талқан соғысы» және т.б. Осы кездегі қазақ батырларының данқты ерліктерін сипаттаумен қатар, көптеген ежелгі жыр-аңыздарда кездесетін мұндағы адами мінезді көрсету фактілерде өзінше құнды. Соның бірі Абылай ханның өзінің іс-әрекеттері арқылы, оның қол астындағы батырларының ерлік пен өрлік, намысқойлық қасиеттерін сынауы. Осы Абылай заманындағы тарихи әңгімелердің бір тобы батырлардың әскери соғыс өнері мен әскери тәртіпті сипаттайды: Даңқты батырлардың ішінде Олжабай, Жасыбай, Малайсары, Жазы, Бөгенбай батырлар туралы деректер әсіресе толық. Ол туралы архивтік деректер орыс ғалымдарының еңбектерінде, қазақтардың шежірелері мен батырлар жырларында бар. Бізге сақталып жеткен аңыздар мен өлеңдер әр дәуірде орын алған оқиғалар бойынша қалыптасқан ауызша тарихи әңгімелер үлгілерінің азғана болса да құнарлы бір бөлігі.

ХІХ ғасырдағы қазақтың шежірелік дәстүрі жалаң генеалогия қуып кетпей, тарихи шындыққа өте жанасатын, дәлелді фактілерге сүйенген [52, 56 б.]. ХІХ ғасырдың ІІ-ші жартысында қазақ  шежіресінің жазба дәстүрін қалыптастырған М.Ж. Көпейұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Н. Наушабайұлы, Қ. Халид есімдері белгілі. Бұл ғалымдардың барлығы да атаның алдынан жат сабағын игеріп, молланың алдынан хат танып, ислами ғылым орталықтарында медресені тамамдаған хакімдер болды. Н. Наушабайдың Қазан баспасынан 1903 жылы жарыққа шыққан "Мәнзұмат Қазақия" еңбегінде шежіре тарауларымен қатар исламдік діни қағидаларды бірдей мәлімдеп шыққан. Қ. Халидтің 1910 жылы жарық көрген "Тауарих хамса" еңбегіндегі назарға ілігетін шығыстық ықпал өз алдына, сол сияқты Шәкәрім де тарихи тақырыпқа қалам тартып, сонымен қатар діни философия турасында көп ізденіп еңбектенген. Абайдың өлеңдерінде – исламдік ілім, қара сөздерінде – қазақтың арғы түбі турасында сөз етілмей қалмайды. Шежірелік дерек қалдырған зиялының бірі М. Сейдалин (1872-1929) мен С.А. Жантөрин еді (1837–1890). Ол да Тілеумұхамбет сияқты Орынбор кадет корпусының Азия бөлімін бітіріп отаршыл әкімшілік орындарында қызмет істеді. Көптеген жылдар бойы қазақтың ауыз әдебиетін жинауға ат салысты. Оның белгілі мақалалары «Очерки киргизского коневодства», «Киргизские песни» және «Образцы киргизской поэзии», оқырман көңілінен шыкты. Кіші жүзде қазақ тарихы мен этнографиясын ыждихатты жинақтаушылар М. Таукин (1813–1892), С. Бабажанов (1832-1898), Б. Дауылбаев. Олар өлкетану ісіне Қазан, Орынбор музейлері арқылы бейімделді. Бұдан басқа да жергілікті баспасөз бетінде Мұхаметқали сұлтанның жазғандары аз емес.

М.Ж. Көпейұлы 1907 жылы Қазан қаласында «Сарыарқаның кімдікі  екендігі турасында» және т.б. кітаптарын баспадан жариялап, мұның арты үлкен дауға айналған. Себебі М.Ж. Көпейұлы бұл кітаптарында қазақ тарихына сүйене отырып орыстың отаршыл саясатын әшкерелеген. Қазақтың бабалардан сақталған қазақ жерінің тұтастығын сөйледі, қазақтың өз жері үшін тарихи құқығын дәлелдеді. М.Ж. Көпейұлы әлеуметтік-мәдени жағынан тек қана ақын, әдебиетші, шежірешілдік немесе қазақтың ежелден келе жатқан ауызекі тарих айту дәстүрін сақтау қызметін атқарушы ғана емес, сонымен қатар ұлттық тарихи дәстүрді жаңаша сапаға көтерген ғалым. М.Ж. Көпейұлы мен Абай Құнанбайұлы өзара хат алысып тұрғаны, олардың қазақ ұлтының мүдделері туралы пікірлестігі турасында, С. Мұқанов: «Абай үйінің ұңғыл-шұңғылын түгел ақтарған полицияның қолына қазақтың белгілі ақыны, ауыз әдебиетінің үлгілерін иждаһаттап жинаушы М.Ж. Көпейұлы жазған бір хаттан басқа күдікті ешбір зат түспеген. Бұл хатта М.Ж. Көпейұлы Абайға патша өкіметінің елге жасап отырған қиянаты туралы жазып, оған қалай қарсы тұру жөнінде» пікір білдірген [53, 186 б.]. Бұл дерек М.Ж. Көпейұлы халықшыл, қазақ ұлтының жанашыр болғанын көрсетеді. Олай болатын болса, М.Ж. Көпейұлының ұлтшылдық, халықшылдық негізін байқататын қазақтың дәстүрлі ұлттық тәрбиесі мен жақсы ортада өскені.

Информация о работе Казақ шежірілері