Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 22:47, курсовая работа

Описание

Басқару тәртібіне қарсы кылмыстар тақырыбын қарастырар алдында ең алдымен керекті мәліметтермен қаруланып алуымыз керек деп есептеймін.

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар деп мемлекеттік кәсіпорының, мекеменің, ұйымның басқару саласындағы бірқалыпты, дұрыс қызметін бұзатын қылмыстық занда көрсетілген қоғамға қауіпті әрекетті немесе әрекетсіздікті айтамыз. Басқару тәртібіне қарсы қылмыс жасағаны үшін кінәлі адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі бойынша жауапқа тартылады.

Содержание

Кіріспе------------------------------------------------------------------------------3

I-Тарау Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар.

1.1 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстарың жалпы сипаттамасы--------5

1.2 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың топталуы.-------------------6

II-Тарау. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың құрамы.

2.1 Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының мызғамастығына қол сұғатын қылмыстар---------------------------------------------8

2.2 Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмыстар және әскери кызметке шақыру тәртібіне қарсы қылмыстар----------------------------------------------------------------------------------15

2.3 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне қарсы қылмыстар және басқару тәртібін қамтамасыз ететін жекелеген ережелерге қол сұғатын қылмыстар------------------------------------------------------------------19



Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар.doc

— 146.00 Кб (Скачать документ)

Қылмыстың заты — Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба, Мемлекеттік әнұран.

Қылмыстың объективтік жағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын,Мемлекеттікәнұранын қорлау арқылы сипатталады.

Қылмысты әрекеттер жария түрде жүзеге асырылуы қажет.

Қылмыс формальдық құрамға жатады жәнеол заңда көрсетілген заттарды қорлау әрекеттерін жасағануақыттан бастап аяқталған деп табылады.

Қылмыс субъективтік жағынан алғанда тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам мемлекеттік рәміздерді қорлайтынын сезеді жөне соңы істеуді тілейді.

Қылмыстың субъектісі 1б-ға толған адам.

Мемлекеттік туды заңсыз көтеру.

Объективтік жағынан алғанда қылмыс Қазақстан Республикасының Мемлекеттіктуын сауда кемесіндезаңсыз көтеру арқылы сипатталады.

Қылмыс құрамы формальдык, қылмыс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын сауда кемесінде заңсыз көтерген сәттен бастап аяқталған деп табылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.

Қылмыстың субъектісі — арнаулы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын сауда кемесінде заңсыз көтеруге бұйрық берген кеме капитаны.

Өзінше билік ету.

Қылмыстың тікелей объектісі талас туғызатын құқықты жүзеге асыру тәртібі.

Қосымша тікелей объект азаматтардың немесе ұйымдардын құқықтары немесе зандымүдделері болуы мүмкін.

Қылмыстыңзаты талас туғызатыннәрселер болады. Елеулі түрде зияншеккен азаматтарнемесе заңды тұлғалар жәбірленушілер болып табылады.

Объективтік жағынан қылмыс адамның, талас туғызатыннақты немесе жорамал қүқығын заңда белгіленген тәртіптен тысқары өз бетімен жүзеге асырып, жәбірленушіге елеулі түрдезиян келтіру арқылы жасалады.

Өзінің нақты немесе болжамды талас туғызатын құқығын белгіленген тәртіптен тыс өз бетімен жүзеге асыру деп, өзінетиесілі құқықты занда белгіленген тәртіппен емес, өз бетінше жүзеге асыруы болып табылады.

Зардап — қылмыс құрамының міндетті белгісі болып табылады. Зардап заң қорғайтын мүдделерге елеулі зиян келтіру арқылы көрініс табады.

Субъективтік жағынан алғанда қылмыс тікелей немесе жанама қасақаналықпен жүзеге асырылады.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам.[3.9.,276]

Күш қолдану кез келген тәсілмен — өмірге қауіпті немесе қауіпсіз түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын өкімет өкілінің немеселауазымдыадамның атағын өз бетінше иелену.

Қылмыстың объектісі басқару тәртібін қамтамасыз ететін жауапты өкімет өкілі мен лауазымды адамның бірқалыпты қызметі, ал қосымша тікелей объектісі басқару органының беделі болып табылады.

Объективтік жағынан қылмыс әрекет күйінде жауапты лауазым атқаратын өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетінше иелену арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыс құрамы формальдық, занда көрсетілген іс-әрекет орын алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен, жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетінше иелену мақсатымен істеледі.

Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған адам.

Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары мен белгілерін заңсыз пайдалану.

Қызыл Жарты ай імен Қызыл Крест ұйымдарына зор міндеттер жүктелген. Осы ұйымның жарғысына сәйкес Қызыл Жарты ай мен Қызыл Крест ұйымдары бейбіт уақытта халықты санитарлық қауіпсіздікті нығайтуға, стихиялық апаттардан зардап шеккендерге материалдық жәрдем көрсетуге, медициналык-санитарлық көмек беруге жұмылдыруға бағытталған.

Объективтік жағынан қылмыс әрекет арқылы — заңсыз эмблемаларды және айырым белгілерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет әртүрлі болуы мүмкін.

Қылмыс субъектісі 16-ға толған адам.

Байланыс желілеріп күзету ережелерін бұзу.

Қылмыс объективтік жағынан алғанда қалааралық байланыстың кабель жүйелерінің күзету ережелеріңбұзу нәтижесінде кабель жүйелеріне зақым келіп, байланыстыңүзілуіне әкеліпсоғатын әрекеттер арқылы сипатталады. Қылмыстық кодекстің333-бабының диспозициясы бланкеттік.

Қылмыстың зардабы — байланыстың үзілуі түрінде көрсетілген, байланыстың үзілуі едәуір уақытқа созылуы қажетжәне оны қалпына келтіру үшін жөндеу жұмысы жүргізілуі қажет.[3.10.,309]

Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналыкпен немесе абайсыздықпеністеледі.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам.

Жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, көше шерулерін және демонстрацияларды ұйымдастыру меи өткізу тәртібін бұзу.

Қылмыстың тікелей объектісі жиналыстарды, митингілерді. пикеттерді, көше шерулерін, демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізудің белгіленген тәртібі.

Объективтік жағынан талданып отырған қылмыс құрамы әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Қылмыс құрамы материалдық, заңда көрсетілген зардап орын алса, ол аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі, яғни кінәлі адам занда белгіленген тәртіпті бұзғанынсезеді және соңы жүзеге асыруды тілейді.

Қылмыстыңсубъектісі — жиналысты, митингіні, пикетті,көше шеруін немесе демонстрацияны ұйымдастырушы (арнаулы сүбъект).

Төтенше жағдайларкезінде тыйым салынған ереуілге басшылық жасау, кәсіпорынның, ұйымныңжұмысына кедергі келтіру.

Қылмыстың объектісі болыпбелгіленген төтенше жағдай туралы заңдыбұзу және ұйымдардың басқару қызметінекедергі жасау болып табылады.

Объективтікжағынан қылмыс әрекет күйінде жасалады. Яғни төтенше заң тыйым салғанереуілді басқару арқылы мекеме, кәсіпорын, ұйым жұмысына кедергі келтіріледі.

Қылмыс субъективтік жағынантек тікелей қасақамалықпен жүзеге асырылады. Қылмыстыңсубъектісі ереуілді басқарушылар ғана болады.

Қоғамдык бірлестік мүшелерінің мемлекеттік органдардың қызметіне заңсыз араласуы.

Қылмыстың, тікелейобъектісі қоғамдык бірлестік қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар.

Объективтік жағынан қылмыс әрекет арқылы — қоғамдықбірлестік мүінелерінің мемлекеттік органдардың занды қызметіне әртүрлі кедергілер жасау, мемлекеттікоргандарға тиесілі қызметті өздеріне жатқызу, мемлекеттік органның лауазымдыадамының атқаратын функциясын иеленіп әртүрлі әрекеттер жасау жолымен жүзеге асырылады. Қылмыссубъективтік жағынан қасақаналықпенжүзеге асырылады.

Қылмыстыңсубъектісі 16-ға толған, қоғамдық бірлестікмүшелері.[3.1.,31]

Заңсыз қоғамдық бірлестіктер құру немесе олардың қызметіне қатысу.

Объективтік жағынан талданып отырылған құрам белсенді әрекет күйінде: заңсыз діни немесе қоғамдық бірлестіктер құру; оларға басшылық жасау; шет мемлекет, шетел азаматтары немесе халықаралық ұйымдар қаржыландыратын діни партиялар, саяси партиялар, кәсіподақтар құру және оларға басшылық жасау арқылы жузеге асырылады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.

Қылмыстың субъектісі арнаулы, заңсыз қоғамдық бірлестіктер құрған немесе оған басшылық жасаған 16-ға толған адам.

Шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына жәрдем көрсету.

Қылмыстың тікелей объектісі шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына жәрдем көрсетудің заңды белгіленген ережелерін бұзу болып табылады.

Қылмыс объективтік жағынан мынадай әрекеттер арқылы жүзеге асырылады: басқа мемлекеттердің саяси партияларын, кәсіподақтарын қаржыландыру, оларға үй-жай, мүлік беру, өзге де жәрдем.

Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі, оның зардабы — азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің, не қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің елеулі түрде бұзылуы болып табылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына жәрдем көрсетуге болмайтынын сезеді, біледі, бірақ солай істеуді тілейді.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам.

                                                                               

 

 

 

 

Қорытынды.

Сонымен қорытындылай келгенде, басқару тәртiбi мемлекеттiк ұйымдастыру, мекемелердiң, кәсiпорындардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басқару саласындағы дұрыс қызметiн қамтамасыз ететiн қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Басқару тәртібiне қарсы қылмыстар мен мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстардың топтық объектiсi сырттай қарағанда бiр-бiріне ұқсас сияқты болғанымен, бұл қылмыстар топтың объектiсi, субъектiсi арқылы бiр-бiрiнен ажыратылады.

Басқару тәртiбiне қарсы қылмыстардың топтық объектiсi мемлекеттiк немесе мемлекеттiк емес органдардың тек қана басқару саласындағы дұрыс, бiрқалыпты қызметi, ал мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстардың топтық объектiсi мемлекеттiк аппараттың тұтастай дұрыс, әрi бiрқалыпты қызметi болып табылады.

 Басқару тәртiбiне қарсы кылмыстардың субъектiсi жай адамдар, лауазымды адамдар болуы мүмкiн, ал мемлекеттік қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстардың субъектiсi мемлекеттiк аппараттың лауазымды адамы немесе мемлекеттiк қызметшiлер болады. Мiне осы көрсетiлген белгiлер арқылы көрсетiлген қылмыстар тобы бiр-бiрiнен оқшауланып бөлiнедi.

Нарық қатынастары табалдырықтан аттап меншік түрі өзгеріске ұшырасысымен заман талабына сай заңдарымыз да жаңара бастады. Қылмысқа қарсы күрес жүргізетін құқық қорғау органдарының санына жаңа құрылымдар қосылды. Қанша жерден ұрпақ ауысып уақыт озды дегенімізбен қоғам мен мемлекет мүддесіне қарсы жасалатын қылмыстардың сырт пішіні өзгеріп, қулық, құйыртқысы күрделенгенімен оның іші мен мазмұны сол қүйінде қалып қойды. Осы қылмыстар бір-бірімен тамырланып жатқан осынау қылмыстық топтардың ортасынан атақ, мансаптары дардай облыс әкімдері мен бір-бір министрлердің төбе көрсетіп қамды сыбайласып жемқорлық жасаудың бірінші күні қаншалықты өрісін кеңейтіп, бел алып отырғандығын әйгілесе керек.

Мамандардың пікіріне құлақ түрсек, мемлекеттік органдар заң бұзушылық пен жасалатын қылмыстың өзі сан түрлі.

Осы тақырыпты қарастыру барысында менің мынадай ұсыныстарым бар:

              1. Қылмыстық заңның 317-бабына сәйкес ҚР Мемлекеттік туына, Мемлкеттік елтаңбасына және мелекеттік гимнін қорлау. Бұл баптағы жазаларды көтермелеуді ұсынғым келеді. Себебі: мемлекеттік рәміздер тәуелсіздігіміздің нышаны. Әрине, біз тәуелсіздігімізді қорғаймыз, яғни, басқа біреуге тәуелсіздік нышандарына қол сұғуына жол бермеуіміз керек.  

          2. Жалпы ҚР ҚК-тің 14-тарауындағы басқару тәртібіне қарсы қылмыстардағы жазаны күшейту керек. Себебі: азаматтар мен мемлекет мүддесін қорғау, ҚР-ның Мемлекеттік рәміздеріне қарсы қылмыстар, басқару тәртібін қамтамасыз ететін жекелеген ережелерге қол сұғатын қылмыстардың  мән-жайлары мен түрлерін және де топталуын, сонымен қатар құрамын толығымен ашуға негізделген.

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстарға қатысты ойды қорытындылай келгенде, алдыма койған мақсатқа жетіп, осы қылмыстарға байланысты мән-жайлардың бәрін ашып көрсеттім деп ойлаймын.

 

                   

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

І. Нормативтік құқықтық актілер.

 1.1. Қазақстан Респбуликасының Қонститутциясы, 30 тамыз 1995ж.

 1.2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, 16 шілде 1997ж.

ІІ. Негізгі әдебиеттер

2.1. А.Н. Ағыбаев. Қылмыстык құқық ерекше  бөлімі, Алматы, «Жеті жарғы» 2000 ж.

2.2. Е.С.Алауханов. ҚР Қылмыстық құқығы Алматы 2001ж

2.3. Е.Қайыржанов. ҚР Қылмыстық құқығы, Алматы, 1998ж.

ІІІ. Қосымша әдебиеттер   

3.1. Заң және заман журналы, 2003 ж. қыркүйек-қазан.

3.2. Заңгер,  11 қараша 2003ж.

             3.3.  Ю.И.Бытко.Преступления против порядка управления. Саратов,

            1999г.

3.4. В.А.Владимиров.Ляпунов Ю.И. Преступления против порядка управления. Москва, 1969г.

3.5.Г.Ф.Поленов. Ответственность за похищение, подделку документов и их использование. Москва, 1980г.

3.6. В.В.Сташис,М.И.Бажанов.Преступления против порядка управления. Харьков, 1971г.

3.7. Г.Ф.Поленов. Ответственностьза преступления против порядка. Москва. ЮЛ. 1966г.

3.8. И.Ш.Борчашвили, М.М.Оразалиев. ҚР Қылмыстық құқығы. Ерекше бөлімі: оқулық. Қарағанды. ҚарЗИ. 2003ж.

3.9. И.Ш.Борчашвили, М.М.Оразалиев. ҚР Қылмыстық кодексінің және ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің өзгерістері мен толықтыруларына. Түсіндірме. Қарағанды. ҚарЗИ. 2003ж.

3.10. А.В.Наумов. ҚР Қылмыстық құқығы, Алматы, 2001ж.

 



Информация о работе Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар