Прикладная геодезия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 11:49, курс лекций

Описание

Инженерлік құрылысты бөлу немесе жобадан жерге шығару деп жердің бетінде болашақ құрылыстың планы мен биіктігі бойынша орнын анықтау үшін жасалатын геодезиялық жұмыстардың кешенін айтады. Бөлу жұмыстары өзінің орындалу мәні бойынша топографиялық түсіріске кері процесс болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Конспект лекций по ПГ каз.doc

— 2.04 Мб (Скачать документ)

Ең алдымен жергілікті жерде  бастапқы бағыттары белгіленеді. Олардың  біреуінде А және В нүктелері (сурет 1) алынып, содан кейін олардың координаттары графикалық тәсілмен анықталады. Ол үшін құрылыс аумағындағы жобалық негіздің координаттарын қолданады да, S1  мен S2 , ß1мен ß2  полярлы координаттары кері геодезиялық есепті шығару бойынша анықталады. Өрескел қателіктердің пайда болмауы үшін жергілікті жерге  S3, ß элементтері бойнша көшіріледі. А, В және с нүктелері бекітілгеннен кейін жергілікті жерде ВАС бұрышы өлшенеді. Кейін істелінген жұмыстың жасалу дәлдігін бұл бұрыштың 90°-тан бастап ауытқуы бойынша білуге болады.

 

 

А, В, С нүктелерінің кординаттары басты жоспар бойынша графикалық тәсілмен анықталғандықтан, олардың  жоспарға көшірілу дәлдігі 0,2 – 0,3 мм- ді құрайды.

Алайда, бұл тәсілмен құрылыс торын  салынып жатқан мекемені реконструкциялау немесе үлкейту кезінде көшіруге болмайды. Мұндай жағдайда жаңа құрылыс торы жасалынып қойған тордың жалғасы етіп алған жөн. Егер де ескі тордың белгілері сақталынбаса, жергілікті жерде орналасқан және жаңадан жасалынеып жатқан  ғимаратпен техникалық байланыстағы цехтер мен қондырғылардың негізгі остерін қалпына келтіріп, содан соң олар бойынша жаңа құрылыстық торды бөлу қажет.

Жергілікті жерге салынып бекітілген бастарпқы бағыттан құрылыс тордың бөлшектеп бөлінуін белдік және жеңілдету (редуциялау) тәсілдермен жасайды.

Белдік (остік) бөлу тәсілінде құрылыстық торы қолма-қол жергілікті жерде  есептік дәлдікпен жобалық элементтерді нақты бөліп шығару арқылы салынады. Ол үшін бекітілген бастапқы бағыттарға сүйене отырып, екі өзара перпендикуляр  және шамамен алаң ортасында қиылысатын АВ және АС бағыттарын шығаруға тырысады (сурет2). Бастапқы бағыттар жергілікті жерде орташа дәлдікпен шығарылғандықтан, ВАС бұрышы тік бұрыштан едәуір айырықшалануы мүмкін. ß бұрышын екі немесе үш әдіспен 2Т2 теодолитімен өлшенеді де, оның Δß = 90°-ß тік бұрышынан ауытқу мөлшерін есептейді. Сонымен қатар, В мен С нүктелерінің орналасуын Δ Sb және Δ Sc сызықтық бағыттары дәлме-дәл перпендикуляр болуы үшін жасайды. Түзетулерді келесі формула бойынша есептейді;

ΔSB = AB1 * Δß/2ρ;

ΔSc = AC1 * Δß/2ρ;

 

 

Мұның өзінде AB1 және  AC1   ұзындықтары басты жобада 1 м дәлдікпен алынады.

В және С нүктелерінің түзетілген орындары жергілікті жерде бекітіліп бұл осьтер бойымен жармаларда (створы) теодолит кескіндері бойынша ұзындықтары бірдей тор жақтары салынып қалдырылады. Өлшеулер рулеткамен ленталармен температураны, ылдиды, компорирлеуді ескере отырып жасалынады.

Көлденең салу барлық түзетулерді  ескере отырып электрондық тахеометрді  қолданған жөн. F,R,D,E ақырғы пункттерде бөлшектеуді жасап біткеннен соң, олардың үстінде тік бұрыштарды салады да, тор перимеирі бойынша бөлшектеуді жалғастырады. Осыдан кейін уақытша белгілерді тұрақты белгілерге ауыстырады да, екі жақты жарықшалар арасында сәйкес пункттер негізгі төрт полигон арасында бөлініп осы торларды толтыратын пункттерге бекітіледі.

Егер құрылыс алаңы кішкентай  болып, тор шыңдарының бөлшектенуі  үлкен дәлдікпен жасалынған болса, онда тор шыңдары алынған координаттарының жобалық мәндерден сәл ғана ауытқиды. Алайда үлкен торларды бөлшектеу  кезінде көптеген қиыншылықтар пайда болады. Есептеу қорытындысы жоба мәнінен мүлдем бөлек болып шығуы мүмкін. Сондықтан белдік тәсілді анағұрлым кішкентай алаңдарда дәлдігі және тор пунктерінің координаттық ауытқулары жобалық мәндерден 3-5 см аралығында болатын алаңдарда жүргізген жөн.

Бөліктеу жұмыстарын жобалау кезінде  координаталық пунктері жобалық  мәндерден анағұрлым аз ауытқитын  торды қолданған тиімді. Мұндай торды жеңілдету (редуциялау) тәсілімен алуға болады.

Жеңілдету тәсілі кезінде торларды ең алдымен жобаға сәйкес 1:1000 – 1:2000 дәлдікпен құрып оны уақытша белгілермен бекітеді. Содан – соң алаңда жобалық торларды жасап, олардың барлық бекітілген тор пункттерінің координаттарын анықтайды.

Үлкен алаңдарда жоспарлық торларды құру бірнеше кезеңдерден тұрады. Басты негіз ретінде триангуляциялық, трилатерациялық торлар мен жарық қашықтықты өлшеуіш полигонометрия немесе бұрыштық – сызықтық торлар алынуы мүмкін. Басты негізді алаңның шеттеріне орналастыруға тырысады; олардың арасында периметр бойынша бірінші реттік жүрістер орналасады, ал бұл жүрістердің өзінде екінші реттік жүрістер орналастырылады.

Бірінші реттік құрылыстық тордың пункттерінің координаттарын анықтаудың ең тиімді тәсілі болып – жарық қашықтық өлшеуішті полигонометрия есептеледі.

Ал екінші реттік торларды жасау кезінде төртбұрыштар тәсілі ең тиімді болып табылады.

Құрылыстық торды алдын ала  бөлшектеу 1:1000 – 1:2000 дәлдікпен жасалғандықтан, тор пункттерінің координаттарын теңдестіруден  кейін оның мәнднері жобалық мәндерден  ауытқуы мүмкін. Жергілікті жерде жобалық пункттердің орналасуын анықтау үшін, жеңілдету жасалады.

Жобалық координаттар бойынша кері геодезиялық есепті шешу арқылы бұрыштық ß және сызықтық l жеңілдету элементі анықталып, оларды уақытша белгілерден алып, тұрақты белгілерге салады. Редуциялау үшін бөліктеу сызбасын құрады да, оған барлық бағыттағы диррекциондық бұрыштар мен жеңілдету элементтері жазылады.

Жеңілдету (редуциялау) келесідей орындалады. Уақытша белгінің үстіне, жұмыс қалпына келтіріліп теодолит орнатылады, мысалы А´. А´В´ бағытынан жеңілдетудің (редуцияның) ßА бұрыштық элементі салынады да,   А´А бағыты бекітіледі. Осы бағыттың бойымен рулетканың көмегімен редуцияның lА   сызықтық элементі салынады. Осылайша, координаттары жобалық мәндеріне сәйкес А нүктесінің жергілікті жерде орналасуын білеміз. Құрылыстық тордың барлық пункттерін да осылайша жеңілдетеді (редуциялайды).

Тордың жеңілдетілген (редуцияланған) пункттерін тұрақты белгілермен  бекітеді. Бұл белгілер - темір - бетон  монолиттері немесе бетондалған  рельс кескіндері,  металл құбырлары және т.с.с.болып табылады. Олардың үстіне өлшемдері 200 ×200 мм-ден  тұратын ма  ркалар немесе металл пластиналар бекітіліп пісіріледі. Тұрақты белгіні орнату кезінде редуцияланған пункттың қалпын жоғалтпас үшін келесідей әрекеттер жасалады. Белгіні орнатпас бұрын, пункттың орналасуын (1 және 2) қазықшаларға ілінген екі жақты жармалармен (створами) бекітіледі. Белгіні орнатқаннан кейін, қазықшалардың үстіңгі шеттеріндегі таңбалары бойынша шектер (леска) тартылып, белгідегі тор шыңының орналасуын қалпына келтіреміз.

Торды тұрақты белгілермен бекіткеннен  кейін, шешуші (ақырғы) өлшеулер орындалады. Сызықтық өлшеулерді таңдау тәсілі арқылы орындайды. Әдетте тордың неғұрлым әлсіз  жерлеріндегі  бөлек жақтарының ұзындықтарын тексереді (екінші реттік жүрістер арасында). Шешуші бұрыштық өлшеулерді шахматтық ретте орналасқан пункттерде орындайды. Бұл тордың барлық  жақтарын қамту үшін жасалады.

Өлшеулердегі болмай қалмайтын қателердің әсерінен шешуші өлшеу қателігі теориялық өлшеулерден ауытқиды. Бұл ауытқулар жақтардың ұзындықтарында 20 мм-ден, ал тік бұрыштарда 40''-тан аспауы шарт.

Егер шешуші өлшеулердің нәтижесінде  ауытқулар байқалмаса, онда келесіде, құрылыстарды бөлшектеу кезінде  жобалық мәндерге сәйкес тор пункттерінің координаттарын қабылдайды. Ал жақтары арасындағы бұрыштарын тік қып алады.

Құрылыс торының пункттері бойынша III – IV классты нивелирлеу жүрістерін салады. Бұл жағдайда құрылыс торы биіктіктік негіз ретінде болады.

 

 

БИІКТІКТІК ТОРЛАР. ТОРЛАРДЫ ЖОБАЛАУ. БИІКТІК НЕГІЗДЕМЕНІҢ КЕЗІНДЕРІНІҢ ӘРТҮРЛІ САНЫ ҮШІН ӨЛШЕУЛЕРДІҢ ДӘЛДІГІН ЕСЕПТЕУ.

 

биіктік торлар

 

Пункттердің теңіз деңгейі биіктігі геометриялық нивелирлеу арқылы анықталған геодезиялық торды нивелирлік тор  дейді. Дәлдігіне және қызметіне  қарай мемлекеттік биіктік  торлары I, II, III және IV класс болып бөлінеді.

I және II класты биіктік торлары басты биіктік негізі болып табылады, солардың көмегімен бір биіктік жүйесі тағайындалады. Олар ғылыми мәселелерді шешу үшін қолданылады: жер қыртысының вертикалдың қозғалысын зерттейді, мұхит, теңіз және тағы басқа судың деңгейлерін анықтайды. I және II класты нивелирлеу алдын ала берілген бағытпен жүргізіледі, ең кемі әр 25 жыл сайын қайтадан нивелирлеу жұмыс жүргізіледі.

I класты нивелирлеу торлары периметрі 2000 км тұйық полигоннан құрылады. I класты нивелирлеу өте жоғары дәлдікпен өлшеніп, мүлтіксіз істейтін аспаптар мен жетілген әдістерді қолдану арқылы орындалады. I класты нивелирлеуде өзара биіктікті анықтау үшін 1 км жүрісте кететін кездейсоқ қатенің орта квадратты шамасы m = 0.5 мм.

II класты нивелирлеу торлары I класты нивелирлеу торларының пунктерінің арасында жасалады, яғни айтқанда сол пункттермен тіреледі. Оларды құрайтын полигонның периметрі 500 – 600 км болады, II класты нивелирлеуде 1 км жүрісте кететін орта квадратты қатенің шамасы m = 0.8 мм-ден аспайды.

III класты нивелирлеу торлары I және II класты нивелирлеу полигондарының ішінен жеке жүріс түрінде периметрі 150 – 200 км болатын 6 – 9 полигонға бөлініп құралады (1 км жүріске m = 1.6 мм). III класты нивелирлеу торын әрі қарай толықтыру арқылы IV класты нивелирлеу торын құрайды (1 км жүріске m = 6 мм қате). IV класты нивелирлеу торлары топографиялық түсірістердің биіктік негізі болып табылады, олардың жүргізу жиілігі түсірістің масштабы мен жер бетінің рельефіне байланысты болады.

Барлық кластың нивелирлеу торлары  орташа 5 км сайын реперлермен және маркалармен белгіленеді.

Ірі қалалардың ауданы 500 км2 –ден асатын территорияларға І класты нивелирлеу қолданылады. Техникалық мінездемесі:

 

 

 

 

 

 

 

Кесте

Көрсеткіштер

ІІ

ІІІ

IV

1 км нивелирлік жүрістегі орташа  квадраттық қателік, мм

2

5

10

1 км жүрістегі жүйелік қателік,  мм 

0.4

-

-

Жүрістің максималды ұзындығы, км:

-тұйық

-жоғарғы класты пункттердің  арасы

-нүктелердің арасы

 

40

-

10

 

25

15

5

 

10

5

3

Нивелир мен рейканың арасындағы ең үлкен арақашықтық, м

 

75

 

75

 

100

Визирлік сәуле биіктігінің  ең кіші биіктігі, м

0.5

0.3

0.2


 

 

 

 

ЖЕР АСТЫ КОММУНИКАЦИЯЛАРЫН ТҮСІРУ. ТОК ЖҮРГІЗЕТІН КОММУНИКАЦИЯЛАРЫН  ІЗДЕУДІҢ ИНДУКТИВТІ ӘДІСТЕРІ. ҚАТЕЛІКТЕРДІҢ  ПАЙДА БОЛУДЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІН ТАЛДАУ. ЖЕР АСТЫ ЖОБАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ.

 

Геодезиялық жұмыстар өндірісінің  жобасы (ГЖӨЖ) Бас планмен қатар  жасалады.

Жобаның бірінші бөлімінде құрылыс  алаңындағы геодезиялық жұмыстарды ұйымдастырудың жалпы принциптері  көрсетіледі. Оларға: геодезиялық  өлшеулердің түрі көрсетілген өндірістік жұмыстардың күнтізбелік жоспары мен технологиялық сызбасы, құралдар мен аспаптарды пайдалану тізімі, сметалы-қаржылық есептеулер мен геодезиялық жұмыстар өндіріс жобасының технико-экономикалық негіздемесі көрсетіледі.

Жобаның екінші бөлімінде негізгі  геодезиялық жұмыстарды орындау  жөніндегі мағлұмат көрсетіледі. Олар: бөлу үймереттеріне арналған биіктік  тірек торлары мен жобалық  торларды құру схемасы мен олардың  пунктерін жерде орнату жолдары, өлшемдердің нақты қажет есептеулері, өлшеу тәсілдерін негіздеу мен оларды өңдеу.

Жобаның үшінші бөлімінде құрылыстың нольдік циклысына геодезиялық  қызмет көрсету; жер асты үймереттердің  элементтерін бөлудің жолдары мен  геодезиялық өлшеу дәлдігін есептеу  арқылы оның монтажын бақылау, монтаждық белгілердің типтері мен жөнделген құрылыстардың атқарушы түсірісінің тәсілдері көрсетіледі.

Жобаның соңғы бөлімінде жер  асты үймереттерін салу кезіндегі геодезиялық  қамтамасыз етумен байланысты сұрақтар қарастырылады. Өлшеу дәлдігінің есептеумен үймереттердің монтажды және бастапқы горизонттарының негізінде геодезиялық теңдеулерді шешу мен құру тәсілдері көрсетіледі.  Осьтер мен белгілерді жоғары дәлдікпен монтажды горизонттарға тарату тәсілдерінің негізі, жағартылған ғимараттардың геодезиялық бақылауы олардың атқарушы түсірісі мен сәйкес құжаттары  мен бөлшекті бөлу жұмыстарының тәсілдері және де керекті дәлдікті көрсету қажет.

Геодезиялық жұмыстар өндірісінің  жобасының сәйкес бөлімдерінде салынып  жатқан үймереттің деформациясын бақылау  керектігінде: геодезиялық өлшемдердің дәлдігін есептеудің алдын ала есептелген мағлұматтары, жобалы-биіктік негіздің сызбалары,  деформацияланған репер мен маркалардың түрлері сонымен қатар өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу тәсілдері мен олардың графикалық интерпритациясының бейнеленуі бойынша сипаттама беру.

 

Жер асты коммуникацияларын  түсіру әдістері

 

Жер асты коммуникацияларының түрлері:

Қазіргі замандағы өндірістік және тұрмыстық үймереттер үлкен жерасты  коммуникация торабымен сипатталады. Олардың кейбіреулерінің саны оннан да асады. Коммуникацияның техникалық санағында үймеретті эксплуатацияға қосқанда қайта жаңғырту мен үлкейту кезіндегі есептерді шешу кезінде жер асты коммуникацияларының барлық өзгертулер мен толықтырулары бар, дәл және толық жобасы болуы міндетті. 

Информация о работе Прикладная геодезия