Прокуратура конституциялык кукыктык жагдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:14, курсовая работа

Описание

Курыстық жұмыстың өзектілігі. ҚР-ның құқық органдары арасында прокуратура айрықша орын алады. Оның қызметі көп қырлы және көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Прокуратураның міндеттері ҚР Конституциямен және «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» арнаулы заңмен белгіленген.
Прокуратура органдарының құзыреті Қазақстан Республикасы Конституциясының 83 бабымен және Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңымен реттеледі.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫ ҚОЛДАНЫЛУЫН ҚАДАҒАЛАЙТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН
1.1Қазақстан Республикасы Прокуратурасының тарихы....................................5
1.2Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары.................................................................................................................8
1.3Прокуратура органдарына қабылдау тәртібі.................................................10

ІІ. ҚР ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2.1Прокурордың өкілеттігі...................................................................................14
2.2Прокуратура органдары қызметiнiң негiзгi бағыттары мен мазмұны........16
2.3Қазақстан Республикасында прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру.....17
2.4Прокуратура органдарының тұтастығы мен орталықтандыру....................19

ІІІ. ҚР ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЗАҢНАМАЛАРЫ
3.1 Прокуратураның құқықтық актiлерi..............................................................21
3.2Қаулы.................................................................................................................21
3.3Санкция.............................................................................................................22
3.4Нұсқау. Өтiнiш. Ұйғарым................................................................................23
3.5Ұсыныс..............................................................................................................24

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................

Работа состоит из  1 файл

Прокуратура конституциялык кукыктык жагдайы.doc

— 178.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасында  прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру  және оның қызметі мәселелерін қарастыра отырып, мыналарды есте сақтау қажет:

Біріншіден, прокурорлық  қадағалау - бұл прокуратурадан басқа  ешқандай да басқа мемлекеттік, қоғамдық, өз бетінше немесе өзге ұйымдар, мекемелер  немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтін дербес, өзгеше түрі.

Екіншіден, прокурорлық  қадағалау мемлекеттің - Қазақстан  Республикасының атынан жүзеге асырылады. Мұның маңыздылығы, прокурор қадағалауды  жүзеге асыра отырып, құқық бұзушылықтарды анықтайды, оларды жоюға және жекелеген  жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, атқарушылық немесе есот билігінің атынан емес, мемлекет жүйесіне біріктірілген барлығынан атынан жалпы мемлекеттің мүддесіне сәйкес жекелеген органдардың, ұйымдардың, мекемелердің, лауазымды немесе жеке адамдардың мүддесін білдіріп, кінәлілерді жазалауға шаралар қабылдайды.

Үшіншіден, прокурорлық  қадағалау - мемлекеттік қызметтің  дербес түрі. Оның мемлекеттік қызметтің  басқа түрлерінен айырмашылығы ҚР Конституциясының нақты сақталуын, заңдардың талаптары  орындалуын, өзге де құқықтық актілердің заңға сәйкестігін және анықталған құқық бұзушылықтарды заңмен тек прокуратураға берілген құралдардың көмегімен жоюға шаралар қабылдануын тексеруден тұратын осы қызметтің мазмұнының өзгешелігімен айқындалады.

Төртіншіден, прокуратура  Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін орган болуына қарамастан, Конституцияға сәйкес ол барлық актілерге, соның ішінде мемлекет басшысының актілеріне де жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Прокурорлық қадағалауды  мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде мемлекет атынан жүзеге асырылатын арнайы уәкілдік берілген адамдардың - прокурорлардың - бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және оларды жоюға шаралар қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру арқылы заңдардың дәл орындалуын және бірыңғай қолданылуын (орындалуын) жоғары қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет ретінде сипаттауға болады.

Прокурорлық қадағалаудың мақсаттары мен міндеттері өзара  тығыз байланысты. Прокурорлық қадағалаудың максаты ретінде прокуратураның тұтастай алғанда барлық қызметі және атап айтқанда, оның маңызды функциясы - прокурорлық қадағалауда қол жеткен нәтижені түсіну керек. Прокурорлық қадағалаудың мақсаттары прокуратураның мәртебесімең оның мемлекеттегі орны әрі рөлімен айқындалады. Ең соңында олар ҚР Конституциясымен "Прокуратура туралы" ҚР Заңымен, прокуратура органдарының қызметін регламенттейтін басқа да заң актілерімен айқындалады. Е.С. Мерзадиновтың пікірінше, Конституция мен заңдардың үстемдігін қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын корғау прокурорлық қадағалаудың мақсаттары болады .    [5- 15-құжат]

Прокуратураны ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидаттары - прокуратура  органдарының көп қырлы қызметінің аса елеулі сипаттары мен белгілерін және оларға қойылатын негізгі талаптарды айқындайтын негізгі, басшылыққа алынатын ережелер.

Қағидаттар қандай да бір теорияның, ғылымның, дүниетанымның, саяси ұйымның негізгі ережелерін қамтиды. Мәселен, жалпы нысанда  қағидат ұғымы айқындалады. Прокуратураға  қатысты ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаты - ҚР Конституциясында және басқа да заңдарда бекітілген, прокуратураның саяси және мемлекеттік мақсаттарын білдіретін, прокурордың міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайтын, сондай-ақ мемлекетте заңдардың дәл әрі бірыңғай орындалуын қадағалауды жүзеге асыру бойынша құқықтық құралдар мен әдістердің мазмұнын және сипатын білдіретін, сондай-ақ прокуратура органдарының өзге мемлекеттік органдардан, соның ішінде құқық қорғау органдарынан айырмашылығын айқындайтын негізгі талаптар.

Егер бұрын прокурорлық  қадағалаудың басым бағыттары заңдардың  үстемдігін қамтамасыз ету, біркелкілік  және заңдылық пен құқық тәртібін нығайту болып табылса, ҚР Конституциясында жоғары құндылықтар деп аталған  адамның және азаматтың құқықтары  мен бостандықтары прокуратура органдары қызметінің негізгі қағидаттары болды.

Заңнамада белгіленген  қағидаттарды сақтау прокуратураға  мемлекетте заңдардың нақты әрі  бірыңғай орындалуын қадағалауды жүзеге асыру бойынша олардың алдында  тұрған міндеттерді ойдағыдай орындауға мүмкіндік береді.

Прокурорлық қадағалау  қағидаттарының қатарына ҚР Кон-ституциясына негізделген, прокуратура органдарын, кімнен қайдан шыққанына қарамастан, заңды бүзуды табысты жою үшін қажетті өкілеттіктерді бере отырып, тәуелсіз мемлекеттік органның дәрежесіне көтеретін ережелер жатады . Прокуратура органдарын ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаттары тұтастық, орталықтандыру, тәуелсіздік, жариялылық және заңдылық кағидаттарына бөлінетін "Прокуратура туралы" ҚР Заңының 3-бабында айқындалған. [6- 237-255 бб]

 

2.4 Прокуратура  органдарының тұтастығы мен орталықтандыру

 

Прокуратура органдарының тұтастығы мен орталықтандыру бұл органдардың ҚР Бас прокуроры басқаратын түтас жүйені білдіреді. Бұл қағидат барлық буындағы прокурорлардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің тұтастығын білдіреді және заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыру нысандары мен әдістерінің, тәсілдерінің ортақтығымен, анықталған заңды бұзуға прокурорлық ден қою құралдарының, сондай-ақ заңды бұзудың жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдау тұтастығымен айқындалады. Тұтастық қағидаты жоғары тұрған прокурордың өз құқықтарын төмен тұрған прокурорға беру, сондай-ақ өзінен төмең тұрған прокурордың өкілеттігін қабылдауға құқылы ережелерді айқындайды [осы Заңның 16-бабы].

Прокуратураның тәуелсіздігі қағидатының мәні әрбір прокурордың өз қызметінде тәуелсіз болуынан және оған жүктелген міндеттерін орындау кезінде заңдарды және оларға сәйкес шығарылатын Бас прокурордың нұсқаулары мен бұйрықтарын басшылыққа алудан тұрады. Прокурор оның қадағалау кызметіне кандай да болмасын орталық немесе жергілікті органның араласуынан қорғалған. Қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәуелсіздігі қағидатының мемлекеттік және саяси аса маңызы зор, осы қағидатты дәйекті сақтаған кезде ғана прокуратура мемлекет қойған максаттар мен міндеттерге кол жеткізе алады. Осы қағидатты жүзеге асыру үйымдастыру арқылы, прокурорлық кадрларды тағайындау тәртібімен, заңмен белгіленген прокурорлардың бағыныстылық және есеп беру жүйесімен камтамасыз етіледі.

Прокуратура органдары қызметіндегі жариялылық прокуратураның республикадағы басқа да құқық қорғау органдары сияқты өз функцияларын коғамнан, азамттардан оқшауланбай жүзеге асырады. Заңда прокуратура органдарының азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сактау, мемлекеттік құпияларды қорғау туралы ҚР заңдарының талаптарына қайшы келмейтін шамада ашық әрекет ететіні ұйғарылған.

Заң шығаруда заңдылық қағидаты ерекше бөлінген. Бұл қағидат барлық прокуратура органдарының өздерінің қадағалау функцияларын заңды және жеке тұлғалардың заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарын сақтай отырып, қатаң заң шең-берінде жүзеге асыратынын білдіреді. Заңдардың орындалуына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурорлар заңда белгіленген өкілеттіктер шегінде ғана әрекет ете алады. Зацдылык кағида-тының прокурорлық қадағалау үшін ерекше маңызы бар, себебі оған барлык заңды түлғалар мен жеке тұлғалардың заңды орындауын бақылау міндеті жүктелген. Сондықтан прокуратураның өзі осы фукнцияларды орындай отырып, заңды нақты және бұлжытпай сақтауға міндетті.[6- 240 б]

Заң шығарушы сондай-ақ барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар  мен азаматтар үшін прокурордың  ден қою актілерінің міндеттілігі қағидатын [осы Заңның 3-бабының 4-тар-мағы] және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде прокуратура органдарының кызметіне араласуға тыйым салу қағидатын [осы Заңның 3-бабының 3-тармағы] бөлек көрсетеді.

"Прокурорлық қадағалау"  термині аясында мыналардың ұғынылатынын  есте сақтау керек:

1) мемлекеттік кызметтің  өзгеше түрі;

2) заң ғылымының дербес  саласы;

3) оқу пәні.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. ҚР прокуратурасының құқықтық заңнамалары

 

3.1  Прокуратураның құқықтық актiлерi

 

 Прокуратураның құқықтық  актiлерiнiң жүйесi 

1. Прокуратураның құқықтық  актiлерiнiң жүйесiн: 

1) прокурорлық қадағалау  актiлерi: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтiнiш, санкция, нұсқау, ұсыным, заңға түсiндiрме;

2) Прокуратураны ұйымдастыру  және оның қызмет мәселелерiн  реттейтiн актiлер: бұйрықтар,  нұсқаулар, өкiмдер, ережелер, нұсқаулықтар  құрайды. 

1-1. Нормативтiк құқықтық  актiлердiң қолданылуын тоқтата тұратын прокурорлық қадағалау актiлерi жариялануға тиiс.

2. Прокуратураның ережелерi мен нұсқаулықтары тиiстi прокурорлардың  бұйрықтарымен  бекiтiледi.

Прокурор Конституцияға, заңдарға және Республика Президентiнiң  актiлерiне қайшы келетiн нормативтiк және өзге де құқықтық актiлерге, мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне наразылық жасайды.

 Наразылық оны шығарған  органға немесе жоғары тұрған  органға берiледi. Лауазымды адамның  заңсыз шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне наразылық нақ осындай тәртiппен жасалады.

Прокурордың наразылығын  тиiстi орган немесе лауазымды адам он күн мерзiм iшiнде қарауға тиiс. Орган немесе лауазымды адам наразылықтың қаралатын күнi туралы прокурорға хабарлауға мiндеттi. Наразылықтың сотта қаралу мерзiмi заңдарда белгiленедi.

Наразылықта прокурор заңсыз актiнiң күшiн жоюды не оны Конституцияға  және заңдарға сәйкес келтiрудi, сондай-ақ лауазымды адамның заңсыз әрекеттерiн  тоқтатуды және бұзылған құқықты  қалпына келтiрудi талап етедi.

Прокурор наразылық жасалған актiнiң не iс-әрекеттiң орындалуын наразылық бойынша шешiм қабылданғанға дейiн тоқтата тұруға хақылы. Заңдарға жасалған наразылық олардың қолданылуын тоқтатпайды.

 

3.2 Қаулы

1. Заңның бұзылу сипатына  қарай прокурор қылмыстық iс  қозғау, тәртiптiк iс жүргiзу туралы, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу жөнiнде қаулы шығарады.

2. Прокурор заңның  қолданылуына тексерiс жүргiзу  туралы, заңсыз құқықтық актiнi  алдырып тастау, қарау, тұмшалау  салу туралы, тыйым салу-шектеу  сипатындағы шараларды жою немесе алып тастау туралы, күшiн тоқтата тұру туралы, прокурордың талабын мәжбүрлеп орындату туралы, жеткiзу (күштеп әкелу) туралы, сондай-ақ заңда көзделген басқа да реттерде қаулы шығарады.

3. Прокурордың қаулысын  уәкiлеттi орган немесе лауазымды адам заңмен белгiленген мерзiмде, ал мұндай мерзiм болмаған жағдайда, прокурор белгiлеген мерзiмде мiндеттi түрде орындауға тиiс. Қаулының орындалу нәтижелерi туралы прокурорға дереу хабарланады. Прокурордың қаулысын белгiленген мерзiмдерiнде орындамау Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

 

3.3 Санкция

1. Прокурор жазбаша  түрде: 

2) қылмыстық iс жүргiзу  заңдарында көзделген жағдайларда  тiнтуге; 

3) айып тағылған адамды  қызметтен шеттетуге, сезiк келтiрiлген  немесе айып тағылған адамды сараптама жүргiзу үшiн медициналық мекемеге орналастыруға;

4) Конституциямен және  заңмен қорғалатын хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф  хабарлары мен почта жөнелтiмдерi құпиясына, сондай-ақ тұрғын үйге  қол сұғылмау құқығына қатысты жедел-iздестiру шаралары мен тергеу әрекетiн жүргiзуге;

5) шетелдiктердi әкiмшiлiк  тәртiппен аластау үшiн ұстауға; 

5-1) бейне, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау мен жазып алуға, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулерді тыңдау мен жазып алуға;

5-2) мемлекеттiк органдар  мен олардың лауазымды адамдарының  (Қазақстан Республикасы Ұлттық  Банкiнiң және қаржы рыногы  мен қаржылық ұйымдарды реттеу  және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның лауазымды адамдарын қоспағанда) банктiк құпиясы бар құжаттарға қол жеткiзуге;

5-3) жеке және заңды  тұлғалардың банктердегi ақшасы  мен басқа да мүлкiне тыйым  салу мен жеке және заңды  тұлғалардың банк (корреспонденттiктен басқа) шоттарындағы шығыс операцияларын тоқтата тұруға;

5-4) Қазақстан Республикасының  аумағында қылмыс жасаған және  тергеуден жасырынып жүрген адамға  қатысты халықаралық iздестiру  жариялауға;

6) тiкелей заңмен көзделген  өзге жағдайларда санкция (келiсiм) бередi.

2. Көрсетiлген iс-әрекеттердi жасауға санкция берудi немесе  оны беруден бас тартуды прокурор  санкция сұрауға негiз болған  материалдарды зерделегеннен кейiн  лауазымды адамның қаулысына  қарар түрiнде немесе өзге жазбаша  нысанда жиырма төрт сағаттың iшiнде ресiмдейдi.

3. Адамның және азаматтың  бостандық құқықтарын шектеуi мүмкiн  жедел-iздестiру және өзге қызмет  мәселелерi жөнiндегi ведомстволық  нормативтiк құқықтық актiлердiң  қолданылуына келiсiм бередi.

 

 

 

 

3.4 Нұсқау. Өтiнiш. Ұйғарым

1. Прокурор:

1) қылмыстық iстердi  қозғау мен тергеу жүргiзуге  байланысты анықтама және тергеу  органдарына; 

2) жедел-iздестiру қызметiн  жүзеге асыратын органдарға;

3) заңмен белгiленген  өзге де жағдайларда нұсқау  бередi.

Информация о работе Прокуратура конституциялык кукыктык жагдайы