Иосиф Сталин

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 11:18, реферат

Описание

Иосиф Сталин қаншалықты қатыгездігіне қарамастан ХХ ғасырдың ірі тұлғаларының бірі болып табылады. Табиғи болмысы жағынан ол шектен шыққан тым қатыгез болды. Өткен ғасырдың отызыншы, елуінші жылдары ол жүргізген репрессия салдарынан миллиондаған адамдардың өмірі қиылды, көпшілігі тұтастай саналы ғұмырын азапта өткізді. Таңғаларлығы сол, ол құрған репрессиялық машина мүлтіксіз жұмыс істеді. Қарама-қайшылығы мол, әлемдегі алып мемлекетті 30 жылдан астам уақыт басқарған Сталиннің қатыгез саясаты жөнінде көп жазылды. Бұл тақырыпқа тарихшылардың әлі де талай рет қалам сермейтініне еш күмәніміз жоқ. Алайда, біздің бүгінгі айтпағымыз мүлдем басқа тақырыптың әңгімесі.

Работа состоит из  1 файл

Иосиф Сталин қаншалықты қатыгездігіне қарамастан ХХ ғасырдың ірі тұлғаларының бірі болып табылады.doc

— 83.50 Кб (Скачать документ)


Иосиф Сталин қаншалықты қатыгездігіне қарамастан ХХ ғасырдың ірі тұлғаларының бірі болып табылады. Табиғи болмысы жағынан ол шектен шыққан тым қатыгез болды. Өткен ғасырдың отызыншы, елуінші жылдары ол жүргізген репрессия салдарынан миллиондаған адамдардың өмірі қиылды, көпшілігі тұтастай саналы ғұмырын азапта өткізді. Таңғаларлығы сол, ол құрған репрессиялық машина мүлтіксіз жұмыс істеді. Қарама-қайшылығы мол, әлемдегі алып мемлекетті 30 жылдан астам уақыт басқарған Сталиннің қатыгез саясаты жөнінде көп жазылды. Бұл тақырыпқа тарихшылардың әлі де талай рет қалам сермейтініне еш күмәніміз жоқ. Алайда, біздің бүгінгі айтпағымыз мүлдем басқа тақырыптың әңгімесі.

 

Бұрынғы Кеңестер Одағы халқының көсеміне айналған Сталинге табиғат зұлымдық жағынан ерекше қабілет берді. Осыған қарамастан оның өз әріптестері, әсіресе, әлемдік тәртіпке өз билігін жүргізген ұлы державалар - АҚШ пен Ұлыбритания басшылары Рузвельт пен Черчилль алдында өзінің ақылы мен білігін ұрымтал тұста әдемі сөз тіркестерімен жеткізе алатын айрықша қабілетін де мойындамасқа болмайды. Сталиннің оқыстан тауып кететін тапқыр сөздері, адамның ішкі жан дүниесіне қатысты нәзік иірімдерді игере білуі екінші дүниежүзілік соғыстың жауапты кезеңдеріндегі сәт­терде барынша жаңа қырынан танылғаны тарихтан мәлім. «Халықтар көсемі» қаншалықты қатыгез болса да, оның бойын адамға тән қорқыныш сезімі билеген сәттерін де жоққа шығарғымыз келмейді. Уақыт өте келе мұндай шындықтар да қалың көпшілікке мәлім болуда. Осыған орай бір тарихи эпизодты оқырмандар назарына ұсынғымыз келеді.

 

