Өсімдіктер кадастрі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 20:46, реферат

Описание

Қазақстан аймағы өте сирек, ерекше шөл даладан биік тауларға дейін жəне ішкі теңіздер экожүйесін құрайтын ландшафтық кешен жиынтығына ие. Ел экономикасының қарқынды дамуы жəне табиғи ресурстарды пайдаланудың күшеюі өзекті мəселелердің бірі бола отырып, болашақта да табиғатты аймақтық қорғау жүйесін жетілдіре түсу мемлекеттің биологиялық əртүрлілігі болып табылады. 1997 жылы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы жарияланды, бұл бағдарлама бойынша Қазақстан 2030 жылға дейін мөлдір суы, таза ауасы бар жасыл жəне таза елге айналуы керек.

Работа состоит из  1 файл

Өсімдіктер кадастрі.pptx

— 2.47 Мб (Скачать документ)

Ақтөбе облысының  өсімдіктер кадастры

 

Орындаған: Сабырқұлов А.У эко-106к

Кіріспе

 

                        Қазақстан аймағы өте сирек, ерекше шөл даладан биік тауларға дейін жəне ішкі теңіздер экожүйесін құрайтын ландшафтық кешен жиынтығына ие. Ел экономикасының қарқынды дамуы жəне табиғи ресурстарды пайдаланудың күшеюі өзекті мəселелердің бірі бола отырып, болашақта да табиғатты аймақтық қорғау жүйесін жетілдіре түсу мемлекеттің биологиялық əртүрлілігі болып табылады. 1997 жылы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы жарияланды, бұл бағдарлама бойынша Қазақстан 2030 жылға дейін мөлдір суы, таза ауасы бар жасыл жəне таза елге айналуы керек. Бұл күрделі мəселенің орындалуын қатал, қарама-қарсылы қысым жағдайында шешуге тура келеді.Мұндай жағдайда ерекше жəне сирек түрде кездесетін өсімдіктер мен жануарлар əлемін қорғау іс- шараларын жүргізу арқылы сақтау,ерекше өсіру мен сақтауды қажет ететін биологиялық түрлерді қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарға репрезентативтік жүйе ұйымдастыру. Ақтөбе облысы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы ерекше шапшаң дамып келе жатқан аймақтың бірі. Мұнай өндіру мен кен руда өнеркəсібі жоғары қарқынмен өсуде.Соған сəйкес мұнда миллиондаған жылдардан бері қалыптасқан дала, шөлейт, жартылай шөлейт жəне су айдындарының ерекше биоценозына да қауіп төнуде. Соларға ұқыппен қарауды үгіттеу мақсатында осы кітап жазылды. Мұнда Қазақстан Республикасы аймағындағы жануарлар əлемінің жалпы жай-күйі, қорғау мəселелері, Ақтөбе облысының фаунасы, аулаудың нысаны болып табылатын негізгі түрлері, мемлекет қорғауына алынған жануарлар түрлері сипатталады. Берілген басылым жануарлар əлемін орынды пайдалану мен қорғау туралы пікірді көпшілікке таратуға арналады.

Ақтөбе  облысы

 

      Ақтөбе облысы— Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан. Терістігінде — Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстігінде — Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен, батысында — Маңғыстау облысы, Атырау және Батыс Қазақстан, шығысында — Қостанай, оңтүстік-шығысында — Қызылорда облыстарымен шектесіп жатыр. Осындай үлкен аймақты алып жатқан облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы шақырым аумақта орналасқан. Облыс 12 селолық, қалалық, және әкімшілік аудандарға бөлінген. Аумағында 6 қала, 2 кент бар. Әкімшілік орталығы — Ақтөбе қаласы.

 

Қазақстанның өсімдіктері

 

              Қазақстанның оңтүстік шекарасын солтүстіктен бөліп, 1800 шақырымға созылып жатқан аймағын орманды даланың, жазықтардың, шөл және шөлейт жерлердің алып жатқаны, Республикамыздың батысында Каспий теңізінің, шығысында Алтай жоталарының, оңтүстігінде Тянь - Шанның биік шыңдарының орналасқаны мәлім. Қасиетті қазақтың осынау дарқан даласы мен орман, тоғайында 6 мыңнан астам өсімдік, 500 түрлі құс, 178 түрлі аң, 49 түрлі бауырымен жорғалаушылар, 12 түрлі қос мекенділер болса, өзендер мен көлдерде балықтың 107 түрі бар.

                Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан - ақ ата - бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып - біліп, оларға ат қойып, жеміс - жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі - дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер - оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім. Алайда өсімдіктердің ішінде улылары да аз емес. Оны тұрғын халық білмесе, малдарын, өздерін уландырып алуы да мүмкін.

            Республика тереториясынан 6000 - ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың үрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтпаса да түсінікті.Мал бағумен ақылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптерің, жалпы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден - ақ кеңінен таралған.

             Ертеде өмір сүрген әл - Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл - Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып пайдалануына еткен ықпалдары зор болды. Әр облыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін өздерінше пайдалануы да мүмкін. Оның да жөні бар. өйткені кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасиеттері бар.Аюбұлақ – биіктігі 0, 4 - 1, 2 см, қалын қабығы түктеніп тұратын екі жылдық өсімдік. Жапырағы ұзынша, кезектесіп орналасқан. Гүлі ашық сары түсті, өсімдік сабағының басында масақ тәріздене орналасқан, маусым - тамыз айларында гүлдейді.

             Еліміздің Европалық бөлігінде орталық және Оңтүстік аудандарында, көбінесе шабындық, тоғайлы құмды жерлерде өседі.

Ақтөбе облысының  өсімдік жамылғысы

 

          Облыстың өсімдік жамылғысы әртүрлі. Облыстың орталық бөлігінде дала және шөл аймағының арасынан ірі ботаникалық-географиялық шекара өтеді. Климаттық жағдайлардың ендік бөлінісіне сәйкес дала өсімдіктерінің төрт: қуаң, қоңыржай құрғақ, құрғақ және шөлге айналған аймақшалық түрі және екі далаға айналған және дала аймақшалық түрлері бөлініп шығады Бұдан басқа, өзендердің аңғарларында, сайлардың түбінде, жыраларда, сорларда өсімдіктердің интра аймақтық түрлері бар. Аймақтық суреті (аймақтық жолақтар жиынтығы, олардың пішімі және ендік ұзындығы) климаттық (климаттың аридтігінің өсуі) және орографиялық себептерге (бедердің өзгешелігі, қыраттардың, қырқалардың, ойпаңдардың және басқалардың барлығы) негізделген. Осы факторлардың барлығы өсімдіктер қауымдастығының Флоралық және доминанттық құрамын, олардың кеңістіктік құрылымын және динамикасын белгілейді.

Дала аймағы

Шөлейт даланың өсімдік  жамылғысы

Біркелкі қуаң даланың өсімдіктер жамылғысы

Қуаң даланың өсімдіктер жамылғысы

Шөлге айналған даланың өсімдіктер жамылғысы

Шөлді аймақ

Шөл дала өсімдіктері

Нағыз шөлдің өсімдік жамылғысы

Дала  аймағы

 

Ақтөбе облысы аумағының жартысынан астамын алып жатыр және

Орал маңы және Торғай үстірттерін, Мұғалжар сілемдерін қамтиды. Осыған байланысты дала солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла отырып 4 аймақшаға бөлінеді:

      - оңтүстік қара топырақты қуаң, әртүрлі шөпті-бетегелі далалар;

      - қара каштан топырақты қоңыржай – құрғақ шым қабат дәнді   өсімдіктер далалары;

      - каштан топырақты қуаңжерөсімдіктері - шым қабат дәнді өсімдіктер далалары;

      - ашық - каштан топырақты шөлге айналған жусанды - шым қабат дәнді өсімдіктер далалары.

Шөлейт даланың өсімдік жамылғысы

 

         Қызыл бетегелі алуан шөптерден, шымдық дәнді дақылдардан, садақбоз, қызылбоз, Лессинг бозы басым түсетін алуан түсті құрамалардан тұрады. Алуан шөптердің арасында ксерофиттер: қызылбояу, қазтабан, түйнекті зопник, асыл мыңжылдық және басқалары басым түседі. Ішінде тұзға төзімді түрлері – ақжусан және көкшіл изен, татар кермегі, мыңжапырақ түймешетен, төскейшөп, сортаң кездеседі.

          Ұсақ шоқылылардағы қиыршықтасты жерлерде бетегелі-сұлыбасты алуан түрлі

шөпті дала кең тараған. Олардағы өсімдіктердің құрамында қызғылт, құмдақтық, мұртты бетеге, сондай-ақ боз, шөл сұлысы, келери және алуан түрлі шөптер бар.

          Құмдақты және құмды жерлердегі өсімдіктер жамылғысында құмдақтық бетеге,

боз, еркек, шисабақ және алуан түрлі шөптер қатысатын құмдық бетегелі-шымдық дәнді-дақылдар құрамалары басым түседі.

          Ойпауыттар мен жайылмаларда шалғындық түріндегі өсімдіктер: шырмауық,

айрауық, қоңырбас, сіпсебас және алуан түрлі шөптер таралған.

Қазтабан

 

           Қазтабан - раушангүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Бір-екі жылдығы өте сирек кездеседі. Қазақстанның биік таулы аймақтарында орман-тоғай шетінде, далалы жерлер мен шалғындықта, су жағасында өсетін (тек шөлді жерде өспейді) 48 түрі бар. Олардың биікт. 3-70 см. Тамыры жуан, тамырсабағы түйнек тәрізді болады. Сабақтары тік, кейбір түрлерінде төселмелі келеді. Жапырақтары үшқұлақты, саусақ салалы, қауырсын тәрізді күрделі. Ақ, сары, қызыл гүлдері қалқанша - сыпыртқы гүлшоғырын құрайды, кей түрлерінде жеке орналасады. Гүліндегі тостағанша жапырақшалары 5 немесе 4-тен сыртқы және ішкі шеңбер құрып орналасады. Күлте жапырақшаларының саны 5, кейбір түрінде — 4. Аталық саны 10-нан 30-ға дейін, басым көпшілігінде 20. Аталық жіпшелері біз тәрізді жіңішке. Гул табаны дөңес, ойыс келеді. Көктемнен қоңыр күзге дейін гүлдейді. Жемісі - құрғақ келген, көп жаңғақша. Қның шөбінде, әсіресе түйнек тәрізді тамырсабағында илік заттар мол, балауыз, крахмал, қына қышқылы бар. Қ. — дәрілік өсімдік, оның суда дайындалған тұнбасын тырыспаға, ішек түйілгенде және асқазан ауруларына қарсы қолданады. Сондай-ақ, сіңір тартылғанда, тері ауруларына қарсы ванна немесе компресс жасауға болады. Жапырақтары мен жас өркендерін үй құстарына жем ретінде береді.

Біркелкі қуаң даланың өсімдіктер жамылғысы

 

           Біркелкі қуаң даланың өсімдіктер жамылғысы бетеге-бозды, селеулі-жусанды, бозды-бетегелі құрамалардан көрініс табады. Дәнді-дақылдардан садақбоз немесе Лессинг көдесі басым. Алуан түрлі шөптер құрғақшылықты ұнататын далалық түрлерден тұрады.

          Шалғындық қатардың топырағындағы от өскінді арпабас, шалғындық түлкіқұйрық, шырмауықтан, айрауықтен тұрады. Алуан шөптердің арасында бұршақ тектестер –жоңышқа, атбұршақ, оралдық мия көп, арамшөптер де бар – сүттен, Британ андызы, асқазан шөбі.

Арпабас

 

            Арпабас (Bromus) – астық тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Еуразия мен Африкада, сондай-ақ Жерорта теңізі жағалауларында кездесетін 44-тей түрі белгілі. Қазақстанда 20 түрі бар. Жиі кездесетіні орманды дала, қуаң дала мен таулы алқапта өсетін – қылтансыз Арпабас (В. іnermіs). Биікт. 80 – 160 см, сабақтары тік, тықыр, кейде жапырақты. Жапырағының пішіні таспа тәрізді, түкті. Гүлшоғыры – шашақ. Тұқымы ірі (6 – 8 мм), қос бүйірінен қысыңқы. Маусым айында гүлдеп, тұқымы шілде – тамызда піседі. Қазақстанда Арпабастың 2 сорты аудандастырылған. Жылына 2 рет оруға, орта есеппен га-нан 17 – 45 ц пішен жинауға болады. Көк шөп құрамында: 2,9 – 4,4% протеин, 0,4 – 2,3% май, 5,9 – 10,5% клетчатка, 7,6 – 18,3% азотсыз экстрактивтік заттар, 1,7 – 2,6% күл бар. Құнарлы мал азығы 

Қуаң даланың  өсімдіктер жамылғысы

 

          Қуаң даланың өсімдіктер жамылғысы бетеге басым түсетін бозды-бетегелі-жусанды, бозды-жусанды құрамалардан көрінеді. Бетегенің арасында қау, тырсық, камфоралық және жусанды құрамалар қатысы бар көде басым. Жусандар арасында ақжусан, ақтікен, аз гүлділер басым. Ксерофитті алуан шөптер тапшы және олар төскей, түймешетен, қызылбояу, сары жоңышқа, кейде ебелек, австриялық және ақ жусан.

           Құмды және құмдақты жерлерде құмдақтық бетегесі, тарбиған змеевка, Беккер бетегесі, еркек өсетін псаммофитті далалар тараған. Бұзылған құмдарда өсімдік сирек, қияқ пен бұта тектес – жүзгін, құмдық қараған өседі.

            Шабындықтарда шырмауық, қияқтың, арпабастың, айрауықтың; сортаңдалған шабындықтарда - ақмамық, қосымша өскінді және Богдан арпасы, қияқтар қатысы бар дәнді-дақылдық от басым.

Ақтікен

 

          Ақтікен (Nіtrarіa) – түйетабандар тұқымдасына жататын бұта; өсімдіктер туысы. Батыс, Орта және Орталық Азияның, Оңтүстік-Шығыс Еуропаның және Солтүстік Африканың далалы, шөлді аймақтарында кездесетін 10 түрі белгілі. Қазақстанда шөл даланың сортаң жерлерінде, өзен бойларында, тау бөктерлерінде өсетін 2 түрі бар. Жиі кездесетіні – Шовер Ақтікені (Nіtrarіa schoberі). Оның биіктігі 2 м-дей, тарбиған бұташықтарының ақшыл көк қабығы бар. Жапырақтары 2 – 4-тен шоғырлана орналасқан (ұзындығы 15 – 25, ені 4 – 7 мм). Ақшыл сары гүлдері өте қысқа гүлтабанында орналасып, шатырша гүлшоғырына топталған. Гүлдеген кезде өте әдемі өсімдік. Жемісі – боз қызғылт шырынды ірі сүйекше, жеуге жарамды. Ақтікеннің күлінен сабын жасау үшін сақар, жіп, мата бояйтын бояу алынады. Шовер Ақтікені Солтүстік Үстіртте өте сирек кездесетін түр болғандықтан, Маңғыстау облысының «Қызыл кітабына» енгізілген.

Шөлге айналған даланың  өсімдіктер жамылғысы

 

        Шөлге айналған даланың өсімдіктер жамылғысы жартылай бұта тектестерден және далалық шымдық, борпылдақ шымдық және тамырлы өсімдіктерден қалыптасқан кешендерден көрінеді. Далалық қауымдастықта бетеге, тырсық, қау, көде, шөл және тараққа ұқсас бидайық басым болып табылады. Шөлді қауымдастықтарда Лерхов, аз гүлді, ақтікенді және сор жусаны, сүйелді алабота, сор итсигегі, көкпек және басқалар басым түседі.

         Ұсақ шоқылы жерлерде даланың сирек шымдық дәнді-дақылдары өсімдіктер жамылғысының негізін құрайды. Ылғалды ойпауыттарда айрауық, шырмауық, атқонақ, түлкіқұйрық, сан түрлі шөп басым түсетін шалғындық өсімдіктер кездеседі.

Көкпек

 

               Көкпек (Atrіplex) – алабұта тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін немесе көп жылдық бұташық өсімдік. Жер жүзіне белгілі 225 түрінің 25-і Қазақстанның барлық аймағына тараған. Биіктігі 10 – 150 см, жапырақтары кезектесе орналасқан, олардың табақшалары тегіс, кейде тілімделген. Гүлдері дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Аталық гүлдері 3 – 5 мүшелі гүлсерікті, 5 аталықты, аналық гүлдері негізінде гүлсеріксіз болады. Қазақстанда жиі кездесетін түрі – боз Көкпек, алабота (A. сana). Ол жазық далалы аймақтарда, тау бөктерлерінде, борпылдақ, сортаң топырақты, сазды ойпаң жерлерде, өзен, көл аңғарларында өседі. Биіктігі 20 – 50 см бұташық. Сабағының түп жағы тармақты, сұрғылт қоңыр түсті. Жапырағы сопақша келген, едәуір қалың, кезектесе орналасқан. Гүлшоғыры жапырақсыз. Шілде – қазан айларында гүлдеп, жемістенеді. Тұқымы жирен түсті, жалпақ, дөңгелектеу. Тағамдық (бақ көкпегі) – мал азықтық, дәрілік, бояулық, тех. өсімдіктер. Шөл далалы аймақтарда Көкпекті адамдар отынға пайдаланады, күзде түйе жейді.

Шөлді аймақ

 

        Шөлді аймақ Үстірт жонын, Торғайдың жазықты жағының оңтүстік бөлігін – Тұран ойпатын (Арал маңы) қамтиды және екі тармаққа – далаға айналған (солтүстік) және нағыз (орталық) шөлге бөлінеді.

        Өсімдік жағылғысы қуаң дала аймағынан ерекшеленеді және гидро-термиялық жағдайлардың ауысуына байланысты солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеріп отырады. Шымдық дәнді-дақылдар және алуан шөптер жоғалады, жусан, сорлық шөптер және эфемерлер басым түседі.

Шөл дала өсімдіктері

 

            Шөл дала өсімдіктері далалық дәнді-дақылдардың толық жойылуымен ерекшеленеді. Бұл жерде жартылай бұта тектестер – жусан мен сорлы жер шөптері билік етеді. Жусан ішінде ақжерлік, лерхов, тұран және қара жусан, сорлы шөптер ішінде – бұйырғын, қараматау, теріскен, күйреуік басым. Жер отында міндетте түрде эфероидтер және эфемерлер – баданалы қоңырбас, шөлдік жауылша, ранга, мортықтар, колподиума, жуалар, қызғалдақтар және басқалар болады.

Информация о работе Өсімдіктер кадастрі