Құқықтық қатынас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 19:57, реферат

Описание

Құқықтық қатынас – бұл құқық нормаларымен ықтиярлық қоғамдық қатынастар. Барлық құқық қатынастар келесі ерекшеліктермен сипатталады.
Ол тек құқық негізінде пайда болады. Онда құқық қатынастарға қатысушылардың ықтиярлары берілген. Оны қамтамасыз ету әдісі –мемлекеттің мәжбүр ету күші. Жоғарыда айтылғандай, құқық қатынастарының ерекшелігі олардың тек құқық нормаларының негізінде пайда болады және өмір сүреді.

Работа состоит из  1 файл

Құқықтық қатынас.doc

— 65.50 Кб (Скачать документ)


Құқықтық қатынас – бұл құқық нормаларымен ықтиярлық қоғамдық қатынастар. Барлық құқық қатынастар келесі ерекшеліктермен сипатталады.

Ол тек құқық негізінде пайда болады. Онда құқық қатынастарға қатысушылардың ықтиярлары берілген. Оны қамтамасыз ету әдісі –мемлекеттің мәжбүр ету күші. Жоғарыда айтылғандай, құқық қатынастарының ерекшелігі олардың тек құқық нормаларының негізінде пайда болады және өмір сүреді.

Құқық нормалары әр уақытта айтарлық сипатта болады, себебі олар жалпыға бірдей тәртіп ережелері. Құқық қатынастар индивидуальды – нақты, себебі нақты адамдардың өзара байланыс формасы ретінде көрінеді және бұл адамдар құқықтық қатынастарға түсе отырып сәйкес құқықтарға және міндеттерге ие болады. Басқаша айтқанда, оларға қатысты құқық нормалары қолданылады немесе индивидуалданады. Құқықтық қатынастарған олар саналы түрде түсетіндіктен олардың мақсаттары да сай келеді. Сондықтан құқық қатынастарда олардың жалпы еркі көрінеді. Мұндай еріксіз құқықтық қатынастар мүмкін емес, себебі барлық қатынас – бұл негізінде жалпылық жатқан екі жақты өзара байланыс.

Азаматтар әр түрлі құқықтық қатынастардың субъектісі болып саналады. Бірақ олардың қатысуы құқық нормаларын реттейтін қоғамдық қатынастардың сипатына байланысты. Әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектісі болып тек соған қатысы бар тұлғалар саналады. Пенсиямен қамтамасыз ету құқық қатынасымен байланысы жоқ адамдар бұл қатынасқа субъекті бола алмайды, себебі олар пенсия жасына жетпеген, не пенсия жасына жетсе де оған құқығы жоқ.

Шетелдіктер. Азаматтығы жоқ немесе екі азаматтығы бар тұлғалар құқық қатынастарына қатысушылардың ішінде ерекше орын алады. Субъективтік құқықтарды пайдалану немесе міндеттерді орындау шетелдік азаматтығы жоқ тұлғалар үшін жұмыс істеуші заңмен олардың статусына байланысты шектеледі. Мысалы, олар парламентке мүше бола алмайды, қарулы күштердің қатарында қызмет етпейді, мемлекеттік құрылымдарды басқармайды және оларда жұмыс істемейді және т.б. екі азаматтығы бар тұлғалар екі елдің азаматы ретінде оның екеуінде құқық қатынастардың барлық салаларына тең құқықты субъектісі бола алады, тек заңмен қаралған жағдайларда басқа кезде, мысалы, екі азаматтығы бар тұлғалар Қазақстан президенті бола алмайды.

Заңды тұлғалар құқық субъектілері ретінде келесі белгілермен сипатталады: бір ұйымдығымен, өз атынан түседі, өзінің мүлкі және банкте есеп шоты бар, өзіндік мүліктік жауапкершілігі бар, сотта, арбитражда сотта, (третейский) аралық сотта талап етуші және жауапты бола алады. Құқық қатынастардың субъектілері болып заңды тұлға емес ұйымдар да саналуы мүмкін.

Мысалы; жолдастық сот, ол кінәліге істеген теріс қылмыстары үшін айып салуға өкілеттілігі бар.

Құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар. Құқықтық қатынастарға тән мынандай белгілер:

Құқық қатынас – бұл қоғамдық қатынас, былайша айтқанда адамдардың арасындағы қатынас және олардың іс-әрекетімен, мінез құлқымен тікелей байланысты. Меншік иесінің өз заттарына хақысы бар, бірақ бұл қатынас жасағанда жұзеге асырылады.

 

Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқын құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық норма мен құқықтық қатынас арасында бұлтартпастық бар, өмірде тек қана құқықтық нормада көрсетілген құқықтық қатынас пайда болады. Кейде заңда көрсетілмеген жағдайда да қатынас құқықтық сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, құқықтық қатынас болған жағдайда құқықтық норма өзінде тікелей көрсетілмеген қатынастарға қолданылады.

Құқықтық қатынас – бұл субъективтік құқықтар мен міндеттер арқылы пайда болатын адамдар арасындағы байланыс. Субъективтік құқыққа ие болушы соны пайдаланатын тұлға, ал құқықтық міндет пайда болу үшін қатынасушылардың еркі қажет. Кейбір құқықтық жүктелген сол міндетті орындауға тиіс тұлға. Құқықтық қатынаста хақысы бар тұлға және міндет бар тұлға болады: адам, ұйым, мемлекет органы.

Құқықтық қатынас еріктік қатынас. Құқықтық қатынастар пайда болу үшін тараптардың еркі қажет (мүліктік қатынастар). Ал кейбір құқықтық қатынас тек бір тараптың еркіне байланысты пайда болады (қылмыстық іс заң қорғаушы органның еркі бойынша қозғалады).

Құқықтық қатынасты мемлекет қорғайды. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет құқықтық қатынастарды да қорғайды. Мемлекет қорғайтын құқықтық қатынастар қоғамдағы құқықтық тәртібінің негізі болып саналады.

Сонымен, құқықтық қатынастар дегеніміз - қатысушыларының субъективті құқықтары мен заңда көрсетілген айғақтарға (фактілерге) сәйкес туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар.

Саяси режим

Саяси режимнің түсінігі ең маңызды, себебі негізгі билік жүйесінің құрылымын алдың ала ойға елестетуге негіз болады. Осыған байланысты, қоғамның саяси ұйымын құрутуралы шын мәніндегі принциптер талқыланады. Саяси режим - әр елдегі белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген, саяси райды сипаттайды. Осы аталған дәйектер дипломдық жұмыс тақырыбының таңдалуына себепші болды.

Саяси режимнің белгілеріне тоқталып кетсек:

- саяси өкіметті ұйымдастыру тетігіндегі халықтың қатынасу деңгейі және сондай ұйымдасудың жолдары;

- мемлекеттің құқығы мен адам бостандығының және азаматтық құқықтарының арақатынасы;

- жеке адамның бостандығының кепілділігі;

- қоғамдағы билікті іске асыру тетігінің шын сипаты;

- халықпен саяси билікті тікелей іске асыру деңгейі;

- ақпарат құралдарының жағдайы, қоғамдағы ашықтық деңгейі және мемлекеттік аппараттың ашықтығы;

- мемлекеттік емес құрылымдардың қоғамның саяси жүйесіндегі орны және ролі;

 

- Заң шығару мен атқару биліктерінің арақатынастары.

Мемлекет деген ойдан туған абстракция емес. Ол қоғамда нақтылы материлизацияланған құбылыс. Билік жүргізу барысында халық өз мүдделерін қорғайтын мемлекет ұйымдастырады. Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына және арнайы формаға ие болуына дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер ерекше ықпалын тигізеді. Сондықтан мемлекеттің формасының қалыптасуына қоғамда демократияның, халықтың билік жүргізуінің дәрежесін анық айқындауға болады. Форма мәнді, мән формалы. Мемлекеттің мәні қалыптасқан, қабылданған формадан өзінің көрінісін табады. Мысалы, құл иеленуші мемлекеттердің мәні үстем, қанаушы таптың саяси билігінің диктатурасы болса, оның формасы - шексіз монархия. Осыған байланысты мемлекет және құқық теориясында мемлекет формасының үлкен маңызы бар. Мемлекеттің формасы даму кезеңдерінде өзгеріске ұшырап, бір сападан бір сапаға өтетін болса, оның тетіктері де өзгеріске шалдығады.

Саяси режим - мемлекетке билік жүргізудің арнайы тәсілдері. Негізінде екі түрге бөлінеді: демократиялық және демократиялық емес.

