Өсімдіктер кадастрі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 20:46, реферат

Описание

Қазақстан аймағы өте сирек, ерекше шөл даладан биік тауларға дейін жəне ішкі теңіздер экожүйесін құрайтын ландшафтық кешен жиынтығына ие. Ел экономикасының қарқынды дамуы жəне табиғи ресурстарды пайдаланудың күшеюі өзекті мəселелердің бірі бола отырып, болашақта да табиғатты аймақтық қорғау жүйесін жетілдіре түсу мемлекеттің биологиялық əртүрлілігі болып табылады. 1997 жылы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы жарияланды, бұл бағдарлама бойынша Қазақстан 2030 жылға дейін мөлдір суы, таза ауасы бар жасыл жəне таза елге айналуы керек.

Работа состоит из  1 файл

Өсімдіктер кадастрі.pptx

— 2.47 Мб (Скачать документ)

            Құмдардың өсімдік жамылғысында бұта тектестердің (жүзгін, ақтікен, құмдық қараған, таспа) және қара мен ақ сексеуілдің қатарында жартылай бұта тектестер – теріскен, изен, жусандар және далалық дәнді дақылдар – құм бетегесі, боз, тырсық, Беккер бетегесі қатысады. Шабындықтарда шырмауық, қамыс, айрауық, түйнекті қамыс, қияқ, ақмамық, ажрек басым түседі.

Таспа

 

          Таспа(Astragalus) – геодезияда – сызықтың ұзындығын тұрған орнында өлшеуге арналған геодезиялық аспап. Таспаны болаттан немесе ені 15 – 20 мм, қалыңд. 0,3 – 0,4 мм және ұзындығы 20 – 50 м, кейде 100 м-ге дейін жететін инвардан жасайды. Өлшеу дәлдігі жер бетінде тікелей бөлу кезінде 1:1000-нан 1:3000-ға дейін, өлшеудің басқа әдістерінде 1:20000 және одан жоғары болады.

Нағыз шөлдің өсімдік  жамылғысы

 

          Нағыз шөлдің өсімдік жамылғысы сорлы-жусанды қауымдастық арқылы көрініс табады. Жер оты сирек, теріскен, күйреуік, боз жусан және тұран жусандары; ергежейлі жартылай бұта тектестерден – тас бұйырғын, бұйырғын, сексеуілшік, көптеген біржылдық сор өсімдіктері - климакоптерлер, петросимонийлер, галимокнемистер және басқалар басым. Эфемерлер қысқы және көктемгі кезеңдерде жауын-шашын мол түскен жылдары ғана дамиды.

Бұйырғын

 

              Бұйырғын (Anabasis salsa) — алабұта тұқымдасына жататын бұта, бір жылдық немесе көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанның қуаң дала және шөлейт өңірлерінде 17 түрі кездеседі. Сирек кездесетін эндемик түрлері: сырдария Бұйырғыны (A. jaxartіca), торғай Бұйырғыны (A. turgaіca) және гипсті бұйырғын. Бұйырғынның сабақтары бунақты, бытыраңқы келеді, жапырақтары жетілмеген, тікенге ұқсас, көбіне қабыршақ сияқты. Гүлі қос жынысты, бес мүшелі, гүлсерігі бар. Жаз бойы гүлдейді. Көп тараған түрінің бірі — сортаң Бұйырғын (A. salsa) — шөлді аудандардың тегіс жерлерінде, кейде аласа тауларда өседі. Оның бір жылдық өркендерінде 7,1 — 14,8% протеин, 18,2 — 31,0% күл, 11,7 — 26,0% клетчатка, 1,5 — 3,2% май болады. Бұйырғынды сиырдан басқа мал жақсы жейді. Бұйырғынның га-нан 1,5 — 4,6 ц құрғақ шөп алынады. Ол — құрғақшылыққа, сортаң топыраққа төзімді өсімдік, тұзд. 45% топырақта да өсе береді.

