Тамырлар бойымен қан қозғалысының жалпы физикалық-математикалық заңдылықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2013 в 12:01, реферат

Описание

Жоғары оқу орындарында экономика және менеджмент саласында мамандар даярлауда бұл анық болмыс ескерілугс тиіс. Осыған байлалысты аграрлық университеттердің оқу жоспарында «Ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыру мен жоспарлау» пәні орнына "Агробизнесті ұйымдастыру" деген жаңа пән енгізілді. Алайда қазір бар оқулықтар студенттерді бұрынғысынша әкімшілдік-әміршілдік жүйе жағдайларындағы жұмысқа бағдарлайды, іс жүзіңде жаңа пән бойынша оқулықтар жоқ. "Агробизнесті ұйымдастыру" деп ұсынылып отырған оқулық бұл тұрғыдан алғашқы негізгі оқулық болып табылады, мүнда нарықтық қатынастар жағдайларында бизнесті ұйымдастырудың теориясы мен тәжірибесінің мәселелері жүйелі түрде мазмұндалған.

Содержание

Кіріспе. ......................................................................................
1. Агробизнес қызметінің теориялық негіздері.
Агробизнеске қысқаша сипаттама...................................
2. Агробизнес қызметін талдау.
2.1. Агробизнеске қызмет көрсетуді ұйымдастыру................
2.2. Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы.....
2.3. Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және
негізгі тәсілдері................................................................
3. Агробизнес қызметін жетілдіру.
3.1. Агробизнес қызметінің болашағы.......................................
Қорытынды................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................

Работа состоит из  1 файл

Агробизнес.DOC

— 210.50 Кб (Скачать документ)

 

Мазмұны

 

 

 

Кіріспе. ......................................................................................

1. Агробизнес  қызметінің теориялық негіздері.

    1. Агробизнеске қысқаша сипаттама...................................

2.  Агробизнес қызметін талдау.

2.1. Агробизнеске қызмет көрсетуді ұйымдастыру................

2.2. Агробизнес  және агроөнеркәсіптік кешен  құрылымы.....

2.3. Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және

негізгі тәсілдері................................................................

3. Агробизнес  қызметін жетілдіру. 

3.1. Агробизнес қызметінің  болашағы.......................................  

Қорытынды................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер....................................................

 

КІРІСПЕ

Жиырмасыншы ғасырдың 90-жылдары Қазақстан экономикасының аграрлық саласында өндірісті басқару мен ұйымдастырудың бүкіл жүйесін қайта құру, істің жаңа нарықтық бабын табуға бағыттала бастады.

Жоғары оқу орындарында экономика және менеджмент саласында мамандар даярлауда бұл анық болмыс ескерілугс тиіс. Осыған байлалысты аграрлық университеттердің оқу жоспарында «Ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыру мен жоспарлау» пәні орнына "Агробизнесті ұйымдастыру" деген жаңа пән енгізілді. Алайда қазір бар оқулықтар студенттерді бұрынғысынша әкімшілдік-әміршілдік жүйе жағдайларындағы жұмысқа бағдарлайды, іс жүзіңде жаңа пән бойынша оқулықтар жоқ.

"Агробизнесті ұйымдастыру"  деп ұсынылып отырған оқулық бұл тұрғыдан алғашқы негізгі оқулық болып табылады, мүнда нарықтық қатынастар жағдайларында бизнесті ұйымдастырудың теориясы мен тәжірибесінің мәселелері жүйелі түрде мазмұндалған.

Біз аграрлық бизнесті ауыл шаруашылық тауарын өндіру және өткізу үрдісінде бизнес субъектілері арасында, сондай-ақ тауар өндірушілер мен нарыктық инфрақұрылым кәсіпорындары арасында қалыптасатын іскерлік қатынастар жүйесі ретінде қарастырамыз.

Кез келген басқа бизнес тәрізді аграрлық бизнестің субъектілері:

- кәсіпкерлер;

- тұтынушылар;

- жалдамалы қызметкерлер;

- мемлекет болып табылады.

Кәсіпкерлер өндіріс кұралдарына жеке меншік негізінде, меншіктің топтық, ұжымдық коопвративтік, акционерлік және үлестік секілді түр-түрімен жұмыс істейді.

Олар іс-әрекеттің мынаңдай түрлерімен айналысады:

- егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімін өндіру;

- ауыл шаруашылық өнімін өткізу мен саудаға салу;

— коммерциялық делдалдық;

— ауыл шаруашылық тауарын ендірушілерді материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау.

Кәсіпкерлердің іскерлік мүддесі кіріс алу арқылы орындалады.

Тұтынушылардың (сатып алушылардың) іскерлік қатынастар жүйесіне қатысуы ауыл шаруашылық тауарын өндірушілермен және сатушылардың өздігінен байланыстар орнату жолымен жүзеге асырылады. Тұтынушылардың пайдасы, олардың мұқтажын қанағаттандырарлықтай тауарды немесе қажет қызметті ең жақсы түрде иемдену болмақ.

Тұтынушылар өндірістің ақырғы нәтижелеріне мүдделі, олар белгілі бір тауарларға сұраныс қалыптастырады, сондықтан кәсіпкерлер тұтынушылардың талап-тілектерімен санасуға Мәжбүр болады, яғни бизнестің бұл субъектісі агробизнестің жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Тұтынушьшар тұтыну заттары мен көрсетілер қызметтерге жекеменшік иелері болып табылады.

Кәсіпкерлік құрылымдардың жалдамалы қызметкерлері және келісім-шарттар негізінде кеңес беру (консалтинг) қызметтерін көрсетуші әртүрлі мамандар агробизнесте құқықтық серіктестер болуға тиіс.

Агробизнестің бұл қатысушыларының іскерлік мүддесі өзінің жұмысынан кіріс кіргізу жолымен, жұмыс күшіне жеке меншіктің болуы және жұмысқа еркін түрде орналасу құқығы негізінде орындалады.

Мемлекет іскерлік қатынастарға қатысушы тұрғысынан нарықтық қатынастарды экономикалық және құқықтық механизмдер арқылы реттеуді жүзеге асырады.

Мемлекеітік құрылымдар ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерге ақшалай қосымша көмектер (дотациялар), несиелер, салықтық жеңілдіктер мен үкіметтік тапсырмалар береді. Кәсіпкерлерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ете алады және заңды бизнесті жүзеге асыруға кепілдік бере алады, бұл үшін іскерлік қатынастарды заңдылықпен және нормативті реттеушілер бар.

Нақты өмірде бизнестің бүкіл осы субъектілері, бір-біріне тікелей ықпал ете отырып, өзара тығыз байланыста жұмыс істейді, яғни бизнес — оның құрамдас бөліктерінің кешенді іс-әрекеті.

"Агробизнесті  ұйымдастыру" курсының негізгі  міндеті — өнеркәсіптің жекелеген түрлерін жете зерттеу, сондай-ақ бүкіл кешенінің өзін жоспарлау мен ауыл шаруашылық өнімін өндіруді; нарықтық тауар алмасуды зерттен білуді, қаржылапдыруды басқару ісін ұйымдастыруды (менеджментті), кәсіпорынның іс-әрекетін есептеу мен талдауды мұқият ұштастыру болып табылады. Нақ осы пәннің мазмұны осындай міндеттерді тірек етіп құрылған.

Ұсынылып отырған оқулық басқа оқулық құралдардан өзінің мазмұнымен ерекшеленеді. Оған мынандай тараулар кіреді:

— кәсіпорындардың ұйымдастырушылық негіздері;

— агробизнесті жоспарлауды ұйымдастыру;

— нарықтықтауар алмасуды ұйымдастыру;

— ауыл шаруашылық өнімін өңдіруді ұйымдастыру;

— ауыл шаруашылық өнімін өндіру мен өткізуге қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

— кәсіпорынның ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру;

— қаржы ресурстарын ұйымдастыру;

— кәсіпорындардағы менеджмент;

— кәсіпорында талдау, есеп және тексеруді ұйымдастыру;

— агробизнесте шешімдер қабылдаудың математикалық әдістері.  

 

1. Агробизнес қызметінің  теориялық негіздері. 

 

1.1. Агробизнеске  қысқаша сипаттама.

 

Агробизнестің негізгі субъектісі кәсіпкер болып табылады. Кәсіпкердің көптеген анықтамалары бар. Кәсіпкер дегеніміз:

— бұл — тәуекелі мол жағдайларда әрекет етуші адам;

— кім істі жоспарлаушы, бақылаушы, ұйымдастырушы және кәсіпорынды иемденуші болса, кәсіпкер сол;

—  кім өзінің ұйымдастырушылық қабілеттері арқасында табыс тапса, сол кәсіпкер;

— бұл—кез келген мүмкіндікті ұқсатып, барынша мол  пайда таба білетін адам.

Осы анықтамалардың бөрі кәсіпкерлік іс-әрекет — бұл  кәсіпкерлік қаблеті бар, жігерлі  де ынталы адамның ақыл-сана (интелектуалдық) іс-әрекеті екенін көрсетеді.

Агробизнесте  негізгі факторлар — жер, өсімдікгер мен мал, материалдық-техникалық және қаржы ресурстары, сондай-ақ еңбек  ресурстары, яғни табиғи ресурстар, еңбек  пен капитал болмақ.

Кәсіпкерлік қабілет — бұл өндірістің ерекше факторы, ол — өндіріс үрдісіне басқа барлық факторларды бірыңғай жүйеге біріктіруші. Кәсіпкерлік қабілет-шешім қабылдай білу кабілеті мен тәуекел ету қабілеті.

Өндіріс факторлары, өдегге біреуге тиесілі. Бұл факторлардың меншікті иесі оларды өндіріс үрдісінде пайдаланудан кіріс кіргізуді көздейді. Еңбек иесі кірісті еңбек ақысы түрінде алуға ниеттенеді. Капитал иесі кірісті салынған капиталды өсіретін пайыз түрінде алуды ойлайды, табиғи ресурстар иесі түсім (рента) алғысы келеді, кәсіпкер пайда табуды көздейді.

Сөйтіп, бизнес дегеніміз — субъектінің нарықтық экономика жағдайларында табыс табуға бағытталған экономикалық іс-әрекеті.

Тиімді бизнесті жүзеге асыру үшін экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар қажет, яғни бизнеске қолайлы орта керек.

Экономикалық жағдайларға мыналарды жатқызуға болады: тауарға сұраныс пен ұсыныстың бар болуы; кәсіпкер үшін оның шамасы жетерлік ақша-қаражаттың бар болуы; жұмысшы күшінің бар болуы.

Әлеуметтік  жағдайларға сатып алушылардың тауарды иемденуге ықыласы мен мүмкіндігі жатады. Бұл жерде тұрғындардың табысын, сатып алушылардың талғалздары мен өмір сүру салтын, демографиялық жағдайды ескеру қажет.

Мамандардың білікгішгін, оларды оқыту және қайта даярлау  мүмкіндіктерін, сондай-ақ фирма қызметкерлерінің әлеуметгік  жағдайларын қамтамасыз ету мен олардың жақсы жұмыс істеу - ықыласын ынталандыруды да осыған жатқызуға болады.

 Құқыктық жағдайларға мыналар жатады: мемлекеттік қолдау түрлері (мемлекеттік тапсырмалар, жеңілдіктер және басқалар), салық жүйесі, кеден жүйесі және несие жүйесі; адал кәсіпкерлікті ынталандыратын заңдар.

Нарықтық экономикасы  бар, дамыған елдерде кәсіпкерлікті  ұйымдастырудың әртүрлі формалары  бар: жекедара шаруашылық, серіктесушілік, корпорация.

Кәсіпкерлік немесе фирма — бұл экономикалық бірлік, ол өздігінен шешім қабылдайды, өндіріс факторларын өнімді дайындау мен оны басқа фирмаларға, шаруашылықтарға және мемлекеттерге сату үшін пайдаланады, барынша мол пайда табуға ұмтылады.

Жекедара шаруашылықгар  — бүл бір кісінің, меншік иесінің жекедара шешім қабылдауы және барлық іске толығымен жауап беруі. Жекедара шаруашылықгың артықшылығы — меншік иесі-қожайын тарапынан істің жүру барысына толық бақылау болатындығы, ал кемшілігі — капитал мөлшерінің, әдетінше, - шамалы болуы, сондай-ақ зияндар, шығындар мен қарыздар үшін меншік иесінің өзі жауап беруге тура келетіндігі.

Серіктесушілік  — екі немесе одан да көп кәсіпкердің  бірлесе  қабылдаған және барлық іске жауап беретін жағдайында кәсіпкерлікті ұйымдастыру үлгісі (формасы).

Серіктесушілік іске салынған капиталды ұлғайтуға мүмкіндік береді, алайда жұмыстың нәтижесіне деген жеке жауапкершіліктен ешкімді босатпайды. Жауапкершілігі шектелген серіктесушіліктер болады, онда меншікті ортақ иемденушілердің (совладельцы) капиталды белгілі бір шектеулі мөлшерде қосуға және басқаруға немесе кәсіпорын атынан келісімдерге қатыстау құқығы бар.

- Серіктесушілік  негізінен ғылыми, техникалық немесе  медициналық қызмет көрсету фирмалары  секілді іс-әрекет өрістерінде  кеңінен тараған.

Қазақстанда серіктесушілік шарттары бойынша брокерлік және заңгерлік кеңселер, жекеше оқу орыңдары мен ғылыми кәсіпорындар және басқалар құрылады.  

 

2.  Агробизнес  қызметін талдау.

 

2.1. Агробизнеске  қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

 

Агробизнеске  қызмет көрсетуді негізгі ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін керекті қызметтермен қамтамасыз етуші кәсіпорындар немесе ірі кәсіпорынның бөлімшелері жүзеге асырады. Бұған ауыл шаруашылығын материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етуші кәсіпорындар (жабдықтаушы кәсіпорындар), өндірістік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуші кәсіпорындар (агросервис), ауыл шаруашылық кәсіпорындарына техникалық және жөн-жобалық (консалтингтік) көмек көрсетуші фирмалар жатады.

Бұл кәсіпорындардың бері, сөз жоқ, бизнес-жоспар негізінде жұмыс істеуге тиіс. Материалдық-техникалық жабдықтаумен айналысатын фирмалар (кәсіпорындар) ең алдымен өздерінің потенциал сатып алушыларын айқындауы, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының (сатып алушылардың) өндіріс құралдарына деген қажеттілігін анықтауы керек. Бұл — ауыл шаруашылық техникасы, бұларға қосымша бөлшектер, резеңке техникалық және элеклротехникалық материалдар; минерал тыңайтқыштар мен пестицидтер, мұнай өнімдері мен мұнай жарақтары болуы мүмкін.

Осы ресурстардың потенциал сатушыларын - өнеркәсіптік кәсіпорындарды, толайым саудагерлерді айқындау, бұл тауарлардың бағасын, сапасы мен ассортиментін анықтау, жеткізіп беру шарттарын білу қажет. Көптеген сатушылардың ішінен сіздің бизнес үшін ең қолайлы бір-екеуін таңдаған дұрыс.

Қызметтерді сатып алушылар мүмкіндігінше көбірек болуға тиіс, егер сіз ұзақмерзімді келісімді қатынастар негізінде сіздің қызметтеріңізді тұрақты тұтынушылармен жұмыс істейтін болсаныз, тіпті жақсы.

Материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру бірнеше кезеңдерден тұрады:

- материалдық-техникалық ресурстарды жеткізуге ауыл шаруашылық кәсіпорындарынан алдын ала сұранымдар жинау;

- өнеркәсінтік  кәсіпорындармен немесе көтерме саудагерлермен өндіріс құралдарын жеткізу жөнінде шарттар жасасу;

-тұтынушы шаруашылықтар мен оларға өндіріс құралдарын жеткізу шарттарын жасасу;

-орындауға қабылданган, келісімді шарттарға сәйкес тұтынушы шаруашылықтарға өндіріс құралдарын жеткізу.

Жеткізу шартында өндіріс қүралдарын жеткізіп беру тәртібін анықтау керек. Бұл ретте жеткізілетін өндіріс құралдарының атын, номенклатурасын, ассортименті мен санын өнім сапасы мен жинақтылығын жеткізу мерзімдерін; өнім бағасын; сұранымның жалпы сомасын; есептесудің тәртібі мен түрін; өнімді жеткізу жағдайларын: тараптардың төлеу мен пошта реквизиттерін және басқа мәліметтерді керсету қажет.

Шартта сондай-ақ келісімді міндеттемелерді бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі алдын ала қарастырылуы керек.

Өндірістік қызмет көрсетуді (агросервисті) қамтамасыз етуші кәсіпорындар (фирмалар) ауыл шаруашылық тауар өндірушіге кешенді қызметтерді немесе қызметтердің жекелеген түрлерін мынандай бағыттар бойынша көрсете алады:

- жерге орналастыру;

- көлік қызметтері;

- техникалық қызмет көрсету (СТО);

- жерді жақсарту (мелиорация);

- агротехникалық  қызметтер,

Бұл кәсіпорындардың  қазіргі өндіріс технологияларына сәйкес қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін материалдық-техникалық өз базасы болуға тиіс.

Информация о работе Тамырлар бойымен қан қозғалысының жалпы физикалық-математикалық заңдылықтары