Туберкулез

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 17:56, реферат

Описание

ТУБЕРКУЛЕЗ ЖҰҚПАСЫНЫҢ ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ МЕН КӨЗДЕРІ
Туберкулез - тұрғындардың денсаулығына біршама нұқсан келтіретін əлемде ең ауқымды таралған жұқпалы аурулар қатарына жатады. 1993 жылыДүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы туберкулезді жалпы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің глобальды мəселесі деп жариялады. Қазіргі таңда жер бетіндегі бүкіл халықтың 1/3 бөлігі туберкулез микобактериясы-мен жұқтырылған, ал жыл сайын жуық шамамен 8,4 млн. туберкулездің жаңажағдайлары тіркелсе, шамамен 2 млн. адам осы аталған аурудан көз жұмады.Жұқпаның өзге қоздырушыларына қарағанда, туберкулез микобакте-риясынан адамдар көбірек қайтыс болады.

Работа состоит из  1 файл

Туберкулез.docx

— 334.77 Кб (Скачать документ)

Екпе орнында 4-6 аптадан кейін, диамерті 5-10мм болып келетін центрінде шағын ғана түйіні бар инфильтрат түріндегі арнайы реакция жүре бастайды жəне шешек түріндегі қабыршақ пайда болады. Кейбір жағдайларда пастула, кейіннен жаралар жəне диаметрі 2мм-ден 10мм-ге дейінгі тыртықтар

қалыптасады. БЦЖ вакцинациясына тиісті кезеңдері ретінде, 2-4 ай ішінде инфилтраттың пайда болуынан бастап, тыртықтардың қалыптасуына дейіңгі барлық кезеңдер өтуі тиіс. Вакцинация егілген балаларға дəрігерлер мен емханалардың мейірбикелері қадағалау барысында, иммунизацияның 1, 3

жəне 12 айларында екпенің реакциясын тексеріп, оның сипаты мен мөлшерін арнайы медициналық кітапшаға белгілеп қоюлары тиіс (63 формасы).Жаңа туған нəрестеге вакцина жасалғаннан кейін иммунитеттің бірден қалыптасуы мүмкін емес, ол шамамен 4-6 аптаны қажет тетеді. Сондықтан,

бұл кезеңде баланың туберкулезді жұқтыруынан аса сақ болулары керек. Жаңа туған нəресте туеркулез науқасымен тығыз қатынаста болған болса, онда оның туберкулезге шалдығуы өмірінің алғашқы аптасында қаупті болып саналады,

яғни оның ағзасында иммунитет  қалыптасқанға дейін. Осы себептен де, жаңа туылған нəрестені алғашқы 8 апта бойында туберкулез науқастарынан оқшау ұстайды.

Туберкулезге қарсы вакцина  егілгеннен кейін ағзада қалыптасатын иммунитет нақты бір уақыт аралығында ғана сақталады. Сондықтан, бірнеше жылдан кейін оны қайталау керек, яғни ревакцинация жасау қажет. Елімізде ревакцинацияны 6-7 жылда бір рет жүргізу тағайындалған, яғни бала орта мектептің бірінші сыныбына келген кезде (қыркүйек).

Ревакцинация жасау алдында  туберкулезбен ауырған-ауырмағандығын анықтау мақсатында, балаға толық тексеру шаралары жүргізіледі. Ревакцинация туберкулиндік сынамасы (Манту сынамасы) теріс нəтижелі болған балаларға ғана жасалады, ал дəрігердің тексеруінен ағзадағы туберкулездің

өзгерістерін анықтау мүмкін емес. Бұл кезеңде жанұясында туберкулез науқасы бар балаларды ревакцинацияға дейін бір айға жəне одан кейін 4-6 аптаға оқшаулау қажет.

Ата-аналары жасалған вакцина баланы толығымен туберкулез жұқпасынан қорғай алмайтындығын білулері тиіс.

