Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:06, лекция

Описание

1. Бейнелеу өнерінің әдістемесі пән ретінде
2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы

Работа состоит из  1 файл

Изо- лекции.doc

— 914.00 Кб (Скачать документ)

                Орта патшалық мүсіндерінен б.з.д.жеткендерінің арасында ең тамашасы – перғуын 3-ші Секусерттің басы /Обседиан Лиссабон, Гульбекианның жинағы/.

      Храмдар мен сарайлар алдында құдайлар мен патшаларды дәріптейтін, төбесі иероглифтермен толтырылған биік жұқа обелискілер - «тас инелер» барған сайын көптеп тұрғызыла бастады. Иероглифтік жазулар Мысыр өнерінде аса маңызды рөл атқарады.

     Таңба суреттер иероглифтер деп аталады. Мысыр жазуына 750-ге жуық иероглиф қолданылды. Оларды әдетте тасқа, ағашқа ойыпжазды, бірақ жазу үшін негізгі материал орнына папирустар Нілдің жағалауында көп өсіп тұратын. Мысырлықтар олардың сабақтарын жұп-жұқа жолақ етіп тіліп, бір-біріне желімдеп, қағазға ұқсас парақтар әзірлейді. Папирусқа бір жағы ұшталған қамыспен жазды. Егер жазу параққа сыймай жатса, оның төменгі шетіне және бір парақты желімдейді. Сөйтіп, ұзын лента болатын, оның ұзындығы – 45 метрге дейін жеткен парақтарды да папирус деп атаған.

      Кейінірек иероглифтер суреттің негізгі мағынасына тәуелсіз, белгілі мәні жазуларға айналды, бірақ олар графикалық тұрғыдан сол суретқалпында қала берді. Бұл жазуларда бүкіл мысырлық өнердегі сияқты сол ішкі ырғақ, сол бір мүлтіксіз стиль, сол баяғы табиғи сәндік мақсат берік сақталып отырады.

      Орта патшалық өнердің аса тамаша ескеткіші – Мәякеудегі бейнелеу өнері мұражайында сақтаулы тұрған ақсүйек Хуненің құлпытасы.

      Ақсүйектің өзі мен әйелі сол жақ төменгі қанатты бедерлеп бейнеленген. Канон бойынша олардың беттері мен аяқтары – қырыннан, кеуделері – алдыңғы жағынан берілген, сонымен бірге екеуінің отырысындағы салтанаттық олардың бет-жүзінің, қолдары мен табандарының паралельдігінен туған әлдебір екпінді ырғақпен ұшталады. Ал, олардың бейнесінің үстіңгі жағы мен қарама-қарсысына осы ерлі-зайыптыларға бөлінгеннен үш есе үлкен алаңға тұтас толтыра салынған құстар, жыландар, жатқан өгізлер, отырған адамдар, жемістер, өсімдіктер, сызықшалар, сызықтар, геометриялық фигуралар бейнеленген. Иероглифтерді оқи білетіндерге жол-жолымен өлгендерді көмген кезде оларға не құрбан етілсе, соның бәрін қоса көрсететін діни мәтін жазылған. Мысыр мемлекеті құлағаннан кейін мүлде ұмыт қалған осы жазулардың мағынасын тек өткен ғасырда ғана француз ғалымы Шампольон ашқан болатын.

      Ежелгі Мысырдың бейнелеу өнерінің едәір кейін жасалған ғажап туындысы – атақты перғауын Тутанхамон мен оның әйелі /Қобдиша қақпағы бетіндегі бедер, б.з.д. ХІІ ғ. Кар/. Бұл патша мазарынан табылған ағаш қобдиша қақпағының бетіндегі түрлі түсті бояумен ойылып боялған бедер. Аруаққа табынуға араналған көркем өнер. Бұл бедер б.з.б. ХІV ғасырдың бастапқы кезі, жаңа патшалық дәуіріне жатады.

      Патша болған ерлі-зайыптылардың бұл бейнесі ақсүйек Хуненнің құлпытасынан VІ-VІІ ғасыр кейін жасалған, ал ақсүйек Тиді мадақтайтын бедерден мың жыл астам уақыт, перғауын Нармердің тақтасынан екі мың жылдан астам уақыт бөліп тұр. Бәрібір сол өмір сұлулығын мәңгі есте қалдырып, ажалды жеңудің баяғы қайсар да асқақ арманы көрініс тапқан. Тағы да сол стиль. Сол идея және сол стиль мысырлық өнерде Тутанхамоннан кейін де Мысыр дәуірлеп тұрған кезде сақталды. Бір мемлекетте сол бір қоғамдық құрылыс, сол дін, өнер сан мыңдаған жылдарға созылды.

      Жаңа патшалықтағы мазар қобдишасын әсемдеген бедерде алдыңғы тарихи дәуірлердегі Мысыр өнеріне белгісіз, сұлулық таңбасы бар. Патша мен ханым өте жас. Олардың бейнесінен жастықтың жалыны алаулып тұр. Бір қолымен жіңішке асаға сүйенген патша екінші қолын әйелі ұсынған лотос шоғын алуға созған. Ханымның бет-жүзінде көркемдік пен әсемдіктің молдығы соншалық, тіпті «әмірші» деп аталатын осы бір нәзік ханымға, осы бір періштедей ,ажап ерке қызға сүйсіне қараймыз.

     Патша мен патша ханымның қырым пішіндері, олардың қолдары мен иықтары сызықтарымен салынған. Бірақ бұл арадағы сызықтары бейнелердің негізі ғана емес, тек нұсқа ғана.

      Гүлденген табиғат аясындағы балғын махаббат, жастық бақыт дастаны. Өзінің баяғы стилін сақтай отырып, мысырлық өнер сұлулықпен, әсемділікпен әрлене түскен. Мұның өзі жаңа патшалық дәуірінде пайда болған. Ішкі қайшылықтармен есеңгіреген орта патшалық бір кездегі Ежелгі патшалық сияқты бөлшек-бөлшек болып қирады. Тарихқа гиксостар деген атпен белгілі Азияның көшпелі тайпаларының шабуылдары Орта патшалықтың күйреуін тездетті.

         

     3.  Ассирия ,Эгей өнері

     Б.з.б. VІІІ-VІІ ғасырларда Алдыңғы Азиядағы ең қуатты мемлекет Ассирия болды. Оның астанасы Тигр өзенінің жағалауындағы Ниневия қаласы еді. Ассирия патшалары жақсы қаруланған көп әскер жасақтады. Олардың арасында қатаң тәртіп орнады. Ниневияны «арыстанның апаты» деп атады.

        Ассирия патшалары Сирияны, Финикияны және шамалы уақыт Мысырды жаулап алды. Сараулар патшалардың даңқын жайып, құдіретіне деген сенімін ұялатуға тиіс еді.

      Саргон патшаның Ниневияға жақын жердегі атақты Хорсабад сарайына кіре берісте, көзі жайнаған, патша бай киіміндегі тәкаппар адам бейнелі, үлкен сақалы, аса зор қанаты, бес ауыр тұяғы бар бұға тәрізді фантастикалық мүсін қойылған. Сарай қоладан үйілген төбе басына салынды. Кіре беріміне осы мақұлықты, яғни бес аяғы бар жануарды сарайға кіруші әркім өтіп бара жатқанда, зәре-құты қалмай қорқу үшін жасалған (Саргонның сарайына кіре берістегі қанатты бұқа, б.з.б.VІІІ ғасырдың ІІ жартысы, Париж. Лувр).

     Ассирияның сарайдың бедерлері мен әшекейлерінде дінге табыну емес, соғыс сюжеттері басым. Ассириялық патшалар сарайларынан алынған ең елеулі бедерлер қазіргі Лондонның Британ мұражайлары мен Париждің Луврінде сақтаулы. Осынау ескерткіш мүсіннің ерекше үлгілері Санкт-Петербургтегі Эрмитажда да бар.

     Ассирия патшасы Ашшурбанипал сарайынан табылған бедер сурет - «аң аулау көріністері» (б.з.б. VІІ ғасырдың ортасы, Лондон Британ мұражайы) – дүниежүзілік маңызы бар өнер туындысы. Тек осы бедер арқылы ғана біз Ассирия халықының ұлы өнері, ұлы жан-жүниесі болғандығын білер едік. Үздіксіз жүргізілген соғыс Ассирияның күш-қуатын әлсіретті. Б.з.б. VІІ ғасырда жаулары оған қарсы одақтасты. Қарсыластарының ішіндегі ең күштісі қайта дәуірленген Вавилон патшалығы еді.

      Б.з.б. 612 жылы «Арыстанның апаты» аталған Ниневияны жау шабуылдап, қиратып тастады. Біраз жылдан кейін Ассирия құлады.

     Енді Ніл және Тигр мен Евфрат жағалауларындағы алғашқы қауым өмір сүрген уақыттарға, қола дәіріне оралайық.

     Солтүстік Кавказда, Кубаньда көптеген қорғандар ашылды. Б.з.б. 3 мың жылдықтың аяғы мен 2 мың жылдықтың бас кезіне жататын аса бай қабірлері бар биіктігі – 10 метрден асатын Майкөп қорғаны табылды. Бұл қабірден көптеген көркем туындылар алынды, соның ішінде Алдыңға Азиядан әкелінген асыл заттар қазір Эрмитажда сақтаулы.

      Бұған қоса, археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген кезде Грузияның әр түрлі аудандарынан б.з.б. 3 мың жылдықтың ІІ жартысына жататын, жасалу формасы жөніндегі ертедегі шумер балталарына ұқсас мыс балталар табылды. Сол бір ертедегі уақыттың өзінде-ақ Қосөзен мәдениеті тіпті географиялық жағынан алшақ жатса да көршілес тайпалардың мәдениетімен араласса керек.

      Ежелгі Закавказье тайпалары, Кавказдық ірі мәдениет ошықтары бүкіл Шығыс Еуропаның қола дәуіріндегі мәдениеттің дамуына ықпал етті.

     Триалетидің (Грузия) тайпа көсемінің қорғанына б.з.б.VІІІ ғасырға жататын, тамаша күміс кубок (Тбилиси, Грузия мұражайы) табылған.

     1940 жылдың ІІ жартысында түрік археологтары бір кездері хетт мәдениеті гүлденген Анатолыда үлкен қазба жұмыстарын қолға алды. Хетт астанасы маңында, қазіргі түріктердің шағын ауылы орналасқан жерде Қаратау деп аталатын жерден мүсіндер табылды. (Анкара, Хетт мәдениетінің мұражайы).

      Алдыңғы Азияның таулы және далалы аймақтарында жаңа мемлекеттер пайда болды. Закавказьенің оңтүстігінде Урарту патшалығы құрылды. Урарттар өздерінің тіл ерекшеліетеріне ыңғайлай отырып, ассириялықтардың сына жазуын пайдаланған, сондықтан олардың барлық өнерлері, көбінесе өзіндік ерекшеліктерімен сипатталғанымен, рухы жағынан ассириялық өнерге жақын жатады.

      Жаңа Вавилоннан жалпы алғанда тек естелік қана қалады, өйткені оны б.з.б. 538 ж. Парсы ІІ Кир басып алғаннан кейін Вавилон бірте-бірте құрыды.

       Далаларда үйір-үйір жылқыларын, түйелерін, басқа да малдардан өрілтіп парсы тайпалары көшіп жүрді. Б.з.б. VІ ғасырдың ортасында бір тайпаның көсемі Кир өзге парсы тайпаларын бағындырып, өзін патшамын деп жариялады.

        

       Эгей өнері

        Крит кескіндемесінің гүлденген шағы – б.з.б. ХVІ ғасыр, әрине, бұдан кейінгі кезеңдерде де талантты шығармалар дүниеге келген.

       Крит патшаларының қолында мысыр перғауындары мен вавилон әміршілерінің құрметіндей қуат жоқ еді. Сірә, Критте құдайлар мен билеушілердің алып мүсіндері мендіни ғимаратардың салынбаған себебі осы болуға тиіс.  Арал тұрғындары табиғат көріністерін бейнелейді ғана әдет еткен. Б.з.б. 3 мың жылдықтың аяғында криттіктер қыш құмаралар жасай бастады. Осы тұста олар ыдыстардың бүйіріне су өткізбейтін, металл сияқты жарқырап тұратын қоңыр күрең немесе қара түсті ерекше сыр оайлап тапты.

       Б.з.б. 2 мың жылдықтың бас кезінде Криттің шеберханаларынан қара бояулармен өрнек салынған жүздеген құмыралар шықты.

      Археологтар осы құмыраларды алғаш тапқан үңгідің атымен «камарес құмыралары» деп атады. Бұларға сән беретін шытырман өрнектер – ұлудың, балық пен бақаның мәнерлеп салынған бейнелері, өрілген жапырақтар, анемон гүлдері.

      Бұл керамиканың керемет үлгісі Фестен табылған (б.з.б. 1803 жыл шамасы). Б.з.б. ХVІ ғасырда ыдыстар қабырғасын өрнектеу тәсілінде өзгерістер жасалды, бұйымдардың ашық түсті бетіне қоңыр сырмен салынған бейнелер пайда болды. Теңіз тұңғиығында тіршілік ететін жәндіктердің: теңіз жұлдыздарының, балдыр, маржандардың, делбфиндер мен спруттардың (сегіз аяқты ұлудың) жанды бейнелерін көреміз. (Палекастрадан табылған сегіз аяқты ұлу бейнесі салынған құмыра. Керамика. Б.з.б. 1500ж шамасы Гераклион. Археологиялық мұражайы).

