Қылмыстық заң

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 19:12, реферат

Описание

Қылмыстық жауаптылық туралы заңды дұрыс қолдану үшiн еә алдымен, қылмыстың жасалу уақытын, екiншiден, қылмыстық заңның қолдану уақытын анықтап алу қажет. ҚР ҚК-тiә 4-бабында заңшығарушы қоғамға қауiптi iс-әрекет жүзеге асырылған уақыт, зардаптың басталған уақытына қарамастан, қылмыс жасалған уақыт деп нақты атап көрсеткен. Яєни, кез келген қылмыс түрi їшiн (материалдық, формальды, келте) қоғамға қауiптi әрекет немесе әрекетсiздiк жасалған уақыт қылмыстың жасалу уақыты деп танылады. Ал қылмыстық құқықта жасалу уақытының ұзақтығына қарай бөлiнетiн жалғаспалы және созылмалы қылмыстарда қылмыстың жасалу уақыты басқаша анықталады.

Работа состоит из  1 файл

лекция 2.doc

— 101.00 Кб (Скачать документ)

Қылмыстық заңның кеңiстiкте  қолданылуының азаматтық принципi бойынша Қазақстан Республикасыныә шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары және ҚР тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар ҚР ҚК бойынша тек мына жағдайларда жауаптылыққа тартылады:

а). егер олар жасаған  әрекет сол қылмыс жасаған мемлекетте қылмыс деп танылса;

б). егер бұл адамдар  басқа мемлекетте сотталмаған болса.

Аталған адамдарды соттау кезiнде жазаны қылмыс жасалған мемлекеттiң  заңында көзделген санкцияның жоғары шегiнен асыруға болмайды.

Шетел азаматтары және ҚР тұрақты тұрмайтын азаматтығы жоқ  адамдар ҚР тыс жерде жасалған қылмыстар үшiн ҚР ҚК бойынша жауаптылыққа тартылмайды. Алайда, ерекше жағдай ретiнде ҚК-тiә 7-бабының 4-бөлiгiнде қарастырылған қылмыстық заңның реалдық принципi бойынша ҚР тыс жерлерде қылмыс жасаған шетел азаматтары ҚР мүдделерiне қарсы бағытталған қылмыс жасаған жағдайларда және ҚР халықаралық шартында көзделген жағдайларда, егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса, ҚР ҚК бойынша жауаптылыққа тартылады.

Қылмыстық заәныә универсалды принципi халықаралық қылмыстармен немесе халықаралық сипаттаєы қылмыстармен  (терроризм, кепiлге алу, әуе кемелерiн айдап әкету және т.б) күресу үшiн барлық мемлекеттердiң мүдделерiн ортақтастыру дегендi бiлдiредi. Осы  принципке сәйкес Қазақстан Республика сы өзi мүше болып табылатын халықаралық конвенцияларды орындауға мiндеттi.

ҚК-тiә 8-бабында қылмыс жасаєан адамдарды ұстап беру туралы мәселе қарастырылған. Басқа мемлекеттiң аумағында қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер халықаралық шартта өзгеше белгiленбесе, ол мемлекетке ұстап берiлмеуi тиiс. Қазақстан Республикасыныә шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе жазасын өтеу үшiн шет мемлекетке ұстап берiлуi мүмкiн екендiгi заңда бекiтiлген.

Қылмыскердi ұстап берудi қылмыстық құқықта  экстрадиция деп те атайды. Экстрадиция дегенiмiз - қылмыс жасаған адамды қылмыс жасалған мемлекетке, мүддесi бұзылған мемлекетке немесе азаматы болып табылатын мемлекетке оны соттау немесе сот үкiмiнiң күшiне енуiне сәйкес жазасын өтеу үшiн ұстап беру.  

 

 

 

 

 

4 сұрақ. Қылмыстық  заңның белгiлi уақытта қолданылуы  

 

 

    Қылмыстық жауаптылық туралы  заңды дұрыс қолдану үшiн еә  алдымен, қылмыстың жасалу уақытын,  екiншiден, қылмыстық заңның қолдану уақытын анықтап алу қажет. ҚР ҚК-тiә 4-бабында заңшығарушы қоғамға қауiптi iс-әрекет жүзеге асырылған уақыт, зардаптың басталған уақытына қарамастан, қылмыс жасалған уақыт деп нақты атап көрсеткен. Яєни, кез келген қылмыс түрi їшiн (материалдық, формальды, келте) қоғамға қауiптi әрекет немесе әрекетсiздiк жасалған уақыт қылмыстың жасалу уақыты деп танылады. Ал қылмыстық құқықта жасалу уақытының ұзақтығына қарай бөлiнетiн жалғаспалы және созылмалы қылмыстарда қылмыстың жасалу уақыты басқаша анықталады. Мысалы, жалғаспалы қылмыстарда (қашқындық, қаруды заңсыз сақтау, салық төлеуден жалтару және т.б.) осы қылмыстыә аяқталу сәтiнде күшi жүрiп жатқан заң қолданылса, ал созылмалы қылмыстарға жиынтығы бiр қылмыс құрамын құрайтын қылмыстық актiнiң соңғысын жасаған кезде күшiнде болған қылмыстық заң қолданылады.    

 Әрекеттiң қылмыстылығы  мен жазаланушылығы сол әрекет  жасалған уақытта қолданылып  жүрген заңмен белгiленедi, яєни  тек заңды күшiне енген қылмыстық  заң ғана қолданылады. Заңның  күшiне енуi деп оның барлық мемлекеттiк немесе мемлекеттiк емес органдар, ұйымдар және азаматтар үшiн мiндеттi болу сәтiн тїсiну қажет.  

 Заңның күшiне енуi туралы бiрнеше ережелер бар:  

1). Егер заң құқық  саласының негiзгi заңы ретiнде  танылса, онда заәныә кїшiне  ену мерзiмi сол заңның текстiнде тiкелей көрсетiледi және сол көрсетiлген уақытта күшiне енедi. Мысалы, ҚР Қылмыстық Кодексiн күшiне енгiзу туралы сол заңның өзiнде тiкелей көрсетiлген.   

2). Егер заңның өзiнде  заңның күшiне ену уақыты көрсетiлмесе,  ресми басылымдарда жарияланғаннан кейiн 10 күн мерзiм өткен соң күшiне енедi. Мұндай ресми басылымдарға ҚР Парламентiнiң ведомстволары, Егемен Қазақстан, Казахстанская правда, Заң, Юридическая газета басылымдары жатады.   

 Қылмыстық заң ҚР  барлық территориясында бiр мезгiлде заңды күшiне енедi.  

 Қылмыстық заң мына жағдайларда  өз әрекетiн, күшiн тоқтатады:  

1). Қылмыстық заәның  күшiн жойғанда немесе сол заңды  басқа заңмен алмастырған жағдайда,   

2). Заңда көрсетiлген  мерзiм өтiп кетсе немесе осы  заңды қабылдауға байланысты жағдайлар өзгерген жағдайда.

Белгiлi бiр қылмыс үшiн  қылмыстық жауаптылық сол қылмыстық  әрекет жасалған уақытта қолданылған  қылмыстық заңмен белгiленедi. Алайда, осы қылмыстық заңды уақытта  қолдану бойынша бiр ерекше жағдай бар, ол қылмыстық заң осы заң күшiне енгенге дейiн жасалған әрекеттерге де қолдану мүмкiндiгiн қарастырады. Бұл жағдайды қылмыстық заңның керi кїшi деп атайды. ҚР Қылмыстық Кодексiнiә 5-бабына сәйкес: әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңiлдететiн немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңiлдететiн заңның керi күшi болады, яєни осындай заң күшiне енгенге дейiн тиiстi әрекет жасаған адамдарға, оныә iшiнде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бiрақ соттылығы бар адамдарға қолданылады  деп көрсетiлген. 

 

5 сұрақ. Қылмыстық  заңды түсiндiру 

 

 

    Жалпы түсiндiру (толкование) немесе интерпретация (interpretatio) деген адамзат рухыныә шыєармаларын тїсiну мақсатында қолданылатын тәсiлдер жиынтығы. Түсiндiру бiр нәрсеге қандай да бiр дұрыс түсiнiк беру немесе оныә мағынасын анықтау. Ал заңды түсiндiру заңдағы кемшiлiктердi жоюға ықпал жасап, құқық нормасын бiрыңғай қолдануды қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Осы заңды түсiндiру туралы iлiм заңдық герменевтика деп аталады, ол ауызша немесе жазбаша сөздердi түсiну өнерiнiң теориясын құрастырумен айналысады.  

 Қылмыстық заңды  түсiндiру - қылмыстық-құқықтық норма ның нағыз мазмұнын анықтау үшiн, заңшыєарушының еркiн айқындау үшiн жүргiзiлетiн мемлекет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, лауазымды және жеке тұлғалардың қызметi. Бұл қызмет заң шығару процесiнде заңдарды топтастырғанда және құқықтық нормаларды қолданғанда жүзеге асырылады.  

 Қылмыстық заңды  түсiндiрудiң бiрнеше түрлерi бар:

1)      Түсiндiру субъектiсi бойынша – легалды (заәдық), сот және доктриналды (ғылыми);

2)      Тїсiндiру тәсiлi бойынша – грамматикалық, жүйелi, тарихи

3)      Қолданылу көлемi бойынша – сөзбе-сөз (буквальное), тар көлемде және кең көлемде;  

 Легалды (заәдық) тїсiндiру бұл заңшығарушының өзi берген түсiндiрмесi. Легалды тїсiндiрудiң заңдық күшi болады, мiндеттi сипатты иемденедi және шағымдауға жатпайды. Мысалы, ҚР Конституциясының 72-бабының 4-тармағына сәйкес ҚР Конституциялық Кеңесi Конституцияға және ҚР заңдарына ресми түсiндiрме бередi.  

 Сот тїсiндiрмесi деп нақты қылмыстық iстi шешу кезiнде қылмыстық-құқықтық норманы қолданушы соттың беретiн түсiндiруiн айтамыз. Кез келген сот қылмыстық iстi қарай отырып заңның мағынасы мен мазмұнын түсiнiп, жасалған қылмыстың белгiлерi белгiлi бiр қылмыстық-құқықтық нормаға сәйкес келетiнiн анықтауы қажет. Бұл кең тараған түсiндiрудiң түрi тек сол аталған қылмыстық iске қатысты ғана қолданылады және үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн де ондағы түсiндiрудiң осы қылмыстық iске ғана күшi жүредi. Өйткенi, бiздiң ұлттық заңымызда сот прецедентi құқықтың қайнар көзi болып табылмайды.   

 Сот түсiндiрмесiнiң ерекше түрi болып ҚР Жоғары Сот Пленумының нормативтi қаулылары табылады. Түсiндiрудiң бұл түрiнiң ерекшелiгi сол, ол нақты бiр қылмыстық iс бойынша емес, белгiлi бiр санаттағы қылмыстық iстер бойынша сот практикаларын және сот статистикасын зерттеу және талдау негiзiнде берiледi. Мысал ретiнде ҚР Жоғары Соты Пленумының 23 сәуiр 1993 жылєы Зорлау үшiн жауаптылықты реттейтiн заңдарды соттардыә қолдану практикасы туралы қаулысын айтуға болады.   

 Доктриналды немесе ғылыми түсiндiрме деп оқулықтарда, монографияларда, баяндама, лекцияларда ғалымдар мен практика қызметкерлерiнiң, ғылыми мекемелердiң беретiн тїсiндiрулерiн айтамыз. Бұл түсiндiру ресми болмағандықтан мiндеттi заңдық күшi жоқ, алайда қылмыстық заңды дұрыс қолдануға оң ықпалын тигiзедi. Жоғары оқу орындарында заңгерлердiң құқықтық санасы мен кәсiби дайындығы көбiне осы ғылыми түсiндiрме арқылы анықталады.  

 Грамматикалық (филологиялық) тїсiндiру – заңның текстiн морфология, синтаксис, пунктуация ережелерi бойынша талдау. Яғни, заңдағы жеке сөздердiң, терминдердiң, қолданылатын тыныс белгiлерiнiң, көмекшi сөздердiң, жалғаулықтардың мағынасын ашуға бағытталған арнайы тәсiлдер жиынтығы. Заңды дұрыс түсiну үшiн осы заңдағы терминдер мен ұғымдардың мағынасын анықтап алу қажет. Мысалы, лауазымды тұлға түсiнiгi ҚК 307-бабының ескертуiнде түсiндiрiледi. Заңда қолданылатын сөздер, ұғым, терминдердiң мағынасын анықтау көбiнесе ҚР Жоғары Соты Пленумының нормативтi қаулыларында берiледi.  

 Жїйелi тїсiндiру - қылмыстық-қўқықтық нормаларды басқа қўқық саласыныә нормаларымен немесе сол заәныә ҳзiндегi җртїрлi тараулар мен баптарды бiр-бiрiмен салыстыра отырып қылмыстық заәныә мазмўнын, маєынасын ашу. Мўндай тїсiндiру негiзiнен ўқсас қылмыстарды ажырату жҗне бҗсекелестi нормаларды қолдану їшiн қажет болып табылады. Жїйелi тїсiндiру җсiресе бланкеттi жҗне сiлтемелi нормаларды анықтау кезiнде маәызды. Мысалы, ҚК 99-бабындаєы ²Қажеттi қорєаныс шегiнен асып кiсi ҳлтiру² қылмысын талдау їшiн ҚК 32- бабындаєы ²қажеттi қорєану² нормасымен танысу қажет.  

 Тарихи тїсiндiру деп қылмыстық заәды қабылдауєа негiз болєан саяс-җлеуметтiк, экономикалық жаєдайлардыә тарихы мен себептерiн зерттеу арқылы жҗне осыєан дейiнгi шыєарылєан заәдарды салыстыра отырып талқылауды айтамыз. Тарихи тїсiндiру кезiнде қылмыстық заәныә жобасына, заәшыєарушы органдарындаєы баяндамаларєа, заәды талқыєа салу материалдарына сїйену тиiмдi болып табылады. Мысалы, қылмыстық заәныә керi кїшiн анықтау кезiнде тарихи тїсiндiру қолданылады.  

 Сөзбе-сөз түсiндiру – заңның нормасын оның текстiмен дәлме дәл сәйкес келетiндей түсiндiру, яғни заңшығарушының еркiн бiлдiру формасы норманың мазмұнына толық сәйкес келуi. Сөзбе-сөз түсiндiру кезiнде диспозиция онда қарастырылған қылмыс құрамының белгiлерiн нақты көрсететiндiктен, қылмыстың белгiлерiн кең немесе тар мағынада түсiнуге болмайды, заңда қалай жазылса оны сол мағынада түсiну қажет.  

 Тар көлемде түсiндiру – заң нормасындағы тексте дәлме-дәл көрсетiлгеннен гөрi тар шеңберде қолдануға мағына беретiн түсiндiру. Мысалы, ҚК 131-бабының субъектiсi 18 жас, ал Жалпы бөлiм ережелерi бойынша 16 жастан басталуы қажет.  

 Кең көлемде түсiндiру – заңда айтылуы қажет, бiрақ тiкелей аталмаған жағдайда заңның қолданылуын бiлдiретiн түсiндiру. Яғни, осы заң нормасын кең шеңберде қолдануға негiз беретiн түсiндiру. Мысалы, ҚК 134-бабындағы Баланы ауыстыру қылмысында бала² деп, ер баланы және қыз баланы да түсiну қажет. 

                                                          Әдебиеттер:

 

 

Блум М.И., Тилле  А.А. Обратная сила закона.  М., 1969

Брайнин Я.М. Уголовный закон  и его применение. М., 1967

Игнатов А.Н. Введение в изучение уголовного права. Уголовный закон. Курс лекций. Лекция 1. М., 1996

Медведев А.М. Пределы  действия Уголовного кодекса Российской Федерации. М., 1998 

Наумов А.В. Реализация уголовного закона . Волгоград, 1983

Кудрявцев В.Н., Келина С.Г. Уголовный  закон: опыт теоретического моделирования.  М., 1987

Спасов Б.П. Закон и  его толкование.  М., 1986

Мами К.А., Жукенов А.Г. Вопросы применения  новых  Уголовного и Уголовно- процессуального  кодексов  Республики Казахстан и судебная  практика. Алматы, 1998

Звирбуль В.К., Шупилов  В.П.  Выдача  уголовных преступников. М., 1974

Таганцев Н.С. Русское  уголовное право. Т-1,-Тула, 2001,с.245 

 

Нормативтi  актiлер:  

 

ҚР 13.01.93 жылєы « Қазақстан  Республикасыныә мемлекеттiк шекарасы туралыә заәы 15.07.96., 22.12.98 жылєы ҳзгерiстерi мен толықтырулармен бiрге

ҚР 24.03.98 жылєы « Қазақстан Республикасыныә  нормативтiк актiлерi туралы ә заәы, 17.10.2001, 06.03.2002 жылєы ҳзгертулер мен толықтырулармен бiрге

ҚР «Қазақстан Республикасындаєы  азаматтық туралыә   20.12.1991 жылєы Заәы, 03.10.1995 ж, 17.05.2002 жылєы ҳзгертулер мен толықтырулармен бiрге

ҚР Президентiнiә   «Шетел азаматтарына және азаматтыєы жоқ адамдарєа Қазақстан Республикасында саяси баспана беру   тәртiбi туралы  ә  15.07.1996 жылєы Жарлыєы 

 

 

 

 


Информация о работе Қылмыстық заң