Терроризм қылмысының болу себептері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 20:31, реферат

Описание

Қазіргі әлемде терроризм идеясының пайда болуы және оның таралуы бірден - бір қатер. Бұл идея мемлекеттің іргетасын шайқалтуға, түптеп келгенде, әр түрлі елдердің мәртебесін өзгертуге, қорқыныш туғызуға, саясатты күштеу әдістерімен өзгертуге багытталган. Бүгінгі таңда қауіпті ауқымда қатерлі салдар тудыратын деңгейге жеткен терроризм саяси -құқықтық құбылыс ретінде ғаламдық күрмеуі қиын мәселеге айналды. Адамзат оған екі ғасырдың тоғысында кезікті.

Работа состоит из  1 файл

Терроризм қылмысының болу себептері.docx

— 14.50 Кб (Скачать документ)

Терроризм қылмысының болу себептері

Қазіргі әлемде терроризм  идеясының пайда болуы және оның таралуы бірден - бір қатер. Бұл идея мемлекеттің іргетасын шайқалтуға, түптеп келгенде, әр түрлі елдердің мәртебесін өзгертуге, қорқыныш туғызуға, саясатты күштеу әдістерімен өзгертуге багытталган. Бүгінгі таңда қауіпті ауқымда қатерлі салдар тудыратын деңгейге жеткен терроризм саяси -құқықтық құбылыс ретінде ғаламдық күрмеуі қиын мәселеге айналды. Адамзат оған екі ғасырдың тоғысында кезікті. 
Мәселенің мәнін қарастыруға кіріспестен бұрын терроризм ұғымын анықтап алған жөн сияқты. Терроризм - өзінің жалпы ұғымын және ерекшелікті белгілерін анықтауда объективтік тұрғыдан қиындық туғызады. Субъективтік сипаттағы қиыншылықтар мынандай себептерден шыққан. Біріншіден, терроризм құбылыс ретінде философиялық, саяси, тарихи, психологиялық, құқықтық, публистикалық және басқа қырлары арқылы зерттеледі. Зерттеушілердің бәрі (тарихшылар, саясаттанушылар, психологтар және т.б.) аталмыш құбылысты өз көзқарасы тұрғысынан қарастырып, «терроризм» ұғымына өз түсініктемесін берді. Сонымен қатар әдебиеттерде оны кәдімгі әдеттегі түсіндіру басым болды. екіншіден, терроризм ұғымын жасауға екі қоғамдық - саяси жүйенің жылдар бойы қордаланып қалған идеолиялық - саяси қарама - қайшылығы ықпал етті. Терроризм - көбінесе коммунистік және ұлт - азаттық қозғалыстары деп немесе керісінше, империалистік мемлекеттер мен олардың арнайы қызметтерінің зиянкестік әрекеттері деп түсіндіріліп келді. 
Осыған орай терроризмді саяси - құқықтық құбылыс ретінде қарастыру алдымен «террор» мәтінінің өзін анықтаумен тығыз байланысты. «Террор» (террор) ұғымы латын тілінен аударғанда (қорқыныш, үрей) мағынасында айтылады және зәре ұшыратын саясат, саяси қарсыласына күштеу шараларымен қысым көрсету ретінде анықталады. Террорды әдетте белгілі бір кезеңде өмір сүрген мемлекеттің (мемлекеттік террор) билік қызметімен байланыстырады. Ол ерекше қуғын - сүргінмен, мемлекеттік биліктің ел ішіндегі саяси қүрылыстарына (ішкі террор) және оның 
сыртындағы қарсыластарына (сыртқы террор) қыр көрсету қызметімен сипатталады. 
«Террор саясаты», «бұқаралық террор», «жаппай террор» дегендер жалпы террор ұғымына жатады. «Соғыс», «агрессия», «геноцид», т.б. ұғымдар да террор категориясына ұқсас. Бұл олардың арақатынасын анықтау қажеттігін туғызады. Жалпы террор дегеніміз - күші басым қарсыластың аса әлсіз қарсыласты басып - жаншу құралы. 
Қазақстан Республикасының 1999 жылы 13 шілдеде қабылданған "Терроршылдыққа қарсы күрес туралы" заңына сәйкес терроршылдық дегеніміз - мемлекеттің стратегиялық және өмірлік маңызы бар объектілер ...


Информация о работе Терроризм қылмысының болу себептері