Тарихтан белгілі, 1939 жылдың тамыз айында Мәскеуде Германия мен Кеңес Одағы арасында бір-біріне шабуыл жасаспау туралы келісімге қол қойылған болатын. Бұл келісім тарихқа Риббентроп-Молотов (екі елдің сыртқы істер министрлері) пактісі болып енді. Бұған дейін Европадағы Ұлыбритания және Франция секілді мемлекеттер басшылары Гитлердің айдауымен жүріп, оның ықпалында кеткені тарихтан белгілі. Осы сұрқия саясат нәтижесінде Европада бірін-бірі сырттай сатып кетушілік белең алып, ірі мемлекеттер күш біріктірудің орнына, әрқайсысы өз көрпесін өзіне қарай тартып, ұсақ елдерді Гитлердің табанының астына салып берді. Ал мұны Гитлер өте сәтті пайдалана білді. «Саған тимеймін», деп уәдені көлгірсіткенімен фюрер кейін барлығын сазға отырғызып, Европаның төрін жаныштай бастады. Соңғы кезек Кеңес Одағына келгенде Сталин көп ойланған жоқ. Ол іштей Германиямен соғыстың болмай қоймайтынын сезсе де, Гитлермен өзара шабуыл жасаспау жөнінде келісімге келуге мәжбүр болды. «Халықтар көсемі» үшін бұл уақыт ұттырып, ел қарулы күштерін нығайту мақсатындағы қабылданған шешім болатын. Сөйтіп, Мәскеуде Риббентроп пен Молотов қол қойған келісім дүниеге келді.

 

Екі мемлекеттің Сыртқы істер министрлері тиісті құжаттарға қол қойғаннан кейін Риббентроп айрықша көтеріңкі көңіл күйде болатын. Ол орнынан тұрып «Хаиль Гитлер!», дегенде ештеңеден қаймыға қоймайтын салқынқанды Сталин селк ете қалған көрінеді. Бұл жолы оны қорқытқан ұлы Германияның ай­барлы, сұсты соғыс машинасының қаһары болатын. Шындығында осы уақытта Кеңес Одағы Германиямен айқасуға әзір емес еді. Бұл Сталиннің бойында тұңғыш пайда болған қорқыныш сезімі болатын. Ол диктатор ретінде өз елінде өзін қанша мықты сезінсе де, уақыт тудырған тарихи шындықты мойындап, Гитлердің алдында дәрменсіздігін амалсыз байқатуға мәжбүр болды.

 

Есесіне, Сталин 1943 жылдан бастап әлемдік билік аренасында өзге әріптестеріне сұс көрсететіндей дәрежеге жетті. Бұл соғыстың бетбұрыс кезеңі Кеңес Одағының пайдасына шешілген уақыт болатын. Ұлы мемлекеттер басшылары 1943 жылы Тегеранда бас қосты. Конференцияда одақтастарға Гитлер тарапынан қастандық жасалуы мүмкін деген сақтықпен қауіпсіздік шараларына ерекше мән берілді. Бұл орайда НКВД бастығы Берияға айрықша міндеттер жүктелді. Осыны шебер пайдаланған ол тіпті Рузвельт, Черчилль, Сталиннің кезекті отырысы өтетін залға емін-еркін кіріп кете беретін. Тар шеңберде, өте құпия жағдайда өткізілген бір мәжілісте Рузвельт Сталинге:

 

- Анау, елші Громыконың оң жағында отырған көзілдірікті мырзаны танымадым, - деді ол Берияны нұсқап.

 

Сталин бір таңғаларлығы бұл жолы да өзінің астарлы мазмұнда сөйлейтін әдетінен бір сәт жаңылған жоқ. Ол АҚШ Президентіне:

 

- Е-е... ол біздің Гиммлер ғой, - деді елеусіздеу ғана.

 

Келіссөзге қатысқан куәгерлердің айтуынша, Сталиннің осы сөзінен кейін АҚШ Президенті бойын бейнебір суық қарып өткендей өңі өзгеріп, тітіркеніп кеткен көрінеді. Сірә, демократ Рузвельт тоталитарлық екі режимнің бірін-біріне соншалықты ұқсайтын, миллиондаған адамдарды құрбандыққа шалған қос жендетінен ерекше бір қорқынышты үйлесімділікті тапқан болуы керек.

 

Кеңес Одағында Сталин билігіне қарсылық білдіруші оппозициялық күштердің бас көтеруі өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары көрініс бере бастады. Сталин алғашқыда олардан секем алса да, жаппай жазалау амалдарын қолдана қойған жоқ. Алдымен оппозиция серкелерінің бірі Лев Троцкийді жай ғана Алматыға қоныс аудару туралы шешім қабылдады. Осыған орай көсемнің табиғатын аша түсетін мына бір эпизодты көпшілік назарына ұсынғымыз келеді.