Сондықтан да, олар туберкулездің  алдын алу мақсатында қосымша шараларды да орындаулары керек. Ондай шараларға баланы жұқпадан оқшаулау,физикалық дұрыс тəрбие, дұрыс (пайдалы) тамақтану, ағзаны шынықтыру жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ботабаев К., Бекенов Т., Мырзабеков М. «Ден қойғанға –ем қонады» Алматы, «Қазақстан» 1990.
  2. Оспанова К.Т. Социальные проблемы здорового образа жизни. Халықаралық ғылыми –практикалық конференция. Қ.Р. тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған. Дене шынықтыру теориясы мен практикасының көкейкесті мәселелері, Алматы, 2001.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қола дәуірі – қоладан жасалған еңбек құрал-саймандары және қарулар басты роль атқарған кездегі адамзат тарихындағы ірі кезеңдердің бірі.Еуразия дала аймағында ол бір жарым мың жылға созылған біздің заманымызға дейінгі III ғасыр аяғымен - I ғасыр басына келеді. Қола – мыстың басқа металдармен қоспасы.Сапалы қолалар қаттылығы және беріктігі жағынан мыстан асып, қарапайым болаттан кем түспейді.

Қола дәуірінің ең ерте деректері (б.з.д. III мыңжылдық) Қарқаралы ауданындағы Қарағаш зиратынан алынды. Мұндағы бір қабірден мыс пышақ, қырғыш және қыш ыдыстармен бірге жерленген ер адам мүрдесі кездескен.

 
Глиняный сосуд эпохи бронзы

Б.з.д. II мыңжылдықтың басынан б.з.д. XIV—XIII ғ. дейін (орта қола кезеңі) Қазақстанда андронов тарихи-мәдени қауымдастығына жататын атасу (алакөл) және нұра (федоров) мәдениеттері өркеңдеді. Орта қола кезеңі тұрғындарын шартты түрде андроновтықтар деп атау қалыптасқан.

Биік деңгейдегі мәдениетті ұстанған андроновтықтардың қоғамын жауынгер арбалары бар әскери көсемдер басқарды. Қарқаралы ауданындағы Талды өзенінің жоғарғы ағысындағы Сатан зиратында осындай арба қалдықтары табылған. Көне жауынгер қабіріне қойылған екі аяқты арбаның ағаш дөңгелектерінің білігіне 10 шабақ қондырылған. Мұндай арбалар жаумен шайқастарда қолданылған. Жүйткіп келе жатқан арба үстінде түрегеп тұрып, олар қарсыластарын садақпен атып түсіріп отырған.

Андроновтықтарға археологиялық деректер арқылы бажайлауға болатын күрделі қоғамдық құрылым тән еді. Көсемдер мен ақсақалдардың биік әлеуметтік статусы олар өлгеннен кейін де нақтыланып отырып, оларға монументалды жерлеу құрылыстары — обалар тұрғызылды. Мысалы, Ақсу-Аюлы-2 зиратының ең үлкен обасының диаметрі 17 жарым метр. Оның астынан ортасында сыртынан қақпақтастармен айналдырылған екі жерлеу камерасы бар екі қатарлы тас қоршау ашылды. Осындай обалар Атасу өзені бойындағы Ортау-2 зиратынан да белгілі. Қатардағы андроновтықтарды шағын көлемдегі қоршауларда жерлеп отырған. Тұрғындарды металмен қамтамасыз етіп отырған металлургтер мен ұсталар андроновтықтар қоғамында маңызды роль атқарды.

Андроновтықтар өзен бойларын игере отырып, құрғақ климат жағдайында өмір сүрді. Олар егіншілікті де білді, бірақ өз қажеттерін, негізінен, мал  шаруашылығы арқылы өтеді.

Ықылым замандардан бастап Қазақстан далаларында мал шаруашылығының ролі өте зор еді. Қола дөуірінде  негізгі шаруашылық түліктері болып  қой мен мүйізді ірі қара саналды. Жылқы маңызды көлік құралы болды.

Андроновтықтар мәдениетінің Ригведа мен Авеста деректері  бойынша танымал ежелгі арийлер  мөдениетімен көп ұқсастықтары бар. Сірә, үш мың жыл бұрын Үндістанға қоныс аударып, көнеүнді өркениетінің негізін қалаған арийлер осы  Қазақстанның андроновтықтары арасынан шыққан болар. Андронов тайпаларының екінші бөлігі Қазақстан жерінде қалып, бұдан кейінгі кезеңдер мәдениеттері қалыптасуының аса күрделі процестеріне қатысқан.

Орталық Қазақстандағы мыс  кендерінің бай қоры ірі, күшті металлургия  ошағының дамуына негіз болды.

Соңғы қола дәуірінде (б.з.д. XIII-IX ғғ.) Орталық Қазақстанда андроновтықтар мәдениетінің негізіңде қалыптасқан  беғазы-дәндібай мәдениеті өркендеді. Археологтар Беғазы, Дәндібай, Айбас  дарасы, Бұғылы, Саңғыру-1 және Саңғыру-2 сынды зираттарды, Атасу-1, Ақмұстафа, Мыржық, Қарқаралы-1, Қарқаралы-2, Қарқаралы-3 (Суықбұлақ), Кент, Бұғылы-1, Бұғылы-2, Шортандыбұлақ  және т.б. қоныстарды зерттеді.

Беғазы-дәндібайлықтар үй жанындағы  бақташылықтан экономикалық дамудың  анағүрлым табысты формасы болып  табылатын отарлы жайылымды шаруашылыққа көшкен еді. Бұл өзгеріс Беғазы-Дәндібай тұрғындары жасаған бірегей далалық  өркениеттің қалыптасу алғышарт-тарын  қамтамасыз етті. Осы уақытта көне қалалардың прототипі болып саналатын  ерекше ірі қоныстар пайда болды. Неғұрлым жақсы зерттелген қонысқа  Қарқаралы ауданындағы Кент тауының  сайында орналасқан Кент қонысы жатады.

Беғазы-дәндібай мәдениетінің ескерткіштерімен белгілі қола дәуірінің  жаңа кезеңі басталды. Бұл мәдениет өздерінің атауын Дәндібай мен Беғазы қорымдарының сипаттары бойынша  алды.

Жалпы ареалын сөз етсек, осы мәдениеттің тайпалары Орал тауының шығыс беткейінен, Қазақстан  далаларын қоса отырып, Алтай тауларына  дейінгі аумақты мекендеген.

Беғазы-дәндібай мәдениетінің ерекшеліктерінің бірі керамика болып  табылады. Ол «белдеулі керамика»  деген атау алған. Белдеу (валик) - қыш  ыдысқа балшықтан жапсырылған сәл  дөңестеу жолақ түрінде болады, ол ыдыстың мойын тұсын сәндейді. Белдеу мерзімдік (хронологиялық) ерекшелік  ретінде Алтайдан Балқан түбегіне дейін  Еуразиялық дала алқаптары бойынша  өте кең таралған болатын. Белдеулі қыш беғазы-дәндібай мәдениетінің барлық жерлеу орындарынан және қоныстарынан табылған. Әдетте ыдыстар белдеуден  басқа тырнақ бедері, шырша, ирек, саусақ ізі, тор, үшбұрыштармен әшекейленген. Ою ыдыстың жоғары жағында салынған.

Кент, Шортандыбұлақ, Бұғылы-2 қоныстарында қола дәуірінің федоровтық-нұралық (орта қола) кезеңі мен соңгы кезеңінің, яғни белдеулі керамика кезеңінің ерекшеліктерін байланыстырған ыдыстар табылды. Бұл  үлкен жаналық еді. Басқа деректермен біріге отырып,. осы маңызды мәлімет беғазы-дәндібайдің белдеулі ыдыстарының андронов дәуірінен бастау алатынын, демек, беғазы-дәндібайлықтардың андронов тайпаларынан тарағанын куәландырады. Андроновтықтар мен дәндібайлықтар антропологиялық типі бойынша да біртектес. Еңбексүйгіш және Баянауыл тауларындағы Шойындыкөл молаларындағы дәндібай жерлеулерінен табылған үш бас сүйектің зерттелуі олардың андроновтық еуропеоидтық түрге жататындығын көрсетті. Осы жағынан алғанда да, беғазы-дәндібайлықтар андроновтықтардың ұрпағы болып табылады.

Беғазы-дәндібай дәуірінде  адамдардың өмірінде мәнді езгерістер болған. Андронов кезеңіндегі мал  шаруашылығының үй маңындағы түрінің  орнына оның жайылымдық формасы қалыптасты. Мал шаруашылығының бұл түрі бойынша  жайылымдар қысқы және жазғы деп  бөлінген, қыста мал қоныс маңында  ұстауда болады, ал жазда жайлауға айдалады. Шаруашылықтың мұндай әдісінде малмен бірге жазғы жайылымға  қоныстың барлық тұрғындары немесе оның көп бөлігі кетеді.

Беғазы-дәндібай кезінде  Қарқаралы өлкесінің түрғындары малды, яғни сиыр, жылқы, ұсақ малды  кептеп өсірген.

Аңшылықтың нысаны болып  киік, арқар, құлан, қабан, марал, бұлан, қасқыр, қарсақ, суыр, құндыз және ірі  құстар табылған. Қоныстардың остеологиялық  жинақтары негізін ірі және ұсақ мүйізді мал мен жылқы сүйектері  құрайды. Жабайы фаунаның қалдықтары 2% аспайды. Демек, аңшылық қосалқы  мән атқарған. Беғазы-дәндібайлықтардың  ет-сүт тағамдарын мал шаруашылық экономикасы толығынан қамтамасыз етті.

Беғазы-дәндібайлықтардың  алысқа көшу үрдісі аса жоғары бола қоймаған. Олар өзен және ірі бұлақ  жағалары бойында стационарлы түрдегі  тұрғын жайларда өмір сүрген. Әдетте қоныста 4-5-тен 20-ға жуық тұрғын үй болған. Оларды салу үшін тереңдігі 0,5 м шамасында  қазаншұңқыр қазған. Оның қабырғалары  тас тақталарымен, тақталы қоршаулар  немесе талды шарбақтармен бекітілген.

Мұндағы халықтың ең ірі  тұрғын орны Кент болған. Қызылкеніш өзенінің оң жақ жағасындағы оның көлемі - 150 000 ш. м. Кенттің қарсысында сол  жақ жағада орналасқан Алат, Алат-1. Алат-2 қоныстарымен бірге алғандагы  жалпы көлемі 300 000 ш. метрді құрайды.

Кент - қола дәуірінін каласы.

Көне қоныстардың қала статусы археологиялық тұрақты  қалыптасқан белгілер арқылы анықталады: 1 - қоныс аумағы 15 га-дан аз болмау керек; 2 - халық саны 5000 тұрғыннан  аз болмауы керек; 3 - үлкен, күрделі (ғұрыптық) сәулет ескерткіштердің  болуы; 4 - қонысқа тән өзінің ауыл шаруашылық аумағының болуы; 5 - қолөнер  өндірісі; 6 - сауда мен айырбас; 7 - қала мен оның маңындағы тұрғындарындағы  әлеуметтік стратификацияның (қабаттардың) байқалуы.

Көне Кентті құраған құрылыстардын  қалдығы Қызылкеніш өзенінің екі  жағасында 30 га аумақты алып жатыр. Әдетте Сарыарқа көне малшыларының мекен-жайлары 0,1 га-дан 2 га-ға дейінгі мөлшерде. Кент оларды тұрғын және шаруашылық құрылыстарының көлемі және саны бойынша едәуір асып түседі. Ал оның тұрғындарының болжалды саны - 1500 адамнан астам.

Кенттің ауылшаруашылык аймағын  оған синхронды Әкімбек, Домалақтас, Қызылтас, Қызылтас-1, Найза, Байшора, Нарбас сияқты анағұрлым шағын қоныстар құраған. Оларда қысқы кезеңде бірнеше  отбасының қарауында мал ұсталған.

Кентте муйіз ою ісі  қолөнер өндірісі деңгейіне жеткен, яғни өнімді тапсырушыга немесе рынокқа  өткізе алатындай болган. Осы мүйіз  кесу шеберлері пирофилиттен де заттар ойған, әзірше олардың да неге арналғанын анықтауға мүмкіндік жоқ. Олар шартты түрде «ұштықтар» атауымен сипатталып жүр.

Кентте әзірше қола құю  шеберханаларының орындары табылған жоқ. Мүмкін бұл уақытша жағдай болар, себебі ескерткіштің тек 2% аумағы ғана қазылған. Кесенелердегі сияқты Кентте де бөгде мәдениет түріндегі ыдыстар  бар, олар қазба жұмыстары барысында  алынған барлық керамикалық жинақтардың 5% құрайды. Қышшы дөңгелегінде жасалған ыдыстардың фрагменттері табылған. Бұл  басқа жақтан әкелінген ыдыс. Мұндай керамиканың табылған негізгі аймағы - Оңтүстік Өзбекстан және Түркменстан, кейбір бөлек нұсқалары иран түпнұсқаларына сәйкес. Кентке әкелінген ыдыстардың енді бір жолы Шығыс Аралмаңы өңіріне  нұсқайды. Импорт ыдыстарының енді бір құрамдас бөлігі Батыс Сібірдің елов және ирмен мәдениетіндегі керамикаға ұқсайды.

Кентте импорттық ыдыстардың кездесуін металл саудасының болғанымен түсіндіруге болады. Орта Азияның  көптеген аудандарында және Батыс Сібірде  мыс кенорындары жоқ. Бірак металдың қажеттілігі кенсіз аудандардың  тұрғындарын оны басқа жақтан әкелуге міндеттеді. Орталық Қазақстанның мыс кендерінің алып қорлары беғазы-дәндібай кеншілері мен металлургтарына  үлкен көлемдегі металды өндіруге мүмкіндік берді.

Металл өндіру мен оның бөліп-таратылуын бақылауды Кепт, Бұғылы, Қызыларай, Беғазы тауларында және басқа  таулы-орманды оазистерде өмір сүрген бірлестіктердің көсемдері жүргізген. Кент. Бұғылы-2. Шортандыбұлак қоныстары  сол жерлердегі көсемдердің ордасы және сауда орталыгы болған. Көп  малмен бірге сыртқа металл сату билеуші  әулеттердін баюының маңызды  бір көзі болып табылған. Сондықтан  да Атасу ықшамауданының қоныстары (Мыржық, Ақ-Мұстафа, Сангру-3), Ұлытау ескерткіштері  сияқты Кент, Шортандыбұлақ, Бұғылы-2 қоныстары  қазбалары жағынан өте бай. Қатардағы  бақташылар тұрған шағын коныстарда металл бұйымдары сирек кездеседі, ойылған сүйек пен импорт керамикасы да жоқ. Керісінше, қала маңындағы қоныстарда металл, оюлы сүйек көп, басқа жақтан әкелінген ыдыстар да бар. Ал осы  қалалық орталықтардың жанында  басқару элитасының мазарлары орналасқан - бұл кесенелер түріндегі құрылыстар. Бай әулеттер ойылған сүйек, пирофиллиттен  жасалған бұйымдар сияқты сән-салтанаттық  заттардың сұранысын қамтамасыз еткен.

Сонымен, археологиялық дәлелдер Кенттің қала статусын мойындауға мүмкіндік  береді, ал бұл болса ерте өркениеттің  пайда болуының бірден бір шарты  және белгісі болып табылады. Сондықтан, өркениет пен мемлекеттіктін нышандары  Қазақстанда біздің дәуірімізге  дейін 2-1 мыңжылдықтар аралығында пайда  болған деген мәселені көтеруге болады.

Информация о работе Туберкулез