Демократиялық режим - барлық халықтардың тендік пен бостандыққа негізделінген идеясында мемлекеттің басқару ісіне қатысуы, биліктің халықтың болуы.

Демократиялық емес режим - халықтың билік жүргізу ісінен алшақтатылуы. Олардың түрлері сан алуан болады.

1. Тоталитарлық - (латын сезінен - totalis барлық, толық) қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолында шоғырланған, елде демократиялық бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым салған режим. Мемлекет жеке адамның барлық істерін бақылауға алады. Тоталитарлық режимде:

1. Тек бір партия билік жүргізеді.

2. Басқару қатаң түрде бір орталықтан жүргізіледі.

3. Бір идеология ғана жарияланады.

4. Еркін пікір айтуға тыйым салынады.

5. Репрессия, күш қолдану мемлекеттің ең негізгі функциясы болып табылады.

Бұл режимнің қалыптасуы халықтың белсенділігімен болады. Әдебиетте тоталитаризмді «бұқаралық қозғалыстың диктатурасы» деп атайды. (Сталин, Мао Цзе Дун, Гитлер, Муссолини), әйгілі ғалым Ф.Хайектің пікірі бойынша «Тоталитаризмнің ұрығы әр формадағы коллективизмге және индивидтті, оның дара ұмтылыстарын қандай да болсын қоғамдыққа бағындыруда».

2. Авторитарлық (француз сөзі autoritaire - билік) азаматтарды тырп еткізбей мемлекет саясатына бағындыру. Тоталитаризмнің айырмашылығы авторитаризм халыққа бір идеологияны мойындатпайды, либералдық дамуға жол ашады, оппозицияға кедергі жасамайды, адамдардың жеке өміріне араласпайды. Бірақ, саяси билікке халық жаппай тартылмайды, шектеулі дәрежеде болады, бірақ бір ғана саяси лидердің, немесе арнайы топтардың, отбасының қолында болады.

 

3. Аристократиялық (грек сөзі - aristokratia) - қоғамдағы ақ сүйектер әулетінен құрылған топтардың мемлекетте саяси билікті жүргізуі, негізінде тарихта Греция, Афина, сияқты т.б. мемлекеттерде дамыды.

4. Фашистік - (италия сөзі - (fascismo) бірлестік, байлау) - бір ұлттың билік жүргізуде үстемдігі жарияланатын және ашық түрде террористік диктатура жүргізетін режим. Мемлекетте адам құқы жойылады, бостандыққа жол берілмейді. Тарихта Италияда, Германияда қалыптасқан.

5. Либералдық - (латын сөзі - liberalis ерікті). Еркін кәсіпкерлікпен парламенттік демократияны дамытуды қамтамасыз етуді мақсат етіп, мемлекеттің барлық тетіктерін сол мақсат үшін қалыптастыратын режим.

 

Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған. Адамдардың ең алғашқы ұйымдасуы рулық қоғам түрінде пайда болды. Рулық қоғам оның мүшелерінің қандас туыстығы негізінде, еңбекті қауымдасып ұйымдастыру және ортақ меншіктілік негізінде қалыптасты.

Әскери демократияның дамуы қоғамда саяси ұйымның – мемлекеттің пайда болуына әкелді. Мемлекет, бір жағынан, әскери демократияның жаңа негізде қайта құрылуы нәтижесінде, ал екінші жағынан, жаңа басқару органдарының пайда болуы нәтижесінде құрылды. Мемлекет – адам баласы бірлестігінің жаңа ұйымы. Ол рулық қауымнан мынадай белгілермен өзгешеленеді:

1. Мемлекеттің тәуелсіздігі болады. Мұның мәнісі – мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзге бір мемлекеттерден тәуелсіз қалыптастырып, дербес жүзеге асырады деген сөз.

2. Мемлекеттің халқы әкімшілік-аумақтық аймақтарға бөлінеді, бұл жерде адамдардың рулық белгілері ескерілмейді.

3. Мемлекетте қоғамды басқаратын өкімет билігінің белгілі бір дәрежеде дамыған жүйесі болады. Оларда адамдардың өзгеше бір тобы – шен иелері немесе мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істейді.

4. Қоғамның өмір сүріп, тіршілік етуі үшін мемлекет заңдар, нормативтік актілер шығарып, солар арқылы қоғамдық қатынастарды реттеп отырады, белгілі бір қоғамдық тәртіпті қалыптастырады.

 



Информация о работе Құқықтық қатынас