Шабындық

 

             Далалық аймақтың нағыз шабындықтары жеткілікті ылғалдылық жағдайында шабындықтық қатардағы топырақта қалыптасады. Шырмауық (Elytrigia repens), айрауық (Calamagrostis epigeios), арпабас (Bromopsis inermis), қоңырбас (Poa serotina), шалғындық және құрақтық түлкіқұйрық (Alopecurus pratensis, A. arundinaceus) және басқалары фитоценоз эдификаторы болып табылады. Субдоминант ретінде шалғындық және шоқылық қазтамақтар (Geranium collinum, G. pratensis), шыбық жылауық шөп (Lythrum virgatum), емдік қарабас шөп (Sanguisorba officinalis), тобылғы (Filipendula ulmaria) және басқалары кездеседі.

             Ылғал аздау болғанда жайылмалардың жекелеген учаскелерде ксеромезофитті және галомезоксерофитті шабындықтар пайда болады, онда фреатофитті алуан шөптер басым түседі (Glycyrrhiza yralensis, G. glabra, Alhagi pseudalhagi). Leumus multicaulis қосымша доминант ретінде көрінеді.

             Су басатын арна маңы бөлігіндегі құмдарда жалғыз жиде талды шилер (^ Achnatherum splendens) және көпжылдық биік шөпті мия (Glycyrrhiza), түйежоңышқа (Melilotus), эстрагон жусаны (Artemisia dracunculus) басым.Шөлді аймақта өзендердің аңғарлары бойындағы жайылмалық шабындықтар сорланған және флора жағынан жұтаң. Қауымдастықтарда галофитті дақылдар басым.

             Аллювиалды-эолов жайылмаларына біткен ендік шабындықтардың өсімдіктері ақбақай ^ Petasites spurious), ащылауыт (Leumus ramosus) және бидайық (Agropyron fragile) қауымдастығы арқылы көрініс табады.

Дәрілік өсімдіктер

 

           Бай өсімдік әлемі ежелден адамға қызмет көрсетіп келеді, ол оның пайдалы қасиеттерін өзінің күнделікті өмірінде пайдаланады. Мысалы, ағаштар – бұл құрылыс материалы және отын. Жуаның көптеген түрлері және жабайы сарымсақ асқа тұтынылады. Қазақ халқына дәстүрлі қолөнер кәсіпшіліктері – кілем тоқуда және тері-тон бұйымдарын жасауда әркезде жабайы өсімдіктер пайдаланылған. Кілемдерге, киіздерге арналған ең берік және әдемі бояуларды жартылай сақалды тегеурінгүлден, жай адыраспаннан, бояу алынатын маренадан алады. Өсімдіктерден тұрмыстық ыдыс-аяқтар, жіптер, себеттер, сабындар және басқалары жасалады. Тобылғының сабынан қамшы сабы кесіп алынады, киікотының түтінімен қымыз сақтайтын ағаш ыдыстарды ыстайды. Және өсімдіктердің емдік қасиеттері ежелгі замандардан бері белгілі.

Дәрілік өсімдіктердің  50 түрінің ішінде анағұрлым көп тарағандары мыналар:  

 

1. Дәрілік тікенек -– ^ Althea officinalis L. (Құлқайыр тұқымдастары - Malvaceae). Көпжылдық шөптесін өсімдік құлқайыр тұқымдастарына жатады. Шағын өзендердің аңғарларында, бұлақ көздеріне жақын шабындықтарда, тоғайларда, бұта тектестер арасында ұшырасады. Ірі қопа құрамайды, шағын шоғырмен кездеседі. Медицинада дәрілік тікенектің тамыр сабағы және тамыры қолданылады. Тамырлар мен тамыр сабақтарында көмір сулар, органикалық қышқылдар, тері илейтін заттар және құнарлы майлар бар. Ұнтақ, тұнба, сұйық сірінді, шәрбат түрінде, тыныс алу жолдарының талаурауы кезінде салқын тиюге қарсы дәрі ретінде пайдаланылады.

2. Жай адыраспан, адыраспан - Peganum harmala L. Көпжылдық шөптесін өсімдік түйетабан тұқымдасына жатады, ұсақ көктасты баурайларда өседі, сорланған топырақты талғайды. Улы өсімдік, елді мекендердің айналасындағы мал жайылымының орындарында арамшөп ретінде өседі, қараусыз қалған қыстақтарда, қираған орындарда және қорымдарда кездеседі. Халықтық медицинада тамырлардан, шөптен және тұқымдардан жасалған қайнатындылар мен тұнбалар пайдаланылады. Онымен безгекті, сарп ауруын, құяңды, түрлі жүйке ауруларын, адамдар мен жануарлардың қышымаларын емдейді. Тұқымында бояушы заттар мен сабын дайындауға жарамды құнарлы май бар.

 3. Қара андыз – Inula helenium L.Көпжылдық шөптесін өсімдік күрделі гүлді тұқымдастарына жатады. Ылғалды шабындықтарда, өзендердің жағалауларында, жапырақты ормандарда және тал-шілік арасында өседі. Бұл аса бағалы дәрілік өсімдік. Оның тамырында және тамыр сабақтарында эфир майлары, полисахаридтер, атап өткенде, инсулин, витамин және басқа белсенді зат тектер бар. Халықтың арасында тоғыз аурудың емі деп есептеледі – тұқымдастың орысша атауы осыдан шыққан. Одан жасалған препараттар асқазан және ішек жарасы, бауыр мен бүйрек ауруларына, бойға қуат беретін дәрі ретінде кеңінен пайдаланылады

 4. ^ Дәрілік түйежоңышқа – Melilotis officinalis (L) Poll.Екіжылдық шөптесін өсімдік бұршақ тұқымдасына жатады. Медицинада гүлдену кезінде жинап алынған жоғарғы жағын (тұрпайы сабақтарсыз) пайдаланады. Оның құрамында кумарин, холин, аллантоин бар. Тұқымында құнарлы май бар, оның құрамына: полимитин, стеарин, олеин, линол және басқа қышқылдар кіреді. Ұйқысыздық, метеоризм, жоғарғы тыныс алу жолдары мен өкпе аурулары және т.б. кезінде қолданылады.

1. Дәрілік тікенек -– ^ Althea officinalis L

2. Жай адыраспан, адыраспан - Peganum harmala L

3. Қара андыз – Inula helenium L.

4. ^ Дәрілік түйежоңышқа – Melilotis officinalis (L) Poll.

5. ^ Жай жұпаргүл – Origanum vulgare L.Көпжылдық шөптесін өсімдік, күшті хош иісі бар ерін түстес тұқымдастарына жатады. Құрғақ жерлерде, алаңқайларда, орман шетінде, төбелердің етектерінде, бұталар арасында өседі. Гүлденудің бастапқы кезінде жиналған шөптің гүлді ұшар басы пайдаланылады. Жұпаргүл тұнбасы орталық нерв жүйесіне тыныштандырушы әсер етеді, қақырық түсіретін қасиеті бар, тәбетті күшейтеді, асқазан сөлі жеткіліксіз бөлінген кезде астың қорытылуын жақсартады, өт айдайтын, тер шығаратын және басқа қасиеттерге ие.

6. Шайқурай – Hypericum perforatum L. Көпжылдық шөптесін өсімдік шайқурай тұқымдастарына жатады. Медицинада гүлдеу кезінде жинап алынған жерасты бөлігін пайдаланады. Өсімдіктің бойында көмір сулары, сапониндер, алкалоидтер, эфир майы, С витамині, фенолдар, флафоноидтер, тері илейтін зат тектер және басқалары бар. Шайқурай тұнбасын ауыз қуыстарының түрлі аурулары кезінде уылдыратын және ішектер катары, қабынуы кезінде антисептикалық зат ретінде пайдаланады. Қайнатынды – асқындырмайтын және сергітетін жүрек, өкпе, бауыр аурулары кезінде және т.б. пайдаланылады.

7. ^ Дәрілік сиыр сілекей - Sanguisorba officinalis L.  Көпжылдық шөптесін өсімдік күлгін қызыл түстілер тұқымдастарына жатады. Медицинада тамыр сабақтары мен тамыры пайдаланылады. Халықтық медицинада қатерлі ісік, тері аурулары кезінде пайдаланылады. Тамыры (қайнатынды) сатқақ кезінде уылдыратын және ішкі қансырау кезінде гемостатикалық ем ретінде қолданылады.

8. ^ Тобылғы _Filipendula ulmaria (L.). Maximum  Көпжылдық шөптесін өсімдік күлгін қызыл түстілер тұқымдастарына жатады. Маусым-шілдеде гүлдейді, тамызда жеміс береді. Медицинада шөпті, гүлдерін және тамыр сабақтарын пайдаланады. Өсімдіктің жерасты бөлігі тұз байлану, сарп, тері ауруы кезінде гомеопатияда қолданылады. Өсімдік қайнатындысы жұқпалы іш ауруы кезінде пайдаланылады.

9^ . Жай өгейшөп – Tussilago farfara L. Көпжылдық шөптесін өсімдік күрделі гүлді тұқымдастарына жатады. Ежелгі дәрілік өсімдік. Оның жапырақтары мен гүл тостағаншасы бронхит, ауатамырлары демікпесінде, жоғарғы тыныс алу жолдарының және өкпенің қабынуы, ларингиттер және т.б. кезінде пайдаланылады және «кеуде жинағы» құрамына кіреді. Бұдан басқа халықтық медицинада оны тер шығарушы, ішек-қарын жолдары ісіну ауруларын асқындырмайтын және орап алатын, тәбет ашатын және ас қорытуды жақсартатын зат ретінде пайдаланады. Жапырақтары жарақаттарға, жараларға, сыздауықтарға, сүйелдерге басылады.

 10. ^ Жай бақ-бақ –Taroxacum officinale Wigg.Көпжылдық шөптесін өсімдік күрделі гүлді тұқымдастарына жатады. Арықтардың жағалауларында, үйдің жанында, жол бойында, ормандық және жайылмалық шабындықтардағы тыңайған жерлерде өседі. Медицинада бақбақтың тамыры тәбет ашуға, ас қорыту жолдарының қызметін жақсартуға арналған кермек және өт айдайтын зат ретінде пайдаланылады. Бақбақтың тамыры инсулин алу көзі болуға мүмкін.

11. Жер қына – Parmelia vagans Myl.Жер қына (қына) – далалық аймақта тараған, тасты, құмақты жерлерде өседі. Қазақстан мен Қырғызстанның тұрғындары жер қынаны сүтке қосқан қайнатынды түрінде өкпе туберкулезін емдеуге; тез әсер ететін қан тоқтатушы зат ретінде пайдаланады.

12. ^ Жай түймешетен - Tanacetum valgare L. (Күрделі гүлді тұқымдастары -Asteraceae).  Көпжылдық шөптесін өсімдік күрделі гүлді тұқымдастарына жатады. Далалық аймақтарда өзендердің жағалауларында және жайылмаларында, арамшөп ретінде жол бойларында, егістіктердің шеттерінде және тыңайған жерлерде өседі. Шілдеде-қыркүйекте гүлдейді, жемістері тамыз - қазанда піседі. Медицинада гүл шоғырлары пайдаланылады.Өттің секрециясын асқындырмаушы, күшейте түсуші, ішек құрттарға қарсы зат ретінде, сондай-ақ қышқылы төмендеген гастриттерде, бауыр, өт іркілетін қалта және өт тармақтары аурулары кезінде шағын мөлшерде қолданылады.

13. Үлкен жолжелкен – Plantago major L. (Жолжелкен тұқымдастары – Plantaginaceae). Көпжылдық шөптесін өсімдік жолжелкен тұқымдастарына жатады. Мамырдан бастап тамызға дейін гүлдейді. Жемістері шілдеден күзге дейін піседі.Медицинада жапырақтары пайдаланылады. Үлкен жолжелкеннің су сіріндісінен жасалатын түйір түріндегі плантоглюцид препараты созылмалы гипоцидті гастритпен ауыратын, сондай-ақ қышқылдығы қалыпты және төмен асқазан жарасы және ұлтабар ауруларымен ауыратын сырқаттарды емдеу үшін пайдаланылады. Жапырақтар тұнбасы қақырық түсіруші зат ретінде пайданылады. Жапырақтар сіріндісі тыныштандырушы және ұйқы келтіруші әсер етеді, артериалдық қысымды төмендетеді.Халықтық медицинада жапырақтар қан тоқтатушы және жарақаттарды емдеуші зат ретінде қолданылады. Тамыры қанды жөтел кезінде ішіледі.

14. ^ Ащы жусан – Artemisia absinthium L.Көпжылдық шөптесін өсімдік өзіне тән қуатты иісі бар күрделі гүлді тұқымдастарына жатады. Жусан - ежелгі дәрілік өсімдік. Жапырақтары мен өскіндердің гүлдеуші жоғары жағы пайдаланылады. Ертеден-ақ тәбет ашатын және асқазанның қорытуын жақсартатын зат ретінде кеңінен танымал. Ащы жусанның жапырақтары мен шөбі көптеген тәбеттік және өт айдайтын жинақтардың құрамына кіреді. Кейде хош иісті ащы дәм, асқындырмайтын, өт бөлуге септесетін зат ретінде пайдаланылады.

15. ^ Дәрілік қояншөп – Asparagus officinalis L. Көпжылдық шөптесін өсімдік лалагүлдер тұқымдастарына жатады. Тамыр сабақтары мен тамыры және жас өскіндері пайдаланылады. Негізгі әсері - несеп айдау.

16. Қызыл мия –Hycyrrhiza glabra L. (Бұршақ тұқымдастары-Fabaceae). Көпжылдық шөптесін өсімдік бұршақ тұқымдастарына жатады. Мамыр-маусымда гүлдейді, жемістері шілде-тамызда піседі. Медицинада қызыл мия және қызыл мия тамыры деп аталатын тамыры және тамыр сабақтары пайдаланылады.

17. ^ Жай ақбас жусан – Archillea millefolium. Көпжылдық шөптесін өсімдік күрделі гүлді тұқымдастарына жатады, құрғақ шабындықтарда, орман шетінде, бұта қопаларында өседі. Ежелгі замандардан бері оны қан тоқтатушы, тәбет ашушы зат ретінде пайдаланған. Медицинада ақбас жусанның гүлдеп тұрған жер бетіндегі бөлігі гастрит, асқазан жарасы, сондай-ақ атеросклероз кезінде, тұмау және жоғарғы тыныс алу жолдарының катары кезінде қан тоқтатушы және жара жазатын зат ретінде пайдаланылады.

18. Жай цикорий –Cichorium intybus L.Көпжылдық шөптесін өсімдік күрделі гүлді тұқымдастарына жатады. Маусымда - қазанда гүлдейді, шілдеде - қазанда жеміс береді. Медицинада тамырын және шөбін пайдаланады. Тамырын кофенің жасанды өнімін жасау үшін немесе табиғи кофеге жағымды кермек дәм беру үшін қосымша ретінде, сондай-ақ қант және спирт алу үшін пайдаланылады. Балғын жапырақтары салат есебінде қолданылады. Халықтық медицинада ас қорыту ағзаларының қызметін жандандырушы кермек алу үшін, сондай-ақ бауыр, талақ, бүйрек ауырған кезде және сусамырда пайдаланылады. Дене жарақатын жуып-шаятын, теріні тазартушы тартпа ретінде қолданылады.

19. ^ Салаубас, солмас – Helichrysum arenarium (L) Moench.Көпжылдық шөптесін өсімдік күрделі гүлді тұқымдастарына жатады. Маусым-шілдеде гүлдейді, шілде - қыркүйекте жеміс береді.  Медицинада сабағы қысқа жұлынған (1 см аспайтын) гүл шоғыры пайдаланылады. Несеп айдайтын препарат (фламин және басқа) алуға арналған керемет шикізат болып табылады. Бұдан басқа тұнбасы мен қайнатындысы несеп айдайтын жинақтың құрамына кіреді. Салаубастан аренарин антибиотигі алынды.

20. ^ Маршаллиев жебірі–Thymus marschalloanus Wolld. Тал-шілік тау қалақай тұқымдастарына жатады. Мамырда - тамызда гүлдейді, маусымда - қыркүйекте жеміс береді. Медицинада жебірдің шөбі пайдаланылады. Жебіршөп майы бактерияға қарсы зат тек ретінде пайдаланылады. Жапырақтардан жасалған сұйық сірінді петруссин препаратының құрамына кіреді, ол бронхит және көкжөтел кезінде қақырық түсіреді.

Информация о работе Өсімдіктер кадастрі