 

Троцкийді Мәскеуден Алматыға шығарып салу үшін Сталин Саяси Бюро мүшелерімен вокзалға келеді. Көсемнің алдында өзінің мықты екенін танытқысы келген болу керек, Троцкий пойызға кешігіп жетеді. Мұнысын көсемнің жақтырмағанын сезген ол Сталинге:

 

- Тише едешь - дальше будешь, - дейді кекесінді сыңаймен.

 

Жылдам, ұтқыр жауапқа әрдайым дайын тұратын Сталин:

 

- Дальше едешь - тише будешь, - дейді аса бір салқынқандылықпен. Көсемнің мұнысы «Менен қашық жүрсең тыныш боласың» деген емеуріні болатын. Алайда, Сталин өзінен жоғары болғысы келіп, менменсігендерді еш аяусыз жазалап, жаныштап отырды. Бұл жолы да осылай болды. Көсемнің оппозициялық күштерді аяусыз қырып-жойып, олармен ымырасыз күрес жүргізгені соншалық, кейін Троцкийді сонау Мексикаға қашып кет­кеніне қарамастан артынан НКВД тыңшысын жіберіп, оны ақыры өлтіріп тындырғаны тарихтан тағы мәлім.

 

 

Тарихта Сталиннің адам тағдырын ойыншық етіп, өз қарсыластарына соншалықты қатыгездік танытуының мысалдары көп. Осыған қарамастан «халықтар көсемі» өзінің диктаторлық режимінің қатал саясатын әртүрлі айла-шарғылармен ақтап алып, оның іздерін жасырып қалуға тырысып бақты. Бірақ, сол заманда, одан кейін де айтуға болмайтын құпия сырлар қазір қалың жұртшылыққа там-тұмдап болса да жете бастады. Бүгінде кейбір тарихшылар Сталиннің өз құрбандарының іс-әрекеттеріне қарсы ішкі ой-сезімін қағаз бетіне түсіру үшін арнайы күнделік ашқан деген әңгімелерді айта бастады. Оның қаншалықты шындыққа жанасатынын кім білген, бірақ онда жазылғандардың көсемнің табиғи болмысына дөп келетініне еш күмән жоқ. Сталин әлгі Бухаринді атып жіберген күні күнделігіне: «Прости, Бухарчик, мы все заложники своего времени», - деп жазып қойған көрінеді.

 

Бұл қалай болғанда да қатыгез диктатордың ішкі жан дүниесінің, адам тағдырын тәлкек еткен репрессия механизмінің табиғатының қаншалықты сұсты болғанын білдіреді. Осыған қарап-ақ біздің әкелеріміз бен аталарымыздың осындай ауыр заманда өмір сүріп, зұлым саясаттың құрбаны болғанын аңғару әсте қиын емес. Кешегі күнге дейін репрессия құрбандығына шалынып, аман қалғандардың көпшілігі саясатқа қатысты әңгімелерді көпшілікке жария етуден қорқып өткенін өз басым жақсы білемін.

 

 

 

 

 

Сталиндік режимнің шаруаларды қудалау саясаты

 

Сталиндік режимнің шаруаларды қудалау саясаты Ұжымдастырудың әкімшілік-зорлықшылдықсипаты кулактар мен байларды тап ретінде жою аясында белен алған сол бір қуғын-сүргін іс-шаралары арқылы орасан зор қасірет түрінде бой көрсетті.

 

Мемлекеттің ұжымдастыру қарқынын жедел арттыруға рұқсат еткен БК(б)П ОК-нің 1930 жылғы 5 қаңтардағы халықты зар жылатқан белгілі қаулысына дейін де тәркілеуге барынша бастамалық жасағанын атап өткен жөн. Жоғарыда іс жүзінде тікелей қанауға ұқсас, яғни байлардын ірі шаруашылықтарын тәркілеу жөніндегі науқан туралы айтылды. Шаруа шаруашылықтарын кең ауқымда тәркілеу (партия құжаттарында қолданылған терминдер бойынша — «кулактарды тәркілеу») салық бұғауымен мықтап қысу (ауыл шаруашылығы салығы, дербес салық салу және т.б.) барысында да орын алды.

 

1929 жылғы 28 маусымда БОАК пен ХКК «Жергілікті Кеңестердің жалпы мемлекеттік тапсырмалар мен жоспарлардың орындалуына ықпал етуге қатысты құқықтарын кеңейту туралы» қаулы қабылдады. [1]. Соған сәйкес, ауыл жиындарында астық дайындау жоспары бойынша өзіне міндеттеме қабылдау тәртібімен жекелеген шаруашылықтар арасында тапсырманы бөліске салуға рұқсат етілді. Сөйтіп, жиынның шешімдеріне бағынбаған, астық тапсырудан жалтарған жекелеген шаруашылықтарға әкімшілік тәртіппен тапсырылмаған астықтың бес еселенген құны көлемінде айыппұл салынды, ал олардың мүлкі сатылуға жатқызылуы тиіс болды. Қаулы РФКСР КК-нін 61-бабы бойынша (басқа жерге көшіру арқылы немесе онсыз, бүкіл мүлкі немесе мүлкінің бір бөлігін тәркілеп, екі жылдык мерзімге дейін бас бостандығынан айыруға) қылмысқа тарту көзделді. КСРО OAK мен ХКК «Малды жосықсыз союға қарсы күрес шаралары туралы» қаулысынын [2]. негізінде 1930 жылғы қаңтарда сот өндірісінде мал сойғаны және «ауыл шаруашылығын ұжымдастыру науқанын болдырмау және оның белен алуына кедергі келтіру мақсатымен» арандатушылықпен айналысқаны үшін айыпталған адамдарға қарсы 79-бап қабылданды. Аталған бапта «басқа жерге көшіре отырып немесе онсыз, екі жылдық мерзімге дейін бас бостандығынан айыру» түріндегі жаза көрсетілді. [3].

 

Оның үстіне Лениннің өсиетін («Келісімге жол жоқ: кулакты помешикпен, онда да оп-оңай патшамен, поппен, тіпті олар ұрысып қалған күнде де, табыстыруға болады, ал жұмысшы табымен еш уақытта келісімге келтіре алмайсыз») [4]. басшылыққа ала отырып, шаруаларға қарсы қуғын-сүргіннің азапты тетігі шыбын жанды одан әрі қыса түсті. 1929 жылғы желтоқсанның соңында аграрлық марксистер конференциясында сөйлеген соөінде Сталин кулактарды тап ретінде жою бағыты партиялық-мемлекеттік саясатта ресми мәртебе алады деп жариялады.

 

1930 жылғы 11 қаңтарда жарыққа шыққан «Правда» газетінің бас мақаласында: «Кулакты тап ретінде жою мәселесі теориялық қаулылар аясынан партияның осы кездегі «практикалық жұмыс» аясына көшірілді» [5]. деп жазылды. БК(б)П ОК Саяси бюросының 15 қаңтардағы шешімімен В. Молотов басқарған, 21 адамнан тұратын арнаулы комиссия құрылды (оған Ф. Голощекин кірді). Ол кулактарды тәркілеу жөнінде бірқатар нақты шаралар әзірледі, 1930 жылғы 30 қаңтарда Саяси бюроның қаулысы түрінде ресми нұсқаулық күшке ие болды.

 

 

 

 

 

Дегенмен, біз Сталиннің қолбасшылық қабілетін жоққа шығарудан аулақпыз. Оған өз кезінде де, қазірде тиісті баға беріліп жатыр. Мәселен, Уинстон Черчиль 1959 жылы лордтар палатасынде сөйлеген сөзінде Кеңес одағының көсемі туралы қоспасы жоқ керемет пікірлер айтқан. Бұл бір кездері фашизмге қарсы күш біріктіріп күрескен, кейін бірін-бірі бітіспес жау санаған адамдардың ауызынан ести бермейтін сөз.

 

Замандастары Сталиннің тұрғыластарынан тұрпаты бөлек болғанын сол кезде-ақ мойындаған екен. Қазір ол туралы түрлі пікір айтылып жүр. Іргелес Ресейдің өзінде Сталинді жақтайтындар мен даттайтындар екі лагерге бөлініп алған. Олардың қайсысын қолдағысы келсе әркімнің өз шаруасы. Бірақ «Ұлы көсемнің» замандасы, одақтасы әрі қарсыласы бола білген Уинстон Черчильдің пікірі оларға қарағанда әлдеқайда шындыққа жақын әрі тарихи тағылымы да өзгелерінен ерекше болған соң оны қаз-қалпында қазақ оқырманына ұсындық: «Қиын-қыстау уақытта елді Сталин сияқты көреген әрі жеңілмейтін қолбасшының басқарғаны Ресей үшін үлкен бақыт болды деп білем. Ол өзі өмір сүрген қиын кезеңнің үддесінен шыққан керемет тұлға болды. Сталин ерекше қуатты, зерделі, жігерлі әрі жұмыста да, өзара әңгімеде де қатал да қатты адам болатын. Тіпті ағылшын парламентінде тәрбиеленген мен өзім оған қарсы сөз таппай кейде қиналып қалатынмын. Сталин, ең алдымен ұтымды әзіл мен мысқылдың шебері еді. Сонымен бірге ол өз ойын керемет дәл жеткізетін. Мақалалары мен баяндамаларын өзі жазатын және ол шығармаларынан үнемі адамға бұйрық беріп тұратын әлдебір күш сезіліп тұрушы еді. Сталинге біткен осы бір күштің тегеурінділігі сондай, ол адамзат тарихындағы барлық басшылардан оқ бойы озық тұрғандай көрінетін. Сталин бізге керемет әсер қалдырды. Оның адамдарға ықпалы күшті болды. Бірде ол Ялта конференциясы өтетін залға кіріп келгенде, іште отырғандар бір мезетте өре түрегеліп, бір қызығы барлығы бірдей сапқа тұрғандай бойларын тік ұстап қатып қалды. Ол мүлде абдырамайтын, барлығын ақылға жеңдіретін. Сталин қиын сәттерде кез-келген күрделі мәселеде жол тауып кетудің шебері еді. Қиын кезеңде де, салтанатты сәттерде де ол ұстамды қалпынан ешқашан айныған жоқ. Оны өте күрделі тұлға деп білем. Ол алып империя құрып, оны өзіне бағындыра білді. Бұл адам өз жауларын жауларының қолымен жайратып шықты. Тіпті «империалистер» деп атаған бізді де империалистерге қарсы күресуге мәжбүрледі. Сталин әлемде теңдесі жоқ ұлы диктатор болды. Ол Ресейді соқамен қабылдап, соңында атом бомбасы бар ел қалдырып кетті. Жоқ! Ол туралы кім не десе о десін, бірақ мұндай адамдарды халық пен тарих ешқашан естен шығармайды».

http://www.masa.kz/article/view/id/1619

 

 

 

 

«Сталиннің кезінде адамгершілікке жатпайтын жүйе құрылды, және оны ешнәрсе: индустрияландыру да, атомдық бомба да, мемлекеттік шекараларды сақтап қалу да, тіпті Ұлы Отан соғысындағы жеңіс те ақтай алмайды, өйткені бұның бәріне қол жеткізген Сталин емес, біздің көп ұлтты халқымыз», - деп Мәскеулік патриархаттың Сыртқы шіркеулік байланыс бөлімінің сайтында жарияланған СШББ-і басының орынбасары игумен Филипп (Рябых)-тың «Завтра» газетінің редакторына жолдаған хатында айтылады.

     Бұл хатты Филипп әке СШББ басы митрополит Иларион Волокаламскийдің атынан жолдады. Бұрында А.Проханов архиепископ Иларионға әміршіден мақалалардың бірінде айтылған тарихтағы Сталин тұлғасының рөліне деген ұстанымын түсіндіруді сұраған хатын жолдаған.

Информация о работе Иосиф Сталин