      Кейде криттік-микенылық деп аталатын эгейлік өнер – қола дәуіірінде Эгей теңізі бассейнінде: осы теңіздің аралдарында, материктік Грекияда (Пелопоннес түбегінде) және кіші Азияның батыс жағалауында пайда болған мәдениеттің жемесі. Оның басты орталығы – Крит, ал онан соң – Микены болды.

       Микены ең жоғарғы даму шегіне б.з.б. ХVІ және ХІІІ ғасырлар арасында жетті. Пайда болған эгейлік өнер Крит күйрегеннен кейін де гүлдене берді.

       Микены мен Тиринф маңының алып қорғандары біздің заманымызға дейін сақталды. Асқақтаған Микены акрополі (үстіңгі қала) айналадағы алқапқа төніп тұр. Оның ұзындығы – 900 метр, дуалының қалыңдығы – 6 метрден 10 метрге жетеді. Тиринфтің дуалы да орасан зор.

      Қалыңдығы – 17,5 м дуалдың ішінде өтпелі жолдар (галерея) мен азық-түлік, қару-жарақ сақталатын қоймалар жасалған.

      Микены мен Тиринфтің дуалдары тастан қаланған. Олардың арасындағы саңылаулар балшықпен, қиыршақ тастармен толтырылған. Гректер бұл дуалды аңыздағы жалғыз көзді жалмауыз дәулер (циклоптар) тұрғызған деп есептеген. Ғалымдар тасты осылай қалауды «циклоптық тәсіл» деп атайды. Микены қорғанына кіретін орталық қақпа маңдайшасы бедерлі бейнелі үш бұрышты ақ тас тақта қойылған. Тақтаның ортасында – колоннаның екі жағында қатып қалған қос арыстан бейнеленген. Арыстанды қақпа – эгей өнеріндегі монументтік мүсіннің жеке дара үлгісі, Микены мемлекеттерінің мызғымас құдыретін білдіретін белгі. Криттерінің әдемілік жоспарымен салыстырғанда, Микены сарайы жоспарының сәулеткерлік ой-өрісінің қарапайымдылығымен көзге түсті.

      Орталықта той-думандар мен жиындар өткізуге арналған салтанат бөлмесі – мегарон орналасқан. Бай сарайлар Тиринфтенде, Пилостанда табылды. Олардың бәрінің тіршілік тынысы мегарон төңірегінде өтетін, ал мегарон жоспары кейін храм композициясының негізіне айналды. Мегаронды Элладаның қоғамдық ғимараттарының болашақ бейнесі дейге болады. Микены өнері жалпы Эгей мәдениеті арасында дамыды. Сарайлар қабырғаларындағы өрнектер криттік нұсқаларды еске түсіргенімен, бұлардан басқаша бір стиль байқалады. Жаңалық бәрінен бұрын сюжеттерден көрінеді: микенылық суретшілер аң аулау көріністері мен соғыс шайқастарын бейнелеуді ұнатқан.

      Б.з.б. ХVІІ-ХVІ ғасырлардың аяғында қайтыс болған микенылық билеп-төстеушілерге жартастан тік бұрышты терең қабір қазылатын. Оларды «оқпанды» оба дейді. 1846 жылы немістің ұлы археологы Шлиман Микены акрополінің ішінен осындай сағананың тігінен құйылған екі қатар тас тақталарымен шегенделген бірінші щеңберін тапқан еді, ал 1951 жылы қола дуалының сыртынан қабірдің екінші щеңбері табылды.

      ХVІ ғасырының аяғында көп мазаралар салына бастады. Осылардың ең әйгілісі шартты түрде Атрей қазынасы атанған. Пелопс, Атрей және оның баласы Агамемнонның сарқылмас қазынасының қоймасы деген сенім болған.

     Эгей өркениеті тарихи Пелопоннестің ертедегі құл иеленуші мемлекеттерінің опат болуымен аяқталды.

      

       4. Грек классикалық өнері

        Б.з.б. V ғасырдың алғашқы он жылдықтарынан бастап Ежелгі Эллада мәдениеті өзінің шырқау шыңына шықты. Аса қауіпті Персиямен соғыс /б.з.б. 500-449 ж.ж./ грек халқына қатал тарихи сын болды. Парсы әскерлері Грек аумағына басып кіріп, қалаларды қиратты. Грек-парсы соғысының барысында грек қалаларының теңіз одағы қалыптасты, оған екі жүзге тарта мемлекет кірді.

Информация о работе Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері