Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:06, лекция

Описание

1. Бейнелеу өнерінің әдістемесі пән ретінде
2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы

Работа состоит из  1 файл

Изо- лекции.doc

— 914.00 Кб (Скачать документ)

Бағдарламада көрсетілген бейнелеу өнерін оқытудың мақсат, міндеттерін мынадай сабақ түрлері арқылы жүзуге болады. Ол:

    -  заттан қарап бейнелеу сабағы;

    -  тақырыптық бейнелеу сабағы;

    -  сәндік сурет және көркем құрастыру сабағы;

    -  мүсіндік сабағы;

    -  өнер туралы әңгіме сабағы.

     Бұл сабақтарда оқушылар заттан қарап, есте сақтап және елестетіпсурет салуға үйренеді. Тақырып бойынша сурет салып, оқыған, тыңдаған аңыз-ертегілерді иллюстрациялайды. Көркем еңбек элементтері бар сабақтарда оқушылар түрлі-түсті қағаздардан, табиғи материалдардан көлемді бұйымдар құрастырып, сіндеп безендіреді.

Сонымен қатар, оқушылар графика, кескіндеме, дизайн өнерлері бойынша біліктілік пен дағдыларын қалыптастырады. Ол өмір шындығынан, қоршаған заттардан әсемдікті көре білу және оны суретте әсемдік сезіммен бейнелей білу, жекелеген заттарды өзінен қарап немесе есте сақтап бейнелеуде пропорция, құрылымдық құрылыс, түстік рең, композициялық дұрыс шешімін таба білу және әр түрлі көлемді бұйымдарды әсемдік талғаммен безендіре білу мәселелері болып табылады.

     Сонымен қатар осы жұмыстар барысында салынатын затты немесе құбылысты алдың ала бақылау немесе зерттеу, эскиздер орындау, долбарлар және қысқа мерзімді суреттер орындау, заттарды бір-бірімен салыстыру, өз жұмысын салынатын затпен немесе құбылыспен салыстыру, сурктті бейнелеуде әр түрлі бейнелеу кезеңдерінің ережелерің пайдалану, бейнелеудегі жалпыдан біртіндеп жекеге көшу немесе жекенің жалпыға үйлесімі қағидаларын ұстану біліктілігін меңгереді.

     Сәндік суреттер салу, безендіру жұмыстары, көркем еңбек элементтері бар сабақтарда, мысалға “ Өсімдік жапырақтарынан өрнек құрастырайық”,  “Қағаздан шахмат фигураларын құрастырайық” т.б. осы сияқты сабақтарда оқушылар шынайы табиғи заттарды, көріністерді белгілі бір стилдендірілген рәміздік белгілер бейнесіне айналдырып, оларды симметрия, ырғақ (ритм) түстік үйлесімділігін тауып, композиция жасау біліктілігін меңгереді.

Мұғалім  әр сыныптар бойынша, бейнелеу өнері сабақтарының әрбір түрлері бойынша (заттан қарап бейнелеу, тақырыптық бейнелеу, мүсіндеу, сәндік сурет салу, бейнелеу өнері туралы әңгіме) немесе сыныптан тыс шаралар бойынша білім стандартында көрсетілгендей меңгерілуде тиісті білім, біліктілік және іскерлік дағды деңгейін нақты анықтап білуі қажет. Өйткені оқушылардың заттан қарап сурет салу сабақтарында меңгерген біліктілік және іскерлік дағдылары тақырыптық сурет салу және сәндік сабақтатында одан әрі кеңіп, тереңдеп бекітіледі. Дәл сол секілді тақырыптық сурет салу немесе сәндік сурет салу сабақтарында меңгерілген білім, біліктілік және іскерлік дағдыларын заттан қарап сурет салу сабақтарында одан әрі тереңдетіп дамытуға болады.

     Бейнелеу өнері сабағының бірін-бірі толықтыраоқытылу негізі- бейнелеу өнерін басқа да пәндермен тығыз пәнаралық байланыста оқыту қажеттілігін де туындатады.

Заттан қарап сурет салу сабағында бейнеленетін заттардың көлемін талдап, зерттеуде үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, шеңбер немесе цилиндр, куб, конус, шар секілді математикалық ұғымдар, табиғат көріністерінбейнелеуде табиғи құбылыстар, өсімдіктер, жануарлар туралы әңгімелер немесе табиғат сұлулығын, көңіл күйін, жыл мезгілінің әсемдігін елестететін поэтикалық өлеңдер, музыкалық әуендер тыңдалуы пәнаралық байланыстың негізі бола алады.

     Сөйтіп, бейнелеу өнері жалпы бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық  дүниетанымын қалыптастырылатынпәндердің құрамдас бірі  ретінде оқытылады.

Әйтсе де оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мен оқытудағы бейнелеу өнерінің рөлі төмендегі көрсетілген талптарға сай болғанда ғана тиімді болмақ.

1.       Бейнелеу өнері сабақтарында оқытумен тәрбие беру мақсат-міндеттерін біртұтас шешу.

2.       Оқушыларды бейнелеу өнеріне оқытуда дидактикалық принциптерді сақтау.

3.       Бейнелеу өнері сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану.

4.       Бейнелеу өнері сабақтарында көрнекіліктерді және техникалық құралдарды кеңінен қолдану.

5.       Ана тілі, математика, дүниетану, музыка, еңбекке баулу т.б. пәндер мен бейнелеу өнері арасындағы пәнаралық байланысты сақтау.

6.       оқушылардың щығармашылығын, өзі жасаған өнердегі образдарға эмоциональды көзқарасын, жалпы сабаққа қызығушылықтарын арртыру мақсатында бейнелеу өнері сабақтарында ойын, сайыс элементтерін пайдалану.

7.       Бейнелеу өнері сабақтарының сыныптан тыс, мектептен тыс жұмастармен тығыз байланысын сақтау.

8.       Бейнелеу өнерін оқыту бағдарламасының негізгі тараулары бойынша оқыту әдістемесін үнемі жетілдіру.

9.       Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың жеке бас ерекшеліктері мен шығармашылық мүмкіндіктерін ескеру.

10.   Оқыту мен тәрбие барысында озық іс-тәжірибелерді пайдалану.

Бейнелеу өнерін оқыту мен тәрбие беру барысында озық іс-тәжірибелері жинақтау, талдау, зерттеу мұғалімнің өз әдістемелік шеберлігін байытудың бірден-бір жолы.

     Күнтізбелік-тақырыптық жоспар- бағдарламаны және мемлекеттік стандарт бойынша шығарылған оқулықтарды, оқу кешендерін негізге ала отырып құрылады. Бейнелеу өнері сабағына аптасына 1,5 сағат бөлінуіне байланысты күнтізбелік жоспарды екі түрлі бағытта құруға болады. Бірінші бағыт бойынша бір тоқсанда аптасына 1 сағат, келесі тоқсанда аптасына 2 сағаттан құрылады. Ал екінші бағыт бойынша бір аптада 1 сағат, келесі аптада 2 сағат тан құрылады. Бұл бағыт, оқулықтардағы тақырыптардың мазмұндық жүйелілігінің сақталуына мүмкіндік жасайды. Сабақ кестесіндегі сабақ сандары өзгермес үшін аптасына 1,5 сағат жүргізілетін музыка пәнімен үйлестіріп құруға болады.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

1.       Бейнелеу өнерін мектепте оқыту қандай мақсат, міндеттерді көздейді?

2.       Бейнелеу өнеріне оқыту баланың қандай қабілеттерін дамытады?

3.       Бейнелеу өнерінінңдүниетанымдық рөлі қандай?

4.       бейнелеу өнері пәні қандай бейнелеу салаларын қарастырады?

5.       Бейнелеу сабағы қандай шарттарға сай болу керек?

6.       Бейнелеу өнерінің жаңа қоғам адамын тәрбиелеудегі алатын орны туралы пікіріңді жаз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          

1.       

2.       

3.       

4.       

5.      Бейнелеу өнерін  оқытуды ұйымдастыру және сабақтың құрылысы

      Оқыту мен тәрбиенің мақсат-міндеттерінін нәтижелі шешу оқытуды білікті ұйымдастыруға және сабақты әдістемелік шеберлікпен өткізуге байланысты. Әр сабақ мазмұнды, біотұтас, мұқият ойластырылған, толық аяқталған болуы тиіс, сонымен қатар жалпы осы пәннің ортақ мақсат-міндеттерін көздейтін сабақтар жүйесімен тығыз байланысты болуы керек.

Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері сабағының құрылысы басқа қатар оқытылатын пәндер сабақтарының құрылысынан аса айырмашылығы жоқ деп айтуға болады. Ол ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақты түсіндіру, машықтық жұмыс, қорытынды және үйге тапсырма кезеңдерінен тұрады.

Осындай сабақ кезеңдері барлық сыныптарда сақталады, тек ол кезеңдерге бөлінетін уақыт мөлшері сабақтың мазмұндық ерекшелігіне байланысты болады.

Сабақ үнемі бір сарынды жоспарландай түрлі әдіс-тәсілдермен түрлендіріліп, жаңа педагогикалық технологиялармен толықтырылып отыруы міндетті. Оған бейнелеу өнері пәнінің мазмұндық құрылымының әр түрлі жұмыс түрлерін қамтитындығы мүмкіндік жасайды. Өйткені оқушылар заттан қарап сурет салу сабақтарында графика және кескіндеме жұмыстарымен шұғылданса; сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында әр түрлі өрнектер бейнелеп безендіру жұмыстарымен, қаріп, көркем жазу ережелерімен танысады; өнео туралы әңгіме сабақтарында сәулет, графика, кескіндеме, мүсін, сәндік қолөнерлермен танысады.

Оқытудың ұжымдық түрі әсіресе, сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында пайдалануға болады. Ол мысалы: түрлі-түсті қағаздардан ұжымдық көркем композиция құрастыру, немесе оригами тәсілімен бүктеліп жалалған әр түрлі гүлдерден гүлшоғының композициясын орындау.

Бұл оқытудың ұжымдық түрі қозғалғыш жұп немесе ауыспалы жұп түрінде өтеді. Онда оқушылар бір-бірімен жай жұптасып қана қоймайды, әр бала кезек бойынша әр баламен кездесіп жұмыс істейді. Демек, барлығы жұптасып жұмыс істейді, бірақ жұптардың құрамы үнемі өзгеріп отырады.

1.        Сабақтың тақырыбы күнтізбелік-тақырыптық жоспарда көрсетілген бейнелеу бойынша -“Ғарышка саяхат”, сәндік сурет және көркем құрастыру бойынша- “ Анамызға сыйлық жасаймыз”, өнер туралы әңгіме саьағы бойынша- “Бейнелеу өнерінің түрлерімен танысайық” т.б.

2.        Сабақтың мақсаты негізгі үш: білімділік, тәрбиелік және дамытушылық тақырып бойынша алынады. Мысалы: Заттан қарап бейнелеу-ұлттық натюрморд, тақырыптық  мақсаттар негізінде қойылады. Бұл мақсаттардың мазмұны сабақтың тақырыбына байланысты болып келеді. Мысалы: Жоғарыда көрсетілген затқа қарап бейнелеуге байланысты “Ұлттық натюрморт” тақырыбын қарастырсақ, бұл сабақтағы білімбілік мақсат-бейнелеу өнеріндегі натюрморд жанры жөнінде түсінік беру, ұлттық тағамдар, ыдыс-аяқтар туралы мәлімет беру, натюрморт бейнелеу ереже заңдылықтарын үйрету.

Тәрбиелік мақсаты- өнертанушылыққа, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты- ой-өрісін бейнелеудегі іскерлік дағдысын, өнер шығармасына деген эстетикалық талғамын дамыту.

“Анамызға сыйлық  жасаймыз” тақырыбындағы сәндік сурет және көркем құрастыру сабағы. Білімбілік мақсаты: оқушыларға дизайн өнері туралы түсінік беру, қағаз, қатырма қағаздармен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, ата-анасын сыйлауға, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың дизайн жасаудағы шығармашылығын, іскерлік икемділігін, ой-өрісін дамыту болып табылады.

      3. Сабақтың түрі. Сабақтың түрі сабақтың тақырыбына байланысты анықталады, сонымен қатар, сабақты жоспарлаудағы мұғалімнің әдістемелік шешіміне байланысты.

Бейнелеу өнері пәнінің мазмұнында тақырыптарға байланысты: заттан қарап бейнелеу, тақырыптық бейнелеу, сәндік сурет және көркем құрастыру, мүсіндеу, өнер туралы әңгіме сабақтарының түрлері қарастырылады, сонымен қатар жоспарлау әдістемесіне байланысты: аралас сабақ, біріккен сабақ т.б. Мұғалім сабақты жоспарлауда оқушылар қызығушылығын арртыру, материалды жеңіл меңгерту мақсатында дәстүрден тыс сабақ түрлерін де жоспарлайды: ойын сабақ , саяхат сабақ т.б.

      4. Сабақтың әдісі- сабақтың мақсат-міндеттеріне байланасты таңдап алынады, олар: ауызша / түсіндіру, әңгіме, пікірлесу, сұрақ-жауып /, көрнекелік /суретшілер шығармаларының репродукциялары, технологиялық сызба, диафильмдер т.б./ тәжірибелік / жаттығу,байқау, тәжірибе, құрастыру, бейнелеу / репрудуктивті / білімді қайталау, кеңес беру, сұрақ қою т.б / проблемалық мәселе қою/ бағдарламалық / жұмыс кезеңдерін бірізді жоспарлау / т.б.

Сабақты оқыту жұмысының нәтижелі болуы оқыту әдістерін үйлесімді етіп таңдап ала білуге байланысты. Педагогикада оқыту әдіс-тәсілдерін сабақта пайбалануға таңдап алуда мынадай талаптарға сүйену керектігін айтады:

1.       Әдістердің оқыту заңдылықтары мен принциптеріне сәйкестігі.

2.       әдістердің дидактикалық мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі.

3.       Оқыту әдістерінің тақырып мазмұнына сәйкестігі.

4.       Оқыту әдістерінің оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне / жас және дербес ерекшеліктеріне / сәйкестігі.

5.       Әдістердің мұғалімдердің мұмкіншіліктеріне сәйкестігі / тәжіребесі, білімді қабілеті, жалпы білімдарлығы т.б. / .

6.       Оқыту әдістерінің мектептің материалдық және техникалық қорына сәйкестігі.

7.       Әдістердің сыртқы жағдайлардың ерекшеліктеріне сәйкестігі / төңіректегі өндіріс обьектілері /.

5.       Сабақтың көрнекілігі. Сабақта берілетін жаңа материалды, білімді, жұмыс істеу

ереже заңдылықтарын оңай меңгертуде, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арртыруда көрнекіліктердің рөлі зор. Көрнекіліктер жазық, көлемді және экрандық бейнелі, дыбыстық болып бөлінеді. Жазық көрнекіліктерге суретшілер шығармаларының репродукциялары, сурет салу кезеңдерінің иллюстрациялары, технологиялық карталар т.б. Көлемді көрнекіліктерге бейнелеуге арналған заттар немесе көркем құрастырылған бұйымдар үлгілері жатады.

Экрандық бейнелі көрнекіліктерге диафильм, кинофильм, компьютерлермен көрсетілетін бейнелер жатады. Сабақ жоспарында сол сабақта көрсетілетін көрнекіліктер тізімі жазылып көрсетіледі.

     6. Сабақты ұйымдастыру. Оған сынып оқушыларын тәртіпке келтіру, сабақта жоқ         оқушыларды есепке алу, құрал-жабдықтарының дайындығына шолу жасау кіреді.

    Сабақ барысында қажетті жабдықтар, көрнекіліктер, оқушылардың жұмыс орындары алдын   ала әзірленіп немесе бейнелеуге қойылатын көлемді көрнекіліктер талапқасай орындарға   қойылады. Бұл жұмыстарға сыныпкезекшілері қатыстырылады. Сабақта көрсетілетін суретшілер шығармаларының репродукциялары тақтаға алдын ала ілінбегені жөн, ерте ілінген көрнекіліктер оқушылардың көңілін алаңдатады.

     7. Үй тапсырмасын тексеру. Егер үйге белгілі бір машықтық тапсырма орындау тапсырылған болса, онда оқушылардан жұмыс дәптерлерін немесе сурет альбомдарын алдарына ашып қою сұралады, мұғалім сыныптыпты арлап жақсы және кейбір кемшіліктерімен орындалған жұмыстарды жинап алып, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін салыстыра отырып сынып оқушыларына көрсетеді. Жұмыстарды талдауға оқушылардың өздерін қатыстырған жөн. Жұмыстар бағасы сынып журналына түсіріледі.

Информация о работе Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері