Прикладная геодезия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 11:49, курс лекций

Описание

Инженерлік құрылысты бөлу немесе жобадан жерге шығару деп жердің бетінде болашақ құрылыстың планы мен биіктігі бойынша орнын анықтау үшін жасалатын геодезиялық жұмыстардың кешенін айтады. Бөлу жұмыстары өзінің орындалу мәні бойынша топографиялық түсіріске кері процесс болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Конспект лекций по ПГ каз.doc

— 2.04 Мб (Скачать документ)

Мұнда осьтердің бір-бірімен перпендикулярлығы  осьтерді қадалаудың (шығарудың) негізгі талабы болып есептелінеді. Қисық шығарылған оьстердің нәтижесінде салынған ғимарат жобадан ауытқып, басқа пішінге енеді де, оның басқа элементтері де жобадан ауытқып кетеді.

 

 

Құрылыс торы пункттерінен ғимараттың негізгі осьтерін қадалау тәсілі

 

Азаматтық құрылыс ғимараттарының негізгі осьтерін полигонометриялық  немесе теодолиттік жүріс нүктелерінен бастағанда көбінесе полярлық координаталар, бұрыштық және сызықтық бақылаулар, қатар-сызықтар әдістері қолданылады. Осьтердің қиылысу  А/1 нүктесі теодолиттік жүрістің V пункттінен, полярлық бұрышты және қашықтықты салу арқылы анықталады (Сурет 2). Осыған ұқсас теодолиттік жүрістің V1 пунктінен А/11 және В/10 нүктелері шығарылады. Ғимараттың ұзын осінің екі нүктесін ғана шығарып, қалған екі нүктесіне перпендикулярлар түсіріп, оның үстіне қашықтықтарды салса болар еді. Бірақ, осьтердің үшінші қиылысу нүктесін ғимараттың бұрылып кетуінен сақтау үшін шығарады. Көбінесе жұмысты тексеру үшін төртінші нүктені перпендикуляр түсіріп және қабырғаларының ұзындықтарын салыстыра отырып шығарады. Келтірілген мысалда теодолиттік жүріс қатарында V +49,87 көмекші нұктесін белгілейді де, одан тексеру полярлық бұрышын және қашықтығын салады. Алынған мәндері арқылы А/10 нүктесінің координаталарын есептеп, оны жобалық шамаларымен салыстырады.

Полигонометрия немесе теодолиттік жүрісінен негізгі  осьтерді қадалау тәсілі

 

Егер сол жерде құрылыс орнын, сызықтарын анықтап реттейтін бекітілген пункттер болса, онда олардан қадалау жұмысы теодолиттік немесе полигонометриялық жүрістердің нүктелерінен бастап қадалау сияқты атқарыла береді (бұл нүктелердің координаталары белгілі).

Бұрыннан салынған құрылыс  арасындағы (жанындағы) жаңа құрылыс  ғимараттарын, құрылымдарын кейде графикалық жолмен ірі масштабты (1:500 – 1:1 000) топографиялық планды пайдалана отырып та қадалай береді. Мысалы, А ғимаратын Б және В ғимараттарының арасындағы құрылыс салу сызығынан план бойынша бұрыштық және ұзындық өлшемдерін А ғимараттарынан бастап өлшеп сала береді (Сурет 3). Бұл жағдайда барлық өлшемдер планнан алынатындықтан, қадалау кезінде а және д бұрыштарының арасындағы қашықтық дәл келмей, қиыспаушылық пайда болуы мүмкін. Сондықтан бұл қиыспаушылық а-б және с-д аралығында тең етіп бөліп жібереді. Жобадан ауытқу шектік шамадан асып кетпеуін қатаң бақылап отырады.

Ғимараттарды қадалау  үшін орналастырудың графикалық әдісі

 

Жер бетіне ұзындығы біршама үлкен  сызықтарды түсіру жиі кездесетін қадалау  жұмыстарының біріне жатады. Бұл сызықтық құрылымның (плотина, көпір, ұшып-қону ұшақ жолақтары, трассалар, т. б.) бас  осьтері және құрылыс торын құрудағы бастапқы берілім бағыты және әрі қарай қадалау жұмыстарын атқаруға арналған базистік қашықтық. Бұл жағдайда көбінесе полярлық әдіс, тура бақылау әдістері қолданылады. Мысал келтірейік, сызықтық құрылыстың А-В осін жер бетіне шығару (түсіру) керек делік (Сурет 4).

 

 

Сызықтық құрылымның осін қадалау тәсілі

 

А нүктесі жақын маңдағы тірек қосынынан полярлық әдіс арқылы, ал В нүктесі тура бұрыштық бақылау әдісімен анықталады. Егер А және В нүктелерінің арасында тура көрініс болмаса, онда қосымша аралық нүктені шығарады, мысалы С нүктесін түсіреді. С нүктесінің орнын жақын маңда геодезиялық пункттер болса, солар арқылы алдыңғы әдістердің бірін пайдаланып анықтайды да, А, В, С нүктелерінің орналасу жағдайымен қатар, бір сызықтың бойында жатқандығын қоса тексеріп отырады. Аралық С нүктесінің бір сызықтың (АВ сызығының) бойында жатқандығын басқа да әдістермен анықтауға болады. Бастапқы кезде С нүктесінің орнын жуықтап анықтайды да, осы нүктенің үстіне теодолит орнатып бұрышын өлшейді. Қатардан ауытқу q шамасын формуламен есептеуге болады:

 

 

мұндағы С нүктесінен А және В нүктелеріне дейінгі ретімен ара-қашықтық. Бұл қашықтықтар бас планнан жуықтап графикалық жолмен алынады.

Тексеру үшін бұрышын қайта өлшейді. Шектік шамадан асып кеткен жағдайда атқарылған есептеулерді қайта істеген жөн.

Құрылымның бас және негізгі  осьтері әрі қарай жіті (нақтылы) қадалау жұмыстарының бастапқы берілімі ретінде пайдаланылады. Әрі қарай  құрылыс құрылымдарын нақтылы қадалау, құрылыстың түрлеріне және олардың біріктірмелі түрлеріне, қадалау жұмыстарының шарттарына және қабылданған қадалау әдістеріне байланысты болады. Жіті (нақтылы) қадалау жұмыстарының тәсімдерінің әр түрлілігін сараптау арқылы, ондағы жұмыстардағы азаматтық және өндірістік құрылыстардағы қадалау істерімен типтес екенін анықтап бір типтік тәсімге келтіруге болады. Бұл қағида арқылы осьтердің бас немесе негізгі осьтермен қиылысу нүктелерінің орналасу жағдайларының байланысын көрсетеді. Қадалауды ереже ретінде қатар-сызықтар әдісімен атқарады.

Айталық, А-А, В-В, 1-1 және 8-8 негізгі осьтері жер бетіне шығарылып бекітілген. 2,...,7 нүктелерінің А-А және В-В осьтерімен қиылысу нүктелерінің орналасу жағдайларын анықтау үшін, теодолитпен А-А және    В-В қатарларының бағытын береді (Сурет 5). Әрі қарай А/1 және В/1 нүктелері қатарының ретімен жобалық 6,00 м, 12,00 м қашықтықтарын салады да, іздеп отырған нүктелерді табады.

 

Осьтерді жіті (нақтылы) қадалау тәсілі

 

Осындай әдістермен 1-1 қатарынан Б/1 және 8-8 қатарынан Б/8 іздеп отырған нүктелерін табады. Аралық осьтердің қатарын жер қазу орындарынан әрі шығарып бекітеді.

Орындалған осьтерді қадалау жұмыстарына  арнаулы акт жасап, оған қоса осьтерді қадалаудың және бекітудің орныдаушы  түсіріс сызбасы қоса тапсырылады.

 

Ғимараттың осьтерін бекіту

 

Құрылыс кезінде ыңғайлы болуы  және бұзылудан сақтау үшін осьтерді сыртқа шығарып, аспа (желі) ретінде  бекітеді. Аспаны бағанаға тақтайша қағып, жер бетінен биіктігі 400-600 мм орнатады. Бұл аспаны кейде металлдан да жасайды. Ағаш аспаға осьті шегемен, ал металл аспа жылжымалы сызықша тесігі бар қамыт ретінде жасап бекітеді. Аспаның екі түрі бар: жалпақ және қатар.

Жалпақ аспа ғимараттың сыртқы сұлбасын құрайтын негізгі оське қатаң  түрде параллель құрылыс салу кездерінде кедергі болмайтын, қозғалмайтын, ешкім тимейтін жерге орнатылады. Жалпақ аспа түзу сызықты және тік орнатылады, себебі ол арқылы аралық осьтерді қадалауға керекті жобалық қашықтықтарды түзетулерсіз (көлбеулікке, ұзындыққа) салуға болатындай жағдайы болуы керек.

Қазіргі кезде тиімді аспа (желі) ретінде  қатарлы аспа көп пайдаланылады. Бұл аспа осьтерді бекітетін тұстарда ғана орнатылады (Сурет 6).

 

Осьтерді бекітуге арналған қатарлық аспа (желі) тәсілі

 

Аспадан басқа осьтерді тұрақты  және уақытша белгілермен  бекітеді. Тұрақты белгімен бас және негізгі осьтерді бекітеді. Тұрақты белгілерді құрылыс бас планында көпке шыдамды, ешкім тиіспейтін, қолдануға ыңғайлы кедергісіз орынға таңдап бекітеді. Бұл орын геодезиялық аспаптарды орнатуға және жұмыс істеуге ыңғайлы болуы керек. Белгілерді жер қазу жұмыстарынан тыс, құрылыс материалдары жиналмайтын, уақытша құрылыстар салынбайтын жерге орнатады.

Тұрақты және уақытша белгілердің  құрылыстары құрылыс салынатын  алаңның жағдайына, қолда бар  материалдарға, қолданылатын қадалау жұмыстарның түрлеріне, әдістеріне байланысты болады.

Белгілердің құрылыстары әр түрлі  болады. Көбінесе осьтерді бекіту үшін жерге қағылған тұрақты белгілерді пайдаланады. Тұрақты белгілер ретінде  кесілген металл құбырларды немесе рельстерді пайдаланады да, олардың төменгі жағына бетон-монолитқа бекіту үшін жәкір бекітеді. Белгінің жоғарғы жағына шаршы металл пластина бекітеді де, оған осьтердің орналасу жағдайын ойып белгілейді. Реперлік құбырларды немесе рельстерді бұрғылама ішіне, топырақ бетінің тоңазу деңгейінен төмен, 0,5 м аз емес тереңдікке орнатады. Орнатылған соң бұрғыламаны бетондайды. Орнатылған (бекітілген) белгілерді ағаш немесе темір аспалармен (желілермен) қоршайды. Аспаларды шаршы немесе үшбұрыш (қабырғалары 1,5-2 м) қылып жасайды. Тұрақты белгі ретінде бетондалған ағаш бағаналарды да пайдаланады.

Уақытша белгі ретінде ағаш, темір  қазықшалар және құбырлар пайдаланады.

Құрылыс алаңында биіктік қадалау  негіздерінде тұрақты және уақытша  белгілермен бекітеді. Реперлерді бекіту және оған қойылатын (көпке шыдамдылығы, пайдалануға ыңғайлылығы, т. б.) талаптары осьтерді бекіту белгілеріндегі сияқты.

Тұрақты реперлер жерге топырақ  бетінің тоңазу деңгейінен төмен  немесе орнықты қабырғаларға және жақын  маңдағы биік ғимараттар қабырғаларына орнатылады.

Көп құрылыс салынып жатқан жерлерде, тек құрылыс салу кездерінде ғана пайдалынатын реперлер, уақытша әр түрлі құрылысты болып келеді. Сонымен бірге, бұрыннан немесе уақытша  салынған құрылыс қабырғаларына  салынған бояу белгілері де пайдаланылады. Көбінесе реперлерді негізгі қадалау осьтерімен біріктіріп бекітеді

Құрылыс реперлерінің биіктік шамасын  мемлекеттік немесе қалалық нивелирлік торлар пункттерімен байланыстырып  анықтайды.   

 

 

АРНАУЛЫ ТРИАНГУЛЯЦИЯ. ЖОБАЛАРДЫҢ ДӘЛДІГІН БАҒАЛАУ. СЫЗЫҚТЫҚ ЖӘНЕ БҰРЫШТЫҚ ӨЛШЕУЛЕРДІҢ ТАЛАП ЕТІЛГЕН ДӘЛДІГІН ЕСЕПТЕУ. СЫЗЫҚТЫҚ ЖӘНЕ БҰРЫШТЫҚ ӨЛШЕУЛЕРДІҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ АТМОСФЕРАНЫҢ ОЛАРҒА ТИГІЗУ ӘСЕРІН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫ. ҚҰРЫЛЫС САЛЫНҒАН ТЕРРИТОРИЯДА ПУНКТЕРДІ БЕКІТУ.

 

Геодезиялық торларды құру туралы қысқаша мәліметтер, тірек торлары туралы түсінік

 

Әр түрлі инженерлік құрылыстарды жобалау және салу үшін, топографиялық  пландар мен карталарды құру мақсатында жүргізілетін барлық геодезиялық өлшемдер және топографиялық түсірістер, пландық  координаталары және биіктіктері белгілі, жер бетінде бекітілген геодезиялық қосындар (пункт) деп аталатын нүктелерден бастау алады. Осындай нүктелердің жүйелі қосындысын геодезиялық тор деп атайды.

ТМД елдерінде геодезиялық торды  Мемлекеттік тор, геодезиялық жиілету  және геодезиялық түсіру торы деп бөледі. Торларды құрғанда «жалпыдан жекеге ауысу» қағидасын сақтай отырып, іске асырады. Яғни, аумақты алқапты қамтитын салыстырмалы түрде қосындар жүйесін құрады да, олардың координаталарын және биіктіктерін жоғарғы дәлдікпен анықтайды. Әрі қарай тор бірнеше сатылап жиілетіледі де, қосындарының координаталарын және биіктіктерін алдағы тордағы дәлдіктен төмен дәлдікпен атқарады.

Мемлекеттік геодезиялық тордың пландық  жағдайы жалпылама мемлекеттік  координаттық жүйеде, ал биіктіктер бірегей мемлекеттік жүйеде анықталады.

Мемлекеттік геодезиялық тор  (МГТ) – мемлекеттің территориясында координаталардың таралуын қамтамасыз ететін және басқа да геодезиялық торларды құруға негіз бола алатын геодезиялық тор. Мемлекеттік геодезиялық торларды пландық және биіктік геодезиялық торларға бөледі. Қазіргі кезде Мемлекеттік геодезиялық торлардың тағы бір түрін ажыратады, бұл мемлекеттік гравиметриялық тор.

Кез-келген топографиялық түсірістер жер бетінде пландық және биіктік  жайы (X, Y, H) белгілі нүктелерге негіделген. Бұндай нүктелерді тірек пунктері деп атайды. Осы пунктердің жиынтығы тірек торларын құрайды.

Тірек пунктердің жер бетіндегі  жайы астрономиялық және геодезиялық  әдістермен анықталады.

Астрономиялық әдіспен берілген пункттің геодезиялық координаталар-ын (геодезиялық ендік В және геодезиялық бойлық L) аспан шырақтарын бағдарлау арқылы анықталады. Астрономиялық бағдарлаудың нәтижесінде пункттерге бағытталған сызықтардың геодезиялық азимуттарында А анықтауға болады. Азимуттар, сонымен қатар, гирокомпастың не гиротеодолиттің көмегімен анықталады. Бұдан әрі қарай геодезиялық координаталардан (B, L) және геодезиялық азимуттан (А) тікбұрышты координаталарға (X, Y) және дирекциондық бұрышқа (α) өтуге болады.

Пункттердің координаталарын  тәуелсіз анықталуы бұл әдістің құндылығына жатады. Бірақ та нүктелердің геодезиялық координаталарын анықтауда пайда болатын аз қателер тіктеуіш сызығының эллипсоид бетіндегі нормальдан ауытқу қатесімен есептегенде, тікбұрышты координаталарда шамасы 60 – 100 метрге дейін үлкен қателердің пайда болуына әкеледі. Сондықтан, астрономиялық әдістің басты кемшілігі жер бетіндегі нүктелердің тікбұрышты координаталары біршама аз дәлдікпен анықталынады.

Геодезиялық әдісті қолданғанда тек  кей нүктелердің (негізгі нүктелер) тікбұрышты координаталары астрономиялық бағдарлаумен анықталады. Тірек торларының қалған пункттері жердің бетінде төбелері тірек пункттері болатын геометриялық фигуралардың қабырғалары мен бұрыштарын өлшеу арқылы негізгі нүктелермен байланыстырылады. Тірек торларын ослай құру схемасы қателердің жиналуына шек қояды, өлшеуге сенімді бақылауды қамтамасыз етеді және әртүрлі жердің бөліктерінде геодезиялық жұмысты тәуелсіз істеуге мүмкіншілік береді.

Пункттердің координаталары бірыңғай координаталар жүйесінде геодезиялық әдіспен анықталатын тірек торларын тірек торлары деп атайды.

Біздің еліміздің территориясында  тірек торларын жасаудағы басты  әдіс геодезиялық әдіс болып табылады.

 

Геодезиялық тірек торларын жіктеу

 

Бүкіл тірек торлары жалпыдан жекеге өту принципі бойынша топтарға бөлінеді және олар бірнеше сатымен жасалынады, жоғарғы топтардың торларынан төменгі топтарға, ірі және дәл геометриялық құрылудан ұсақ және аз дәлдікті геометриялық құрылуға өтеді. Жоғарғы топтың пункттері бір-бірінен өте алшақ (ондаған км) орналасады, кейін олар кіші топтардың торларымен толықтырылып дамытылады. Бұндай тәсіл өте қысқа мерзімде үлкен дәлдікпен бүкіл территорияға бірыңғай координаталар жүйесін таратуға мүмкіншілік жасайды. Жалпы геодезиялық торлар пландық және биіктік  геодезиялық торлар болып бөлінеді. Пландық геодезиялық торларда әр пункттің жалпы мемлекеттік жүйесіндегі тікбұрышты координаталар (X, Y) анықталады, ал биіктік геодезиялық торларда әр пункттің Балтық биіктік жүйесі бойынша (Н) анықталады.

Информация о работе Прикладная геодезия