Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:06, лекция

Описание

1. Бейнелеу өнерінің әдістемесі пән ретінде
2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы

Работа состоит из  1 файл

Изо- лекции.doc

— 914.00 Кб (Скачать документ)

пайда болды.

      Олардың минерелдары мен қабырғалары жаңа өнер сәулетінің ескерткіштеріне айналды.

Рулық құрылыс екі сатыға бөліді: налық ру – матриархат және әкелік ру – патриархат.

      Архиологтар белгілі дәірлердегі еңбек құралдары дайындалған негізгі материалдардың өзгеріп отыруына сәйкес алғашқы қауымдық құрылыс тарихын бірнеше сатыларғы бөледі: тас, қола және темір дәуірлері.

      Тас дәуірі палеолит / ерте тас ғасыры/ және неолит /жаңа тас ғасыры/ болып бөлінеді.

      Палеолит төменгі /ертеректегі/ және жоғарғы / кейініректегі/ болып бөлінеді. Палеолит пен неолиттің арасындағы кезеңді энеолит деп атайды. Сексен мың жыл шамасында табиғат жағдайы түбірінен өзгерді. Жердің жедел салқындауының нәтижесінде мұз дәуірі басталды: мұз Скандинавиядан оңтүстікке қарай Вельнюс – Орша – Вышний  Волочок қалаларына созылды. Осынндай қатал табиғат жағдайында адамдар өмір сүрді / олармен бірге мамонт, бұғылар, бизондар өмір сүрді/.

       Палеолит дәуірі мұз дәуірінің соңында аяқталды. Оны б.з.д. 14-12 мыңжылдықтан 6-5 мыңжылдыққа созылған мезолит /орта тас дәуірі/  алмастырды. Мұз дәуірінің аяғында ірі жануарлардың үйірі көп болған жоқ. Аң аулаушылар толық тамақтарын тауып ала алмағандықтан терімшілікке көшті, балық аулау кең тарай бастады. Аң аулау шаруашылығы дағдарысқа ұшырады. Жануарлады қолға үйрете бастады: бірінші итті, сосын ұсақ және ірі малдарды үйретті.

      Мезолит кезінде біздің елімізлегі оңтүстігінде қарудың жаңа түрі жасалды. Жүзі шақпақтасты, жебе мен садақты ойлап тапты.

      Жоғарғы палеолит мен мезолит кезеңінде өмір сүрген аналық ру неолит дәуірінде өзінің жоғарғы дамуына жетті. Неолит шаруашылығы иемдеу формасынан өндіру формасыеа бірте – бірте көше бастады. Бұл кезеңде тас құралдарын жсау технмкасы одан әрі жетілдірілді. Адамдар тас балталарды, түрлі сүйек құралдарды кең пайдалана бастады. Неолит үшін бұрғылап тесілген және қырнап өндірілген сапты құралдардың қолданылуы, тоқу станогының пайда болуы, балшықтан ыдыс дасай білуі, ағашты алуан түрлі етіп өңдеу, қайық жасау, ау тоқу тән болды.

      Егіншіліктегі табыс отаршылдыққа әкелді. Үйлердің түрлері пайда болды, керамика кең етек алды.

      Қола ғасырдың бастамасы болып саналатын эниолит /мыс – тас ғасыры/ кезеңі басталды. Энеолит адамдарының сыртқы бейнесінде қазіргі адамдардан айырмашылығы болмады.

Қола ғасыры мен темір ғасыры

Адамзат дамуындағы жаңа баспалдақтар қола және темір ғасырында қаланды. Металл өндіру әдістері жетілдірілді, өнер жаңа формаларға ие болды.

    Ұлы өзендер бойында жоғарыда айтылғандай, алғашқы құл иеленуші мемлекеттер пайда болды.

     Еуропа сәулетінің алғашқы құрылыстары діни сипаттағы монумент мегалиттік деп аталатын алып тастардан салынған ғимараттар болды. Рулық құрылыс кезінде алғашқы қауым өнері өзінің шығармашылық ұлы күшінің жаңа қырларын дүниеге әкелді.

           Скифтер

Скиф өнерінің гүлденуі  б.з.б. VІІ-Vі ғасырларға жатады. Ол кезде Скифия мемлекетінің құлиеленушілік құрылысы енді ғана ьастала бастаған, ал рулық негізі жойыла қойған жоқ еді. Көшпелі скифтер киіз үйлерде тұрды. Жылқы еті мен ірі қара табындар скифтердің негізгі байлығы еді. Бірақ мал шаруашылығын олар аң шаруашылығымен қатар жүргізді. Аң олардың қиялында / құбылыс/  құбыжық болып, яғни жұмбақ та құдіретті күштің бейнесі болып елестеді.

      А.С. Пушкин: «Ғасыр алаңдамай алға жылжи бере алады..., бірақ поэзия орнында қалады. Оның бір ғана мақсаты бар... Көне астрономияның, физиканың, медицинаның ұлы өкілдерінің ұғымдары, еңбектері, ашқан жаңалықтары ескеріліп, күн сайын өзгеріп, алмасып жатқанда, хас ақындардың туындылары тап-таза, мәңгі жас қалпында қала береді» - деп айтқан екен.

     Француз жазушысы Виктор Гюго осы ойды былай білдірген: «Ғылым өзін-өзі сызғылай отырып, толассыз ілгері жылжи береді. Поэзия – қанат серпіні өнер шоқтығы өмірге мәңгілік келеді».

     Өнер шоқтығы сөзі, әрине, поэзияға ғана емес, өнер саласының қай-қайсысына да болса қатысты. Осы ойды нақты мысалдармен дәлелдеп көрейік.

    Дүние жүзіндегі ең ірі, көркем мұражайлардың бірі Санкт-Петербург Эрмитажының бірнеше залы Алтайдағы Пазырақ қорғандарында сақталған ертедегі сібірлік көшпелі малшылар мәдениетінің ескерткіштеріне арналған.

      1940 жылға қыркүйекте Францияның оңтүстік-батысындағы Монтиньяк қалашығының жақын маңынан б.з.д. көптеген мыңжылдар бұрын өмір сүрген адамдардың үңгірі табылды. Үңгір қабырғаларындағы түрлі аңдардың керемет шеберлікпен салынған суреттері бейнелеу өнерінің сол кезде де жақсы дамығандығының айқан дәлелі. Бұл «Алғашқы қауым бейнелек өнерінің Сикст капелласы» атанған Ласко үңгірі еді. Үңгірдің бейнелеу өнері жасаған адамдардың талпыныстары мен шығармашылық еркіндігін толық білдірді.

     Солтүстік Испанияда тамаша бейнелеу өнерімен даңқы шыққан Альтамир үңгірі ашылғанда, тіпті ондағы суреттерден кейін салынғанын дәлелдеу арқылы адамзат тегінің ежелгілігін теріске шығарамыз деп  армандаған адамдардың ойы іске аспады.

      Палеолит термині (грек «палатос» - көне, «литос» - тас деген сөздерінен) көне тас ғасырын білдіреді. Ласко үңгірінің бейнелеу өнері негізінен біздің дәуіріміздің басындағы ХVІІ ғасырға жатса керек. Ласко үңгірінің қабырғалары сарғыш балшықпен, күйемен, ақ балшықпен салынып, қарамен жиектелген жүздеген сары, қызыл, қоңыр кескіндермен безендірілген: ол кескіндер – кісі таңқаларлық сәндік кенере құрйтын бұғы бастары, өз тұрқымен бірдей дерлік етіп салынған текелер, жылқылар, бизондар, мүйізтұмсықтар.

     Дегенмен, Ласко үңірінен әлдененің күрделі сюжеті бар көпшілік көрінісін бейнелеу талабын сирек те болса ұштаратамыз. Найзамен жараланып, ішек-қарны ақтарылған бизон жатыр. Оның алдында шалқасынан құлаған адам. Шеткеріректе мүйіз тұмсық тұр, адамды жеңген бәлкім сол болар. Жартастағы осы бір тұрмыстық суреттің дәл мазмұнын анықтау қиын.

       Баланың салған суретіндей, адам домбарланып, олақ бейнеленген. Бірақ бірде-бір бала қансыраған бизонның трагедиялық бейнесін дәл осылай бере алмаған болар еді.

      Қазіргі Францияның оңтүстік-батысы, қазіргі Испанияның солтүстігі – жоғары (яғни кейінгі) палеолит дәуірінің жартастағы бейнелеу өнерімен әйгілі үңгірлері табылған жерлер осылар. Төменгі Оралдағы Каповая үңгірінен 1959 жылы палеолит өнерінің тамаша ескерткіштері: түп-түгел ашық қызыл етіп салынған жеті мамонттың, екі мүйізтұмсықтың және үш жылқының кескіндері табылды. Ласко үңгірі бейнелеу өнерімен таңданарлық стиль ортақтығы, бір-бірімен ештеңе алмаса алмаған алғашқы қауым суретшілер шығармасында жан тебірентерлік үндестік жатыр.

              Кейінгі палеолитті бөлетін олжа табылған орындардың атымен аталады:

                Ориньяк (б.з.б. 40-30 мың жыл).

                Солютре (б.з.б. 35-25 мың жыл).

                Мадлен (б.з.б. 25-12 мың жыл).

                Соңғысында өнер ең жоғары гүлдену сатысына жетті. Ориньяк дәуірінің өзінде-ақ біз адам тұрған үңгір қабырғаларынан саусақтарын кең жайып, оны бояумен айналдыра жүргізіп, щеңбермен қоршаған қолдарының таңбаларын кездестіреміз. Бұл не? Алғашқы қауым адамы осылайша өз ізін таста қалдыру, өзін мәңгі әрі көрнекті етіп көрсету, өзінің өмір сүргенін бейнелеп орнықтыру тілегін бірдіргісі келмейді ме екен?

     Ол кезде әйел ұжымының бүкіл өмірін басқарған және туыстық әйел жағынан айқындалған матриархаттың ана тегінің үстем кезі еді.

      Палеолит әйелдерінің 150-ден астам мүсіні әр елден, ал оның едәуір бөлігі бұрынғы кеңес жерлерінен табылды. Олардың басым көпшілігінің бет әлпеті шала-шарпы, көрінер-көрінбес ғана бейнеленген, оның есесіне дененің жеке мүшелері өте нақты әрі үлкейтіліп көрсетілген. Алғашқы қауым суретшісі мұнда жас әйел денесінің сымбатын да, сұлулығын да, нәзіктігін де емес, сызықтары мен көлемнің қатаң геометриялығы арқылы салмақты күшін көрсеткісі келді.

     Орыс Эрмитажында мамонттың азу тісінен жасалған осындай мүсіндер қойылған, олар жасалғанына шамамен 40-30 мың жыл өткен. Олардың бірі, өзінің пластикалық әсерлігі, жеке мүшелерінің ішкі ұстамдылығы жағынан ерекшеленеді. Ол табылған жердің атымен Костенков немесе Воронеж Венерасы деп аталған, ал басқалары Малттадан (Иркутск облысы) табылған.

      Палеолит мұздықтарының шегінуінен кейін мезолит – орта тас ғасара (шамамен б.з.б. 12-8 мың жыл), одан кейін жаңа тас немесе неолит ғасара - өңделген тас ғасыры келеді.

      Ерте тас ғасыры өрнегінің ғаламат сарыны біртіндеп тұншыға берді, өйткені ол жастық пафосы, айналадағы дүниені, алуан түрлі аңдар патшалығын бейнелеу арқылы игерудің алғашқы талпынысы болды. Алғашқы қауымдық құрылыс енді аталық тектің матриархаттан үстем болуымен дамып, нығая берді. әрбір мыңдаған жылдар мен ғасырлар бойы жетіле келе еңбек өнімділігін тегістеу, аралау және бұрғылау еңбек құралдарының сапасын жақсартты. Және ең басты күн көрістің негізгі көздері қарапайым терімшілік мен аңшылық бірте-бірте егіншілікпен және мал өсірумен алмаса бастады.

     Жаңа тас ғасырында адамдар саз балшықты күйдіріп, оны су өткізбейтіндей қатты затқа айналдыруды үйренеді. Керамиканың пайда болуы – неолит дәуірінің негізгі белгілерінің бірі, оны кейде керамика ғасыры деп атайды.

     Бұл бейнелеу өнері ескерткіштері мен сол замандағы иероглифтер (жартасқа қашап, сызып немесе тырнап салынған суреттер) жер-жерге өте көп тараған. Олардың топтаған орындары бүкіл Африкада, стиль жөнінен онымен тектестері Испанияның Өзбекстанда, Әзірбайжанда, Онега көлінде, Ақ теңізде және Сібірде бар.

     Сөзіміздің дәлелі ретінде мына туындыларды атай аламыз Тассили-Аджер жеген таулы жерде жалаң жартастағы суреттер.

      Неолитке тән өнердің Африкалық тайпалардың арасында әлі де сақталғаны көп нәрсені аңғартады. Мысалы, Оңтүстік Афракада ол бұл жерлерге еуропалықтар келгенге дейін өмір сүреді. Бушмендердің жартастағы тамаша бейнелеу өнері стилі жөнінен неолитке жатады. Бушмендерді Оңтүстік Африканың жергілікті тұрғындары – бурлар мен ағылшындар жойып жіберді.

        

 

        2. Мысыр өнері

           Мысыр (Египет) мемлекеті әрдайым біртұтас, қуатты ел бола алмады. Жалпы ішкі қайшылықтар, билеуші топтың шектен тыс сән-салтанаты мен халықтың қайшылығы мемлекеттің бүкіл құрылымын шайқалтып жіберді.

Көрші елдермен соғыстар, басқа да жаңадан құрылған қуатты мемлекеттердің бақталастығы, перғауындар империясының тұтастығына қайіп төндірді. Орта патшалық, яғни 11 және12 әулеттер билігі қарсаңында шетелдіктердің басқыншылығы, өзара ала ауыздықтар, ежелгі мемлекеттің уақытша жеке аймақтарға ыдырауына әкеп соқты. Бұрынғы перғауындарды мадақтау үшін салынған алып құрылыстар егінші халықты еңбекпен қол үздірді де, елдің экономикалық қуатын әлсірете берді.

                Осының бәрі шаруалар мен құлдар көтерілісіне ұласып, Мысырдың рухани өміріне де өз таңбасын салды.

                Сонымен бірге жетістіктер де болды. Математикада шар бетін есептеп шығару сияқты есептер ойдағыдай шешіле бастады. Мән мағынасы өзгермейтін өнерде шет аймақтық (провинциялық) билеушілердің сарайлары жанында пайда болған көркем өнер мектептерінің реалистік күштері көріне бастады. Перғауын бұрынғыдай құдай саналды.

                Пирамидалар енді тастан емес, шикі кесектен тұрғызыла бастады, мұның өзі бұрынғыдай қымбатқа түспеді. Оның есесіне перғауынның жеке басы ежелгі патшалықтардан да көрнекті етіп жасалды.

                Бес мың жылдай бұрын тұрғызылған ең көне мысыр пирамидасы – перғайын Джосер пирамидасын жасаушының аты-жөні Имхотеп еді. Ежелгі мысырлықтар оны тек тамаша сәулетші ғана емес, сонымен қатар дәрігер, астроном және данышпан ретінде құрметтеп, әрдайым есінде сақтады.

                Джосер пирамидасы сатылы болып келеді, ол құмның арасынан «аспан баспалдақтары» сияқты көтеріледі. Перғауын Джосер өз мазарының өрлеуін қалады. Имхотеп бүкіл Мысыр тайпаларының ақсүйектерінен патшаның артықшылықтарын тас арқылы бейнелеуге тиісті мұндай құрылысты қолға алған бірінші сәулетші болды. Биіктігі 60 метрлік бұл пиармида жоғарылаған сайын кішірейе беретін бірнеше мастабадан тұрады. Бұған дейін болмаған ұлы өнерге осылай қол жетті.

                Сонымен қатар пирамидалар ішіндегі бәрінен биігі де, асқағы да перғауын Хуфудың немесе герктер атағандай Хеопстың пирамидасы. Бүкіл әлемдік өнерде ұлы мақсатты мейлінше дәл, мейлінше айбынды, сонымен қатар мейлінше мүлтіксіз бейнеленген сәулет ескерткіші бәлкім, жоқ та шығар. Таста мәңгі бейнеленген керемет күш, ғаламат геометриялық абстракция көрініс тапқан. Бұл – ажалды тәлкек етудің ақылға симас өжет дәлелі. Ол патшаларды мадақтау үшін салынды, бірақ онда халықтың қуаты, мүмкін, саналы түрде болмасада, шығармашылық еркі өз бейнесін тапты. Ішіне кез келген еуропалық собор еркін сиятын Хеопс пирамидасының биіктігі – жүз қырық жеті метрдей, оның әрбір көлбеу бетінің ұзындығы екі жүз отыз бес метрдей. Ал ол алып тұрған жердің көлемі елу бес мың шаршы метрдей. Ол әрқайсысы екі жарым, тіпті үш тонналық әктастардан салынған; оның құрылысына барлығы екі миллион үш жүз мыңдай блок қажет болды. Бұл блоктардың бір-бірімен тығыз қиюластырылғаны соншалық, жігіне ине де сұға алмайсың. Пирамидалардың бүкіл сыртқы қабаты тамаша етіп тегімтелген, әктас тақталарымен қапталған. Пирамиданың өзі жиырма жыл, ал Ніл бойындағы тасқазаннан тас кесектерін таситын жол он жыл салынған.

  Патшалардың тас мүсіндері енді тек мазарларда ғана емес, храмдарда және жай ашық алаңдарда орнатыла бастады, мұның өзі барлық халық көріп, олардың санасына патша билігінің күштірек енуі үшін жасалды. Өйткені патша билігі бұл кезде біршама бәсеңдеп кеткен еді. Эрмитахда перғауын 3-ші Ахеменемнің қара граниттен жасалған мүсіні – Орта паталық тұсындағы мүсін өнерін тамашалауға болады. Оның басында перғауындардың бас киімі: маңдай алдында қасиетті жыланның бейнесі бар жолақ орамалы бар.

Информация о работе Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері